Ньютонның екінші заңы. Масса. Дененің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиетін инерттілік деп атайды. Инерттіліктің сандық сипаттамасы ретінде масса.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ КЕН ОРЫНДАРЫН ПАЙДАЛАНУ Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі Өндірістік машықтану сабағына презентация «ЭНГМ » «Мұнай және.
Advertisements

Ньютонның екінші заңы. Масса. Дененің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиетін инерттілік деп атайды. Инерттіліктің сандық сипаттамасы ретінде масса.
А. Байтұрсынов атындағы 1 жалпы орта мектеп Бор постулаттары. Сутегі тектес атом үшін Бор теориясы Түркістан қаласы Пән мұғалімі Исаева Ж.
Тыңдай білейік!!! Біреу сөйлегенде, сөзін бөлмеңіз!!! Бір мәмілеге келуге атсалысайық!!! Бірлесе жұмыс жасауға ұмтылайық!!! Басқалардың пікірін сыйлайық!!!
Транксрипт:

Ньютонның екінші заңы. Масса

Дененің өзінің алатын үдеуіне ықпал ететін қасиетін инерттілік деп атайды. Инерттіліктің сандық сипаттамасы ретінде масса деп аталатын физикалық шамасы қолданылады.

Тәжірибе

Дененің массасы – оның инерттілігінің, яғни күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық сипаттамасы болып табылады.

Денелер жүйесінің массасы: m=m 1 +m 2 +m 3 …m n аддитивті болады. (латынша additivios – қосу жолымен алынған)

Біз күшті бір дененің екінші денеге әрекетін сипаттайтын және олардың өзара әрекеттесуінің өлшемі болып табылатын векторлық шама, ал массаны дененің инерттілігінің сандық сипаттамасы ретінде анықтадық. Тәжірбиелер негізінде дененің үдеуі оған әрекет етуші күш арасындағы (m=const кезінде) және кез келген дененің үдеуі мен оның массасының арасындағы (F=const болғанда) байланыстарды қарастырайық.

Денеде туындайтын үдеу оған әрекет ететін күшке тура пропорцианал, ал оның массасына кері пропорционал: Ньютонның екінші заңы негізінде күш бірлігі енгізіледі. SI жүйесінде күш бірлігі ретінде (Н)ньютон алынған.

Егер денеге бірнеше күш әрекет ететін болса, онда теңәрекетті күшті іздеуміз керек болады. Мұндағы - тең әрекетті күш. Бұл теңдеу динамиканың негізгі теңдеуі деп аталады.