Ерсейітова Жанар Нұрмаханқызы 148 қазақ орта мектебінің оқушысы, Бидайкөл ауылы, Шиелі ауданы Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі- Құлтаева Ақмарал Мадиярқызы.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі.
Advertisements

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ СӨЖ Тақырыб: А.Байтұрсынов Қабылдаған:Нурбетова Г. Орындаған: Захаров А.
Сырдария ауданы, Ақжарма ауылы Абай атындағы 130 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Тәуекел Кеңескүл Әлтайқызы.
Презентация к уроку на тему: ПРЕЗЕНТАЦИЯ К "1 ДЕКАБРЯ - ДЕНЬ ПЕРВОГО ПРЕЗЕДЕНТА КАЗАХСТАНА".
Сабақтың мақсаты: Ә.Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, Әңгімелерінің мазмұнын ашу. Оқушыларды адамгершілікке, саналы білім алуға, имандылыққа,
ЖОСПАРЫ Қасым ханның тұсындағы Қазақ хандығы ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін.
Біздің заманымыздан бұрынғы II ғасыр – біздің заманымыздың V ғасыр аралығы.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Абайдың табиғат лирикасы Қазақ тілі 10 Б сынып Мұғалім: Зеева Ләззат Шамшыраққызы.
Қазақ тілі біліміне үлес қосқан ғалымдар. Қысқарған сөздер.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Президенті НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ 1940 жылғы 6 шілдеде.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Президенті НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ 1940.
Шоқан Уәлиханов. Абылай хан Уәли хан Шыңғыс Шоқан.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары ( рәміздері )
Әбілқайыр (Әбілқайыр Мұқамбет Ғази баһадур хан) ( ) хан, қолбасшы, жж. билік құрған Кіші жүз ханы. Соғыстарда батырлығымен, айлакерлігімен,
1 – қыркүйек білім күні құтты болсын!!! Мақсаты: Білімділігі: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігімен.
«Ғабит Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ. Ғабит Мүсіреповпен мақтануымыз керек». З. Қабдолов.
Қ адыр Мырза Ә лі «Қадырды білмейтін қазақ әсте жоқ. Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап, әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын.
Тақырыбы: Батыс Қазақстан этнографиясы. Дайындаған: тарих-301 топ студенті Узахбаева Жадыра.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Президенті НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ 1940 жылғы 6 шілдеде.
Ата-ана және қоғамдық жұмыс Қожина Саягүл Саматқызы. Мектепалды даярлық тәрбиешісі: ІІ санаттағы мұғалім. С.Сейфуллин орта мектебі. Баяндама тақырыбы:
Транксрипт:

Ерсейітова Жанар Нұрмаханқызы 148 қазақ орта мектебінің оқушысы, Бидайкөл ауылы, Шиелі ауданы Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі- Құлтаева Ақмарал Мадиярқызы

К і р і с п е «Дүниеде туған еліңнен артық ел де, туған жеіріңнен артық жер де жоқ» Мүсірепов.Ғ Сыр өнірі халқымыздың қашаннан береке, құт дарыған қасиетті ата қонысы. Оны әрдайым халқымыз қасиет тұтып келеді. Бұл жер еліміздің басына қиын қыстау күн туғанда, халықтар әр жақтан қоныс теуіп паналаған аймақ болған. Шалқып жатқан дарияның жағасын жергілікті халық туған анасындай аялап, қастерлеп келеді. Сырдың өн бойы тұнған тарих. Соның бір бөлігі біздің Гигант ауылы. Сондықтан да ауылдың өткені мен бүгінгі тарихына тоқталып өтуді перзенттік парызым деп білемін. Өйткені тарихы мол «Гигант» даңқын кейінгі ұрпақ білуі тиіс. Бұдан бұрын «Гигант» колхозы туралы мәлімет Ә.Сапақовтың 1974 жылы жарық көрген «Орденді Гигант колхазы» кітабында баяндалған. Өз кітабында Сапахов негізінен колхоздың қол жеткізген табыстары мен келешектегі жоспары жайлы баяндаған. Мен өзім 4 жылдан бері қатысып келе жатқан үйірме жұмыстарында туған жерден шыққан атақты адамдардың өмірін зерттеп, суреттерін жинақтадым. Туған жерден Отанын қорғауға аттанған майдангер аталарымыз жөнінде ізденіс жұмысын жүргізіп келемін. Қажетті мәліметтерді ауыл ақсақалдарынан, туған туыстарынан, аудан,ауыл архивтерінен, кітапханалардан аламын. Өз жұмысымда колхоздың құрылуы, өрлеу жолдары мен бүгінгі күнгі жайы туралы, колхоздың құрылуына тік тұрып өрлеуіне үлес қосқан азаматтар жайлы сөз қозғамақпын..

МАҚСАТЫ: Туған жер тарихын зерттей отырып алған дәлелдер мен материалдар арқылы ауылымыздың өркендеуіне өз үлестерін қосқан азаматтарымыз туралы мағлұматтар алу және жас ұрпаққа насихаттау. МІНДЕТІ: Туған жердің өткен тарихын халыққа жеткізу; «Гигант» колхозының құрылуы, өрлеу жолдары мен бүгінгі күні жайы туралы және үлес қосқан азаматтар жайлы мәлімет беру. Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің ерен ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету ;

Өткен тарих- ұрпаққа өнеге Тарихы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр десек, келер ұрпаққа барымызды бағалап, елімізді әйгілейтін тарих жазып қалдыру бәріміздің борышымыз. Туған жер тарихын зерттеу көп ізденісті талап ететін күрделі жұмыс. Оны нақты тарихи айғақтар мен дәлелдерге сүйене отырып жүргіземіз.Қазіргі кезде де осы ауылдан шыққан атақты адамдар шығармашылығы жөнінде құжаттар жинақтап жүрміз. Ол үшін біз тек Гигант ауылымен шектелмей басын Шиелі тарихынан қысқаша бастауды жөн көрдік. Шиелі туралды алғашқы дерек 1740 жылдары жоңғар шапқыншылығы кезеңінде кездеседі. Онда Шиелі мен Жаңақорғаннан шыққан халық жасағы Сегізсайда қалмақтарға соққы берді деген. Сонан соң 1863 жылы генерал Перовский Түркістан,Шымкент бағытында ұрыс жүргізуді капитан Скоболевке тапсырады. Сонда Шиеліні бейбіт жолмен алынды делінеді де, Шиеліге Скоболевск деген ат беріледі.Шиелі ұрыстағы қазіргі Гигант ауылының орнында болған. Онда ІХ ғасырдың соңына қарай жылдары шіркеу салынған. Аурухана,диірмен,май заводы болған. Сол жердегі ең бай копес Кудряков өз үйіе қазіргі мешіттің орнына салдырған, баласының үйінде револлюциядан соң пошта орналасқан,қазіргі таңда жеке үйге берілген.

жылдары салынған орыс шіркеуіКөпес Кудряков үйі ХХ ғасырдың басында салынған Кудряковтың қызының үйі.

Ол жылдары «Ұлы жұт» етек ала бастаған, көптеген халықтар аштан қырылды. Панасыз қалған балаларды қорғау мықсатында 1932 жылы балалар үйі ашылды.Оларды да асырау колхоз тұрғындарының міндеті болды.Тамақ жетпеген күндері балалар аштан қырылды.Өлген балаларды ауыл сыртынан шұңқыр қазып сол жерге көмді. Осындай небір қиындықтарды қажырлықпен, қайраттылықпен ауызбіршілікпен жергілікті халық жеңе білді. Осы жылы 1Май артеліне Ф.Шкуренко төрағалық етті.Сол жылы колхоз алғаш рет мемлекеттен трактор сатып алды жылы артель төрағасы болып Василий Афанасьевич Яровой сайланды.Яровой ауыл тұрғындарын түгел жұмысқа шығару үшін колхозда бала-бақша ашты. Бал арасын асырап, алған балды өкіметке өткізіп берілген жоспарын орындап, қалған балды бала -бақшаның және балалар үйінің балаларына үлестірді.

1939 жылы колхозды ірілендіру кезінде 1-Май Гигант Балықшы сияқты майда шаруашылықтар қосылып «Гигант» колхозын құрады. Ескі Гигант және Балықшы жұрты ірілендіру мақсатымен поселкеге көшірілді. Сол жылдары бұрынғы Шиелі базарының орны тегістеліп мектеп салынды. Колхоз предсдателі болып Хан Леонтий Васильевич сайланды. Ол колхоз құрылысының үздік шебері, еңбек ардагері, білікті маман ретінде 3 рет Ленин орденімен марапатталды.1941 – 44 жылдардағы колхоз предсдателінің орынбасары болып 1939 жылы колхозымыздан Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің ең алғаш депутаты Малике Басанова сайланады.Ел басына қатер төнген соғыс жылдарындаол өз қаражатынан майданға көмек ретінде 100 мың сом, азық-түлік және жылы киімдер жібереді.Осы қызметі үшін И.В.Сталиннен алғыс телегромма алады.

1968 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып Сартай Маханбетова сайланса,1985 жылы сол Жоғарғы Кеңеске 148 қазақ орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Қалияш Тұрсынова сайланды.

1950 ж колхоздың 12 мүшесі жақсы еңбек еткені үшін Соц.Еңбек Ері атағына ие болды. Осы жылдардан бастап 31 адам наградталып, оның ішінде 5 адам Ленин орденін алды. 17 адам Москва Халық жетістіктігінің көрмесінен Алтын және күміс медалдар әкелді жылы колхозымыз қазақ ССР-нің Алтын кітабына енді жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Қазақ ССР Министрлер Советі және Қазақстан кәсіподақ Советінің ескерткіш Туын алды. КСРО шаруашылығы жетістіктернің көрмесіне қатысты. Осындай жетістіктерінің арқасында колхозымыз 1967 жылы Бүкілодақтық Социалистік жарыста үнемі озып шыққаны үшін Еңбек Қызыл Ту Орденімен наградталды. Сондай-ақ 1988 жылғы Мемлкеттік жоспарларын ойдағыдай орындау жолында Бүкілодақтық Социалистік жарыстың жеңімпазы деп танылды

Ауылымыздың тарихын тереңірек білу үшін үйірмеге қатысатын оқушылармен қазба жұмыстарын жүргіздік. Бұзылған шіркеу маңынан темір құмыра,сыртында өрнектер салынған,оның қасында салмағы 1 кг болатын кесе және тиындар таптық. 1910,1911,1912,1915,1916 жылдары шыққаны анық байқалды. Екінші бетінде «Российская медная монета» деген жазуы бар.

Ауылымыздың тік тұруына өз үлесін сіңірген ұлты басқа болса да жаны бірге болған 3 мәрте Ленин Орденінің иегері Хан Леонтийдің атына көше берілсе. Өткенімізді кейінгі ұрпаққа жеткізер жәдігерлерімізді сақтайтын ауыл орталығынан музей ашылса. Ауылымыздың қиын қыстау күндерінде тік тұруына өз үлестерін қосқан азаматтарымызға мемориалдық тақта орнатылса.

ҚОРЫТЫНДЫ: Өткенді ескермей жаңаны бастауға болмайтындығы баршамызға мәлім.Осыған орай ауылымыздағы өткен игі істердің басы қасында болған азаматтарымыздың есімі мен ісі ойға оралады,олар жеке басы үшін емес,барлық өмірін өз ауылының жарқын болашағы үшін күрескен ардақты жандар.Бүгін олардың есімдері шын мәнісінде ауыл тарихында жазылып жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленіп отыр.Елімізде қандай қиыншылықтар,өзгерістер болмасын еңбекшілердің істеген ерен еңбектері,оған басшылық жасаған азаматтардың қызметі ауылдың төл тарихынан еш уақытта өшпейді.Оларға құрмет әр уақытта көрсетіліп отырады. Туған өлке тарихын насихаттау әрбір оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтіп, өлкенің тарихын, мәдениетін тануға, білуге үйретеді

Тылдағы қажырлы да қайратты еңбегімен көзге түскен Әділбекова Шекер апамызды айтуға болады. Ол кісі жолдасы Байымбетов Спанды майданға аттандырып өзі колхоздың кез келген жұмысына белсене араласқан. Күн-түн демей еткен еңбегі-жеңісті 1 күнге болса да жақындатады деген ойы Шекер апаға арба айдатқызып күріш орғызды. Шекер апамыздың еңбегі еш кетпеді. Жеңістің 55 жылдығына орай Қ.Р Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құттықтау қағазын жолдады.