Көпатомды спирттер.. Көп атомды спирттер көмірсутектердің құрамында бірнеше гидроксил тобы бар туындылары. Көпатомды спирттерге этиленгликоль С 2 Н 4.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Көпатомды спирттер.. Көп атомды спирттер көмірсутектердің құрамында бірнеше гидроксил тобы бар туындылары. Көпатомды спирттерге этиленгликоль С 2 Н 4.
Advertisements

Сабақтың мақсаты: оқушылардың спирттердің жіктелуі жөніндегі мағлұматтарын дамыту. Глицерин мысалында көпатомды спирттердің алынуын, физикалық және химиялық.
Транксрипт:

Көпатомды спирттер.

Көп атомды спирттер көмірсутектердің құрамында бірнеше гидроксил тобы бар туындылары. Көпатомды спирттерге этиленгликоль С 2 Н 4 4(ОН) 2, глицерин С 3 Н 5 (ОН) 3, ксилит С 5 Н 7 (ОН) 5, сорбит С 6 Н 8 (ОН) 6, т.б. жатады. Екі гидроксил тобы бар спирттерді гликолъдер немесе алкандиолдар деп атайды. Жалпы формуласы: С n Н 2n (ОН) 2.спирттергидроксилэтиленгликоль

Глицерин Глицерин СН 2 ОН СНОН СН 2 ОН тәтті дәмі бар түссіз, қоймалжың сұйықтық.Сумен кез келген мөлшерде араласады. Атмосфералық қысымда 290С-та қайнап, ыдырай бастайды, сондықтан оны белгілі бір қысымда айдайды. Глицеринді өнеркәсіпте пропиленнен алады. Көп мөлшерде химия және тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Глицерин гигроскопиялық зат болғандықтан, теріні жұмсартатын қасиетіне байланысты парфюмерияда, былғары өнеркәсібінде пайдаланады. Сонымен қатар глицерин қопарылғыш заттар және дәрі-дәрмектер өндіруде медицинада қолданылады. Дикарбон қышқылдары және олардың туындыларымен глицеринді әрекеттестіріп, полимерлі қосылыс полиэфир алады.

Глицериннің қолданылуы.

Алынуы. 1.Этиленгликольді этиленді калий перманганатының сұйытылған ерітіндісімен тотықтыру арқылы алуға болады. 2.Этиленгликольді этиленнің гологентуындысынан алуға болады. 3.Глицеринді де этиленгликоль сияқты алкеннен алуға болады.

Физикалық және химиялық қасиеттері ФИЗИКАЛЫҚ КАСИЕТІ: Глицерин мен этиленгликоль-түссіз, тәтті дәмді, иісі жоқ қоймалжың сұйықтықтар. Суда өте жақсы ериді. ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТІ: Этиленгликольге натриймен әсер еткенде гликоляттар түзіледі. Біратомды спирттер сияқты көпатомды спирттер де галогенсутектермен әрекеттеседі.

ТАҚЫРЫПТЫ БЕКІТУ СҰРАҚТАРЫ. 1.Көпатомды спирт дегеніміз не? 2.Көпатомды спирттің жалпы формуласы? 3.Глицериннің қолданылуы? 4.Этиленгликольдің физикалық қасиеті? 5.Көпатомды спирт немен әрекеттеседі? 6.Глицериннің қайнау температурасы неше?

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!