Орындаған: Турсынбаева Дана 202 - математика. Антикалық өмір сезімімен туыс, орта ғасырлық философиядан кейінгі және оған көп жағдайда идеялық жағынан.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
ҚАЙТА ӨРКЕНДЕУ ДӘУІРІ ФИЛОСОФИЯСЫ 1. Қ айта ө ркендеу м ә дениетіні ң сипаттамалы қ ерекшеліктері 2. Қ айта ө ркендеу философиясыны ң негізгі ба ғ ыттары.
Advertisements

Тақырып: Қайта өрлеу мен жаңа заман дәуіріндегі өзін-өзі тану.
Араб-мұсылман философиясы - Орта ғасырда мұсылман дінін қабылдап, араб тілін қолданған Шығыс халықтары ойшылдарының философия ілімдерінің жүйесі. Араб.
Николай Кузанский ( ) Джордано Бруно ( )
АРИСТОТЕЛЬ Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі Орындаған: Досмухамбетов Р Муратбаев Т.
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Диалектикалық логика Орындаған:Мысыр.Сұңқар.
Дүниетанымның құрылымы.. Д ү ниетаным Дүниетаным бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз- өзіне қатынасына.
Жалпы педагогика пәніне кіріспе. Жоспар 1.Педагогиканың ғылым ретінде дамуына әсер ететін факторлар мен даму ерекшеліктері 2. Педагогикалық ғылымдар жүйесін.
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы Д Ә Р І С Тақырыбы: «Иррационализм философиясы»
1.Кіріспе б ө лім 2.Негізгі б ө лім Биоэтика туралы түсінік Этикалық қағидалар Деонтология Д ә рігер құқығы, науқас құқығы 4.Қорытынды 5.Пайдаланылған.
Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі Конституциялық құқық Алматы-2011 ж.
Экономика және оның қоғам өміріндегі орны. «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде:
Оқытушы практикант: Ержанова А.Ж.. Сабақтың жоспары: Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар Биліктің қызметтері мен жіктелуі Саяси билік пен мемлекеттік.
Әлеуметтану тарихының негізгі кезеңдері Орындаған: Тәңіртай Болатхан 11 АК.
ОМАР ХАЙЯМ Мазмұны 1 Жалпы мағлұмат 2 Өмір баяны 3 Нақыл сөздері 4 Басты еңбектері.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті Слайд – шоу Тақырыбы: Марксизм Тексерген: аға оқытушы.
Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы:Нұрмаханова Н.Ж «Иррационализм философиясы»
Қарағанды Мемлекеттік МедицинаУниверситеті Тақырыбы: Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. ххғ әлеуметтану Орындаған: Бейсенова А Тексерген: Аралбаев.
Оқушылардың дарындылығын дамыту мәселесі Орындаған:Турмуханова Асем Аманбаевна.
Қазіргі заман мұғалімінің имиджі қандай болу керек?
Транксрипт:

Орындаған: Турсынбаева Дана математика

Антикалық өмір сезімімен туыс, орта ғасырлық философиядан кейінгі және оған көп жағдайда идеялық жағынан қарама-қарсы келіп, жаңа өмірлік сезіну мен түйсінулер қалып-тасқан, мәдениет пен философия қайта өркендеген Еуропадағы ғасырлар аралығын қамтитын кезең ренессанс деп аталады. Орта ғасырдағы құдайға ұмтылатын теоцентрлік көзқарастар үстемдігінің орнына адам мәселесін алға қоятын ой-пікірлер қалыптасты, бұл кезең туындылары антика дәуірінің мұраларын кеңінен пайдалану үрдісіне көшті, сондықтан да бұл уақыт қайта (қайтадан даму ) өрлеу дәуірі деп аталды.

Қайта өрлеу дәуірі үш кезеңге бөлінеді бастапқы ренессанс (14 ғ.) ренессанстың гүлденуі (15 ғ.), соңғы ренессанс (16 ғ.).

1) Гуманисттік (14 ғасырдың ортасы мен 15 ғасырдың орта шені): Данте, Ф.Петрарка, Эразм Роттердамский, Мор, Монтень т.б.; 2) Неоплатоншылдық: Плетон, Фичино, Мирандола, Николай Кузанский (15 ғасырдың орта шені мен 16 ғасырдың басы); 3) Натурфилософиялық (16 ғасырдың екінші жартысы - 17 ғасырдың басы): Леонардо да Винчи, Коперник, Бруно, Галилей т.б. Бұл дәуірді мынадай сатыларға бөледі:

Құдай жоғары, шексіз тіршілік иесі, оның әрекетінен бірте-бірте жарату үрдісі арқылы заттар әлемі туады, әлем сатылы құрылады; ең төменгі бөлігінде енжар материя, одан кейін парасатты жан, періштелер мен құдай орналасады. Адамның жаны құдайлық пен материалдықтың аралығында де- ген идеяларын ұсына отырып, жан барлық болмыстың сатылары, ол кейіннен құдайға оралатындығының арқасында әлемді тануға қабілетті, адам ұлы ғарышты танитын – ықшамғарыш (микрокосмос), осы құдаймен тоғысатын таным адамның басты даңқы деп пайымдайды. Марсилио Фичино ( жж.) өзінің бастапқы қыз- метін Платонның, Плотиннің және Проклдың еңбектерін аударудан бастады.

Кузандық Николай (Николай Кузанский) ( жж.) - ең соңғы схоласт, әрі орта ғасырдан қайта өрлеу дәуіріне өтпелі кезеңдегі алғашқы философтардың бірі, рационалист және мис- тик, гуманист, құдайтанушы, математикалық жаратылыстанудың теоретигі, апофатикалық теология мен натурализмді бітістіруші, географ. Құқықтанушы және медик ретінде де белгілі болған. Мәселен, алғаш рет Еуропаның картасын жасаған. Негізгі шығармалары: «Католиктік келісім туралы», «Күнтізбенің түзетілуі жөнінде», «Ғалымның білімсіздігі жөнінде», «Құдайды іздеу туралы», «Қалыптасу туралы», «Ғалым білімсіздігінің апологиясы туралы», «Құдайды көру туралы», «Мүмкіндік ре- тіндегі болмыс туралы», «Құранды терістеу» т.б. қатар сегіз математикалық трактат жазған.

Патрици Франческо ( жж.) – итальяндық гуманист, философ, неоплатоншылдықтың көрнекті өкілдерінің бірі. Негізгі шығармалары: «Поэтика», «Универсумның жаңа фило- софиясы» т.б. Осы «Универсумның жаңа философиясы» деп аталатын негізгі шығармасында әлемнің бұрыннан-ақ қалыптасқан объективті шексіздігі, органикалық тұрпатты тұтастығы, иерархиялық жүйемен құрылған бірлігі туралы ілімді дамытты.

Пика делла Мирандола ( жж.) Адам ықшам-ғарыш (микрокосмос), ол өзіне жерлікті, хайуандықты және аспандық бастауды біріктіреді, алғашқысы ауадан, судан, жерден және оттан құралса, хайуандық – дене мен адамның қоректенуі, аспандық оның тану қабілеті мен ақылы. Адам хайуанға ұқсай алады, неғұрлым жетілген де бола алады, ол адамның өзіне байланысты: жануарлық деңгейге түсе ме, әлде құдайлық сатыға көтеріле ме? Сондықтан адам шексіз жетілу табиғатына ұмтылуы қажет деп түсіндірді.

Николай Кузанский тұлғалық дүниетаным ерекшелігін былайша ажыратып көрсетуді жолға қойған: 1)Орта ғасыр философиясын қорытындылаушы; 2)Қайта өрлеу дәуіріндегі философияның кіріспесі ретінде ренессанс кезеңіндегі философиялық бағдарларды ұстанушы (гуманизм, пантеизм, эмпиризм, натурализм т.б.); 3)Жаңа заман дәуіріндегі философия мен ғылымның ізашары, жол салушысы; 4) классикалық философиядағы таным теориясының генетикалық негізін қалаушы. Николай Кузанский тұлғалық дүниетаным ерекшелігін былайша ажыратып көрсетуді жолға қойған: 1)Орта ғасыр философиясын қорытындылаушы; 2)Қайта өрлеу дәуіріндегі философияның кіріспесі ретінде ренессанс кезеңіндегі философиялық бағдарларды ұстанушы (гуманизм, пантеизм, эмпиризм, натурализм т.б.); 3)Жаңа заман дәуіріндегі философия мен ғылымның ізашары, жол салушысы; 4) классикалық философиядағы таным теориясының генетикалық негізін қалаушы.

Коперник Николай ( жж.) астроном, ойшыл. «Аспан аумағының айналмалылығы туралы» деген басты еңбегінде байырғы Антика дәуіріндегі Аристарх Самосскийдің (б.э.б. 3 ғ.) гелиоцентризм идеясы қайтадан қолға алынып, жаңғыртылып, ғылыми ақиқат тұрғысынан дәйектеледі. Онда қарама-қарсылық қағидасы жүзеге асырылады: «көрініп тұрған дәйекті емес, шындық құбылыстарға жасырынған бұрылған бейнелену-лер шындық». Осы гелиоцентрлік жүйе кейіннен ғылым дамуы тарихында «коперниктік бетбұрыс» деп аталды.

Лоренцо Валла ( жж.) итальяндық гуманист, тарихшы, филолог, философ. Ол жабайылық пен софистиканың араласуы деп түсінген өз заманындағы жалған эпикурейзммен, схоластикалық логикамен және диалектикамен күресті. «Шынайы игілік ретіндегі рахаттану туралы», «Аристотельшілдерге қарсы диалектикалық терістеу» т.б. еңбектердің авторы. Мәселен, «Рахаттану жөнінде» деген жоғарыдағы еңбегінде игілік, ізгілік, әділдік жөніндегі ойларын ұсынды.

Галиллей Галилео ( жж.) – итальяндық ойшыл, классикалық механиканың негізін салушы, астроном, математик, физик, жаңа механикалық натурфилософияның бастаушысы. Ол жаратылыстану мен философияның ара жік шектеу- лерін алғаш рет ажыратты. Негізгі шығармалары: «Жұлдызды хабаршы», «Күн дақтары туралы», «Кастеллиге хат», «Әңгімелер және жаңа екі ғылым саласына қатысты математикалық дәлелдеулер» т.б.

Галиллей Галилео таным теориясында табиғатты танудың шексіз экстенсивтілігін басшылыққа алса да, интенсивті тану арқылы абсолютті ақиқатқа қол жеткізудің мүмкін екендігін көрсетті. Табиғатты тануда басты екі тәсілді ұсынды: 1.резлютивтік – қарапайым бақылауға ғана емес, жоспарлы түрде қойылған тәжірибеге сүйену керектігі туралы аналитикалық әдіс; 2.композитивтік – дедукциялық тізбекпен гипотетикалық болжамдарды талдау арқылы ақиқаттылықты тексеру. Галиллей Галилео таным теориясында табиғатты танудың шексіз экстенсивтілігін басшылыққа алса да, интенсивті тану арқылы абсолютті ақиқатқа қол жеткізудің мүмкін екендігін көрсетті. Табиғатты тануда басты екі тәсілді ұсынды: 1.резлютивтік – қарапайым бақылауға ғана емес, жоспарлы түрде қойылған тәжірибеге сүйену керектігі туралы аналитикалық әдіс; 2.композитивтік – дедукциялық тізбекпен гипотетикалық болжамдарды талдау арқылы ақиқаттылықты тексеру.

Джордано Бруно Филиппо ( жж.) - итальяндық материалист, философ, ақын. Сонымен қатар Еуропадағы құпия, әрі мистикалық ілім Каббалаға табынушы. Басты еңбектері: «Себептілік, бастама және біртұтастық туралы», «Әлемнің және заттардың шексіздігі туралы», «Ерлік интузиазмы туралы», «Біздің заманның философтары мен математиктеріне қарсы жүз алпыс тезис», «Монадо, сандар, фигура туралы» т.б.

Утопиялық социализм - «утопия» және «социализм» де-ген сөздерден біріккен, біртұтас ұғым ретінде қалыптасқан түсінік. Яғни, утопия - әзірге орындалмайтын, қиялшыл, болашақта болуы мүмкін арман-мұраттардан туған тек теориялық тұрғыдағы, абстрактілі идеялар болса, «социализм» - соиум (қоғам) деген сөзден шыққандықтан қоғамдасып өмір сүру деген мағынаны білдіреді. Қайта өрлей дәуіріндегі утопиялық социализм идеялары да осындай арман- мұраттарды аңсаудан туған құбылыс.

Кампанелла Томмазо ( жж.) - итальяндық философ, ақын, саяси қайраткер. Басты шығармасы: «Күн қаласы». Әлемнің шексіздігі туралы Галиллей идеясымен келіспеді, әлемнің көптүрлі өмір сүретіндігін негіздеді. Оның гилозоизмі барлық табиғи құбылыстар мен заттарға өзін сақтау тән екендігімен келіп түсіндірілді. Ол Демокриттің материалистік ато-мизмін жоққа шығарды, құдайды шынайы шексіздік ретінде түсінді. Болмыстың алғашқы бастаулары, неоплатонизм рухы бойынша, Даналық, Қуат, Махаббат дейді.

Қайта өрлеу дәуіріндегі ренессанстық дамуға Италияның ұлы суретшісі, табиғат зерттеуші ғалымы, көрнекті философы Леонардо да Винчидің ( жж.) қосқан үлесі зор болды. Орта ғасырлық схоластиканы сынға алған ол, оны софистика тәріздес ілім ретінде бағалайды. Оккультизм мен мистиканы барынша жоққа шығаруға тырысады. Мәселен, «философиялық тасты» іздестірудің қателігі табиғат өзінің қажеттілік заңына бағынып, өзінің ішкі даму жүйесімен жүріп отыратындықтан екендігін дәйектейді.

Мор Томас ( жж.) – ағылшын философы, құқықтанушы. Басты еңбегі «Утопияның» алғашқы бөлімінде шаруа- лардың жерлерінен айрылу туралы қайғылы жағдайларды суреттейді, екінші бөлімінде болмаған, идеалдық қоғам туралы жазады да, оның белгілі бір алыстағы аралда орнауы мүмкін екендігі туралы жобасын пайымдайды. Онда қоғамда жеке меншік болмайды, бәрі де бәріне арналады, күн сайын алты сағаттан кем жұмыс жасамайтын еңбек күні туралы айтылады, билік те, ақша да мүлде болмайды, алтын мен күмістен барлық лас әрекеттердегі ыдыстар жасалады, негізгі нәрсе қоғамдық және жеке мүдделердің сәйкестігі емес, жекенің жалпыға бағынуы деп біледі.