Денелік жасушалардың бір- бірімен қосылатыны жөніндегі болжаулар ХІХғасырдың басында олардың көп ядролы екендігі белгілі бола бастағаннан кейін айтыла.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
ТАҚЫРЫБЫ: Үлкен қуаттағы және кіші қарқындылықтағы лазер сәулесінің әсер етуінің биофизикалық механизмдері Орындаған: Ералханова А. Мухитдинова Г. Охас.
Advertisements

Денелік жасушалардың бір- бірімен қосылатыны жөніндегі болжаулар ХІХғасырдың басында олардың көп ядролы екендігі белгілі бола бастағаннан кейін айтыла.
Транксрипт:

Денелік жасушалардың бір- бірімен қосылатыны жөніндегі болжаулар ХІХғасырдың басында олардың көп ядролы екендігі белгілі бола бастағаннан кейін айтыла басталған. Бірақ та денелік (соматикалық ) жасушалардың гибридтері алғаш рет тек қана өткен ғасырдың 60- шы жылдары ғана алынды.

1960-шы жылы Барский тышқан саркомасының бір жасушасынан өсірілген, құрамында əртүрлі хромосомалары бар жəне морфологиялық құрылымы өзгеше екі желілік культураларды қосу нəтижесінде алған болатын. Алынған гибридтік жасушалар құрамындағы хромосомалар саны бойынша өздері шыққан желілік (линейных) жасушалар санынан өзгеше екендігі жəне беткі антигендері екі желілік жасушалардікіндей болатынын анықтаған.

Агрегациялық əдіс. Бұл əдісті жылдары Тарковский (Польша) жəне Минц (США, Филаделфия) екеуі бір кезде ұсынған. Аталған əдіс бойынша ұрғашы донор жатырынан 8-бластомер кезеңіне (стадиясына) дейін бөлінген, əр түрге жататын хайуандардың (мысалы, қара жəне ақ түсті тышқандар) ұрық жасушасы сорылып алынып, олардың агрегациялануына жағдай жасалынып, 16 жасушалы ұрықтың дамуына дейін ұсталады. Инекциялық əдісті 1968 ж. Р. Гарднер ойлап тапқан. Мұнда бластоцит кезеңіндегі эмбриондар пайдаланылады. Алғашында бластоцитті бекітеді, сонан соң өте кішкене микроқондырғыларды пайдалану арқылы донордың ішкі бластоцит жасушасын эмбрион-реципиент бластоцельіне енгізеді. Осындай жолмен өте ерте мерзімдегі эмбриондардың ішкі жасушаларын ендірумен бірге, кешірек мерзімдегі мамандандырылған жасушаларды да егуге болады. Түр аралық агрегациялық əдісі арқылы химерлі хайуандардың жаңа қалыптасқан ұрықтары (зародыш) тек 1970 жылдары, жай тышқан мен көртышқан жасушаларын қосу жолымен алынған, ал бірінші тірі химерлі ұрпақты 1973 ж. Р. Гарднер мен М. Джонсон деген ғалымдар алған. Осы жұмыстар барысында, агрегациялық əдіс арқылы, ірі қара малдарының химерлі ұрпақтарын алу мүмкін емес екені анықталған ж. бір кезде Англия мен ФРГ мемлекеттерінде қой мен ешкі арасындағы химерлі ұрпақ – козран алынған.

Табиғи жағдайда ешкі мен қой ұрықтана алмайды, себебі олардағы хромосомалар саны əртүрлі; ешкіде 2n =60, ал қойда 2n = 54 хромосомалары болады. Германия мемлекетінде 1985 ж. 32 жасушалық эмбрионның жартысын агрегациялық əдіс арқылы өңдеу жолымен швидтік (қоңыр) жəне голштино-фриздік (қара- ала) сиыр тұқымдарының химерлік бұзаулары алынған. Бұзаудың фенотипінде ата-аналарының екі түсі де көрініс берген.

Қытай аграрлық университетіне қарасты мемлекеттік агробиотехнологиялық зертханасының ғалымдары (Нин Ли) адам генін сиыр эмбрионы ДНҚ-на ендірген. Нəтижесінде ересек сиырдан сауылып алынатын сүт, құрамы бойынша ана сүтіне өте жақын болып шыққан. Сиыр сүті мен ана сүті арасындағы басты айырмашылық – ақуыз көлемінде екендігі белгілі. Қалыпты сиыр сүтінде ақуыз (3,2%) ана сүтімен салыстырғанда (1-1,2%) анағұрлым көп болады. Бұл өз кезегінде бұзаудың қатарластарынан қалмай тез өсіп-жетілуін қамтамасыз етеді. Ал ана сүтіндегі ақуыз мөлшері, нəрестенің қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті. Бұған керісінше – ана сүті құрамында лизоцим ферменті анағұрлым басым келеді. Лизоцимнің антибактериальді қабілетке ие екендігі белгілі. Ол патогенді бактериялардың қабығын еріте алуы себепті, нəрестенің алғашқы айларында инфекциялық ауруларынан сақтануын қамтамасыз етеді.