САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Абайдың табиғат лирикасы Қазақ тілі 10 Б сынып Мұғалім: Зеева Ләззат Шамшыраққызы.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Абайдың табиғат лирикасы Қазақ тілі 9 В сынып Мұғалім: Сералиева Мәдина Жүрсінқызы.
Advertisements

І тур. Ой анықтау. ІІ тур. Ой зерделеу. ІІІ тур. Ой жалғау. ІV тур. Ой іздену. V тур. Ой толғау.
«Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Ғабит Мүсіреповпен мақтануымыз керек». З. Қабдолов.
Сабақтың тақырыбы:. Сабақтың мақсаттары: Кітаптың адам өміріндегі алатын орнын ұғындыру; Түрлі тәсілдер арқылы оқушының байқағыштық, тапқырлық, өз ойын.
Сабақ тақырыбы: 10 - сынып. Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау арқылы жеке тұлғасын таныту,ақын шығармашылығына қызығушылықты ояту.
Жакишева Мейрамгүл Кенжеғалиқызы Мағжан Жұмабаев атындағы 39 мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
Бейнетаспаға назар аудару М ұқ а ғ алиды ң Ү ш ба қ ытым ө ле ң ін еске т ү сіру - Халық - Халық - Тіл - Тіл - Отан - Отан Топ ұ станымын, ережесін құ.
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт-өмір шындығының суреткері...
Мұқағали Мақатаев ( ж.ж). Мұқағали Мақатаев ( ж.ж) Алматы облысы Райымбек ауданы Қарасаз ауылында дүниеге келген. Шын аты Мұқаметқали.
Қасым Аманжолов
Білімділік: Оқушыларды Ұлы ақын - А.Құнанбайұлының балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Жас ұрпақты.
Подготовила : ученица 7 « В » класса ОСШ 3 им. Абая Семёнова Т. қ. Талғар – 2011 ж.
Жесупова Алмагүл Батрқанқызы Білімі: жоғары Санаты: 2 Өтілімі: 10 жыл 1 «А» сынып Сауат ашу.
Даналық сөздер қоржыны Құ растырушы: Қ айырова К. Ө. – 32 МГ бастауыш класс ж ә не « Ө зін- ө зі тану» п ә ніні ң м ұғ алімі.
Балқаш- аңыз І нұсқа. Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі.
«2 жалпы орта білім беретін» ММ Жақсылық жасай білейік Мухатова Дария Меделбекқызы 4 сынып.
Н.Мейірманов атындағы негізгі мектеп Тақырыбы: Абай мен Ахмет шығармаларының идеялық үндестігі ( сыныптан тыс оқыған шығармалар бойынша ) Өткізген Байтемірова.
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі.
С АБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ : М ЫҢ БІР МАҚАЛ, ЖҮЗ БІР ЖҰМБАҚ С АБАҚТЫҢ - МАҚСАТЫ :О ҚУШЫЛАРДЫ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ СӨЗ ӨНЕРІ МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫН ҰҒЫП, ОЙДА САҚТАП,
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш. Сыныбы: 8 а Пән мұғалімі: Асилова А.Т.
Транксрипт:

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Абайдың табиғат лирикасы Қазақ тілі 10 Б сынып Мұғалім: Зеева Ләззат Шамшыраққызы

Сабақтың мақсаты: А) Білімділік: Абайдың табиғат лирикасы туралы мәлімет бере отырып, ақынның шығармашылығын оқушыларға терең меңгерту, ұлы ақын шығармаларының өміршеңдігін, оның азаматтық биік тұлғасын, қазақ жазба әдебиетіне қосқан үлесін таныту. Ә) Дамытушылық: Өз бетінше салыстыру, қорытынды жасай білу, шебер де шешен өткір сөйлей білуге үйрету, қабілеттері мен ізденімпаздық, байқағыштық машықтарын дамыту. Б) Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру, жамандықтан жирендіру, табиғатты қорғап, аялай білуге үйрету. «Адам» деген ұлы есімге лайық жеке тұлғаның өнегелі де өсиетті,сөз маржандары арқылы Отан сүйгіштікке, имандылыққа, білімді, өнерлі болуға, тілімізді, дінімізді қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау,шығармашылық жұмыс Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, оқушылардың назарын аудару.

Үй тапсырмасы Балалар, біз сендермен бірге қазақтың дана тұлғасы, дарасы-Абай шығармашылығын оқып таныстық. Бәріміз де Абайды бір кісідей білгендей болдық. Абай поэзиясы адамды әртүрлі қателесулерден сақтандыру арқылы бәрімізге де өзінің көл- көсір көмегін тигізіп келеді. Біз 19 ғасырда өмір сүрген Абайдың өз кезіндегі жамандық атаулыны өлеңмен өртеп, өңешін суырып берген поэзиясының 21 ғасыр адамдарына өзінің азаматтық, адамгершілік қасиеттерімен бүгін де қастерлі екенін ұғынуға тиіспіз. Бұл сабақтың барлық мақсаты да осында. Енді Абай өміріне сұрақ-жауап арқылы қысқаша шолу жасап көрейік.

Абай Құнанбаев кім? Ол қай жылы, қай жерде дүниеге келген? Абай жасынан қандай болды? Абай Құнанбаев несімен ұлы? Абай өлеңдерін ата? Абайдың қара сөздері Абайдың поэмаларын ата? Абайдың әндері Абайдың аудармалары Лирика дегеніміз не? Лириканың түрлерін ата?

Суретті сұрақ

Табиғат лирикасы Сыншы Композитор Философ Махаббат лирикасы Аудармашы Ұлы ақын

АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ Абайдың табиғат лирикасы жалаң келмей, жамыраңқы келеді. Оның пейзажы қимылға, адаммен қарым-қатынасқа, мағыналыққа толы. Абайдың пейзажы біздің қанымызға дарып, санамызға сіңіп кеткен. Көктем келсе, біз Абайдың сөгілген бұлтын, ойнаған найзағайын еске аламыз. Жаз шықса, біз Абайдың көкорай шалғынына аунағандай боламыз. Күз болса, біз Абайдың дымқыл су бүріккен тұманына шомылғандай әсерленеміз. Қыс түссе, біз қалтыраған ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз. Абайдың самалы, сағымы, желі, жаңбыры, үскірігі, аязы баяғы күйінде тұрғандай сезінеміз. Оның байлығы баршамызға жетіп жататындай. Абайдың бір ұлылығы осында. Абайдың табиғат лирикасы жалаң келмей, жамыраңқы келеді. Оның пейзажы қимылға, адаммен қарым-қатынасқа, мағыналыққа толы. Абайдың пейзажы біздің қанымызға дарып, санамызға сіңіп кеткен. Көктем келсе, біз Абайдың сөгілген бұлтын, ойнаған найзағайын еске аламыз. Жаз шықса, біз Абайдың көкорай шалғынына аунағандай боламыз. Күз болса, біз Абайдың дымқыл су бүріккен тұманына шомылғандай әсерленеміз. Қыс түссе, біз қалтыраған ақ сақалды шалды көз алдымызға елестетеміз. Абайдың самалы, сағымы, желі, жаңбыры, үскірігі, аязы баяғы күйінде тұрғандай сезінеміз. Оның байлығы баршамызға жетіп жататындай. Абайдың бір ұлылығы осында.

Табиғат адам баласының еңбек етіп, өмір сүретін ортасы. Оны дүние жүзінің классик ақындары беріле жырлаған.Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулері табиғат арқылы қоғамдық өмірді суреттейді. Абай да табиғатты өзінше жырлаған.Абайдың «Жаз», «Күз», «Қыс», «Қараша желтоқсанмен сол бір-екі ай», «Желсіз түнде жарық ай» атты табиғат лирикалары бар. Абай қыс табиғатын бұдан өзгешелеу стильде суреттейді. Бұл нағыз орыс поэзиясының классикалық үлгісімен туылған өлең. Абай қысы: Н.Некрасовтың «Аяз атасы»өлеңімен тәріздес.Бұл өлеңінде Абай қысты бейнелей келе көшпелі елдің күзгі тіршілігі мен табиғаттың жүдеу көрінісін, кедей үйлерінің тұрмысын көрсетеді. Адам мен табиғаттың бірлігі тақырыбын орыс поэзиясынан ала отырып, Абай қазақ өмірімен байланысты кең дамытты.

Оқулықпен жұмыс Абайдың «Қыс» өлеңі Шығу тарихы - Абай ізбасарларының бірі Тұрағул өз естелігінде : «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды»» деп өлең қылғаны 1884 жылы қыс қатты болып, ел жұтаған. Қар сәуірдің басында кеткен. Соны өлең «еткен» делінген.

«Жаз» өлеңіндегі ауыл-Абайдың өз ауылы. Абайдың аяңшылы –Абайдың Әбдірахматтан алған аяңшыл Күреңтөбел аты. Айқайшы шалы –сол жылы өз аулымен көрші болған Әнет Бармақ деген шал. Құс салып жүрген жас жігіттер, өзінің балалары –Ақылбай, Әбдірахман болатын деп өз естелігінде Абайдың айырылмас досы Көкбай ақын баяндаған.

«Жазғытұры» өлеңінің шығу тарихы Көкбай ақын өз естелігінде : «1880 жылдан бастап, 1886 жылдарға шейін Абай өз өлеңдерін Көкбай сөздері деп беріп жүрді жылдың жазында ел жайлауға шықты.Абай аулының ең өрістеп барып орнықпақ болған аулы Бақанас өзенінің бойы еді. Көш жүріп кетті, біз Абаймен бірге бірнеше кісі болып артынан келдік. Осы жылы Абай ауылында доктор Долгополов та қонақта еді. Ауыл Бақанастың бойындағы Көкбейіт деген жерге қонып жатыр екен. Абай қонып жатқан ауылды көріп : «Осы суретті өлең қыл» деді. Мен біраз өлең қылып едім, жақтырмады да, өзі жазбақшы болды. Сонымен үй тігіліп болып, бәріміз жиналған соң, Абайға келіп едім: « Өлең Көкшенің бойынан асайын деді ғой » деді. Мен « Асса, басында мен қолқалап алған нәрсе емес. Енді ретін тауып өзіңіз қайырып алыңыз » деп қалжыңдадым. Сөйтсем, сол күні « Жазды күн шілде болғандағыны» жазған екен. Оқып берді. Өзі жазған өлеңіне өзі аз да болса қанағат қылғанынын көргенім сол. Менің қалжыңыма орай қылып : «Сен соғымыңа бір ту бие ал, ал мен енді өлеңімді өзім алайын » деді.

Қыс өлеңінің құрылысына талдау жасау Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп қалды. Тіл көркемдігіне талдау жасау 1.Кейіптеу- 2.Пейзаж-

Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай - Қыстың басы бірі ерте, біреуі жәй. Ерте барсам жерімді жеп қоям деп, Ықтырмамен күзеуде отырар бай. Кедейдің өзі жүрер малды бағып, Отыруға отын жоқ үзбей жағып. Тоңған иін жылытып, тонын илеп, Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып. Жас балаға от та жоқ тұрған маздап, Талтайып қақтана алмай, өле жаздап. Кемпір-шалы бар болса, қандай қиын, Бір жағынан қысқанда о да азынап.

Жаз Жаздыгүн шілде болғанда, Көкорай шалғын, бәйшешек, Ұзарып өсіп толғанда; Күркіреп жатқан өзенге, Көшіп ауыл қонғанда; Шұрқырап жатқан жылқының Шалғыннан жоны қылтылдап, Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып, ыңқылдап, Суда тұрып шыбындап, Кұйрығымен шылпылдап, Арасында кұлын-тай Айнала шауып бұлтылдап. Жоғары-төмен үйрек, қаз Ұшып тұрса сымпылдап.

Қыс Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы - үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды. Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып, Аязбенен қызарып ажарланды. Бұлттай қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды. Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда, Алты қанат ақ орда үй шайқалды. Әуес көріп жүгірген жас балалар, Беті-қолы домбығып, үсік шалды.

Бағалау: Сұрақтарға жылдам жауап берген, өлеңді мәнерлеп оқыған оқушылар мен талдауды жақсы жасаған оқушылар бағаланады.

Желсіз түнде жарық ай Желсіз түнде жарық ай, Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың жаны терең сай, Тасыған өзен күрілдеп. Қалың ағаш жапырағы Сыбырласып өзді-өзі, Көрінбей жердің, топырағы, Құлпырған жасыл жер жүзі. Тау жаңғырып, ән қосып Үрген ит пен айтаққа. Келмеп пе едің жол тосып Жолығуға аулаққа?

Үйге тапсырма: Шығарма: «Қазақтың бас ақыны Шығарма: «Қазақтың бас ақыны (Абай шығармашылығы бойынша) (Абай шығармашылығы бойынша)