Тақырыбы: Гендер экспрессиясын оң және теріс бақылау Орындаған: Амангелдина Г. Ж. Амангелді Ж. С. Әнуарбек Ф. М. Кенжетай С. Ж. Бекеев Б.Б.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Студенттердің өзіндік жұмысты орындауға арналған кейс- әдісі бойынша жасалынған жобасы. Пән: «Молекулалық биология» Тақырыбы: Жылжымалы генетикалық элементтер.
Advertisements

Микробиология, вирусология және иммунология кафедрасы ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ ДӘРІС ТАҚЫРЫБЫ: АИВ вирусы, Онкогенді вирустар Дәріскер аға оқытушысы Бармакова.
Тақырыбы: Гендер экспрессиясын оң және теріс бақылау Орындаған: Амангелдина Г. Ж. Амангелді Ж. С. Әнуарбек Ф. М. Кенжетай С. Ж. Бекеев Б.Б.
Транксрипт:

Тақырыбы: Гендер экспрессиясын оң және теріс бақылау Орындаған: Амангелдина Г. Ж. Амангелді Ж. С. Әнуарбек Ф. М. Кенжетай С. Ж. Бекеев Б.Б.

Жоспар: 1.Ген экспрессиясы. 2.Ген экспрессиясының бақылануы. 3.Экспрессия сатылары.

Гендік экспрессияның бақылануы оң теріс Белгілі бір регуляцияға жауапты элементтердің әсеріне байланысты, ген экспрессиясының деңгейінің өсуі Белгілі бір регуляцияға жауапты элементтердің әсеріне байланысты, ген экспрессиясының деңгейінің төмендеуі

Негативті бақылану кезіндегі көмектесетін бақылаушы элементті немесе молекуланы негативті бақылаушылар, ал позитивті бақылауға көмектесетіндерді позитивті бақылаушылар деп атайды.

Ген экспрессиясы ПрокариоттардаЭукариоттарда

Транскрипция - бұл ДНҚ молекуласында РНҚ синтезделуі. Бір полипептидті тізбектегі амин қышқылдарына ақпаратты беретін РНҚ- мен санасатын ДНҚ бөлімшесі транскрипциялық бірлік деп аталады.Транскрипцияның эукариоттардағы құрылымдық геннің функционалды өнімі алғашында РНҚ, соңынана – мРНҚ болып табылады.

Трансляция – бұл полипептидті тізбектің амин қышқылдарына мРНҚ кодондарында орналасқан ақпараттың аударылуы.Бұл үрдіс рибосомаларды өтеді. Бірнеше рибосомалар мРНҚ молекуласына жіпке тігілген моншақ тәрізді тізіліп, және бұл мРНҚ1 тізбегінің қалыңдығына сәйкес келеді. Әр рибосома екі суббірліктен – кішкене және үлкен құралған және олардың арасында мРНҚ орналасады. мРНҚ магний иондарының қатысуымен кіші суббірліктің үстіне қайтымды түрде орналасады. Бұл жағдайда оның бірінші тасымалданған екі кодоны үлкен суббірлікке қаратылады. Бірінші кодон тРНҚ молекуласын байланыстырады. Трансляция генотиптің функционалды түрде шоғырлануына бірден - бір мүмкіндік беретін мықты фактор, осы процеске орай, клетка барлық ақуыздармен қамтылады.

Эукариоттың әрбір гендік құрылымы 8 нуклеотидтік промоторлік аймақты қамтиды (ТАТА-бокс немесе Хогнесс боксы). Қайталанатын нуклеотидтерден, энхансерлерден және сайленсерлерден тұратын ССААТ (САТ-бокс) аймағының бірізділігі ген экспрессиясының реттелуіне қатысады. Эукариоттағы транскрипция

Мутация–табиғи жағдайда кенеттен болатын немесе қолдан жасалатын генетикалық материалдың өзгеруі. Соның нәтижесінде ағзаның белгілері мен қасиеттері тұқым қуалайтын өзгергіштікке ұшырайды. Хромосомалық мутация түрлері:делеция,дупликация, транслокация.

Ғылымға мутация терминін 1901 ж. голланд ғалымы Х. де Фриз (1848 – 1935) енгізді. Генетикалық аппараттың өзгеруіне байланысты мутацияның: геномдық, хромосомалық, гендік немесе нүктелік деген түрлері бар. Мутацияжасушаның генетикалық материалының өзгеруі, бұл кейінгі ұрпаққа да беріледі.

Мутация ағза үшін тиімді өзгерістерге әкеп соғатын сирек кездесетін жағдайларда осы гені бар дербес ағзалардың саны мутацияға ұшыраған ген популяцияда қалпына келмейінше арта береді. Бұндай пайдалы мутациялар эволюцияның материалы болып табылады.

Геномдық мутация – клеткадағы хромосомалар санының өзгеруі. Оның бірнеше түрі бар: 1) полиплоидия – хромосома жиынтығының бірнеше еселеніп өсуі; 2) анеуплоидия – хромосома жиынтығының еселенбей өсуі; 3) гаплоидия – диплоидты (екі еселенген) хромосома жиынтығының кемуі.

Хромосомалық мутация – микроскоп арқылы көрінетін хромосома құрылымындағы өзгеріс. Бұл өзгеріс хромосоманың кей бөлімінің үзіліп қалуына (делеция), қосарланып кетуіне (дупликация) немесе оның басқа бір бөліміне ауысуына (транслокация) байланысты.

Гендік немесе нүктелік мутация деп ДНҚ молекуласының белгілі бір бөлігінде нуклеотидтердің қатар тізбегінің өзгеруін айтады. Ол молекулалық деңгейде өтеді, микроскоп арқылы көрінбейді. Гендік мутация доминантты (басыңқы), жартылай доминантты және рецессивті (басылыңқы) болады. Хромосомалық және гендік мутациялардың себебі көпке дейін белгісіз болып келді. Бұл өзгерістер ағзаға әр түрлі физикалық, химиялық факторлар – мутагендердің әсер етуінен пайда болады.

Спонтандық мутациялар Спонтандық мутациялар қоршаған ортаға байланысты пайда болады.Олар соматикалық және жыныстық жасушаларында пайда бола алады.Спонтандық мутация-хромосомалардың дурыс бөлінбеуі,хромосомалардың орын ауыстыруы,ДНҚ-дағы нуклеотидтердің ретсіз орналасуы,гендердің орын аустыруы себеп болады.Спонтандық мутация табиғатқа өте қажетті процесс,эволюциядағы қарапайым құбылыс болып есептеледі.

Индукциондық мутация Индукциондық мутагенез ақуыздарды зерттеп,оларды жақсарту үшін қолданылады. Бағытталмаған мутагенез-ДНҚ тізбегіне физикалық және химиялық жол арқылы өзгерістер енгізу(ультрафиолет,радиация).Мутациядан өткен организмдерді скринингтан өткізіп,мутаген тәжірибесіне сай келген ағзаларды қалдырады.

Бағытталған мутагенезде ДНҚ-ға дайын сайт енгізіледі.Қысқа бірцепочкалық ДНҚ молекулаларын синтездейді. DNA Binding Site

Кункель бойынша мутагенез. Бактериялық плазмида үшін уридин матрицасын(тимин қалдықтары урацилмен ауыстырылған)алады.Уридин матрицасы жаңа жасушаға өзге болып көрініп,жойылады,сол себептен ДНҚ тізбегінде екінші тағы бір тізбек құрылады.

ПЦР көмегімен алынған мутагенез. Полимеразалық реакция ДНҚ-ға дайын сайт-мутагенез(бірнеше праймері бар)енгізуге мүмкіндік береді.

Аудиторияға сұрақ: 1.Ген экспрессиясы қай уақытта жүреді? Ген экспрессиясы процесстің әр кезеңінде жүруі мүмкін: транскрипция кезінде, трансляция кезінде және т.б. 2.Ген экспрессиясының бақылануы не үшін қажет? Көпжасушалы организмдердің әрбір соматикалық жасушасындағы гендік мәліметтің көп бөлігі бірдей болады. Сондықтан гендік экспрессия бақылануы тиіс. 3.Ген экспресияссының бақылануының қандай түрлері бар? Позитивті және негативті 4.Ген экспресияссының негативті бақылауына көмектесетін элементті қалай атайды? Негативті бақылаушы 5.ДНҚ молекуласында РНҚ-ның синтезделу процесі? Транскрипция 6.Эукариоттардың гендік құрылымы қанша промоторлік аймақтан тұрады? 8 нуклеотидтік промоторлік аймақтан

1.Хромасомалық мутация түрлерін атаңыздар Делеция, дупликация, транслокация 2.Мутация түрлерін атаңыздар Спонтанды және индукциондық 3.Соматикалық және жыныстық жасушаларында пайда болатын мутация Спонтандық 4.Индукциондық мутагенезде қолданылатын әдістер Бағытталған, бағытталмаған, Кункель бойынша, ПЦР