Тақырыбы: Қазіргі заманғы есептеу техникасының құрылысы Орындаған:

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Лекция тақырыбы: Сайлау құқығы және сайлау жүйелері
Advertisements

«Әр сұраққа – бір жауап» 1. Ақпарат сөзінің мағынасы? 2. Адам ақпаратпен не істейді? 3. Ақпараттық процестер дегеніміз не? 4. Ақпараттың өлшем бірліктері?
Тақырыбы: Қазіргі заманғы есептеу техникасының құрылысы Орындаған:
Тақырыбы: Бағдарламалау технологиясының құралдары Пәні: Қазіргі заманғы бағдарламалау технологиялары 6 М – «Есептеу техникасы және бағдарламалық.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Шаян көп салалы лицей-жалпы орта мектебі Сабақтың тақырыбы:
Транксрипт:

Тақырыбы: Қазіргі заманғы есептеу техникасының құрылысы Орындаған:

Қазіргі заманғы есептеу техникасының құрылысы Мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған құрылғылардың жиынтығын есептеу техникасы деп атайды. Өзара қарым қатынаста болатын құрылғылар мен программалар жиынтығын есептеу жүйесі деп атайды. Есептеу жүйесінің негізгі құрылғысы компьютер болып табылады. Компьютерлер қолданылуына қарай мынадай топтарға бөлінеді: Үлкен ЭЕМ; Мини ЭЕМ; Микро ЭЕМ; Дербес компьютерлер; 1999 жылдан бастап дербес компьютерлер үшін халыққаралық стандарт РС 99 спецификациясы жұмыс істейді. Жаңа стандарт бойынша дербес компьютерлерді келесідей топтарға бөледі: Бұқаралық дербес коппьютер (Consumer PC); Іс дербес компьютері (Office PC); Ықшам компьютер (Mobil PC); Жұмыс бекеті (Workstation PC); Ойын ДК (Entertainment PC);

Қазіргі кездегі қолданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық дербес компьютерлер тобына жатады. Іс дербес компьютерлерінің графиктік бейнелеу құралдарына қойылатын талаптар шағын болады. Ықшам компьютерлердің құрамында байланыс құралдары болуы міндетті түрде талап етіледі. Жұмыс бекетіне жататын компьютерлердің мәліметтерді сақтау құрылғыларына жоғары талаптар қойылады. Компьютерлерді өлшемдері бойынша үстелдік, ықшам, қалталық деп бөлуге болады.

Есептеу жүйесінің құрамы Есептеу жүйесінің құрамын оның конфигурациясы деп атайды. Есептеу жүйесінің аппараттық және программалық құралдары әрқайсысы өз алдына жеке қарастырылатындықтан, сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық конфигурациясы мен программалық конфигурациясы да жеке жеке қарастырылады. Ақпараттық жасақтамаға есептеу техникасының аппараттық конфигурациясының құрайтын құрылғылары жатады. Қазіргі заманғы компьютерлер мен есептеу кешендері блокты модульді құрылымнан тұрады, яғни олар нақты бір жұмыс түрін атқаруға ыңғайландырылып дайын түйіндер мен блоктардан жиыстырылатындай аппараттық конфигурациядан тұрады.

Логикалық пікірлердің негізгі түсініктері ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің ішінде, әдетте логикалық деп аталатын есептер де аз емес. Логика бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. Ғылыми пән ретінде логиканың бірнеше нүсқалары дараланады: Формальды логика; Математикалық логика; Ықтималды логика; Диалектикалық логика және т.б. Адам әртүрлі кесте құрғанда, бір бірне қайшы келетін куәлар жауаптарының дұрысын анықтағанда және басқа көптеген жағдайларда логиканың көмегіне жүгінеді. Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты.

Қазіргі кезде пікірлер алгебрасының негізгі операциялары енбейтің бірде бір программалау тілі жоқ. Логикалық есептерде тек сандар ғана емес, күтпеген, тым шиеленісті пікірлер де бастапқы деректер болып табылады. Мысал: Өзеннің жағасында тұрған қайығы бар шаруаның қасқыры, ешкісі, орамжапырағы бар. Шаруа өзеннің екінші жағалауына қасқырды, ешкіні және орамжапырақты өткізуі керек. Қайыққы шаруаның өзінен басқа, тек қасқыр, не ешкі, не орамжапырақ қана сияды. Қасқырды ешкімен немесе ешкіні орамжапырақпен қараусыз қалдыруға болмайды, өйткені қасқыр ешкіні, ал ешкі орамжапырақты жеп қоюы мүмкін. Мұндай жағдайда шаруа не істеу керек? Бұл есепте арифметика емес, пайымдау үстемдік етеді.

Логикалық операциялар Логикалық жалғаулықтар математикада күрделі айтылымдарды сипаттайтын логикалық операциялар болып табылады. Логикалық айтылымдармен жүмыс істеу үшін оларға ат қояды. Мысалы: «Айдар жазда теңізге барады» айтылымы А әріпімен белгіленсін, ал В арқылы «Айдар жазда тауға барады» айтылымы белгіленсін. Сонда «Айдар жазда теңізге де тауға да барады» құрамды айтылымын А және В Түрінде қысқаша жазуға болады. Мұндағы және логикалық жалғаулық, А, В логикалық айнымалылар, олар тек екі мәнде болады: «Ақиқат» немесе «Жалған». Әрбір логикалық жалғаулық логикалық айтылымдармен орындалатын операция ретінде қарастырылады және олардың өз атымен белгіленуі болады.

Компьютердің логикалық элементтері Деректер мен командалар ұзындығы мен құрылымы әр түрлі екілік тізбектер түрінде беріледі. Компьютердің электрондық құрылғыларында екілік бірлік екілік нөлге қарағанда, кернеудің жоғары деңгейімен кодталады. Компьютердің логикалық элементі элементар логикалық функцияны жүзеге асыратын электрондық логикалық схеманың бөлігі. Компьютердің логикалық элементтері дегеніміз ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС электрондық схемалары және триггер. Бұл схемалардың көмегімен компьютер құрылғыларының жұмысын сипаттайтын кез келген логикалық функцияны жүзеге асыруға болады. Әдетте, вентильдердің екіден сегізге дейін кірісі және бір немесе екі шығысы болады.

Қорытынды Бүгіннің өзінде ақ көптеген қызмет салаларында ЭЕМ дерді пайдалану адамдарға информацияны жинау дайындау және өңдеу жұмыстарын оңайлатып, жобалау және ғылыми зерттеу жұмыстарын жылдам жүргізуге мүмкіндік берді. ЭЕМ дер мектептерге келе бастады, олар физика мен математика, химия мен биология сияқты және басқа да пәндерді оқып үйрену ісіне үлкен көмек берді. Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ дер күнбе күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми техникалық прогреске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып үйрену күннен күнге күрделеніп барады.