Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (ИСО) 1947 ж.23-ақпаннан бастап жұмыс істейді. ИСО қызметінің аясы ХЭК құзыретіне кіретін электроника және электртехникадан.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
1-тақырып. Ақпараттық жүйені жобалау тұжырымдамасы 1. Жүйелік тәсіл принциптерінің негіздері 2. АЖ жобалау мақсаты мен принциптері 3. Өнімнің сапа бағасы,
Advertisements

L o g o Стандарттау ә дістері Стандарттау әдістері – стандарттаудың мақсатына жету үшін қолданылатын жекелеген тәсіл немесе тәсілдер жиынтығы.
Тақырыбы: ВМО Орындаған: Жүрсінәлі Алтынай Тобы: Бт-11 Тексерген: Капсалямов Бауыржан.
Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (ИСО) 1947 ж.23-ақпаннан бастап жұмыс істейді. ИСО қызметінің аясы ХЭК құзыретіне кіретін электроника және электртехникадан.
Орындаған: Ергешбай А. Қабылдаған: Көшкімбаева Ү.Т.
Транксрипт:

Стандарттау бойынша халықаралық ұйым (ИСО) 1947ж.23-ақпаннан бастап жұмыс істейді. ИСО қызметінің аясы ХЭК құзыретіне кіретін электроника және электртехникадан басқа барлық сала бойынша стандарттауды қамтиды. Орталық хатшылығы Женевада, Швейцария барлық жүйені үйлестіреді. ИСО атауы Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО) атауында әр түрлі тілдегі түрлі қысқартулар болар еді (МОС орыс тілінде, IOS ағылшын тілінде, OIN француз тілінде), сондықтан оның негізін қалаушы оған барлығын қанағаттандыратын қысқа атау беруге шешті. Олар грек тіліндегі isos, яғни «тең» деген мағынаны білдіретін ИСО деген сөзді таңдады. Қандай да бір елге және тіліне қарамастан, ұйым атауының қысқаша түрі үнемі ИСО болады. ИСО-ның ресми түрдегі тілдері: орыс тілі, француз тілі, ағылшын тілі. ИСО-ның халықаралық стандарттарының 70% орыс тіліне аударылған.

ИСО-ның басты мақсаты - халықаралық тауар алмасуды және өзара көмекті жеңiлдету үшiн дүниежүзiлiк ауқымда стандарттаудың дамуына жәрдемдесу, сонымен бiрге зияткерлiк, ғылыми, техникалық және экономикалық қызмет облысында ынтымақтастықты кеңейту. ИСО өз мiндеттерін төмендегiдей анықтайды: әлемде стандарттаудың дамуына және қызметтiң жапсарлас түрлерiне жәрдемдесу.

Жеке сұрақтар бойынша координациялық комитет Жұмыс топтар Техникалық комитеттер ПЛАКО Ат қ арушы бюро КЕҢЕС ұйымдық құрылымы: СТАКО ИНФКО КАСКО ДЕВКО РЕМКО КОПОЛКО Бас Ассамблея

ДСҰ мақсаттары 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісімінің екінші тарауында ұйымның негізгі мақсаты көрсетіледі – ДСҰ мүше-елдері халықтарының әл-ауқаттарын жоғарлату, бұл өмір деңгейін жоғарлату, толық қамтылуға қол жеткізу, сонымен қатар нақты кірістердің жоғарлауы және үнемі өсуі. ДСҰ міндеттері Көп жақты сауда келісімдерін реттеу және жүзеге асыру; Форум түрінде сауда келіссөздерін өткізу; Сауда дауларды шешуде Дауларды шешу ережелері мен процедуралары туралы келісімдіктерді қолдану; ДСҰ қатысушы-елдердің Сауда саясатын қайта қарастыру механизмін қолдану; ДСҰ қатысушы-мемлекеттердің басқа халықаралық ұйымдарымен өзара әрекеті.

Саудадағы техникалық барьерлар жөніндегі келісімнің мақсаты сәйкестендіруді бағалаудың техникалық стандарттары мен регламенттері, сондай-ақ рәсімдері сауда ортасында қосымша кедергіні туғызбау. Мұндай шараны мүше елдер тек адамдардың денсаулығын сақтауда және қауіпсіздігін қамтамасыз етуде немесе қоршаған ортаны қорғау кезінде ғана қолданатыны Келісімде белгіленген. Техникалық регламенттер мен стандарттарды қолданған кезде ол шетел тауарларын отандық тауарлардан кемсітпеуі тиіс. Тауарлардың ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес келуін бағалау рәсімі де импортты өнімді кемсіту құралына айналмауы тиіс. Саудадағы техникалық барьер жөніндегі Келісімнің ережелеріне сәйкес әр ел ДСҰ мүшесі арнайы ақпараттық бюро құруы тиіс, ол өз кезегінде, әр елдегі сәйкестендіруді бағалаудың техникалық регламентін, стандарттарын және рәсімдері туралы ақпаратқа қол жеткізуді жеңілдетуі мүмкін.