Атом физикасы Конференция-сабақ 9 класс Қайруллина Ләйла Жолмұханқызы жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі Қарауылкелді орта мектебі.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Атом физикасы Оқушы бiлiмiн жан-жақты тексеру Атом ядросы туралы ұғымды енгізген кім, қай жылы? Радиоактивтілік дегеніміз не? Радиоактивтілікті ашқан.
Advertisements

Өз құқығыңды білесің бе?. Мақсаты: 1.Білімдік: Конститутциялық,азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, қылмыстық құқық негіздерінен қазіргі заман адамына.
Орындаған :. Қоршаған о рта Экологиялық м әселелер т үрлері Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдар Тұжырымдама Пайдаланылған ә дебиеттер.
Тақырыбы: Өсімдіктер,ормандар,жануар ларды қорғау Орындаған:Оразғали А Султанова Н.
Мұғалім туралы мәлімет. Аты-жөні Шотабаева Нұржамал Тұрсынбайқызы. Мектебі: С.Сейфуллин Туған жылы ж. Білімі: Жоғары Пед.өтілі: 20 жыл Бітірген.
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс.
Слайдты дайындаған Алматы облысы Междуреченск ауылының Ю.А. Гагарин атындағы 16 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Сулейменов А.Б. Оқулық: 7 сынып Қазақстан.
Презентация к уроку на тему: ПРЕЗЕНТАЦИЯ К "1 ДЕКАБРЯ - ДЕНЬ ПЕРВОГО ПРЕЗЕДЕНТА КАЗАХСТАНА".
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау министрлігі Семей қаласының Мемлекеттік Медицина Университеті Балалардың жұқпалы аурулары және фтизиатрия кафедрасы.
Мәдени және жабайы, біржылдық және көп жылдық, дәрілік және әсемдік өсімдіктер.
Адам құқығын қорғау – маңызды мәселе. Мақсаты: 1.Білімдік: Конститутциялық,азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, қылмыстық құқық негіздерінен қазіргі.
Көмір және оның түрлері
Оспанова Жұлдызай Төлешқызы. Экологиялық білім берудің мақсаты Экологиялық білім берудің мақсаты – жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік қатынастарды.
Тақырыбы: Батыс Қазақстан этнографиясы. Дайындаған: тарих-301 топ студенті Узахбаева Жадыра.
Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға көшу бағдарламасы. Орындаған:Турсунахунов Т. 22 Бух тобы.
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ ИССЛЕДОВАТЕЛЬСКИЙ ТЕХНИЧЕСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ имени К.И. САТПАЕВА Студент: Алибек. Б. Ә Препод: Мухамеденқызы. В Атомдық бомба.
Орындаған: Тобы: Қабылдаған:Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұрақтарға жауапты психология ғылымының тарихынан.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Туған кездегі есімі:Мұхаммед Қанафия Қызметі:шығыстанушышығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф,тарихшы фольклоршыэтнограф.
Арал теңізінің тарихы Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік.
Транксрипт:

Атом физикасы Конференция-сабақ 9 класс Қайруллина Ләйла Жолмұханқызы жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі Қарауылкелді орта мектебі

Оқушы бiлiмiн жан-жақты тексеру Атом ядросы туралы ұғымды енгізген кім, қай жылы? Радиоактивтілік дегеніміз не? Радиоактивтілікті ашқан кім? Изотоптар дегеніміз не? Нейтронды ашқан кім және қай жылы? Атом ядросының құрлысы неден тұрады? Уран ядроларының бөлінетіндігін кімдер ашқан? Тұңғыш ядролық реактор қай жылы іске қосылды?

Мұғалім: Б ү гінгі баспас ө з конференциясына қ атысушы жас физиктер! Б ү гінгі конференция ғ а тарихшы, физик, медик, эколог, корреспонденттер қ атыс қ алы отыр.

Тарихшы – физик: 1942 жылы тұңғыш ядролық реактор АҚШ – та Энрико Фермидің басшылығымен іске қосылды.

1945 жылы АҚШ – та алғашқы атомдық бомбалар жасалып, сол жылы Жапонияның (6 – тамызда) Хиросима мен (9 – тамызда) Нагасаки қалаларына тасталған адамның өмірі қиылды. Реакция кезінде бөлінген энергия тонна тринитротолуол жарылғандағы энергияға тең жылы 1 – ші совет плутониі алынды.

1946 жылы КСРО – да Обнинск қаласында қуаты 5000 кВт болатын тұңғыш АЭС іске қосылды.

1971 жылы Қазақстанда Ақтау қаласында шапшаң Нейтронды реакторы бар АЭС және теңіз суын тұщыту қондырғысы жұмыс істей бастады.

1986 жылы Чернобыль АЭС - сында апат болды.

1987 жылы қазан айының 3 – күні Ақтөбе облысында 1 – ші болып әлем тізіміне іліккен Байғанин ауданын дүр сілкінткен "Ақжар" совхозы тұрғындарының жанарына кірбің туғызған ядролық жарылыс болды.

Физик – инженер: Жарылыс бол ғ ан айма ққ а жа қ ын орналас қ ан Жар қ амыс, Қ аражар, Қ алдайбек елді мекендерінде радиациялы қ гамма-фон ә сері 65 микро – са ғ ат қ а дейін бол ғ ан ж ә не ядролы қ жарылыс 1020 метр тере ң дікте ж ү ргізілген.

Жергілікті "Жем - Сағыз" газетінің тілшісі: "2001 жылы 29 – 30 тамызда Алматы қаласында өткен ХХІ ғасыр – ядролық қарудан азат әлемге бет алу" атты халықаралық конференцияда жинақталған дерекке сүйенсек, сынақтар түрлерін оның залал- дарын айтпағанда, бұлардың күре тамыры, орталық отауы болған "Эмба - 5" полигонының өзі айналаны, суды, ортаны ластауы атмосфера мен ауаға араласқан зиянды қалдықтар қаншама зардап шектіріп отыр.

ТАСС хабары "Егеменді Қазақстан" газетінің тілшісі: 3 қазанда Мәскеу уақыты бойынша 18 сағат 15 минутта Совет Одағында, Қазақ ССР-інің Ақтөбе облысында жер асты қуаты 20 килотоннаға дейін ядролық жарылыс жасалды. "Социалистік Қазақстан" 6 қазан 1987 жыл

Физик – медик: Ядролық жарылыстан кейінгі кезеңдерде бұл өңірде аналар мен балалардың жағдайы қиындай бастады. Қанның қызыл түйіршіктерінің азаюы көбейе түсуде, қан тасуы жиіленді, ауруды анықтау күрделенді, дәрімен емдеу аз нәтиже беруде рактың бұрын кездеспеген түрлері байқалуда. Соңғы кезде ядролық медицина кеңінен құлаш жаюда. Радиацияның көмегімен қазір алдын ала аурудың алдын алуға, диагноз қоюға болады. Әсіресе рак ауруларын емдеуге радиациалық әдіс кеңінен қолданылуда. Қазір сәулелі терапия кеңінен өріс алды. Рак ауруларының 50 – 60 % - і осы сәулелі терапия әдісімен емделеді.

Физик – эколог: Сұлулығы мен табиғи көркіне сай таза ауасы, кәусар бұлақтары мен өзен көлдері жарасқан қазақтың ұлы даласы 1950 жылдан бастап атомдық және басқа жойқын қарулардың сынақ алаңына айналды. Мемлекет басшысының "Жасыл желек – жасыл ел" бастамасы да, белгілі қоғам қайраткерлері құрған "Семей – Невада","Табиғат " бірлестіктері де еліміздегі экологиялық жағдайды жаңартуға бағытталған. Экологиялық зардаптардың көзін тауып, себеп – салдарын ашып, оларды үнемі сауықтырып отыру – қазақстандықтардың алдында тұрған зор міндет.

Мұғалімнің қортынды сөзі Республикамыздың белгілі ақыны, жерлесіміз Есенбай Дүйсенбайұлының жыр жолдарынан: Ес жиып етек жапты ау бірақ, бірақ, Көңілім қорқыныштан құрақ - құрақ. Қасына ядролық қатер келді, Жалп етіп сөнбесе игі шырақшы бақ.