1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиынның бағдарламасы. 1. Оқушыларды сапқа тұрғызу 2. Қонақтардың орналасуы 3. Салтанатты жиынды ашу, мектеп.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
1 – қыркүйек білім күні құтты болсын!!! Мақсаты: Білімділігі: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігімен.
Advertisements

Қасым Аманжолов
С АБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ : М ЫҢ БІР МАҚАЛ, ЖҮЗ БІР ЖҰМБАҚ С АБАҚТЫҢ - МАҚСАТЫ :О ҚУШЫЛАРДЫ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ СӨЗ ӨНЕРІ МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРДІҢ МАҒЫНАСЫН ҰҒЫП, ОЙДА САҚТАП,
Қазақ елі жасасын..... Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға.
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев ( )
Повесть (хикаят) – баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрі.Ол көлемі жағынан әңгімеден ұзақтау, романға жақындау болады. Әңгімеде.
Сырдария ауданы, Ақжарма ауылы Абай атындағы 130 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Тәуекел Кеңескүл Әлтайқызы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары ( рәміздері )
АНА МЕН БАЛА ! 1 жасыңда Сені алақанына салып бақты, тамақ беріп, жуындырды. Оның түн ұйқысын төрт бөліп, ұйықтатпай рахметіңді сөйтіп айттың.
Бейнетаспаға назар аудару М ұқ а ғ алиды ң Ү ш ба қ ытым ө ле ң ін еске т ү сіру - Халық - Халық - Тіл - Тіл - Отан - Отан Топ ұ станымын, ережесін құ.
Ашық сабақ Гимназия сыныптары бар 28 жалпы білім беру орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Изтурганова Айнакул Жолдасқызы.
Ұстаз - таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып,
Ең биік шың – адамның жүрегі. Жамбыл өзінің жырымен сол шыңға жол таба білді.Сол шыңды бағындырды. Мирза Тұрсынзаде.
16:51:22 Тақырыбы: « Ел болашағы білімді ұрпағында » атты танымдық ойын.
Жамбыл Жабаев ( ). Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсысымыздың борышымыз.
Білімділік: Оқушыларды Ұлы ақын - А.Құнанбайұлының балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Жас ұрпақты.
Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш. Сыныбы: 8 а Пән мұғалімі: Асилова А.Т.
Балқаш- аңыз І нұсқа. Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ертеректе Балқаш бойының тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі.
І тур. Ой анықтау. ІІ тур. Ой зерделеу. ІІІ тур. Ой жалғау. ІV тур. Ой іздену. V тур. Ой толғау.
Біздің заманымыздан бұрынғы II ғасыр – біздің заманымыздың V ғасыр аралығы.
Транксрипт:

1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиынның бағдарламасы. 1. Оқушыларды сапқа тұрғызу 2. Қонақтардың орналасуы 3. Салтанатты жиынды ашу, мектеп директорына сөз беру. 4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын келтіру. Әнұран шырқалады. 5. Құттықтау сөзі 6. Ән жолданады. 7. Зейнеткер ұстаздарға сөз беріледі. 8. Ән жолданады 9. Би сыныпқа оқушыларды қабылдау рәсімі. 11. Бата сұрау 12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын шығару 13.Алғашқы қоңырау қағылады. 11- сынып оқушысы 1- сынып оқушысы 14. Салтанатты жиынды жабу үшін мектеп директорына сөз беріледі.

І жүргізуші: Көк байрағым көк жүзінде қалқыған, Әнұраным әуелеген, шалқыған Бес құрлыққа елдің атын паш еткен Елбасы да өткен ұстаз алдынан ІІ жүргізуші: Жан шуағы, күн шуағы арай ма, Ұстаз деген әулиедей талайға Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл, Әл- Фараби, Омар Хаям, Абай да

І жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен ата-аналар! ІІ жүргізуші: Армысыңдар, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар! І жүргізуші: Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр. ІІ жүргізуші:Сағынышпен күткен Сыңғырла, алғашқы қоңырау! атты мерекелік шарамызды бастаймыз. «Назар аударыныз», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы енгізілсін! (Бұйрық берілгеннен соң сапты қадаммен аяқ басқан ту ұстаушы топ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын енгізеді. (Ту ұстаушы топ оқушылар қатарының алдынан өткеннен кейін мектеп сап түзеуінің төріне орналасады) Барлығы: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындайды.

І жүргізуші: «Сыңғырла, алғашқы қоңырау!» мерекесін ашу рәсімі мектеп директоры Сәрсенбаев Табанбай мырзаға беріледі. ІІ жүргізуші: Өткен оқу жылында мектебіміздің қол жетізген табыстары паш етіледі. І жүргізуші Құшақ жая қай жерде де қарсы алар, Абзал жан бар, биіік тұлға байсалды. Қуаныш пен салтанатты шақтарда Қонақтар да ақ тілегін ақтарар. ( қонақтарға сөз беріледі)

Жүргізуші сөзі: Өмірдің бейбіт бағы гүл, Асудан асып асқарлы Мінекей биыл тағы бір Жаңа оқу жылы басталды. Өткеріп жазды дүбірмен, Туған жер төсін тербеткен Балдырғандар келіп тұр Бір жасқа міне ер жеткен Құшаққа толы гүлдермен Сыныпты шулы сағына Тың қуат, жалын жігермен. Асыға жетті тағы да Ендеше қане, халайық Жаңа оқу жылы төрлетсін, Көңілді әнге салайық. Қиялды көкке өрлетсін. (әсем әуен әуелеп,омырауына деген жазуы бар оқу жылы шығады)

Жүргізуші: Жаңа оқу жылы, кел төрлет, Дүбірлі думан басталсын Жүректерді ән тербеп Шапалақ ұрсын асқар шың. Жаңа оқу жылы: Армысыздар, ағайын, Хош келіпсіз баршаңыз! Мен де есік қағайын, Бітсе шілде, сары тамыз. Гүлге толы өңірлер, Балғын жүзбен, балауса Алып ұшқан көңілдер Толқымасын қалайша Көңіл толы, нұр ағыс Мен де шаттық жайдамын Құтты болсын қуаныш, Құтты болсын мейрамың!

Жүргізуші: Ризамыз саған жаңа жыл, Рахмет мың да бір! Өзіңмен шалқып бала жыр Қосылады нұрға нұр Шаттықпен шалқып толғана Ой толқытқан жүрегін Өмірге алмақ жолдама Сыр шертсін енді түлегің. Он бірінші сынып оқушысы. Кеш ғана аттаған, Мектеп табалдырығын Бүлдіршін едік бастаған Ақ бантикті тұлымың Иә, кеше, кеше еді, Сәби едік балдырған Азамат болып көшелі, Табылмақпыыз сан қырдан Сусындап білім нұрына Өткеріппіз он жылды Қанығып өмір қырына, Зердеге түйдік мол сырды.

Жүргізуші: Мерейлі де жемісті Болып өтсін соңғы жыл! Сендер үшін келісті Шырқалсын бір оңды жыр Қиын да қыстау заманда Уақыт жоқ дамылдар Қырандай болып әманда Қияға қанат қағыңдар. Егемен елдің төсінде, Шуағын шашсын арай,күн Азамат болып өсіңдер, Қызыға жұрттар қарайтын. Ән: Ұстазым

Жүргізуші: Біреулер енші ап өмірден, Аттанбақ болса асып қыр Біреулер балғын көңілмен Алғашқы қадам басып тұр Сондықтан да назарды, Солар жаққа бұрайық Балдырғандарды базарлы Қарсы алып, қол ұрайық. Айқара ашқан есігін Қайнары білім нұрының Мектебің – алтын бесігің Жылы ұяң, міне сыныбың

Қаламсап алып қолыңа, Достасарсың да әріппен Шуағын себер жолыңа, Жан серігің - әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1-сынып оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз. Зейнеткер ұстаздарға сөз беріледі. Жүргізуші: Халқымыз Ата-баба дәстүрі- асыл мұра дегендей Бала- бауыр етім деп баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, әрбір қадамына қуанып, шілдехана, бесік той, тұсау кесер, ашамайға отырғызу сияқты тойларын жасаған. Ал бүгінгі тойымыз бүлдіршіндердің 6-ға келіп, 1- сыныпқа қабылданып,Алғашқы қоңырау мерекесіне қатысу сәті.

Бұл той- баланың бал дәурен шағымен қоштасып, білімге талпынған қадамы. Құрметті халайық, олай болса, оқушыларымыздың тойын батауға рұқсат етіңіздер! (1-сынып оқушыларының әдеби монтаждары, өлеңдері тыңдалады, өнерлері тамашаланды) Жүргізуші: Күтіп тұр, алда сан қызық, Асулар асқар, неше сын Кеудеңе үміт жанғызып, Азамат болып өсесің. Сусындап білім нұрынан, Шыңдаласың да ширайсың Зымырап жылдар зымыран Тұрарсың бізді қимай шын.

Үміттің отын жандырған Қызырдан болсын қолдаушың Хош келіпсіңдер, балдырған Қадмдарыңа нұр жаусын! Ұшталған үміт арманнан, Таудай бір болсын талабың! Өздеріңе арналған Ақалтынның қабыл ал әнін. Ән: Аппақ бала Орындайтын: 7-сынып оқушысы Жолдасова Ақалтын 1- сынып оқушыларын мектепке қабылдау үшін мектеп директорының бұйрығы оқылады.

Жүргізуші: Ұрпақтар сабақтастығының, қоңырау үні сыңғырының жалғастығының белгісіндей ортаға ардагер ұстазымызды қоңырау тапсыру рәсімін жасауға шақырамыз. (Ардагер ұстаз қауызды макетті алып шығып, ақ тілегін айтады және үздік әрі белсенді 11- сынып оқушысын шақырып, макет ішінен қоңырауды өзі сол жерде соғып, салтанатты жағдайда тапсырады. Жүргізуші: Жаңа оқу жылы құт болып, Ізгілік оты жағылсын. Бөбек пен түлек жұп болып, Алғашқы қоңырау қағылсын. (Бірінші және он бірінші сынып оқушылары қоңырау қағады)

Жүргізуші: Аялар бейбіт күн нұры, Мектебім, бізге жөргексің. Алғашқы қоңырау сыңғыры Ән болып сені тербетсін. Сыңғырла қоңырау, сыңғыр қақ, Жаңа оқу жылын ашқасын Бал үнің сенің сырлы ырғақ Сыныпқа бізді бастасын Қоңырау үні шарықта, Өзіңнің сиқыр тіліңде Қызмет көрсет халыққа Шақырып өнер – білімге Жаңа оқу жылы жемісті Мерейі үстем жыл болсын Шәкірттеріміз өрісті Елім дер қыз бен ұл болсын.

Әсем сыңғырлаған қоңырау үнімен 1- сыныпқа қабылданған оқушыларымызды мектеп ана құшағын айқара ашып, қарсы алады. Ақ жол, бүлдіршіндер! Біліммен асып - тасайық Тілеуін берсін көк көптің Тілекпен осы ашайық Есігін енді мектептің Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы шығарылсын! Бұйрық берілгеннен соң сапты қадаммен аяқ басқан ту ұстаушы топ Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын шығарады, оқушылар қатары алдынан өтіп, туды шығарады және оны білім беру ұйымы басшысының қабинетінде тұрақты сақтау орнына орналастырады.

Жүргізуші: Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын! Сыңғырла, алғашқы қоңырау! мерекесі оқу жылының алғашқы сабағымен жалғасады. Ақ жол, мектеп оқушылары!