Windows –тың негізгі функциясы – осы орта үшін арнайы құрылған бағдарламалардың жұмысын басқару. Windows – бұл компьютерлік технологияның жаңа деңгейі.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Windows –тың негізгі функциясы – осы орта үшін арнайы құрылған бағдарламалардың жұмысын басқару. Windows – бұл компьютерлік технологияның жаңа деңгейі.
Advertisements

Транксрипт:

Windows –тың негізгі функциясы – осы орта үшін арнайы құрылған бағдарламалардың жұмысын басқару. Windows – бұл компьютерлік технологияның жаңа деңгейі. Ол деректермен жұмыс жасаудың обьектілі – бағдарланған әдістемеге негізделген.

Microsoft Windows ортасының ерекшеліктері: пайдаланушының интерфейсін стандарттау; көлемі ондаған Мбайт жедел жадты тиімді басқару; жаңа сыртқы құрылғыларды қиындықсыз қосу мүмкіндігі; бағдарламалардың функциясын интеграциялау, яғни басқа бағдарламалардың жасалған обьектілерді нақты бағдарламада қолдану мүмкіндігі; көп мәселелік, яғни бірнеше қолданбалы қатар орындау және бір бағдарламадан екіншіге оңай ауысу мүмкіндігі; графикалық режимді басым қолдану; жергілікті желі және internet желісінде жұмыс істеуді қолдаудың құрамдас құралдары; мультимедиамен (дыбыс және бейне) жұмыстың құрамдас құралдары; «Plug and Play» технологиясы (қосатын құрылғыларды автоматты баптау).

WINDOWS – графикалық операциялық жүйе, оның негізгі обьектілері терезе мен белгішелер түрінде бейнеленеді. WINDOWS – тің обьектілері – терезе, жұмыс столы, шартбелгілер, жарлықтар, бумалар, тышқан, мәлімет алмастыру буфері.

WINDOWS ортасында жұмыс столының рөлін дисплей экраны орындайды. Онда жұмыс істейтін программалардың терезелері, құжаттардың жеке файлдары шартбелгілер түрінде орналасқан.

Шартбелгі – экран бетіндегі қысқаша жазуы бар кішірейтілген графикалық бейне. Ол дисплей экранындағы программаны, терезені, функцияны, файлды т,б, бейнелеп тұруы мүмкін. Жарлық – белгілі бір обьектімен тікелей қатынас жасауды іске асыратын командалық файл.

Қапшық – экранда каталогтарды және програмалық топтарды белгілеу үшін қолданылыды. Бума бұл обьектілер қоймасы. Тышқан – тетігімен орындалатын ең негізгі операция – экран бетімен сілтеменің қозғалуы болып табылады. Мәлімег алмастыру буфері - әртүрлі программалар немесе құжаттар арасында мәліметтерді тасымалдап, олардың фгарменттерін бір – біріне ауыстырып отыру үшін қолданылатын жады бөлігі.

Есептер тақтасы – бұл экранның төменгі жағындағы жіңішке сұр жолақ.. Есептер тақтасында «Пуск» батырмасы, іске қосылған батырламалардың аттары бар батырмалар орналасқан.

«Пуск» батырмасы - бұл батырманы басқаннан кейін жүйенің Бас менюі пайда болады. Бас меню жеті пунктен тұрады: Ашылатын бағдарламалар тобы мен қосымшалардан тұратын тізім Жуық арада ашылған құжаттардың 15- тен аспайтын тізімі Баптау Іздеу Анықтама Орындау Жұмысты аяқтау

Файл – аты бар бірқатар байттар тізбегі. Файл не бағдарлама, не құжат болуы мүмкін. Windows – та бағдарламалардың басқа атауы – қолданба да қолданылады. Әр файлдың аты болады. Оның аты оң және сол бөліктен тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және оның типін анықтайды. Сол жақ бөліктің ұзындығы 1 – 255 символға дейін болады. Файл типтерінің кейбір негізгі «құжат ретінде» белгіленулерінің тізімі төменде келтірілген *.bmp Paint графикалық қолданбасының суреті *.doc Word және WordPad мәтіндік редакторларының құжаттары *.txt Блокнот қолданбасының құжаты *.wav Фонограф қолданбасының дыбыстық файлы *.avi Бейне – клип *.xls Excel кестелік процессорының құжаты *.ppt PowerPoint қолданбасының тұсаукесері

Үйге тапсырма: оқулықтағы §11-13, сөзжұмбақ, ребус құрастыру.