Тақырыбы: Бағдарламалау технологиясының құралдары Пәні: Қазіргі заманғы бағдарламалау технологиялары 6 М 070400 – «Есептеу техникасы және бағдарламалық.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Тақырыбы: Бағдарламалау технологиясының құралдары Пәні: Қазіргі заманғы бағдарламалау технологиялары 6 М – «Есептеу техникасы және бағдарламалық.
Advertisements

Транксрипт:

Тақырыбы: Бағдарламалау технологиясының құралдары Пәні: Қазіргі заманғы бағдарламалау технологиялары 6М – «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының магистранттарына арналған Авторы: п.ғ.к., доцент Султанова Б.К. СЛАЙД-ДӘРІС АЕЖ КАФЕДРАСЫ

1. Бағдарламалау технология құралдарын құрайтын бағдарламалық өнімдер; 2. CASE технология; 3. CASE технологиясының қолданылуы. Жоспары:

1 Бағдарламалау технология құралдарын құрайтын бағдарламалық өнімдер Бағдарламалау технологиясының құралдары бұл бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдауға арналған бағдарламалық өнімдер (1.1-сурет). 1.1-сурет – Бағдарламалау технологиясының құралдары

Қосымшаны құруға арналған құралдар: бағдарламалау тілі мен жүйесінің жиынтығы; тұтынушы ортасының құралдары; жасап шығарылатын бағдарламаларды қолдау және ретке келтіру үшін әртүрлі бағдарламалық компоненттер.

Бағдарламалау тілі Бағдарламалау тілі бұл компьютерде алгоритм есептерінің шешімдерін жазуға арналған формальді тіл. Бағдарламалау тілдерін келесі класстарға бөлуге болады: Машиналық тіл Машиналық тіл бұл компьютердің аппараттық бөлігімен қабылданатын тілдер (машиналық кодтар); Компьютердің (құрастыру) нақты түрінің құрылымын көрсететін машиналық-бағдарланған тілдер; Рәсімдік-бағытталған тілдер Рәсімдік-бағытталған тілдер - рәсімдер жиынтығы немесе ішкі бағдарламаларды (C, Pascal, т.б.) сипаттауға болатын тілдер; Нақты бір класс (Lisp, Prolog) есептерін шешуге арналған мәселе-бағытталған тіл.

2 CASE технологиялар CASE технологиялар (CASE Computer -Aided System Engineering) күрделі программалық жүйелерді талдау, жобалау, жасау және сүйемелдеу методологиялардың жиынтығы болып табылады. Олар өзара біріктірілген автоматттандыру құралдар кешені көмегімен құрылымдық және обьектілік тұрғыларға негізделеді. 2.1-сурет - Бағдарламалық құралдарды әзірлеудің CASE технологиялары

Кез-келген CASE технологиясы негізінен методология/әдіс/натация/құрал алынады. Методология қандай да бір тұрғының негізінде жасалып, жұмыстың қадамдарын, қадамдардың орналасу тәртібін, сонымен қатар әдістер міндеттері мен үйлестірілу ережелерін анықтайды. Әдіс қандай да бір мақсатқа жету, яғни жұмыстың белгілі бір қадамын орындау тәсілін анықтайды. Натация деп модельдердің қандай да бір класын сипаттау үшін қолданылатын таңбалар жүйесін айтады. Натацияның графикалық және текстілік түрлері болады. Графикалық натациялар графтар, диаграммалар, кестелер, схемалар түрінде сипаттайды, ал текстілік натациялар модельдерді формальді және кәдімгі тілде сипаттайды.

CASE технологияда натациялар жобаланатын жүйенің деректер элементтерінің жасау кезеңдерінің құрылымын сипаттау үшін қолданылады. Құралдар әдістерді жүзеге асыру үшін қажетті құрал - жабдықтарды құрайды. Олар: графикалық жобаны жасау және жөндеу құралдары, жобаны абстракция деңгейі иерархиясы түрінде ұйымдастыру құралдары. Сонымен қатар түрлі деңгейлер компьютердің сәйкестігін тексеру құралдары.

CASE құралдардың мынадай түрлерін бөліп қарауға болады: талаптарды талдау, спецификациялармен құрылымдарды жобалау, интерфейстерді жөндеудің CASE құралдары (CASE1 - бірінші ұрпағы); программалық қамсыздандыруды жасаудың толық өмірлік циклін қарастыратын біріктірілген орталардың жүзеге асыру және бастапқы текстерді генерациялаудың CASE құралдары ( CASE2 - екінші ұрпағы).

CASE1 негізінен графикалық модельдерді спецификацияларды жобалаудың экрандық редакторлар мен берілгендер сөздігін қолдау құралдарынан тұрады. CASE2 айталықтай үлкен мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Мұнда жүйелік ақпарат пен жобалық процесін басқару бойынша ақпаратты бақылау, талдау және байланыстыру, жүйенің модельде- рі мен прототиптерін жасау, гене- рацияланған бағдарламаларды тестілеу, мақұлдау және талдау қамсыздандырылады.

Кейбір CASE жүйелерінде бағдарламалардың код тудыруын қолдау – бағдарламаның каркасын құру және толық өнім жасап шығару. Қосымшаларды құру үшін қолданылатын бағдарламалық өнімдер: Visual С++, Delphi, Visual Basic және т.б. қолданылады.

Қазіргі заманғы CASE технологиялар бағдарламалаушы мамандардың еңбек өнімділігін айтарлықтай өсіріп, жасалатын бағдарламалық қамсыздандырудың сапасын көтерді. Олар: жоба спецификацияларының сәйкестігінің автоматты түрде бақылануын қамсыздандырады, жүйе прототипін жасау уақытын қысқартады, жобалау және жасау процесін жеделдетеді, өмірлік циклдің барлық кезеңдері үшін арналған жобалық құжаттаманың қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес жасалуын автоматтандырады, кейбір программалық кодтарды түрлі жасау платформалары үшін генерациялайды және жүйе компонентін қайтара қолдану технологиясын қолдайды.

Бағдарламалық қамсыздандырудың өмірлік циклінің барлық кезеңдеріне өзгерістер әкелді. Мұнда жасалатын бағдарламалық қамсыздандырудың қатаң әрі көрнекі сипатталуын орындайтын талдау және жобалау кезеңдеріне көп өзгерістер енгізді. CASE технологияда қолдануға көшу кезінде бағдарламалық қамсыздандыруды жасау процесіне енгізілетін сапалық өзгерістерді атап өтейік. CASE құралдарын қолдану күрделі бағдарламаларды қамсыздандыруды жасауға кеткен еңбек шығынын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Ол негізінен жаттау және бақылау процестерінен автоматтандыру нәтижесінде қамтамасыз етеді. 3 CASE технологиясының қолданылуы

1. Бағдарламалау технологиясының құралдарына сипаттама мен анықтама беріңіздер; 2. Тұтынушы ортасының құралдарына анықтама беріп, сипаттаңыз; 3. CASE-технологияның түрлері. МОӨЖ тапсырмалары:

Әдебиеттер тізімі 1. Орлов С.А. Технология разработки программного обеспечения. – СПб: Питер, Иванова Г. С. Технология программирования.- М.: Изд- во МГТУ им. Баумана, Вельбицкий И. В. Технология программирования.- Киев, 2011.