Подготовила : ученица 7 « В » класса ОСШ 3 им. Абая Семёнова Т. қ. Талғар – 2011 ж.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы туған. Аймауытов қазақтың көрнекті жазушысы, драматург,публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушыларың бірі.
Advertisements

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт-өмір шындығының суреткері...
Қасым Аманжолов
Жүсіпбек Аймауытов. Ж.Аймауытов қазіргі Павлодар облысының Баян­ауыл ауданындағы Қызылтау атырабында туған. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары.
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ( ) Ақын, аудармашы ғалым.
Бес арыс
Қазақ тарихы, қазақ әдебиеті жойылмаса, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек, Шәкәрімдер жойылуы мүмкін емес. Тарихымыздың төрінен орын алады олар. Сондықтан мен осы.
Сабақтың мақсаты: Ә.Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, Әңгімелерінің мазмұнын ашу. Оқушыларды адамгершілікке, саналы білім алуға, имандылыққа,
ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ ( ). Ғ.Мүсірепов – қазақ әдебиетінің проза, драматургия, публистика, журналистика, әдеби сын салаларының дамуына еңбегін сіңірген.
САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Абайдың табиғат лирикасы Қазақ тілі 10 Б сынып Мұғалім: Зеева Ләззат Шамшыраққызы.
Сабақтың тақырыбы С.Торайғыров. Шәкірт ойы. Әдебиет сабағы бізді шығармашылыққа, өткен тарихымызды білуге, әдебиет саласында еңбегі сіңген ақын- жазушылар.
Торайғыров Сұлтанмахмұт ( ). Өмірбаяны Қазақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омск уезінің Шағрай болысындағы Жантай.
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев ( )
Мүсірепов, Ғабит Махмұтұлы ( ) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Социалистік Еңбек Ері.Қазақ.
Ыбырай Алтынсарин атындағы Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты Тақырыбы: Тексерген: А.Қ.Нұғыманов Орындаған: М.М.Жаупанова 11 «А» сынып оқушысы.
Мультимедийная презентация По дисциплине: Казахского языка и культуры. Тема: Қазақ халқының ұлы тұлғалары. Для всех специальностей Авторы: Ныгметова Н.Т.
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХ СӨЖ Тақырыб: А.Байтұрсынов Қабылдаған:Нурбетова Г. Орындаған: Захаров А.
Шәкәрім Құдайбердіұлы Қазақ халқының ұлы ойшылы, аса көрнекті ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 24 шілдеде қазіргі Шығыс.
XX ғасыр әдебиеті Жүсіпбек Аймауытов Мағжан ЖұмабаевБейімбет Майлин Сәкен Сейфуллин Мұхтар Әуезов Ілияс Жансүгіров.
Семей қаласындағы Т. Аманов атындағы 16 жалпы орта білім беретін мектеп ММ.
Транксрипт:

Подготовила : ученица 7 « В » класса ОСШ 3 им. Абая Семёнова Т. қ. Талғар – 2011 ж.

ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ ( )

ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Әдебиеттің әр алуан жанрларында қалам сілтей жүріп, ол қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол еңбек сіңірді.

Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс - қазақ мектебіне түседі жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс - қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады, " Абай " журналын шығаруға ат салысады.

1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, " Қазақ тілі " газетінің редакторы болады жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады жылдары Ташкентте шығатын " Ақ жол " газетінің редакциясында істейді жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара - арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады жылы жазықсыз тұтқынға алынып, " халық жауы " деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі.

Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бұдан кейінгі алпыс жыл бойы ауызға алынбайды. Кеңес өкіметі түсында ол туралы айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек кеңес өкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан қейін ғана қаламгер мұрасы халқына жете бастады жылы бір томдықкітабы жарық көрді. Зерттеу жұмыстары қолға алынды жылдан бастап Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды.

Сан қырлы талант иесі Жүсіпбек Аймауытовтың артында қалған шығармашылық мұрасы аса бай. Оның ішінде көптеген өлеңдер, " Қартқожа ", " Ақбілек " романдары, " Күнікейдің жазығы " хикаяты мен " Әнші " секілді бірқатар көркем әңгімелері, " Рәбиға ", " Мансапқорлар ", " Қанапия мен Шәрбану ", " Ел қорғаны ", " Шернияз " пьесалары, " Нұр күйі " поэмасы, сондай - ақ бірсыпыра сын мақалалар мен аудармалары бар. Газет беттерінде жарияланған публицистикалық мақалаларының өзі бір төбе. Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған.

Оның ақындық жүрегінен туған " Жазушыларға ", " Неғып отыр ?", " Ах - ха - ха - хау ", " Ұран ", " Еңбекшілер ұраны " секілді өлеңдері мен " Нұр күйі " поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды. құбылыстарды жанды да нанымды суреттер арқылы көрсетуге ұмтылады. Мәселен, " Көшу " өлеңінде қазақауылындағы көш суреттері, көштің сән - салтанаты көрінсе, " Ұршық " өлеңіндегі ұршық иірген кемпірдің монологы арқылы қарапайым өмір көрінісі бейнеленеді.

Жүсіпбек Аймауытовтың әдеби мұрасының ең салмақты саласы прозалық шығармалар. Кішігірім әңгімелерден бастап жазушы қаламынан " Қартқожа ", " Ақбілек " романдары туды.

" Қартқожа " р оманы 1926 ж ылы Қ ызылордада к ітап болып б асылып ш ықты. Р оман жиырмасыншы ғасырдың б асындағы қ азақ еңбекшілерінің, о лардың ә леуметтік а ласапыран тұсындағы т ағдырын б ейнелеген а лғашқы к үрделі шығармалардың б ірі б олды. О нда 1916 ж ылғы Р есей патшасының қазақ ж астарын м айданның қара жұмысына а лу т уралы ж арлығы к езіндегі аласапыран, п атшаның тақтан құлауы а лдындағы қазақ а уылының к өрінісі, а дамдар п сихологиясы көркем б ейнеленген. Ж азушы о сы т артыстар арқылы қазақ кедейінің қоғамдағы теңсіздіктің сырын ұ ғуы, ә леуметтік әділетсіздіктің себептерін түсінуі с екілді о яну п роцесін к өрсетуге ұ мтылады.

Драмашы ретінде Жүсіпбек Аймауытов ерте танылды. Семейде оқып жүргенде жастардың ойын - сауық кештеріне қатысып, өнер көрсеткен, басты рөлдерде ойнаған жылдың аяғында оның " Ескі тәртіппен бала оқыту ", " Рәбиға " атты тұңғыш пьесалары жазылып, сахнада қойылды. Кейінірек 1925 жылы " Ел қорғаны ", " Мансапқорлар ", 1926 жылы " Қанапия мен Шәрбану ", " Шернияз " атты драмалық шығармалар жазады. Жүсіпбектін драмалық шығармаларына қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар негіз етіп алынады. Олардың негізгі тақырыбы азаттық, бостандық идеясы. Халықты оқу - өнерге шақырады. Ел азаматтарын белсенді қимылға үндейді. Әйелдердің теңдігін қорғайды.

Жүсіпбек Аймауытов өз дәуірінің келелі мәселелерін көтерген көптеген мәнді мақалалардың авторы. Кезінде " Абай " журналында, басқа да басылымдарда жарияланған мақалаларында ол аласапыран өзгерістер заманының шындығын насихаттауға ұмтылды. Сонымен бірге, әдебиет мәселелері төңірегіндегі мәселелерді қозғап, бірқатар әдеби - сын мақалалар жазды жылы М. Әуезовпен бірігіп жазған " Абайдан соңғы ақындар ", 1923 жылы жазған " Мағжанның ақындығы туралы ", 1925 жылы жазылған " Сұңқар жыры ", " Аударма туралы " атты мақалалары арқылы ол әдебиет сыншысы ретінде танылды. Оларда Жүсіпбектің әдеби шығарманы жазушы өмір сүрген дәуірмен, тарихи кезең ерекшеліктерімен байланыстыра отырып талдау шеберлігі айқын байқалады.

Жүсіпбек Аймауытов оқу - ағарту мәселелеріне қатысты бірқатар ғылыми еңбектер де жазды. Оның халыққа білім беру орындарында ұстаздық, жетекшілік қызмет атқара жүріп жазған жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеу, жаңаша білім беру мақсатын көздеген " Тәрбиеге жетекші " (1924), " Психология " (1926), " Жан жүйесі және өнер таңдау " (1926) атты елеулі кітаптары мен оқу құралдары кезінде халық тағдыры үшін ерекше рөл атқарған еңбектер болды.

Жүсіпбек Аймауытов кезінде аудармашы ретінде де танылды. Ол аударған А. С. Пушкиннің, Н. В. Гогольдің, А. Дюманың, Дж. Лондонның, Г. Мопассанның, В. Шекспирдің, К. Берковичтің, С. Чуйковтың шығармалары жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ аударма өнерінің өрісін қаншалықты кеңейтсе, жазушының әлем әдебиетінің көрнекті туындыларын қазақ тіліне аударудағы тамаша аудармашылық талантын да соншалықты айқын танытты.