Орындаған: Құланкәдір А. Тобы: ЕП – 13 – 4 а Қабылдаған: Ауелова Қ. Е.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Орындаған: Құланкәдір А. Тобы: ЕП – 13 – 4 а Қабылдаған: Ауелова Қ. Е.
Advertisements

Транксрипт:

Орындаған: Құланкәдір А. Тобы: ЕП – 13 – 4а Қабылдаған: Ауелова Қ. Е.

Мақсаты : Табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың физиологиялық өсіп жетуіне экологиялық мәдениеттің ауадай қажет екендігі жөнінде көз жеткізу. Экологиялық аймақтар туралы мағұлмат бере отырып экология ұғымын жан-жақты ұғындыру. Табиғатты сүйе білуге, қорғай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақ түрі : ойын сабақ Сабақ әдісі :сұрақ-жауап, «оқытушы – студент » Көрнекілігі : слайдтар, үлестірме қағаздар

Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Тарихы Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін азғалар қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады (К.Мәбиус, 1877; С.Форбс, 1887). Эрнст Геккель 20 ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал экологияның алтын ғасыры аталған 20 – 40-жылдары популяциялар мен қа- уымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, Экологиялық пирамидалар ұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В.И. Вернадскийдің Биосфера атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі азғалар жиынтығының – жердің тірі затының ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты.

БиоэкологияГеоэкологияАдам экологиясы Әлеуметтік экология Қолданбалы экология АутэкологияҚұрлықҚала экологиясы Жеке адам экологиясы Өнеркәсіптік (инженерлік) СинэкологияТұщы суХалықтар экологиясыАдамзат экологиясыТехнологиялық Популяциялық экология ТеңізЭкологиялық сәулет Мәдениет экологиясы Ауыл шаруашылық БиогеоценологияЖоғары таулыЭтноэкологияМедициналық ҒаламдықКәсіпшілік ӨсімдіктерХимиялық ЖануарларРеакрациялық МикроорганизмдерГеохимиялық Су ағзалары Табиғатты пайдалану Қазіргі заманғы экологияның құрылымы

Жаңа ғылым салалары Қазіргі кезде экология ғылымы көптеген басқа да ғылымдармен тығыз байланыста дамып, жаңа ғылым салалары мен бағыттары пайда болуда. Мысалы, әлеуметтік экология, өнеркәсіптік экология, геоэкология, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы экологиясы, ғаламдық экология және т.б.: Әлеуметтік экология табиғат пен қоғам арасындағы өзара карым-қатынас заңдылықтарын "табиғат + адам + қоғам" жүйесі негізінде зерттейді. Өнеркәсіптік экология өнеркәсіптік нысандардың тірі ағзаларға және қоршаған орта жағдайларына әсерін зерттейді. Геоэкология жер бетіндегі экожүйелердегі және биосфералық деңгейдегі сыртқы орта құбылыстарының өзара байланысын және олардың тірі азғалармен қарым- қатынасын зерттейді. Ауыл шаруашылығы экологиясы ауыл шаруашылығы салаларының сыртқы ортамен өзара қарым-қатынасын агроценоздардың даму өзгеру заңдылықтарын және ауыл шаруашылығы салаларының бір-біріне әсерін зерттейді. Ғаламдық экология биосфера деңгейіндегі, тіпті Күн жүйесіндегі әлемдік құбылыстарды, табиғи өзгерістерді зерттейді. Мысалы, эпидемиялық аурулар, климаттың жаппай жылынуы, азон қабатының жұқаруы, ядролық қауіп катерлер, шөлейттенудің алдын алу, т.б.

Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті Экология ғылымының казіргі басты стратегиялық міндеті биосфераның құрамды бөлігі ретінде адамзат қоғамының табиғатпен өзара карым-қатынасының үйлесімділігін сақтауға негізделген ғылыми теорияларды дамыту.Тіршілік өрісінің маңызды қыры климат және топография секілді фақторлармен катар шеқтеулі аумақ немесе басқа ресурстар үшін бәсеке күресіне түсе алатын басқа тұрлердің болуы. Сонымен бірге экологияның кезек күттірмейтін іргелі міндеттері мыналар: а) табиғат байлықтарының қорын азайтпай-ак экологиялық кауіпсіздікті қамтамасыз ету; ә) өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірістерінің экологиялық негіздерін жетілдіре түсу; б) экологиялық мәселелерді шешуде әлеуметтік және экономикалық механизмдердің тиімді жолдарын жасап шығару; в) табиғатты пайдалануды басқарудың ұйымдастыру-құкықтық мәселелерін дұрыс шешу; г) әлеуметтік-экологиялық болжаулардың әдістерін дамыта түсу.

Ластау көздері Химиялық ластану -тыңайтқыштармен, пестицидтермен, ауыр металдармен т.б.ластану. Ең қауіптілері бензол, пестицидтер, нитраттар, нитриттер, полихлорланған дифенилдер. Қоршаған ортаға шығарылатын ластаушы заттардың 400 мыңға жуық түрі бар. Негізгілері:тыңайтқыштарменпестицидтерменауыр металдарменбензолпестицидтернитраттарнитриттер СО 2 -көміртегі тотығы. Организмнің тұншығуына әкеліп соғады. COCI 2 -фосген. Өкпенің солуына әкеліп соғады. NH 3 -аммиак. Тоңазыту қондырғыларында кездеседі. NO х -азот оксидтері. Жану өнімдерінен түзіледі H 2 S -күкіртті сутегі. Өте улы Ауыр металдар және олардың қосылыстары. Әскери-ғарыштық және сынақ кешендері полигондарының әсері Байқоңырдан Протон зымыраны ұшу сәті.Протон Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы территориясында төрт әскери-сынақ полигондары және "Байқоңыр" кешені жұмыс жасайды. Ракеталардың жерге түскен бөлшектері, құлаған ракеталар, өте улы ракета жанармайларының төгілулері т.б. нақты экологиялық қатер туғызуда.Байқоңыр "Байқоңыр" космодромынан тасымалдаушы-зымырандардың ұшырылымдарын қамтамасыз ету үшін, жалпы ауданы 12,24 млн. гектарға тең ракеталардың бөлшектері түсетін арнайы құлау алаңы бөлінген. Осыған байланысты ракеталық-ғарыштық қызметтің қоршаған ортаға және халық денсаулығына әсерін төмендету, ракеталық-ғарыштық кешеннің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі алаңдатып отыр.ракеталардың Қазақстаның экологиялық қауіпсіздігіне елеулі қатер туғызып отырған радиоактивті ластану. Оның ішінде 30%-ы радиоактивті газ-радонның мүмкіндігі жоғары. Қазақстан мекемелерінде 50 мыңнан астам пайдалануға жарамсыз иондаушы сәуле шығаратын құралдар бар жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат саны әлі азаймай отыр. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамандардың айтуынша, соны бәрі қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты.радонныңСемейПавлодаррадиациялық сәулеленудің Семей полигонына

Қазақстан Республикасының экологиялық проблемалары Ұлттық экологиялық проблемалар: Арал теңізініңАрал теңізінің акваториясын қысқарту және тұздану дәрежесі жоғары жаңа шөлді аумақтардың түзілуіне байланысты оның табанының жалаңаштануы; Бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының болуы; Каспий теңізіКаспий теңізі шельфінің ресурстарын қарқынды түрде игеру арқылы теңіз және жағалаулық экожүйелерге әсер ету; Су ресурстарының ластануы және сарқылуы; Тарихи ластанулар Трансшекаралық экологиялық проблемалар Әскери-ғарыштық және сынақ кешендері полигондарының әсері Жергілікті экологиялық мәселелер: Ауа бассейнініңАуа бассейнінің ластануы; Радиоактивті ластану; Бактериологиялық ластану; Химиялық ластануХимиялық ластану; Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар.

Экологиялық қауіпсіздік Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық қауіпсіздік бағыттарының бірі болып саналады. Бұл саланың маңызды құжатнамасына жылдарға арналған ҚР экологиялық Концепциясы жатады. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар алынуда. Экологиялық қауіпсіздік төңірегіндегі мемлекеттік саясат мақсаттарына табиғи жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаға әсер ететін табиғи және антропогендік әсерлер нәтижесінде пайда болған қауіп қатерден сақтау жатады. Бұл мақсатқа жету үшін келесі мәселелер өз шешімін табуы қажет: климаттаклиматта өзгеріс тудыратын және жердің озон қабатын бұзатын антропогендік әсерді төмендету;озон қабатын биоәралуандылықты сақтау және жердің деградациясы (құнарлылығы төмендеу) мен шөлдену процестерінің алдын алу;деградациясышөлдену Экологиялық апаттыЭкологиялық апатты аймақтарды, әскери космостық және сынақ кешендері полигондарын қайта қалпына келтіру; полигондарын Каспий теңізіКаспий теңізі қайраңының ластануының алдын алу; су ресурстары азаюы мен ластануына жол бермеу; тарихи ластанулардың ауа бассейнінің ластануының, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық, сол сияқты трансшекаралық ластанулардың алдын алу және жою; өндірістік және тұрмыстық қалдықтар көлемін азайту;қалдықтар табиғи және техногендік төтенше жағдайлардың алдын алу;

Қорытындылау сұрақтары «Табиғи жүйе», «ботаника философиясы» еңбектерінің авторы: А)К.Линней В)Ч.Дарвин. С) Ж.Б.Ламарк Д) К.Ф.Рулье Е) Э. Геккель «Табиғи сұрыпталу»теориясының авторы: А)К.Линней В)Ч.Дарвин. С) Ж.Б.Ламарк Д) К.Ф.Рулье Е) Э. Геккель Экология дегеніміз: А)жануарларды зерттейді В) тірі ағзалардың сыртқы ортамен өзара байланысы С) қоршаған ортада өсімдіктердің талалуын зерттейді. Д) Адам ағзасын зерттейді. Е)Табиғатты зерттейді. Экология терминін енгізген ғалым- А)К.Линней В)Ч.Дарвин. С) Ж.Б.Ламарк Д) К.Ф.Рулье Е) Э. Геккель Нақтылы географиалық таралу аймағы ағзаларды зерттейдін ғылым. А)экология В) биогеография С) биотика Д) биология Е) ботаника

Жауаптары: 1.А) К. Линней 2. В) Ч. Дарвин 3. Е) Табиғатты зерттейді 4. Е) Э. Геккель 5. А) Экология