Ареалдар туралы ұғым. Ареалдардың типтері. Мәдени өсімдіктердің қалыптасу орталықтары. Ареалдардың құрылымы. Қажыкен Нарбол ГН -31 тобы.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Ареалдар туралы ұғым. Ареалдардың типтері. Мәдени өсімдіктердің қалыптасу орталықтары. Ареалдардың құрылымы. Қажыкен Нарбол ГН -31 тобы.
Advertisements

Транксрипт:

Ареалдар туралы ұғым. Ареалдардың типтері. Мәдени өсімдіктердің қалыптасу орталықтары. Ареалдардың құрылымы. Қажыкен Нарбол ГН -31 тобы

Ареал Ареал деп белгілі бір түрдің жер бетінде, не акваторияда кездесетін белгілі жер бөлігін айтамыз. Ареал - өсімдіктер мен жануарлардың түрлері, туыстары және басқа категориялары таралған аймақ. Өсімдіктер мен жануарлар жер бетіне және теңіз, көл, мұхит суларына таралады. Ол табиғи және жасанды ареал деп бөлінеді. Ареалдардың орталығы түрлердің көп таралған және аз таралған жерлері кездеседі. Түрлер әртүрлі факторлар шығарып кең аймаққа бөлінеді. Ареалдар белгілі бір түрлердің таралуына және жайылып кетуіне байланысты үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Сонымен бірге реликті ареал кездеседі. Ол көне заманнан бері қарай дамып келе жатқан құбылыс. Оларды көне заманда тіршілік өткен кейбір түрлерінің жойылып кетпей сақталып келе жатқанын көрсетеді. Ареалдың тұтас, жалпылама және бөлшектеніп жүргені кездеседі. Биік таулар, көлдер, теңіздер кроалдарды бөлуі мүмкін.

Өзінің сипатына қарай ареалдың бірнеше түрі бар : 1.Космополитті ареал 2.Циркумконтиненттік ареал 3.Циркуммұхиттық ареал 4.Эндемикті ареал 5.Викарилік немесе орын басу ареалы 6.Дизъюнктивтік немесе бөлініп – біріктірілген ареалдар Ареалдардың типтері.

Космополитті ареал – кейбір өсімдіктер мен жануарлардың жер шарына жаппай таралуы ( мысалы : үй шыбыны, су егеуқұйрығы, т. б.) Рис. 1. Космополитті орляктік папоротниктің ареалы : 1 – таралу аймағы ; 2 – таралу аймағының шекарасы ; 3 – түрдің аз кездесетін аймағы.

Циркумконтиненттік және Циркуммұхиттық ареалдар - бұл ареалдарда, жалпы жердің немесе мұхиттың аумағына қарамастан, әлдебір ендік бойынша шектеулер болады. Солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғала отырып 4 аумақты ерекшелеуге болады : - Циркумполярлық бореалды ареал ; - Циркумконтиненттік солтүстік жартышардың ареалы қоңыржай ендігін алып жатыр ; - Пантропиктік ареал ; - Циркумконтиненттік оңтүстік ареал. Циркумконтиненттік және Циркуммұхиттық ареал

Эндемикті ареал Эндемикті ареал – өсімдіктер мен жануарлардың шектеулі аймақтарды ғана мекендеуі [ мыс., Жетісу аяқты балығы Жетісу ( Жоңғар ) Алатауының 1800 – 2500 м биіктіктегі бұлақтарында ғана кездеседі ]. Рис. 5. Кассиопеи эндемикті ареал

Викарилік немесе орын басу ареалы Викарилік ареал деп бірдей екі көршілес аймақта мекендейтін немесе әртүрлі мекен орталығы, бірақ бірдей территорияда орналасқан таксономиялық бірліктердің « орын басуын » айтады. Рис. 6. Солтүстік жартышардағы балқарағайдың викарилік ареалы

Дизъюнктивтік немесе бөлініп – біріктірілген ареалдар Дизъюнктивтікм ареалдар өз арасында гомогенді және гетерогенді бөліктерге бөлінеді. Гомогенді бөлікті ареалдар гетерогенді дизъюнкциялы ареалдардан жас әрі қарапайым болады. Бірақ дизъюнкция себептері әртүрлі болуы мүмкін және мұнда талдауда қателеспеу маңызды. Климаттық дизъюнкциялар өте жиі кездеседі. Олардың түрлену модельдер көп болуы мүмкін. Мысалы бір түр өзі үшін қолайлы кезеңде кең тарала алады. Кең таралған ареал аймағында біртіндеп ауа – райы өзгереді және бөлек аймақтарда осы тұқымның өзіндік түрлері туындайды, ал осы тұқымның өкілдері үшін қолайсыз ауа райы туындаған басқа жерлерде оның өкілдері жойылып кетеді. Континентаралық дизъюнкция көбіне, жаһандық тектоника механизмімен түсіндіріледі. Осындай түсіндірме хронологиялық қиындықтарға әкеледі : Лавразия мен Гондвананың құлдырауы дизъюнктивті ареалдары бар қазіргі түрлердің пайда болуынан бұрын басталған. Дегенмен, бастапқы түрдегі ареалдардың үзілуі кейінгі ареалдардың дизюъюнкциясына әкелуі мүмкін.

Рис. 6. Қалталы сүтқоректілердің дизъюнктивтік ареалы.

Мәдени өсімдіктердің қалыптасу орталықтары. Мәдени өсімдіктер ( plantae cultae ) – адамдар өздерінің әр түрлі қажеттілігін ( азықтық, талшықты, дәрілік, бояғыш, эфир майы, мал - азықтық, т. б. ) қанағаттандыру мақсатында өсіретін өсімдіктер. Мәдени өсімдіктердің пайда болуы адамзат мәдениетінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Мәдени өсімдіктердің таралу орталығы - әр түрлі мәдени өсімдіктердің шыққан жері. Мұндай орталықтар болатынын алғаш рет Н. И. Вавилов дәлелдеді. Ол мәдени өсімдіктердің таралу орталығын 8 аймаққа бөлген, олар : Қытай, Үнді, Үнді - Малая, Орта, Алдыңғы Азия, Жерорта теңізі, Батыс, Орталық Мексика, Оңтүстік Америка және Чили Андысы. Мәдени өсімдіктердің сан алуандығы және шығу орталығын орыс ғалымы Н. И. Вавилов зерттеді. Ол бес континентті айналып шығып, дүние жүзінің 52 елдерінде болды. Н. И. Вавилов өсімдіктердің 400- ге жуық түрінің Оңтүстік Азияда, 200- ге жуық түрінің Оңтүстік Америкада мәденилендірілгенін дәлелдеді. Ол осы сапарында мәдени өсімдіктердің ға жуық түрін зерттеді. Сөйтіп өсімдіктер сан алуандығының орталықтарын белгіледі.

Мәдени өсімдіктер Бау - бақшалық Тоқмалы Сәндік Дәндік Көкөністік

Алма Груша

Қырыққабат Қызанақ

Роза түрлері

Мақта Лён

Бидай Ячмень

Мәдени өсімдік ( Лимон ).

Мәдени өсімдік ( Манго ).

Ареалдардың құрылымы. Ареал – әртүрлі геоелогиялық дәуірде жануарлардың эволюциялық процесі және олардың тіршілік ету ортасының өзгеруінен пайда болады. Ареалдың құрамының өзгеруі маңызды рөлді судың іс - әрекеті әсер етеді. Организмнің таралуы, олардың тіршілік ету орталығына байланысты. Өздеріне қолайсыз ортада олар тіршілік ете алмайды және ұрпақ қалдыра алмайды. Өмір сүру ортасының адамдардың іс - әрекеті арқылы өзгеруі түрлердің орналасуын немесе ареалдың кеңеюіне әкеледі. Ареалдарды көлемі, шекара конфигурациясы бойынша, географиялық орналасуы жағынан классификацялай аламыз. Ен үлкен ареалдарды космополиттік деп аталады. Жалпы алғанда бүкіл жер бетінде, яғни түгелдей құрылықты немесе мұхитты алып жатқан белгілі бір түрлер кездеспейді. Жер бетіндегі организмдерді космополит деп атау үшін, Антарктиданы санамағанда барлық материктерді кездесулері керек.