ИТАЛИЯ МЕН ГЕРМАНИЯДАҒЫ ФАШИЗМ Б.Муссолинидің басшылығымен фашистік партияның үкімет билігіне келуі. 1920 1921 жылдары Италиядағы экономикалық дағдарысқа.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
ИТАЛИЯ МЕН ГЕРМАНИЯДАҒЫ ФАШИЗМ Б.Муссолинидің басшылығымен фашистік партияның үкімет билігіне келуі жылдары Италиядағы экономикалық дағдарысқа.
Advertisements

Саяси сана ж ә не саяси м ә дениет Ә л-Фараби атында ғ ы Қ аза қ Ұ лтты қ университеті Орындаған:Жумагулова ж Қабылдаған: Алматы 2012.
Транксрипт:

ИТАЛИЯ МЕН ГЕРМАНИЯДАҒЫ ФАШИЗМ Б.Муссолинидің басшылығымен фашистік партияның үкімет билігіне келуі жылдары Италиядағы экономикалық дағдарысқа байланысты Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін іле-шала орнықкан фашистік козғалыс кең көлемді лаңкестік әрекетке ұласып, тез арада күшейіп алды. "Фашизм" ұғымын алғаш соғыстан кейін қарулы көтеріліске шықкан жұмысшы қозғалысына қарсы реакцияшыл күштер пайдаланған болатын жылы наурыз айында Миланда Бірінші жалпыұлттық жиналыс болып өтті. Онда фашистік әскери отрядтардың одағы кұрылды. Олардың бағдарламалық талаптарында: елде республика орнату, жаппай сайлау құқығын енгізу, салық салу, кедей шаруаларға жер беру, жеке меншік кәсіпорындарына жұмысшы бақылауын кою, өнеркәсіптің белгілі бөлігін мемлекеттік меншікке беру, шіркеу иеліктерін тәркілеу енгізілген еді. Бұл идеялар буржуазиямен катар жұмысшылар мен шаруалар тарапынан толық қолдау тауып, сайлаушылардың бір бөлігі социалистер қатарына өткен болатын. Фашистік топтарды құрушы, кейінірек, партияны ұйымдастырушы Бенито Муссолини болды. Жұмысшы отбасынан шыққан Муссолини мектеп мұғалімі болатын. Социалистік партияға мүшелікке өтіп, оның алдыңғы қатарында жүрді. Сол қанаттың өкілі ретінде ол соғысқұмарлық пен соғыс атаулыға қарсы шықты, Италия социалистік партиясының (ИСП) басшы органдарына сайланды және партияның орталық органы саналатын "Аванти" газетінің редакторы болды. Алайда 1914 жылы ол партия қатарынан қуылып, "Пополо Италия" газетін шығарды және соғыстан кейін фашистік топтарды құруға атсалысты. Фашистердің екпінді күші болып таптық белгілерінен айырылған элементтерден, кез келген қылмысты жасауға дайын қылмыскерлерден құралған жауынгер топ құрылды. Ал 1921 жылдан бастап бұлар лаңкестік жолды таңдады жылы қарашада олар ұлттық фашистік партия құрды, оның басында Муссолини тұрды, оны "дуче"{"көсем") деп атайтын.

Муссолини 1922 жылы 28 қазанда фашистік топтардың Римге жорығын ұйымдастырды. Үкімет өз еркімен биліктен кетті. Король фашистерге қарсы әскер жіберуден бас тартты. Король осыдан кейін оны Римге шақыртып үкіметті басқаруды ұсынды. Муссолини парламенттің колдауына ие болды. Фашистік-тоталитарлық режімнің орнауы. Фашистердің үкімет билігіне келуі әдеттегі үкімет алмастыруға ұқсамады. Бұл контр-революциялық төңкеріс еді. Италия фашизм орнаған бірінші Еуропа елі болды. Бұл жылдар Италия тарихына "каралы жиырма жыл" деген атпен енді. Фашистік төңкеріс Италия саяси институттарын түбегейлі кайта құрудың бастамасы болды. Бұл бағыттағы шаралар біртіндеп, өткен, саяси жүйе институттарының сабақтастығын формальді түрде сақтай отырып, іске асырыла бастады. Алғашқыда парламент бұрынғысынша жұмыс істеп тұрды, барлық партиялар занды деп есептелді. Италиядағы фашистік диктатураның бүкіл кезеңінде ұлттық бірігуден кейін қабылданған конституция жоққа шығарылған емес. Муссолини қүрған үкімет коалициялык бағытты көздеді. Үкімет парламенттің кызметіне нұқсан келтіріп, оған тиесілі міндеттерді өзіне алып, өз жұмысын бірден күшейтті жылы сайлау реформасы жасалды. Реформа фашизмнің саяси мақсатына парламентті толығымен бағындыруды қамтамасыз етуді кездеді. Заң шығарушы билік 1922 жылы желтоқсанда құрылған Үлкен фашистік кеңестің (ҮФК) қолына шоғырланды. Оған Муссолини төрағалық етті. Фашистер билікті басып алғанға дейін ресми заңнан тыс әрекет еткен қарулы қосындар фашистік лаңкестіктің басты құралы қызметін атқарды және мемлекеттік институт мәртебесін иеленді жылы олар Ұлттык қауіпсіздіктің ерікті полициясы деп аталатын фашистік ерекше қарулы күш болып кайта құрылды. "Маттеотти дағдарысы". Фашизмге қарсы оппозиция қала мен басқа да аймақтардың орташа топтарының әр түрлі қимыл-әрекеттерінен көрінді.

1924 жылы 6 сәуірде фашистік сайлау заңы бойынша парламентке сайлау өткізілді. Ресми мәліметтер көрсеткендей фашизмге оппозициялары партиялар үшін халыктың 1/3-і дауыс берген. Жаңа сайланған палата мәжілісінде Унитарлық социалистік партияның (УСП) хатшысы Джакомо Маттеотти дәлелді деректерге сүйене отырып, сайлау қорытындысына байланысты фашистерге айып тақты. Бұл батыл анти-фашистік акция оның өміріне қауіп төндірді жылы 10 маусымда фашистер Маттеоттиді атып өлтірді. Маттеотти өлтірілгеннен кейін елде антифашистік қуатты толқулар басталып, халық үкіметтің өз еркімен кетуіне ұсыныс жасады. Сонымен бірге мұндай іске барғандарды жазалауды талап етті. Оппозициялық партияның депутаттары ашық түрде парламентті тастап шықты және Авентин деп аталатын блокты құрды. Бұл топтың Авентин деп аталуы Ежелгі Римде патрициилер мен плебейлердің арасындағы күрестің ескерткіші ретінде, бағынудан бас тартқандардың Авентин төбешігіне жиналуына байланысты атанған еді. Алайда олар фашизмді "моральдік айыптаушылықпен" және корольдің Муссолиниді өз еркімен кызметтен кетуіне ықпал етуі арқылы жеңеміз деп ойлады. Авентин блогын құрған партияның ішкі жіктелуін пайдаланып, фашизм 1925 жылдың басында қайтадан шабуылға шықты. Фашистік-тоталитарлық диктатураның түбегейлі қалыптасуы жылдары демократияның барлық элементтері жойылды. Үкіметте тек фашизмді жақтаған министрлер ғана қалды жылы қараша айында бірнеше төтенше заңдар қабылданды. Оппозициялық партиялар таратылды, антифашистік басшыларға тыйым салынды жылы фашистік диктатураның негізгі қуғын-сүргінге қатысқандарды жазалайтын органы Ерекше трибунал және құпия саяси полиция мекемелері құрылды. Фашизм идеологтары Италияда ерекше "корпоративтік" мемлекет құрылады деп мәлімдеді, онда әр түрлі таптардың, дәлірек айтқанда жұмысшылар мен капиталистердің мүдделері үйлесімдік табатын болады жылдың көктемінде Еңбек партиясы деп аталған құжат қабылдап, онда фашистік корпоротивизмнің негізгі ұстанымдары жарияланды жылы Рим мәселесі деп аталатын мәселе бойынша бұрыннан келе жатқан Италия мемлекеті мен католик шіркеуі арасындағы жанжал реттелді. Латеран сарайында келісімшартқа қол қойылып, Италия Ватикан мемлекетінің егемендігін мойындады.

Италия фашизмінің ерекшеліктері. Италия фашизмі тоталитарлық диктатура ретінде ерекшеленіп, ол тоталитаризмнің және авторитарлықтың белгілерімен айқындалды. Оның орталықтанған идеологиялык жүйесі ұлтшылдықтың іргетасы негізінде құрылды. Оны католизм, дәстүршілдік, социализм идеялары толықтырды. Оның идеологиялық басты кағидаларының бірі "ұлтты аскақтату" еді, ол үшін жойылған "Қасиетті Рим империясын" қалпына келтіруге тырысу, сондай-ак Италияның Африкадағы өркениеттілік маңызды міндетті аткаруға тырысу, "ауру Еуропаны сауықтыруға", ондағы демократия мен азиаттық большевизмнің кемістігін жоюға тырысу кажет деп саналды. Муссолини үкіметінің сыртқы саясаты. Италия фашистік үкіметінің 20-жылдардағы сыртқы саясаты аса сақтыкпен жүргізілуімен ерекшеленеді. Италия үкіметінің 30-жылдарда жүргізген сыртқы саясаты жаугершілікпен көзге түсіп, сипатталды. Басқа елдің жерін басып алу арқылы ұлттық мекенді "кеңейтудің" қажеттілігімен түсіндірілді. Осындай саясаттың негізінде фашистік үкімет 1935 жылы Эфиопияны, 1939 жылы Албанияны жаулап алды. Испанияға жасалған интервенцияға ( жж.) қатысып, Ұлттар Лигасынан шығып кетті, Коминтернге қарсы ұйымдастырылған фактіге қол қойды (1937 ж.), Мюнхен конференциясына қатысты (1938 ж.)-Фашистік Германиямен әскери-саяси одақ құру жөніндегі келісім-шартқа отырды. Германияда фашизмнің пайда болуы. Соғыс аяқталғаннан кейін Германия толық экономикалық дағдарыс жағдайында болды. Шикізат, отын қоры толығымен азайған болатын. Ауыл шаруашылығында толық құлдырау байқалды. Елде эпидемия, аштық басталды. Ұзаққа созылған соғыс және кымбатшылық азаматтардың жеке жинап сақтаған ақшаларын бітіріп, тауысты. Елде өткір әлеуметтік-экономикалық дағдарыс калыптасты. Неміс қоғамының бұқаралық санасы зиянды реваншизм мен жаугершілік саяси экстремизм идеяларымен уланған еді. Германияның жеңілісін кептеген немістер марксистердің және еврейлердің тіміскілеуімен түсіндірді.

Адольф Гитлер [ жж.) Австрияның Браунау қаласында дүниеге келген. Кейінгі кезде оның анасы еврей отбасынан екендігі туралы мәлімет анықталды жылы Гитлер көрші орналасқан Германияның Мюнхен қаласына қоныс аударады. Ол өз еркімен Германия әскеріне барады және соғыстың бүкіл төрт жылын Батыс майданда өткізеді. Ол екі рет жараланады және ефрейтор деген әскери атақ алады. Германия жеңілісін А.Гитлер марксистер мен еврейлердің тіміскі әрекеттерімен түсіндірді. Гитлер тамаша шешен болған жылы ол өзінің жақтастарымен Мюнхенде билікті басып алуға ("сыра бүлігі") тырысады. Сот оны бес жылға түрмеге қамауға үкім шығарады. Түрмеде Гитлер "Майн кампф" ("Менің күресім") деген кітап жазады, онда өзінің саяси және нәсілшілдік идеяларын баяндайды. Бір жылдан соң тұтқыннан босап, белсенді түрде саяси қызметпен айналысады. Фашизмнің сипатты белгілері. "Фашизм" сөзі италияның фашио сөзінен шығып, "шоғыр" мағынасын, сонымен бірге "одақ, бірлестік" түсініктерін білдіреді. Фашизмнің саяси ұраны нәсілшілдік және ұлтшылдық еді. Олардың нәсілшілдік теориясы бойынша немістер "жоғары нәсілге", ал қалған ұлттар "төменгі нәсілге" жатты. "Жоғарғы нәсіл" бүкіл адамзат баласын билеп-төстеуге және дүние жүзінде жаңа тәртіп орнатуға жаратылған. Жаңа тәртіп орнатудың негізгі жолы басқа елдер мен халықтарды басып алу. Осылайша Германия фашизмі өзінің алда жүзеге асырмақшы болған басқыншылық саясатын дәлелдеді. Фашистердің мемлекет билігіне келуі жылғы караша айындағы сайлау ұлтшылдарға 196 мандат берді. Коммунистер 100 мандат, ГСДП121 мандат алды. Бірпартияльщ кабинет қалыптастыру үшін парламентке фашистер де, солшыл партиялар да көпшілік орын ала алмады. Парламентте үкіметтік дағдарыстық жағдай өалыптасты. Әскери-бюрократия бекзаттарының кысымымен Гинденбург канцлер кызметін А.Гитлерге ұсынды және оған үкіметті құруды тапсырды (30 каңтар 1933 ж.). Гитлерге буржуазиялық партиялардың өкілдері мен социал-демократтардың қатысуымен формалды коалициялық үкімет құруға тура келді. Әлем алдында ұлтшылдар жүргізіліп жатқан өзгерістерді бір үкіметті екінші үкіметтің әдеттегідей алмастыруы деп дәлелдегісі келді. Сол кезде Гитлер үкіметі төтенше заңдарды кабылдауға кедергі келтіретін коммунистер мен басқа да күштерді шеттету үшін рейхстагқа жаңа сайлау өткізу туралы шешім кабылдаған еді жылы 27 ақпанда фашистер арандатушылықпен рейхстагты өртеуді ұйымдастырды, бұған коммунистерді кінәлі етті.

Тоталитарлық диктатураның орнауы. Төтенше билік үкіметке рейхстагтың қолдауынсыз-ақ кез келген заңды қабылдауға құқық берді. Саяси партиялар, кәсіподактар таратылды, жергілікті өзін-өзі басқару жойылды жылғы шілде айында ГҮСЖП-дан басқа кез келген саяси ұйымдастырудың қызметіне үзілді кесілді тыйым салған заң қабылданды. Германияның мемлекеттік жүйесіндегі ұлтшылдык партияның ерекше міндеттерін 1933 жылғы желтоксанда кабылдаған "Партия мен мемлекеттің тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі" заңды бекітті. 30-жылдардың соңына қарай фашистердің куғын-сүргін аппарат органдары бір жолата қалыптасты. Г.Гиммлер басшылық жасаған "СС" жүйесі оның негізі болды. СС Гитлердің жеке күзетшісінен нағыз мемлекет ішіндегі мемлекетке айналды жылы 2 тамызда Гинденбург өлгеннен кейін Гитлердің қолына рейхсканцлердің, президенттің және басқолбасшының биліктері шоғырланды. Осылайша Германияда жаңа мемлекеттік-партиялық аппараттың тоталитарлық диктатурасы орнады. Неміс экономикасын қайта құрудың қорытындылары. Өндірісті мемлекеттік реттеу мен ынталандыруға негізделген экономикадағы кайта құрулар жоғары нәтижелерге кол жеткізді жылдары ұлттық табыс екі есе артты, өнеркәсіп өндірісі 102%-ға өсті. Әсіресе ауыр өнеркәсіптің көрсеткіштері ерекше жоғары болды жылы ауыр өнеркәсіп дағдарысқа дейінгі деңгейге жетті, ал 1939 жылы одан 50%-ға асып түсті.

Антисемитизм. "Нәсілдік теорияны" насихаттаған гитлершілер Германиядағы еврейлердің барлық азаматтық құқығынан айырған "Нюрнберг заңдарын" (1935 ж.) қабылдады. Еврейлер Германия азаматтығынан айырылды, оларға мемлекеттік аппаратта қызмет істеуге, аралас некеге отыруға тыйым салынды. Еврейлер киімдеріне сары жұлдызша тігіп алып жүруге міндетті болды, олардың қоғамдық орындарға көрінулеріне тыйым салынды. Кейін "холокост", яғни ұлтшылдардың еврейлерді "өлім" лагерьлерінде жоспарлы түрде қырып- жою саясаты басталды, соның негізінде 6 млн еврей қырылды. Германияда тұратын 22 мың цыгандар нәсілдік кемсітушілікке ұшырады. Соғысқа дайындық. Фашистердің билікке келуі әлемді дүние-жүзілік соғыс деңгейіне жеткізді. Гитлер күштеп дүние жүзіне үстемдік орнату мақсатын бұрыннан жасырған емес. Оның "Майн кампф" кітабы Германияның фашистік күштерінің соғыс құмар бағдарламасының куәсі болды. Гитлер Версаль бітімінің шарттарын аяққа басып, соғысқа ашық дайындала бастады. Германия үкіметі елді соғыс жағдайына көшіру үшін ештеңе аямады жылы қарулануға шыққан шығын 10 есе артты жылы 300-ден астам жаңа әскери зауыттар жұмыс істеді жылдың өзінде 18-ден 43 жасқа дейінгі ер адамдар үшін жаппай әскерге шакырылу енгізілген болатын. В.Кейтелдің басшылығымен Қарулы күштердің жоғарғы бас командованиесі құрылды. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Германияның қарулы күштерішң саны 2760 мың адамды құрады. Әскер 3695 ұшақпен, 3200 танкпен қаруланды. Әскери теңіз флотының құрамында екі линкор, 5 крейсер, 57 сүңгуір қайықтар болды. Чехославакияны басып алған кезде ұлтшылдардың қолына 30 чехословакия дивизиясының кару жарақтары, оқ дәрілері, сонымен қатар үш танк дивизиясының материалдык дүниелері түсті жылы КСРО-мен келісімге келіп, ал 1940 жылы Италия және Жапониямен достасқан Германия кең ауқымды соғысқа дайын болды.