Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Гистология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Дәнекер тіндер. Адамның жасына байланысты гистологиясы және қалпына келуі.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ «Адам морфологиясы және физиологиясы» кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Борпылдақ.
Advertisements

Қазақстан - Ресей Медициналық Университеті. Дәнекер тін Дәнекер тін-бұл күрделі структуралық және көп функционалдық жүйе,олжануарлар ағзасында ең көп.
Қарағанды Медицина Университеті Морфология кафедрасы Тақырыбы: Шеміршек тіні Орындаған: Төлеубаева.Г.Е 2014 ЖМФ Тексерген: Нурсейтова.К.Т Қарағанды 2019.
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті М.Ғ.Д Профессор С.О.Тапбергенов атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасы Пән:Биологиялық химия Орындаған:
Қарағанды медицина университеті Морфология кафедрасы СӨЖ Жүрек қан-тамырлар жүйесі мүшелерінің құрылысының балалардағы ерекшеліктері Орындаған:Казбекова.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті гистология кафедрасы Дәріс тақырыбы: ҚАН, ҚАНЖАСАУ.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Гистология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Жүйке жүйесінің даму ерекшеліктері. Сезім мүшелері құрылысының балалардағы.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Факультет: Жалпы медицина Дисциплина: Қалыпты физиология СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ.
Тақырыбы: Тіндердің пайда болу заңдылықтары.Тіндердің жіктелуі. Жүйе түзетін факторлар және тіндердің тұрақтылығын қамтамасыз ету механизмі.Тіндер өзгерістерінің.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина универстеті Студенттің өзіндік жұмысы Тақырыбы: Ет ткані. Қаңқа ет тканінің регенерациясы.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ПРЕЗЕНТАЦИЯ Тақырыбы: Нерв клеткасы Орындаған: Нұрмахан Нұрлан. Қабылдаған: Исабекова Нұрсұлу.
Дәрілік заттардың ағза жағдайына тәуелділігі Орындаған: Нұрлан Тоғжан, ЖМ Тексерген: Рахимгалиева Асем С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина.
Жасушаның құрылысы. Жасушаның диаметрі 0,1 – 0,25 мкм-ден (кейбір бактерияларда) 155 мм-ге (түйеқұстың жұмыртқасы) дейін жетеді. Көпшілік эукариотты организмдер.
Жоспар 1)Апоптоз 2)Жұмыстың өзектілігі 3)Мақсаты 4)Ғылыми ізденісі, ұсынысы 5)Қорытынды.
Қабылдаған : Искендиров М Орындаған : Башарова М Тобы : СТК -527.
Адамның жасы мен жынысына байланысты терінің ерекшеліктері Орындаған: Әбдір.
Мақсаты: Тыныс алу жүйесі мүшелерінің орналасу аймағын және құрылысының ерекшелігін: мұрын қуысын, көмейді, кеңірдекті, бронхтарды, бронх ағашын, өкпені,
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Гистология кафедрасы Балалардағы және нәрестелердегі тыныс алу мүшелерінің құрылысының ерекшеліктері Қарағанды.
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Гистология кафедрасы Орындаған: Төреш А.Е топ ЖМФ Тексерген: Койшыманова Ұ.С.
« Көп қабатты эпителийлер. Ауыспалы эпителий» СӨЖ Тақырыбы: « Көп қабатты эпителийлер. Ауыспалы эпителий» Орындаған: Сапашева А.Б 109 А тобы Тексерген:
Транксрипт:

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Гистология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Дәнекер тіндер. Адамның жасына байланысты гистологиясы және қалпына келуі. Орындаған: Құрманқожа Б. 228-топ, ЖМФ Тексерген: Нұрсейітова К.Т Қарағанды 2015 жыл

Жоспары Кіріспе Негізгі бөлімі: Дәнекер тіндердің қызметі Меншікті дәнекер тіні Шеміршекті қаңқалық дәнекер тіні Жасқа байланысты ерекшелігі және қалпына келуі. Сүйек тіндері жасқа байланысты өзгерістері Қорытынды Қолданылған әдебиеттер.

Дәнекер тіндері жасушалы дифферондардан және көптеген жасушааралық заттан тұратын, ішкі ортаның гомеостазын сақтауға қатысатын және басқа тіндерге қарағанда аэробты тотығу процесін аз пайдаланатын, мезенхиманың туындылары. Адам денесі массасының 50 % - тен астамы осы дәнекер тіндерінен тұрады. Дәнекер тін мүшелерінің стромасын, тіндер арасындағы қабыршақ – перделерін, тері дермасы мен қанқаны түзеді.

Дәнекер тіндерінің қызметі. Ағзада дәнекер тіндері сан – алуан қызметтерді атқарады: трофикалық, қорғаныс, тіректік ( биомеханикалық ), пластикалық, морфогенетикалық. Трофикалық қызметіне айналасында орналасқан құрылымдарды қоректік затпен қамтамасыз етіп, зат алмасу және ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын да сақтайды. Бұл қызметті атқарудағы ең маңызды құрылымы жасуша аралық заты. Сондықтан жасуша аралық зат интегративті – буферлі орта болып табылады.

Қорғаныс қызметі – ағзаны механикалық әсерлерден қорғап ( сүйек пен шеміршек тіндері ), мүшелерге сыртқы ортадан бөтен текті заттардың енуінен сақтап ( фагоцитоз ) жасушалық және гуморальді иммунитетке қатысады. Тіректік ( биомеханикалық ) қызметі пішін құрап көптеген мүшелердің негізін түзеді. Бұл қызметі аталған тіннің коллаген және эластин талшықтарына тікелей байланысты.

Пластикалық қызметі – тіршілік ету жағдайларға байланысты, сол ортаға бейімделуі немесе адаптация процессіне қатысып мүшелердің дефектісін жойып, регенерациялық қызмет атқарады. Морфологиялық қызметі – тіндердің комплексін қалыптастыру, оның ішінде көптеген мүшелердің капсуласын, мүшенің ішіндегі стромасы болып саналатын перделерін түзіп, мүшелерге белгілі бір пішіні береді.

Дәнекер тіндерінің жіктелуі – жасушалары мен жасуша аралық заттарының құрылымдарына, ондағы талшықтардың реттеліп орналасуына және оларды желімдеп, біріктіріп тұратын аморфты заттың физико – химиялық қасиетіне байланысты жіктеледі. Дәнекер тіндері: меншікті дәнекер тіні және қаңқалық тіндер болып жіктеледі. Қаңқалық тіндерге шеміршек ( гиалинді, эластинді және талшықты ) және сүйек тіні ( фиброзды – талшықты, қабыршақты ) жатады.

Дәнекер тіндерінің дамуы эмбриональды және постэмбриональды болып бөлінеді. Эмбриональды даму кезеңінде дәнекер тіндері басқа тіндерден бұрынырақ мезенхимадан бастау алып, тіндік қалыпқа келе бастайды. Ал постэмбриональды даму немесе қалыпты физиологиялық жағдайда гистогенезі өте баяу өтеді, де ағзадағы тіндік гомеостазаны сақтауға қатысады.

Меншікті дәнекер тіндері Борпылдақ дәнекер тіні ағзада көптеген мүшелердің құрамында кездеседі, оның ішінде қан мен лимфа тамырларының сыртын қоршап, көптеген мүшелердің стромасын түзеді. Бұл тіннің құрамында жасушалары мен жасуша аралық заты бар. Жасушалары. Дәнекер тіннің ен негізгі жасушаларына, фибробласттар, макрофагтар, тін базофильдері, адвентициальді жасушалар, плазмоциттер,май жасушалары мен қаннан келген лейкоциттер және пигментоциттерде кездеседі.

Фибробласттар – жасуша аралық заттың құрамындағы белоктарды, протеогликандарды, гликотротеиндерді синтездейді. Мезенхимадан дамыған жасушаларда фибробласттардың дифферон қатарын түзетін; бағаналы, жартылай бағаналы – жасуша ізашарлары, аз маманданған, маманданған фибробласттар ( пісіп жетілген ), фиброциттер, миофибробласттар және фиброкласттар болады. Аз маманданған фибробласттардың – аздаған өсінділері бар, дөңгелек пішіні болып келген ядросы мен ондағы шағын ғана ядрошығы анықталған.

Пісіп жетілген фибробласттар тіннің құрамында өте белсенді түрде қызмет атқаратын жасушалар. Цитоплазмасы базофильді боялған, жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалы торы бар, Гольджи комплексі, митохондриялары мен лизосомалары көп. Фиброциттер – фибробласттардан дамыған дефинитивті түрі.

Миофибробласттар – фибробласттарға ұқсас, коллаген белоктары мен қоса, жиырылғыш белоктарды да синтездейтін жасуша. Фиброкласттар – фагоцитарлық қабілеті өте белсенді мүшелердің инволюциясы кезеніңде жасуша аралық затын сорады. Тін базофильдері – цитоплазмасында базофильді түйіршіктері болатын жасушалар. Бұлар дәнекер тіндегі гомеостазды реттейтін негізгі тін базофильдері. Плазмоциттер – ағзадағы антигенге қарсы антидене гамма – глобулинді синтездейді. Саны – аллергия мен қабыну процестерінде көбейеді. Адипоциттер – май жасушалар, ағзада трофикалық энергия қоры болып, судың метоболизміне қатысады ағзада, мүшелерде шоғырланып май тінін түзеді.

Макрофагтар - өте ірі, гетерогенді арнайы қызмет атқаратын ағзадағы қорғаныс жүйесіне қатысатын жасушалар тобына жатады. Макрофагтардың бос және бекінген түрлерін бөлінеді.Бос макрофагтарға борпылдақ дәнекер тінінің гистиоциттері, серозды қабықтағы макрофагтар, өкпе макрофагтары жатса, ал бекінген макрофагтарға сүйек тініндегі сүйек кемігіндегі, көк бауырдағы, лимфа түйіндеріндегі, эпидермистегі (Лангерганс жасушалары ), плацентадағы макрофагтар жатады. Макрофагтардың плазмолеммасында қатерлі ісік жасушаларына эритроциттерге, Т және В – лимфоциттеріне, антигендерге, гормондарға арналған арнайы рецепторлары болады. Макрофагтардың бір түрі көп ядролы ең ірі жасушалар – симпласт.,

Аралық зат Дәнекер тіндерінің аралық заты коллаген және эластин талшықтарымен негізгі заттан тұрады. Коллаген талшықтары. Дәнекер тіндеріне мықтылық қасиет беретін, әртүрлі бағытта немесе ретімен орналасқан қалыңдығы 1 – 3 мкм, ал ұзындығы әртүрлі болып келген фибриллярлы белок – коллаген. Құрамында протофибрилярлары бар, қалыңдығы 5 нм болатын микрофибриллалар. Коллаген талшықтарының тағы бір түрі ретикулярлы немесе преколлаген талшықтары.

Аморфты және негізгі зат Дәнекер тіндерінің жасушаларымен талшықтары аморфты компонентінде жабысып орналасады. Бұл компонентті гель тәрізді, қоймалжың субстанция, интегратты – буферлі жүйе деп аталады. Құрамында қан плазмасының белоктары, су, иондар, жасушалардың зат алмасу процесінен пайда болған өнімдер, протеогликанды құрылымдары болады. Аморфты заттың құрамында: гликоамингликандар ( ГАГ ), протеогликандар ( ПГ ), гепарин, гликопротеиндер ( ГП ), фибронектин, фибриллин, ламинин болатыны белгілі.

Ерекше қасиеті бар тіндер Ретикулярлы тіні Ретикулярлы тін құрамында ретикулярлы жасушасымен аргирофильді талшықтары болатын, тор тәрізді құрылым. Бұл талшықтарды күміс тұздармен аргирофильді талшықтары деп аталады. Аргирофильді топтағы талшықтар: меншікті аргирофильді және преколлаген талшықтары түрінде кездеседі. Меншікті түрі дефинитивті, құрамында III – типтегі коллаген болатын, тіндегі тұрақты талшық.

Май тіні Май тіні – көптеген мүшелердің құрамында май жасушаларының жиынтығы. Ақ май және қоңыр май тіндері болып бөлінеді. Адамда ақ май тіні тері астында, құрсақта, ішек пердесінде, май жасушалары май бөліктерінің арасында орналасады, бірге фибробласттар, лимфоидты элементтер, тін базофильдері де болады. Қоңыр май тіні – сәбилердің мойнында, жауырын сүйектерінің маңында, тері астында кездеседі. Сәбидегі май тіні жылуды сақтайды. Жасушалары – адипоциттер.

Шырышты тін Шырышты тін тек ұрықта кездеседі. Классикалық обьектісі болып саналатын адам нәрестенің кіндік жібі ( бауы ). Кілегейлі тіннің жасушалық элементтері гетерогенді, мезенхимадан дамыған жасушалары : Фибробласттар, миофибробласттар, миоциттер. Кіндік жібінің құрамында гиалурон қышқылы бар. Кіндіктің құрамындағы кілегейлі тінінен ( Вартонов кілегейлінен студень ) коллагеннің IV – түрін синтезделінеді.

Қ а ңқ алы қ тіндер Шеміршекті тін 1.Гиалинді- қабырғаның төске бітер жерінде,тыныс алу жолдарында сүйектердің буын беттерінде кездеседі 2. Эластикалық – құлақ қалқанында, көмейдің мүйізді пішінді және сына пішінді шеміршектерінде болады. 3. Талшықты-омыртқа аралық дискілерде, жартылай қозғалмалы қосындыларда, талшықты дәнекер тіннің гиалинді шеміршекке ұласатын жерінде кездеседі.

Жасқа байланысты өзгерістері Адам қартайған сайын протеогикандар концентрациясы және гидрофильділігі азаяды. Хондробластар мен хондроциттердің көбеюі төмендейді. Ал хондрокластар дистофиялық өзгеріске ұшыраған жасушаларды жоюын іске асырады. Жасуша аралық заттың кейбір жерлерінде кальциий тұздарының әктенуі жүреді. Шеміршектің орталық бөлігінде қоректену бұзылуынан қан тамырлар жайлып сүйектенуге әкелуі мүмкін.

Қалпына келу. Физиологиялық қалпына келуі шеміршек үсті қабығының және аздифференцияланған жасушаларының есебінен прехондробластардың жіне хондробластардың көбейуі арқылы жүреді. Мысылы терең және терең емес зақымдану кезінде.

Сүйек тіні Жасуша аралық заты жоғары минералданған, кальций фосфаттардан тұратын, 70% бейорганикалық және нәруыздар мен липиттерден тұратын органикалық заттардан тұрады. Метаболиттік үдерістерге маңызды 30дан астам микроэлементтері бар. 2 түрі белгілі.

Дөрекі талшықты сүйек тіні. Негізінен ұрықтарда кездеседі. Ал ересек адамда бас сүйектерінің тігістерінде, сіңірдің сүйекке бекіген жерінде кездеседі. Әр түрлі бағытталған коллаген талшықтары бар. Жасуша аралық затында ұзын сүйек қуыстары немесе лакуналар болады. Ал олардың ішінде остеоциттер орналасқан. Сыртынана сүйек үсті қабатпен қоршалған.

Табақшалы сүйек тіні. Ең кең тараған түрі, сүйек табақшаларынан және өсінділері бар остеоциттерден тұрады. Коллаген талшықтары параллель орналасқан, ал табақшалар бір бірімен перпендикуляр орналсын араларын фибриллалар жалғайды. Остеокластардың сүйекке жанасқан жерінде микроқатпарлы аймағы арқылы ферменттер бөліп сүйекті жидітеді.

Жасқа байланыс өзгерістері. Жас ұлғайған сайын дәкер тіннің құрылысында, мөлшерінде және химиялық құрамында өзгерістер жүреді. Сонымен қатар құрылымдарының жалпы салмағы мен сүйек қаңқасының өсуі де жүреді. Коллаген және гликозаамингликандардың арақатынасы өзгереді. Қартая бастаған сүйектің эндосында остеобластардың және бастама жасушалардың популяциясы азаяды да остеокластардың белсенділіг артады. Бұл тығыз қабатының жұқаруына алып келеді.

Қолданылған әдебиеттер. Афанасьев Ю.И., Юрина Н.А. Гистология Москва 1989 Данилов И.А. Гистологи Москва 2003 Лекциялар жинағы. Гистология, цитология және эмбриология. Мушкамбаров, Кузнецов С.Л. Цитология,эмбриология,гистология Ж.О.Аяпова 2007 Алматы