АЛКАНДАР Метан молекуласының құрылысы Метан және оның гомологтарының қасиеттері.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
АЛКАНДАР Метан молекуласының құрылысы Метан және оның гомологтарының қасиеттері.
Advertisements

1.Алкендердің құрылысы мен қасиеттерімен таныстыру 2. Алған білімдерін ғылыми тұрғыда дәлелдей білу 3 Қауіпсіздік техникасының ережелерін басшылыққа ала.
Транксрипт:

АЛКАНДАР Метан молекуласының құрылысы Метан және оның гомологтарының қасиеттері.

Сабақтың мақсаттары Метан және оның гомологтарының құрылысын түсіндіру. Алкандардың физикалық қасиеттерін оқу. Алкандардың изомериясы мен номенклатурасымен танысу.

Еске түсіріңдер,біз қандай заттарды көмірсутектер деп атаймыз? КӨМІРСУТЕКТЕР – бұл органикалық қосылыстар, екі химиялық элементтерден тұратын – КӨМІРТЕК ПЕН СУТЕК.

АЛКАНДАР (қаныққандар, парафиндер) – Бұл көмірсутектер жалпы формуласы C n H 2n+2, қосылу реакцияларына қабілетсіз.

АЛКАНДАР қаныққан көмірсутектердің халықаралық номенклатура (ИЮПАК) бойынша атауы. ПАРАФИНДЕР қаныққан көмірсутектердің тарихи атауы ( лат. parrum affinis – аз белсенді малоактивный).

Метан молекуласының құрылысы Метан молекуласының молекулярлық формуласы CH 4 Метан молекуласының кеңістіктік құрылысы

Метан молекуласында химиялық байланыстар қандай ? Алкандардың молекуласында көміртек атомдарында гибридтенудің қандай түрі жүзеге асады? КПБ, дара,сипаты бойынша тең sp - гибридтену 3

Жай химиялық байланыстың ұзындығы 1,54 Å (ангстрем), бұрыш HCH 109°28` Қаныққан көмірсутектерде көміртек атомында sp 3 -гибридтену. Метан молекуласының кеңістіктік пішіні тетраэдр тәрізді. Тетраэдрдің төртбұрыштарында сутек атомдары,ал дәл ортасында көміртек атомы орналасады.

АЛКАНДАРДЫҢ ГОМОЛОГТЫҚ ҚАТАРЫ Еске түсіріңдер,біз қандай заттарды гомологтар деп атаймыз? ГОМОЛОГТАР – бұл құрылысы мен қасиеттері ұқсас, бірақ құрамы бойынша бір немесе бірнеше CH 2 тобына ажыратылатын (гомолог айырмасы)заттар.

СН 4 -С 4 Н 10 С 5 Н 12 -С 15 Н 32 С 16 Н 34 -… твердые Алкандардың гомологтық қатары Форму ласы аты Қалыпты жағдайдағы агрегаттық күйі Радикал дың аты газдар сұйықтар Қатты заттар

Метан гомологтары қандай кеңістіктік құрылыста болады? этан пентан Алкандардың молекулалары зигзаг тәрізді кеңістіктік құрылыста болады, мұнда барлық метан молекуласының параметрлері сақталады: байланыс ұзындығы, атомдар арасындағы бұрыш өлшемі,гибридтену типі.

АЛКАНДАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ. ТАБИҒАТТА КЕЗДЕСУІ. МЕТАН – газ, түссіз, иіссіз,ауадан 2 есеге дерлік жеңіл,суда аз ериді. Ол табиғатта ауа өтпейтін жерде өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарының ыдырауы нәтижесінде түзіледі.Сондықтан батпақталған су қоймаларында кездеседі, онда газ көпіршіктері түрінде көрінеді, немесе таскөмір шахталарында жиналады, көмір пластарынан бөлінген.Негізінен (80- 97%) метан табиғи газда және мұнайға серік газдарда болады.

ЭТАН, ПРОПАН МЕН БУТАН табиғи газдың және мұнайға серік газдардың құрамына кіреді. АЛКАНДАР мұнайда болады. Салыстырмалы молекулалық массалары өскен сайын сандық қатынастарының сапаға өтуі байқалады: агрегаттық күйі өзгереді,қайнау және балқу температуралары,тығыздық тары біртіндеп артады.

АЛКАНДАРДЫҢ ИЗОМЕРИЯСЫ МЕН НОМЕНКЛАТУРАСЫ Алкандарда көміртек қаңқасы ның изомериясы байқалады. Тармақталған тізбекті көмірсутек ті атау үшін,оны қалыпты көмірсутекте сутек атомын көмірсутек радикалы алмасқан өнім ретінде қарау керек. 1. Құрылымдық формулада көміртек атомының ең ұзын тізбегін бөліп алады да, тармақ жақын тұрған атомнан бастап нөмірлейді СН 3 - СН - СН 2 - СН 2 - СН 3 СН СН 3 – СН – СН – СН 3 СН 3 СН 3

2. Егер радикалдар бірнеше болса және олар негізгі тізбек соңынан бірдей тең бөлінсе,онда қарапайымрадикал орналасқан жақын орналасқан шеттен бастап нөмірлейді. 3. Затты атағанда қай көміртек атомында радикал орналасқан соны санмен көрсетеді және оны атайды(қарапайымнан бастап). Егер радикалдар қайталанатын болса,онда бұл радикалдың саны бойынша нөмірді кайталайды,атаудың алдында грек санымен атайды(«ди»-2, «три»-3, «тетра»-4 және т. б.) а) 2 - метил…б) 2,3 – диметил…

а) 2 – метилпентан 5. Алканның атауы нөмірленген тізбектегі көміртек атомдарының санымен аяқталады. 4. Егер радикалдар бірнеше болса, онда әрбіреуін жеке санмен көрсетеді. б) 2,3 - диметилбутан

ТАПСЫРМА. Халықаралық номенклатура бойынша келесі көмірсутектерді атаңдар СН 3 СН 3 – СН 2 – С – СН 3 СН 3 2,2 - диметилбутан СН 3 – СН – СН – СН – СН 3 СН 3 С 2 Н 5 СН 3 2,4 – диметил - 3 – этилпентан

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 1. Конспектіні оқы, 2. §3.1, § 3, беттер (ауызша); 3-7 жаттығулар (жазбаша)