Орындаушы: резидент-офтальмолог Асембек қ ызы Б. Ғ ылыми жетекші: м. ғ.д, Профессор Аубакирова А.Ж. Алматы-2016 ж С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Орындаушы: резидент-офтальмолог Асембек қ ызы Б. Ғ ылыми жетекші: м. ғ.д, Профессор Аубакирова А.Ж. Алматы-2016 ж С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ.
Advertisements

Транксрипт:

Орындаушы: резидент-офтальмолог Асембек қ ызы Б. Ғ ылыми жетекші: м. ғ.д, Профессор Аубакирова А.Ж. Алматы-2016 ж С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Қазақ көз аурулары ғылыми зерттеу институты

Нәрестелер дакриоциститі – жас- мұрын өзегінің бітелуі салдарынан пайда болған қабыну ауруы

Жалпы көздің қабыну аурулары ішінде жас ағу жолының тік бөлігі патологиялары 2%- тен 7,5 %, ал нәрестелер дакриоциститі 7- 14%құрайды Жас-мұрын өзегін зондтау нәрестелер дакриоциститі еміндегі ең нәтижелі және радикальды ем болып табылады

Жұмыстың мақсаты - нәрестелер дакриоциститі емінде жас- мұрын өзегін зондтау нәтижелерін сараптау

Материалдар мен зерттеу әдістері Бақылауда 54 нересте қаралды. Нәресте жастары 2 аптадан 3 жасқа дейінгі аралықта болды

Қоймалжың немесе іріңді бөлініс Жас қалташа маңындағы қызару, ісіну Нәресте мазасыздығы

Зондтауға дейін 100% нәрестеге көз тамшылары тамызылған және жас қалташасының массажы жасалынған

Жергілікті жансыздандыру үшін конъюнктивалық қуысқа ауырсыздандыратын 0,5% алкаин ерітіндісін 2-3 рет тамызылды Зихель коникалық зондымен жоғарғы немесе төменгі жас тесігін кеңейтілді

Кеңейген жас тесігі арқылы Боумен зондын фронтальды бағыттан мұрын-жас өзегі бағытымен вертикальды бағытқа өзгертеді Зондты жүргізу барысында жабық мембрана персистенциясы анық сезіледі

Зондтау нәтижесін тексеру үшін, конюлья кигізілген 5 мл шприцпен антисептикалық ертінді жіберілді. Өтімділік қалпына келгенінің белгісі ретінде сұйықтық мұрын- жас өзегі арқылы кедергісіз мұрыннан шықты Барлық нәрестелер көзіне 0,25% левомицетин ерітіндісі тамызылды

Зондтау нәтижесінде нәрестелердің 100 %-да жас-мұрын өзегі арқылы сұйықтық еркін өтті. Зондтау барлық жағдайда асқынусыз өтті, ешқайсысында «жалған жол» болмады. 54 нәресте де, зондтаудан соң қайталамалы емді қажет етпеді