Www.themegallery.com АТОМДЫҚ СПЕКТРОСКОПИЯ. Пререквизиттер Физика 1,2, математика 1,2, химия, атомдық физика.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
АТОМДЫҚ СПЕКТРОСКОПИЯ. Пререквизиттер Физика 1,2, математика 1,2, химия, атомдық физика.
Advertisements

Транксрипт:

АТОМДЫҚ СПЕКТРОСКОПИЯ

Пререквизиттер Физика 1,2, математика 1,2, химия, атомдық физика.

Лектор физика-математика ғылымдарының кандидаты Аймуханов Айтбек Калиевич

Курстың мақсаты қазіргі заманғы кванттық физика элементтерімен, атомдық деңгейлердегі процестермен, атомдық спектрлік талдау әдістерімен және спектрлік өлшеулерге арналған технологиялармен таныстырады. Сонымен қатар мамандық бойынша жұмыс істеуге қажетті практикалық дағды беріп, оптикалық сұлбаларды дәлдеудің негізгі жолдары және аспаптың мөлшерлік сипаттамаларын өлшеу әдістерімен таныстырады.

Пәнді оқытудың міндеттері а) Спектроскопия мәселелерінің негізгі түсініктемелері мен анықтамаларын білу, б) Атомдық деңгейлерді қоздыру, толтыру процесстерін білу; в) Атомдық деңгейлерді зерттеу әдістемелерін меңгеру. г) Оптикалық спектроскопия техникасынын ерекшеліктері мен жұмыс істеу принциптерін түсіну. Физикалық идеяларды дұрыс түсіндіре білу, физикалық есептердің (мәселелердің) сандық түсініктемесін жасап шығару, физикалық шамаларды бағалай білу.

Мазмұны қазіргі заманда қолданылатын спектрлік талдау әдістерін менгеріп, арнайы спектроскопиялық техникада жұмыс істеу технологиясын қамту. Жалпы түрде студенттер монохроматты (монохроматты емес) жарықтың затпен әрекеттесу кезіндегі атомдық деңгейлердегі электрондық өтулер мен, осының салдарынан пайда болатын жарық сәулелерінің спектрлерін зерттеу әдістемелерін қарастырады. Зерттеуге арналған қондырғылардын ерекшеліктеріне аса маңызды көңіл аударылады.

Пәндік құзіреттілік Студент, жарықтын толқындық және корпускулалық қасиеттерін пайдалана отырып, атомдық деңгейлер арасындағы өтулерді дұрыс түсіндіріп іс - тәжірибеде қолдану жолдарымен таныс болады. Сонымен қатар түлектер оптикалық – электрондық аспаптарды ғылым мен техниканын әр түрлі салаларында қолдану икімдеріне ие болады. Жалпы, алынған білім спектрлік сипаттамаларды талдау, спектр бойынша сандық және сапалық талдау жұмыстарында қолданылады.

Постреквизиттер молекулалық спектроскопия, нанотехнология негіздері, наноматериалдар физикасына кіріспе.