Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру мен валеология кафедрасы Кредит 1 Тақырыбы.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Фтизиатрия, сәулемен анықтау және сәулемен емдеу кафедрасы Презентация Тақырыбы: Дозиметриялық құралдардың.
Advertisements

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Ошақбай Таңшолпан 204 тобы студентінің ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Қабылдаған: Шыназбекова Ш. ФГЗ және химия.
Орындаған: Байзақ Е. Қабылдаған: Есжанов Ғ. Тобы: 101 «Б»ФӨТ Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Ошақбай Таңшолпан 204 тобы студентінің ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Қабылдаған: Шыназбекова Ш. ФГЗ және химия.
LOGO Фармацевтикалы қ қ ызмет менеджменті Фармацевтикалы қ қ ызмет менеджменті Орында ғ ан: Болатхан Ш. Тобы: 205 «Б» ФК Қ абылда ғ ан: Ділданов М. Қазақстан.
Қабылдаған:м.ғ.к,доцент м.а. Бисимбаева С.Б Тобы:304 ФК А студенті Орындаған:Жолдасова Д.М Шымкент 2015 жыл Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ БИОХИМЯ, БИОЛИГИЯ ЖӘНЕ МИКРОБИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру мен валеология кафедрасы Кредит 1 Тақырыбы.
Қ АЗА Қ СТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫ Ң ДЕНСАУЛЫ Қ СА Қ ТАУ Ж Ә НЕ Ә ЛЕУМЕТТІК МИНИСТРЛІГІ О Ң Т Ү СТІК Қ АЗАКСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ МОРФОЛОГИЯЛЫ.
L/O/G/O Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Фармакогнозия және химия кафедрасы Жапырақтары дәрілік өсімдік шикізатын дайындау ерекшеліктері.Жинау,кептіру,сақтау.
Қ р Дс ә дм О Ң Т Ү СТІК Қ аза қ стан мемлекеттік фармацевтика академиясы Фармакогнозия ж ә не химия кафедрасы Тірі а ғ заларды ң негізгі қ асиеттері ө.
О ң т ү стік Қ аза қ стан мемлекеттік фармацевтика академиясы Қ аза қ тілі мен латын тілі кафедрасы Тақырып: «Микробқа қарсы» мағынасы бар жиілік бөлшектер.
Орындаған: Макулбек И Тобы: 203 А ДЕІ Қабылдаған:Құдайбергенова Ж.П. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Қазақ тілі және латын тілі.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Анестезиология және реаниматология курсы мен мейірбике ісі кафедрасы Реанимация және интенсивті.
Қ АРА Ғ АНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫ Қ УНИВЕРСИТЕТІ.
Дайында ғ ан: Б ө рі Ә Тобы: 305 А ҚР ДСжӘДМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК Морфологиялық және физиологиялық пәндер,
Өсімдік текті дәрілік құралдар презентация
Транксрипт:

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру мен валеология кафедрасы Кредит 1 Тақырыбы 6:Микроциркуляцияның бұзылыстары.Жіті қабынуды тәжірибеде үлгілеу. Орындаған:Тұрдалы Ш.Е. Тобы: 304 Б ФК студенті Қабылдаған: м.ғ.к,доцент м.а Бисимбаева С.Б. Шымкент 2015ж

Тақырып жоспары I.Кіріспе II.Негізгі бөлім 1.Шеткі қан айналысының бұзылыстары. 2.Гиперемия 3.Ишемия 4.Тромбоз. 5. Қанның қан тамыры ішінде шашыранды ұюы (ҚШҰ синдромы). 6.Эмболия.Жіктелуі. III.Қорытынды IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Шеткері ағзалар мен тіндердегі қан айналым патофизиологиясы. Организмдегі жалпы қан айналым: жүйелік (орталық) және шеткері (агзалық, тіндік) болып бөлінеді. Жүйелік қанайналым деп жүрек пен ірі қан тамырларындағы қанайналымын айтады. Шеткері қанайналым деп ағзалар мен тіндердегі ұсақ тамырлардағы қанның айналымын және олардағы микроциркуляцияны айтады. Микроциркуляцияның нәтижесінде қан мен тіндердің арасында сумен, электролиттермен, қоректік заттармен, оттегімен, көмір қышқылы газымен жөне зат алмасу өнімдерімен алмасу болады. Сонымен бірге теріде шеткері қан айналым дене қызымын реттеуіне қатысады.

Шеткері қан айналымның реттелуі жүйкелік-сұйықтық жолдармен болады. Қан тамырларын тарылтатын немесе кеңейтетін жүйкелер бар. Тарылтатын жүйкелерді вазоконстрикторлар, кеңітетін жүйкелерді вазодилятаторлар деп атайды. Қан тамырларына сұйықтық (гуморалдық) жолмен көптеген биологиялық белсенді заттар, бейорганикалық иондар (Н+, К+ т. с. с), зат алмасу өнімдері, гормондар т. б. әсер етеді. Майда тамырларға бұл заттардың әсерлері жүйкелік ықпалдардан басымырақ болады. Жергілікті қан айналым өзгерістері артериялық, веналық қан кернеулері (гиперемиялар), ишемия, реперфузия, стаз, тромбоз, эмболия түрлерінде байқалады.

Шеткі қан айналысының бұзылуының негізгі формалары мыналар: гиперемия, жекелей анемия (ишемия), стаз, қан ағу, тромбоз, эмболия.

Гиперемия – жеке бір органда немесе ткань учаскесінде қанның әдеттегіден көп болуы. Артериалдық және веноздық гиперемия деп бөлінеді. Артериалдық гиперемия – ұлғайған тамырлар арқылы өтетін қан мөлшерінің көбеюінен органға қанның толуының артуы.

Артериялық гиперемия.

Гиперемияны физиологиялық және патологиялық деп бөледі. Физиологиялық гиперемия. Оған органдардың (бұлшық ет, ішек т.б.) функциясы күшейген кезде пайда болатын жұмыстық гиперемия жатады. Физиологиялық деп, физикалық немесе химиялық факторлардың (суық, жылу, горчичник т.б.) бірдей дозасының әсер етуінен пайда болатын рефлекторлық гиперемияны айтады. Физиологиялық гиперемия шартты рефлекс механизмі әсерінен де пайда болуы мүмкін. Патологиялық гиперемия ауру тудыратын факторлардың ықпалынан пайда болады, әрі оған қан айналысы мен орган функциясы күйінің арасындағы сәйкессіздік тән сипат – мұндайда тіпті тыныш тұрған қалпында да қан айналысы күшейеді.

Веноздық (іркілу) гиперемия – ткань учаскелеріне келетін қанның көбеюі және одан шығатын қанның азаюы. Қанның ағуының бөгелуі тамырдан тыс та, тамырдың ішінде де болуы мүмкін. Веноздық гиперемия ұзаққа созылады, әрі органдарға елеулі, кейде қайтымсыз өзгеріс туғызады.

Веноздық гиперемия.

Ишемия (қанның бір жерде азаюы). Ишемия немесе жеке бір органдағы қан аздық деп, тканнің белгілі бір учаскесіне артерия арқылы келетін қанның баяулауы немесе тоқталуы салдарынан онда қан толудың азаюын айтады. Ишемия артериядан тыс (жаншылу) және оның ішінде (тромбоздар, эмболия, яғни бітелу, артериосклероз, бітелуден болатын эндоартрит) дамиды. Аурудың себебіне және пайда болу жағдайына қарай ишемия бірнеше түрге бөлінеді. Компрессиялық ишемия – артерияның немесе ткань учаскесінің жаншылуынан болады. Мұның өзі артерияны жіппен байлаудан, ісіктен, тыртықтан немесе бөгде заттардан тамырдың жаншылуынанболады. Рефлекторлық ишемия әр түрлі рецепторларға (көру, есту, тері мен кілегей қабық рецепторлары, тамырлар мен тканьдердің интерорецепторлары) тітіркендіргіштердің (механикалық, физикалық, химиялық т.б.) әсер етуінен пайда болады. Эмоциялық афектіден де ишемия байқалады.

Ишемия

Стаз (тоқталып қалу, іркілу) – ұсақ тамырларда, негізінен, капиллярларда қан жүрудің тоқтап қалуы. Стаз кезінде қанның гемолизі және ұю болмайды. Стаз – қайтымды құбылыс. Инфаркт (латынша кептелу, толу) – қан келудің тоқтауы салдарынан ткань учаскесінің өлі еттенуі. Тромбоз, эмболия немесе артерияны қоректендіретін тамырдың ұзақ уақыт тарылуынан инфаркт пайда болады. Артериясында анастомоздары аз органдарда инфаркт тез пайда болады. Эмболия (грекше embole – ену, басып кіру) – қан мен лимфа тамырының қан не лимфа ағысына ілесіп келген тромб, май тамшысы, ауа, паразит, бактерия сияқты бөлшектермен (эмболдармен) бітеліп қалуы.

Тромбоз деп – қанның қан тамырлары ішінде ұйып қалуын атайды. Ұйып қалған зат тромб деп аталады. Тромбоздың негізінде физиологиялық қан ұю үдерісі жатады. Қанның ұюы өте күрделі, көп салалы үдеріс. Ол әрдайым қан ұйытушы және қан ұюына қарсы жүйелердің бақылауында болады. Қан ұюына қарсы жағдайларға бірінші ретте, қалыпты жағдайда қан құрамында болатын антикоагулянттар: гепарин, антитромбин және фибринолизин жүйесі кіреді. Патологиялық жағдайларда гемостазды, рефлекторлық-гуморалдық жолмен реттеуші фибринолиздік жүйе іске қосылады.

Қан ұю үдерісі 4 кезеңнен тұрады: 1)Белсенді тромбопластиннің пайда болуы; 2)Тромбопластин протромбиннен тромбиннің пайда болуы; 3)Тромбин әсерінде фибриногеннің фибрин-мономерге айналуы; 4)Фибрин-мономердің фибринді белсендіретін заттардың әсерінде фибрин-полимерге айналуы.

Тромбтың түрлері: 1.Қызыл тромб – құрамында эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер бар, көбінесе вена тамырларында кездеседі; 2.Ақ тромб – фибрин, лейкоцит және тромбоциттен түзілген артерия қан-тамырларында кездеседі. Олардың көлемі кішкентай; 3.Аралас тромб – құрамында ақ және қызыл тромб элементтері аралас орналасқандықтан, түсі шұбар болады. Оның бас жағы – ақ тромбтан, ортасы – аралас тромбтан, аяқ жағы – қызыл тромбтан түзілген. 4. Гиалинді тромб – біртектес, эозинофилді массалардан түзілген, оның құрамында бір-бірімен өте тығыз байланысқан тромбоцит, лейкоцит, фибрин бар. Кейде ол, бір-біріне жабысқан эритроциттердің ыдырауынан, плазма нәруызының шөгіндісінен де пайда болады. 5. Фибринді тромбтар – таза фибрин жіптерінен немесе фибрин мен ақ қан түйіршіктерінің қоспасынан түзіледі. Бұл құбылыс ҚШҰ синдромына тән.

Тромбтың пайда болу себептері: 1)Қан тамырының бүтіндігінің бұзылуы; 2)Қан ағымының баяулауы немесе қиындауы (мысалы, аневризма аймағында); 3)Қанның физикалық қасиеттерінің және химиялық құрамының өзгеруі; 4)Қан тамырларының қабынуы (тромбофлебит, тромбоартериит ).

Тромбоздың нәтижесі: 1.Асептикалық аутолиз; 2.Тромбтың дәнекертінденуі (организациясы); 3.Тромбтың сығылуы (ретракциясы); 4.Тромбтың өзектенуі (канализациясы); 5.Тромбтың тамырлануы (васкуляризациясы); 6.Тромбқа тұздар шөгіп қалып, тасқа айналуы (флеболиттер). 7.Тромбтың сепсистік аутолизі; 8.Тромбоэмболия.

Қанның қан тамыры ішінде шашыранды ұюы ( ҚШҰ синдромы) Бұл үдерістің тромбоздан айырмашылығы – ұйыған қан тромбқа айналмай-ақ, өз-өзінен ыдырап, жоқ болып кетуі мүмкін. Бұл синдром шокта, дене күйгенде, сепсисте, қатерлі ісіктерде, тобы сәйкес келмейтін қан құйылғанда, ауыр хирургиялық операциялардан кейін кездеседі.

ҚШҰ синдромында қанда фазалы өзгерістер байқалады: 1.Гиперкоагуляция фазасында – қандағы шашыранды ұйындылар микроциркуляция тамырларын тығындап тастайды. 2.Гипокоагуляция фазасында – тромбоциттер саны азайып, фибриноген мөлшері төмендейді, қан ұйымай қалып, көптеген қан құйылу ошақтары пайда болады (тромбогеморрагиялық синдром). 3.Фибринолиздің күшеюі кезінде – алғашқы пайда болған тромбтар еріп кетіп, қан ағу қайта күшейеді.

Эмболия деп – қан тамыры ішінде қалыпты жағдайда кездеспейтін әр түрлі заттардың көшіп жүруін және олардың қан тамырларын тығындап қоюын атайды. Бұл заттарды эмбол дейміз.

Түрлері: Тромбоэмболия Май эмболиясы Ауа эмболиясы Газ эмболиясы Тін эмболиясы Микробтар эмболиясы Бөгде зат эмболиясы

Эмболияның тасылу бағытына қарап, үш түрін ажыратады: 1.Тура бағыттағы эмболия; 2.Кері бағыттағы (ретроградтық); 3.Күтпеген бағыттағы (пародоксалдық). Нәтижесі: Қауіпті асқынулары: өкпе артериясының тромбоэмболиясы – кенеттен өлім; Микробтық эмболия – сепсистің дамуы; Тіндік эмболия – ісік метастаздары.

Эмболия.

Қорытынды Шеткі қан айналысының бұзылыстарына: гиперемия,жекелей анемия (ишемия), стаз,қан ағу,тромбоз,эмболия жатады. Ишемия - әкелуші артериялардың бітелуінің әсерінен перифериялық және микроциркуляторлық қан тамырларында қан ағысының баяулауы, бұл жағдай коллатеральды тамырлар жетіспеушілігінде болады. Артериялардағы қан кедергісінің жоғарылауының себептері – артериялардың ангиоспазмы, артериялардың толық немесе жартылай бітелуі, артерия қабырғаларының қабынуы, склерозы, сырттан қысылуы. Артерия спазмының негізгі себебі тамырдың тегіс еттерінің қызметтік жағдайының бұзылуы, соның нәтижесінде қалыпты гуморальдық және жүйкелік әсер қан тамырларының ұзақ уақтылы жиырылуына әкеледі – ангиоспазмға.

Пайдаланылған әдебиеттер 1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология. – Алматы; РПО «Эверо», –Б. 126 бет 2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», – С Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», – С Патофизиология в таблицах и схемах. Под/ред. 4. А.Н. Нурмухамбетова. Алматы, 2004 с Интернет материалдары: Google.kz. Wikipedia.kz. Yandex.kz.