Телеграфты байланыс

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Радиобайланыс принципі 3.18 сурет 3.18 сурет Радиобайланыстың қарапайым сұлбасы 3.18-суретте көрсетілген. Осы сұлбаға сүйене отырып, радиобайланыстың негізгі.
Advertisements

Байланыс жүйесі туралы негізгі түсініктер
Александр Беллдің телефонды ойлап табуы
Телеграфты байланыс
Транксрипт:

Телеграфты байланыс – электрлік сымды байланыс арналарының бойымен қысқа құжатталған хабарларды автоматты түрде қабылдап/ таратуға арналған.

Телеграф (теле және граф) – 1) телеграф байланысының жалпы қабылданған қысқартылған атауы; 2) қабылдау нүктесінде міндетті түрде жазылатын әріпті-цифрлы хабарларды (телеграмманы) тарату, қабылдау және жеткізуді іске асыратын мамандандырылған байланыс кәсіпорны. Қазақстанда телеграф байланысы 20 ғасырдың бас кезінде пайда болып, Морзенің телеграф аппараты қолданылды. Телеграф байланысы сым, оптикалық талшық және эфир (радио арнасы) сияқты байланыс жолын құрушы орта арқылы іске асырылады. Телеграф негізінен ірі қалаларда, облыс орталықтары мен мемлекет астанасында орналастырылады. Барлық қалалық бөлімшелермен, ауданы байланыс тораптарымен, мемлекеттегі басқа телеграфтармен тікелей байланысады. Телеграф телеграмма жіберушілерге қызмет көрсететін операция залынан, телеграммаларды беретін техникалық жабдықтардан (телеграф аппараты, телеграф коммутаторы, т.б.), энергетикалық қондырғылардан (аккумулятор батареялары, түзеткіштер, генераторлар, т.б.), сондай-ақ көлік құралдарынан, диспетчерлік қызметтен, т.б. тұрады. 20 ғасырдың 50 – 60-жылдарынан бастап Т. байланыс құралдары дерек тарату үшін де қолданыла бастады. 20 ғасырдың бас кезінен қолданысқа енген телеграфтың маңызды саласы – фототелеграфикалық телеграф желісі қазіргі дерек тарату желісінің негізі. Қазіргі кезде телеграфтың барлық қызметін компьютерлік желі атқарады. Компьютерлік желіні дерек таратушы желі, есептеуші немесе ақпараттық желі деп те атайды. Бұлар компьютер және байланыс технологиялары эволюциясы нәтижесінің туындысы болып саналады.

Телеграф байланыстың ежелгі түрлерінің бірі болып табылады. Бірінші электрлі телеграф аппаратын 1832 жылы орыс оқымыстысы П. Л. Шиллинг ойлап тапқан, 1837 жылы өзінің телеграф аппаратын америка тұрғыны С. Морзе жасап шығарды. Бұл телеграф аппараттарындағы ақпараттар қағаз ленталарында нүкте мен сызықша символдарының комбинациялары («Морзе әліппесі») түрінде тіркелетін болған.

Кейінірек XIX ғасырдың аяғында әріп теруші телеграфты аппараттар – телетайптар пайда болды. Барлық ақпараттар телетайптарда қағаз беттерінде басылады, ал қажет кезде перфоленталарда тіркеледі. Қабылдаушы аппаратта да ақпарат дәл осылай басылым құжатында және перфолентада тіркеле алады. Ақпарат тікелей байланыс арнасымен дербес компьютерге де енгізіле алады. Барлық телетайпты аппаратуралар қайтымды болып табылады, яғни ақпараттарды қабылдаушы ретінде де, таратушы ретінде де жұмыс істей алады. Телетайптардың көпшілігінде ақпараттарды тарату жылдамдығы 50,75 немесе 100 бит/с ( белгілер/мин) тең.

Телетайпты қабылдап/ таратушы аппаратурасының байланыс арнасы ретінде телеграфты, сондай-ақ телефонды арналар да қызмет ете алады. Бірақ телефонды арнада келістіруші аппаратура (модем) қарастырылуы тиіс. Телефон арнасымен құжатталған текстті ақпаратты таратуды көбінесе дейтефонды байланыс деп атайды. Дейтефонды байланыс ақпараттарды тарату үшін телефонды байланыс арналарын қолданады, ал қабылдап/таратушы аппаратура ретінде модемдермен біріктірілген қарапайым телетайп аппаратурасы да, әлеуметтік (социальная) аппаратура да қолданыла алады.