«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ ЕҢБЕК ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ГИГИЕНА КАФЕДРАСЫ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖОЮ Орындаған: Датқаева А.А. Тексерген: Мукашева К.Б. Астана,2016.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Алматы 2016 Орындаған: Экология мамандығы бойынша 442 топ студенті Бектұрар Марал.
Advertisements

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Фармацевтикалық өндірісінің технологиясы Презентация Тақырыбы: Өрттен қорғауды ұйымдастыру. Орындаған:
қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу; жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру; қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек.
Адамзат дамуының қандай да болсын тарихи кезеңдеріне көз жүгіртіп қарайтын болсақ, меншік мәселесі бірінші орында тұратындығын аңғарамыз. Меншік адамзат.
Астана медицина университеті АҚ Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы Астана медицина университеті АҚ Құқық негіздері мен сот медицинасы кафедрасы.
Дайындаған:Ерболатова.А. 2 д-(Информатика-111). Тексерген: Байжуманова.Л.Т.
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас қағымда өтеді. Жер сілкінісі бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс.
Қазақ Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және Әлем Тідері Университеті Бюджет процедурасы және оның кезеңдері Орындаған: Құдайбергенова М.А 341-топ.
Тақырыбы: Өндірістік ғимараттардың шаңдануымен газдануын тексеру үшін жұмыс орындарынан ауа сынамасын алу және бағалау тәртібі. Шуыл мен діріл деңгейін.
Мұғалім туралы мәлімет. Аты-жөні Шотабаева Нұржамал Тұрсынбайқызы. Мектебі: С.Сейфуллин Туған жылы ж. Білімі: Жоғары Пед.өтілі: 20 жыл Бітірген.
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Неврология, психиатрия және жұқпалы аурулар кафедрасы ПӘН: Коммуникативтік дағдылар. ТАҚЫРЫП: Дәрігердің құқығы.
Орындаған :. Қоршаған о рта Экологиялық м әселелер т үрлері Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдар Тұжырымдама Пайдаланылған ә дебиеттер.
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ АЙНАЛЫМ СФЕРАСЫНДА ЛОГИСТИКАЛЫҚ ЫҢҒАЙЛАРДЫ ҚОЛДАНУ. ДӘРІХАНАЛЫҚ ҚОЙМА ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ КӨТЕРМЕ БУЫНЫ РЕТІНДЕ Орындаған: Гайсина.Н.А.
Биотехнология және экология және қоршаған ортаны қорғау проблемалары. Микроорганизмдердің көмегімен қоршаған ортаны бақылау. Қалдықсыз технология және.
Арамшөптермен күресу шаралары Орындаған: Ортай Ұ..
ҚР-дағы тағамдық өнімдердің қауіпсіздігін бақылу және сертификаттауду жетілдіру жолдары.
Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектілері ретінде мемлекет, жеке және заңды тұлғалар қатысады. Жер қойнауын.
2008г. ©
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Медициналық сақтандыру Қабылдаған:
Транксрипт:

«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ ЕҢБЕК ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ГИГИЕНА КАФЕДРАСЫ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖОЮ Орындаған: Датқаева А.А. Тексерген: Мукашева К.Б. Астана,2016

Жоспар Кіріспе. Негізгі бөлім: 1 Қатты тұрмыстық қалдықтарға сипаттама және оларды шығару көздері 2 Қатты қалдықтарды залалсыздап көму 3 Тұрмыстық қалдықтардың топтастырылуы Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Адамзат баласы өзінің бүкіл ғұмырында,тұрмыс тіршілігінде табиғат байлықтарын әртүрлі деңгейде,әртүрлі талаптармен,қолдан келгенінше игере отырып,өзінің қажетін қанағаттандыруға тырысады.Өз қажетін қанағаттандыру «алмақтың салмағы бар» деген қағида бойынша табиғатқа белгілі дәрежеде зиян келтіру,жапа шектірумен қабаттасып отыратынын бүгінде бүкіл әлем біледі.Адамзат тарапынан табиғатқа әсер ететін осындай зияндардың бірі – қоршаған ортаның тұрмыстық тұтыну қалдықтарымен ластауы.

Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен кәдеге жарату – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Бұл әлемдік деңгейдегі мәселе.Мысалы,Қ.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мәліметі бойынша,Швецияда тұтыну қалдықтарының 25%-ы қайта өңделіп,пайдалануға жіберіледі,Жапонияда ол 30% құрайды,Германияда 35%.Ал Қазақстанда коммуналдық тұрмыстық қалдықтардың 2,5%-ы ғана кәдеге жаратылып,қалғаны 97,5%-ы компоненттерге бөлінбестен тасымалданып полигондарға немесе ҚР табиғат қорғау және санитарлық заңнамасының талаптарына сай емес арнаулы орындарда жинақталып,ашық қоқыстарда қордаланады.

Қазақстанда ТҚҚ зиянсыздандырудың бір ғана - полигондарға орналастыру қолданылады.Республикада қалдықтардың жалпы көлемінің тек 5% кәдеге жаратылады не жағылады. Қазақстанда бар тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 320 полигон алаңы бар,бірақ мұның жылдан жылға аздық ете бастағаны,өндірістік қалдықтарды рұқсат етілмеген жерлерге төге салу оқиғалары көбеюінен байқалады.

Тұрмыстық қалдықтардың топтастырылуы Газ тәріздіҚаттыСұйық Органикалық Бейорганикалық ЗияндыЗиянсыз Пайдаға асырылатынПайдаға асырылмайтын ЖанбайтынЖанатын Жанбайтын Жанатын

Жанбайтын пайдаға асырылатын қалдықтар үй-жайды жөндеуден өткізу кезінде түзілетін қоқыстар,ыдыс- аяқтың сынықтары және т.б. Ыдыс-аяқ сынықтарын құрылыс материалдары ретінде,яғни қабырғаларға мозаика түрінде жабыстыруға,есік алдын,үй іргетасын әрлегенде пайдаланады.Ал,мүлдем пайдалануға жарамайтындарды көмуге жібереді. Жанатын пайдаға асырылатын қалдықтар ағаш қалдықтарын,қағаз қалдықтары - макулатураны,құрамында резеңкесі бар қалдықтарды,түрлі майлар мен еріткіштер. Бұл қалдықтарды зиянсыз түрге айналдыру үшін камералық цехтарда жағады.Бөлініп шыққан жылуды өндірістік айналымдарда немесе жанбайтын қалдықтарды зиянсыздандыру үшін пайдаланады.

ТҚҚ-дың құрамында болатын қалдықтар Макулатура Медициналық қалдықтар Істен шыққан құрал-жабдықтар Ағаш қалдықтар Мұнай өнімдерінің қалдықтары Азық-түлік өндірісінің қалд.ы полимер,пластмассалар Электронлық сынықтар Қара металл сынықтары Құрылыс қалдықтары Тоқыма қалдықтары және тоқыма Дөңгелектер мен резеңкелер Шыны сынықтары мен қалдықтары және т.б.

Улы қалдықтарды көму,сақтау,жинақтау,тасымалдау туралы шешім қабылдау үшін олардың қауіптілік сыныбын негізге алу маңызды. Қалдықтар уыттылық сыныбы мен қоршаған ортаға келтіретін зиянына байланысты бөлінеді: Ұзақ мерзімге сақтауға болмайтын қалдықтар Сақтау көлемі мен мерзімі шектелген қалдықтар Үш жылға дейінгі ұзақ мерзімге сақтауға рұқсат етілген қалдықтар

Қауіпті қалдықтардың трансшекаралық тасымалдануын және оларды тасымалдау,кәдеге жарату,сақтау және көму мақсаттары үшін аластауды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес қалдықтар қауіптілігінің 3 деңгейі белгіленді.Олар: 1.Жасыл – индекс G; 2.Янтарь түсті – индекс А; 3.Қызыл түсті – индекс R;

Қатты қалдықтарды залалсыздандырып көму Химиялық өнеркәсіптерде және аралық салаларда қатты қалдықтар көп мөлшерде пайда болады.Бұл қалдықтар жер қорын азайтып,топырақты улайды.Тыңайтқыш себуде және тотықтарды улы химикаттармен өңдегенде ғылыми негізделген әдістер қолдану топырақты қорғаудың негізгі шартына жатады. Қатты өндірістік қалдықтарды залалсыздап көмудің мынадай әдістері бар: 1.Табиғи жағдайды моделдендіріп,биологиялық тотықтыру. 2.Термиялық өңдеу. 3.Қалдықтарды жер бетінде қоймаландыру. 4.Аса зиянды қалдықтарды шаруашылыққа маңызы жоқ жерлерге,жарларға,карьерлерге,шруфтарға,траншеяларға,скважиналард а көміп тастау. Термиялық өңдеу – қатты қалдықтарды залалсыздап пайдаға асырудың ең сенімді әдісі.Отқа жағу жоғары температуралы реакторда,пештерде жүреді.Сонымен бірге жоғары қысымда өңдейді.Оның әсерінен қатты нығыздалған және күйген материалдар пайда болады,олар құрылыс материалдарын жасау өнеркәсібінде қолданылады.

Қатты қалдықтарды жердің беткі қабатына көміп тастау – әзірше оларды залалсыздандырудың ең көп тараған түрі.Бұл әдіс жердің басқалай пайдаға асуы мүмкін үлкен бөліктерін тоздырады және жер бетіндегі,жер астындағы суларды ластайды. Қалдықтарды консервациялау және көмудің барлық әдістері зиянды,олар пайдалы жерді тоздырады және біршама шығын жұмсауды қажет етеді.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, пайдалануға, қолдануға,залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Елді мекен аумағында қалдықтарды жинау, пайдалану, қолдану, залалсыздандыру, тасымалдау, сақтау және көмуді арнайы кәсіпорындар жүзеге асырады. Шағын елді мекендерде ҚТҚ жинайтын, шығаратын және көму орындарын қадағалайтын арнайы кәсіпорындар болмаған жағдайда жергілікті атқарушы органдары қызметінің бақылауымен және қызмет етуімен қалдықтарды өз бетімен шығаратын орындар ұйымдастырылады. Елді мекендерде (иеліктегі үйлердің, ұйымдардың, мәдени-бұқаралық мекемелердің, демалыс аймақтары аумақтарында) көлік кіретін жерлері бар, қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдар бөлінеді. Алаңға қатты жабын жабылады және үш жағынан 1,5 м кем емес биіктіктегі қоршау орнатылады. ҚТҚ жинауға арналған контейнерлерді қақпақпен жабдықтайды. Елді мекендерде, уақытша қоныстарды (вахталық поселкелер, стационарлық емес объектілер мен имараттар) қоспағанда, контейнер алаңдарын тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, ұйымдардан, спорт алаңдары мен халық демалатын орындардан 25 м аспайтын қашықтықта орналастырады.

Қорытынды Қоршаған орта қазіргі кезде адамзатты толғандырып отырған аса маңызды мәселеге айналды.Табиғатты,қоршаған ортаны жою арқылы бүкіл қоғамды,тіршілікті жойып жіберуге болатынын көптеген елдер түсіне бастады.Сондықтан әлем халықтары ел тағдырларын экологиямен байланыстырып,экологиялық апатқа қарсы тұруы қажет. Қазақстанда қалдықтарды өңдеу мәселесі әлі шешілмей келеді.Көптеген қалаларымыз өнеркәсіп шоғырланған жерлерде салынған.Өнеркәсіп қалдықтары тау тау болып үйіліп жатыр.Осының бәрі желмен,сумен ауаға,топыраққа тарап,қоршаған ортаны ластап жатыр.Қалдықтарды өңдеу Қазақстан бойынша Алматы қаласында ғана жүзеге асырылуда.Республикада өнеркәсіп,тұрмыстық және басқа да қалдықтарды есепке алу,залалсыздандыру,көму шаралары өте нашар дамыған.

Пайдаланған әдебиеттер: ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы 176 бұйрығы. Ж.Жатқанбаев.Экология негіздері.Оқулық – Алматы: «Зият»,2003ж- 212 бет. Б.А.Неменко.Коммуналдық гигиена.Оқулық – Алматы:ЖК«Ақнұр»,2013ж – 197 бет Құрманбаев Р.Х.,Абитова Ж.Ғ. Тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мен жою жолдары. Интернет желісі