Орындаған: Гму 14-1 тобының студенті Бақтыбаев А. Тексерген: Ауешова Б. Ақтау 2016.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Орындаған: Гму 14-1 тобының студенті Бақтыбаев А. Тексерген: Ауешова Б. Ақтау 2016.
Advertisements

Транксрипт:

Орындаған: Гму 14-1 тобының студенті Бақтыбаев А. Тексерген: Ауешова Б. Ақтау 2016

САЙЛАУ ҰҒЫМЫ Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.кандидаттардыңсаяси партиялардыңмажоритарлықпропорционалды сайлау жүйелері

САЙЛАУ ҚҰҚЫҒЫ «Сайлау құқығы» термині 2 мағынада қолданылады: Объективті сайлау құқығы бұқаралық билік органдарының сайлау жүргізу мен құқықтық нормалар жүйесі. Субъективті сайлау құқығы сайлауға қатысу мен байланысты азамат пен басқа субъектілердің заңдық мүмкіндіктері.Сайлау құқығының негізгі қағидаларына:жалпы, тең, тікелей, жанама, ерікті, міндетті, құпия дауыс беру. Жалпы сайлау құқығы - белгілі жасқа жеткен және құқықтары бар азаматтарға сайлау құқығы.Сайлау құқығы белсенді және белсенді емес болады.Белсенді сайлау құқығы 18 жасқа толған азаматтарға ғана беріледі.Белсенді емес сайлау құқығы Конституция және Заңмен бекітілген.

Сайлау жүйесі сайлау қорытындысы шыққаннан кейін мандаттарды кандидаттарға бөлу тәсілі. Сайлау жүйесі (жалпы мағынада) қауымдық биліктің органдарын сайлаумен байланысты ретке келтірілген қоғамдық қатынастар. Сайлау жүйесінің қызметі азаматтардың депутаттыққа кандидаттарға қатысты өз еріктерін көрсету бостандығын қамтамасыз ету. Әлемде сайлау жүйесі пропорцинальды және мажоритарлы болып екіге бөлінеді. Бұл екеуінің айырмашылығы сайлаушылардың дауыстарының саны мен сайланған депутаттардың санының арасындағы теңсіздіктің (диспропорция) деңгейі. Сайлау бұл бұқаралық билік органының құрылу процедурасы немесе лауазымды тұлғаларға өкілеттік беру.

САЙЛАУ ЖӘНЕ САЙЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы (ҚР Конституциясы. 33-бап). Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады. Сайлауға қатысу азаматтардың бейкам бақылаушы емес, өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші. Бейкамдык пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашады. Сайлаушылардың сайлауга келмеуі абсентеизм деп аталады.Қазақстан Республикасыабсентеизм

Жасырын дауыс беру сайлауда сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да бір бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді. Жасырын дауыс беру: әрбір сайлаушының жеке өзі дауыс беруі, дауыс беру құқығын басқа тұлғаға беруге жол бермеу арқылы; басқа тұлға үшін дауыс беруге жол бермеу; дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушыларға сайлаушылар тізімдері арқылы сайлаушының жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі бойынша; сайлау бюллетені сайлаушының жасырын дауыс беру кабинасында жеке толтырылуы арқылы жүзеге асады. Сайлау бюллетенінде дауыс берушінің жеке басын айқындауға мүмкіндік беретін белгілер салуға болмайды. Заңда дауыс берудің жасырын тәртібін бұзған лауазымды тұлғалар мен оған кінәлілерге жауапкершілік көзделген.

Президентті, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, Мәслихат депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі принциптері бекітілген заңдық нормалар жиынтығы Қазақстан Республикасының сайлау құқығы болып табылады. Сайлаулар референдуммен қатар, халықтық биліктің жоғары нысаны бола отырып, демократияның маңызды бір элементін құрайды. Сайлаулар азаматтардың мемлекеттік билік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруға тікелей қатысуын қамтамасыз ете отырып, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыруға ықпал етеді. Сайлау құқығы Республикадағы конституциялық дамуға байланысты үнемі жетілдіріліп отырады.

сайлауды ұ йымдастыру мен ө ткізуге байланысты құ жаттар мен материалдарды ң са қ талуын, сондай-а қ аума қ ты қ сайлау комиссиялары орналас қ ан ү й-жайларды ң тиісті к ү зетін қ амтамасыз ету ж ө нінде шаралар қ абылдасын;

Сайлау халықтың тура өз қалауын еркін білдіру формасын көрсетеді, демократияның өте маңыздылығын көрсету және демократиялық мемлекеттің тұрақтылық негізгі бөлігі болып табылады. Сайлау күні ол демократия мерекесі. Ол кейде ғана саяси адамдардың және олардың көшбасшыларының манипуляциялық нысанына айналады. Сайлау кампаниясы дауыс беруді санаумен, анықтаумен және сайлау қорытындысын хабарлаумен аяқталады. Дауыс беруді санау өркениетті елдерде ешқандай қиындық туғызбайды.