Дайындаған: Қабылдаған:. Атом электр стансасы (АЭС), ядролық электр станса атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. АЭС ядроның.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Фтизиатрия, сәулемен анықтау және сәулемен емдеу кафедрасы Презентация Тақырыбы: Дозиметриялық құралдардың.
Advertisements

АЛҒЫ СӨЗ Казақстан Республикасының Конституциясында жер табиғи ресурс ретiнде, Қазақстан Республикасы халқының өмірінің негiзi болып белгiленген. Жер.
Ережені жаттаймыз Өмірлерді сақтаймыз!!. Мақсаты 1. Оқушыларды жол ережесімен таныстыру таныстыру 2.Жол қауіпсіздігін сақтаудың адамдар өміріндегі маңыздылығын.
Дайындаған: Қабылдаған:. Атом электр стансасы (АЭС), ядролық электр станса атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. АЭС ядроның.
Ө Т ШЫ Ғ АРУ ЖОЛДАРЫНЫ Ң АУРУЛАРЫМЕН БАЛАЛАРДА ДИСПАНСЕРЛІК БА Қ ЫЛАУДЫ Ұ ЙЫМДАСТЫРУ Қ АБЫЛДАҒАН :А РИНОВА А.Н О РЫНДАҒАН : И БАДУЛЛАЕВА А.Х Ф АКУЛЬТЕТ.
Өндірістік тәжірибе есебі Студент: Омарова Дана Курсы: 4 Мамандығы: Ақпараттық жүйелер Тәжірибеден өту орны: Қазпочта АҚ Өндірістік тәжірибе жетекшісі.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Анестезиология және реаниматология курсы мен мейірбике ісі кафедрасы Реанимация және интенсивті.
Дайындаған: Қадырхан Д Қабылдаған: х.ғ.қ, доцент Қобыланова О.Н.
Транксрипт:

Дайындаған: Қабылдаған:

Атом электр стансасы (АЭС), ядролық электр станса атом ядросының энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. АЭС ядроның нейтрондармен әсерлесуінен туатын энергия көмегімен жұмыс істейді. Ядролық реакторда жылу шығарғыш элемент цилиндр немесе пластинка түріндегі ядролық отын, нейтрондарды баяулатқыш және бөлінген жылуды тасушы (су, газ, сұйық металдар) заттар орналасады. Реакторда бөлінген жылу жылуалмастыру қондырғысына беріледі. Соңғы екі қондырғы АЭС-ның ішкі тұйық контурын құрайды. Жылуалмастырғыш арқылы жылу сыртқы контурға бу түрінде беріледі. Бу турбинаны қозғап, электр генераторын жұмысқа келтіреді. Осы заманғы АЭС-ларындағы турбиналар аса қыздырылған бумен жұмыс істейді.

Химиялық зақымдау ошағы - ҚӘУЗ-дің зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң. Аварияның ықтимал салдарының көлемі белгілі бір деңгейде химиялық қауіпті объктілердің үлгісіне, ҚӘУЗ түріне, оның ерек-шелігіне, санына және сақтау жағдайына, аварияның, ауа райы жағдайының және басқада факторлардың сипатына байланысты. Химиялық қауіпті объектілердегі басты зақымдағыш факторы аумағы ондаған шақырымдарға дейін созылатын аймақтың химиялық зақымдануы болып табылады.

Соғыс уақытында қарсылас жақ ядролық қаруды қолданған кезде мынадай зақымдағыш факторлары әсер етеді. Соққы толқыны - негізгі зақымдағыш әсер факторы, жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жері. Осылайша Шгт ядролық оқтүмсықтың жарылысы кезінде соққы толқыны 9 секундта, 5 километрге, 22 секундта, 10 километрге жетеді. Соққы толқыны ғимаратты, техниканы, өндірістік қондырғыны, қиратады және адамдарды зақымдайды. Соққы толқынның зақымдағыш әсері шаршы сантиметрге (кг/см2) килограммдармен көрсетілетін оның төнірегіндегі артық қысыммен сипаталады.

Ядролық зақымдау ошағы шартты түрде төрт шеңберлі аймаққа бөлінеді. Бірінші аймаққа (жарылыс кіндігіне жақын жердегі толық қираушылық) сырттқы шекараға 0,5 кг/см2 жоғарырақ артық қысым-мен соққы толқынының әсеріне үшыраған зақымдану ошағының аумағы жатады. Екінші аймақ (қатты қирау) 0,5 - 0,3 кг/см2 соққы толқынының артық қысымымен сипатталады. Бүл аймақта тас ғимараттар мен жертөбелер қатты қирап, ағаш ғимараттар толық қирауы мүмкін, үйінділер пайда болып, өрт шығуы да мүмкін. Панаханалардың көбісі сақталады, алайда кейбіреулерінің кіреберісі мен шығаберісін үйінді басып қалуы мүмкін. Панаханадағы адамдар зардап шекпейді. Үшінші аймақ (орташа қираулар) 0,3 - 0,2 кг/см2 соққы толқы-нының артық қысымымен, ғимараттар мен түрақжайлардың ішінара қирауымен сипатталады. Оларды жаппай өрт жайлауы мүмкін, (көптеген қорғаныс ғимараттар сақталынады, ал онда түрған адамдар зардап шекпейді. Қорғаныс ғимаратының сыртында қалған адамдардың бір бөлігі жарақат алып, жедел медициналықкөмекті қажет етеді. Төртінші аймақ (болмашы қираулар) 0,2 - 0,1 кг/см2 толқын соққысының артық қысымымен сипатталады. Бүл аймақта ғимараттар мен тұрақ жайлардың қирауы сирек. Жарықтың сәуле шығаруы - ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағыны. Ядролық жарылыс жарқылдаған аумақтағы ауаның температурасы жарқылдау басында миллион градусқа дейін жетіп, аяғында бірнеше мың градусқа дейін тө-мендейді. Жарықтың сәуле шығаруы қас-қағым сәтте таралып, аз уақыт ғана әсер етеді. Жарық сәулесі күндікінен әлде қайда күшті, ал жарылыс кезінде пайда болған ядролық шар жүздеген километрден көрінеді.

Жарық сәулесі жаппай өрт тудыруға қабілетті Жарық сәулесінің жиілігі ауа райына қатты тәуелді. Түман, жаңбыр мен қар оның әсерін қатты әлсіретеді, ал ашық қүрғақ ауа райы, керісінше, өрттердің шығуы мен күйік алуға қолайлы жағдай жасайды. Өткіш радиация - ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелер мен нейтрондар ағыны. Р-нің зақымдаушы әрекеті адамдардың сәуле ауруын тудырады, зақымдаушы фактордың мәні гамма сәулелер мен нейтрондар тірі клеткалардың молекулаларын иондап, олардың қалыпты тіршілік қызметін бүзады. Мүның нәтижесінде адамдар сәуле ауруына шалдығады, көп доза алған адамдар мерт болады. үсті жабылған жыралар, блиндаждар, паналау ғимараттары және басқа қорғаныс қүрылыстары сондай-ақ қорғаныс киімдер Р-ның әсерін күрт әлсіретеді.

Адамға радиацияның әсері Адам сәулеленудің екі түріне - сыртқы және ішкі сәулеленуге үшырайды. Сәулеленудің сыртқы көздеріне Галактика жүлдыздарының жарылысы мен күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын космостық сәулелену жатады. Космостық сәулелену дозасы адамға әсер етеді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауаның, азонның қорғаныс қабаттары жүқара түседі, сондықтан да сәлелену жоғары. Космостық иондаушы сәулелену табиғи радиациялық аумақты қүрайды, оған жердегі барлық тірі организмдер үшырайды. Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауындағы, атмосфера-дағы, судағы және өсімдіктердегі радиоактивті заттар болып табылады.

АЭС-тегі авариялар кезіндөгі жергіліктегі жердегі радиациялыққауіп аймағы Атом энергетикалық станцияларын пайдалану кезінде бір қатар елдерде жүзден астам авария болып, қоршаған ортаға радиоактивті заттар шығарылды. Радиоактивті заттардың ядролықөэнергетикалық реактордан тысқары шығу нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін көтеріңкі радиациялық қауіп радиациялық авария деп аталады. Радиоактивті заттардың таралу шекарасымен радиациялық авариялар былайша бөлінеді: Шектеулі авариялар (радиациялық салдары бір ғимаратпен шектеледі, қызметкерлер сәулеге үшырауы мүмкін). Жергілікті авариялар (радиациялық салдары АЭС аумағымен шектеледі). Жалпы авариялар (радиациялық салдары АЭС шекарасына таралады).

Қолданылған әдебиеттер 1.Қазақ энциклопедиясы, 10 - том 2.Jump up Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, ISBN obektilerindegi_avarijada_t/ Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», бет.ISBN Х