Та қ ырыбы: Геосаясат: дефинициялары, ә дістері, функциялары.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Та қ ырыбы: Геосаясат: дефинициялары, ә дістері, функциялары.
Advertisements

Транксрипт:

Та қ ырыбы: Геосаясат: дефинициялары, ә дістері, функциялары

Д ә ріс жоспары: Геосаясат Ғ ылыми концепция ретінде. Геосаясатты ң негізгі т ү сініктері мен категориялары. Геосаясатты ң ә дістері мен функциялары.

1. Геосаясат ғ ылыми концепция ретінде. «Геосаясат» гректің екі сөзінен құралған: geo-жер, politicos- мемлекет немесе үкімет формасы, оның азаматтармен және өзге мемлекеттермен қатынасы. Ғылыми пән ретінде ХХ ғасырдың басында саяси географиядан бөліну арқылы қалыптасты. «Геосаясат» терминін ғылыми айналымға швед ңалымы Р. Челлен ( ) енгізді, оны «мемлекетті географиялық организм немесе кеңістіктік феномен» ретінде қарастырды. Геосаясат түсінігі 2 мағынада қолданылады: Тар мағынада –өзіне тән әдістерге ие және мемлекет саясатының географиялық факторларға тәуелділік деңгейін зерттейтін ғылыми пән; Кең мағынада- ол мемлекет саясатының географиялық және территориялық факторлармен байланысын көрсетеді. Геосаясат мемлекеттің сыртқы және ішкі саясатын, стратегиясын географилық факторлар тұрғысынан зерттейді. Ғылымның мақсаты – мемлекет даму жолында территориялық басқыншылықтың объективті қажеттілік екенін мойындау саналады, себебі бөлініске салынған әлемнің кеңістігін бір мемлекет екіншісінен тек қарудың күшімен тартып ала алады.

Кейінгі кезеңде Қазақстанда да қарқынды дамып келе жатқан геосаясаттың қалыптасуына Полибий, Аристотель, Фукидид, Н.Макиавелли, Жан Боден, К.Хаухофер, Ф.Ратцель, Р.Челлен сияқты әр заманның ғалымдары ерекше үлес қосқан. Геосаясаттың кейбір аспектілері ежелгі және ортағасырлық авторлармен зерттелінсе де, ғылым ретінде ХІХғ.соңы мен ХХғ.басында қалыптасты. Осы кезеңде дүниені қайта бөліске салу төнірегіндегі талас- тартыстар мен күрес әлемдегі жанжалды жағдайды одан әрі күшейте түсті. Осылайша, ХІХғ.соңында әлемде қалыптасқан ғаламдық жанжалдың туындауы геосаясат ғылымының туындауына тікелей әсер етті. Геосаясаттың қалыптасу мен шапшаң дамуы жетекші мемлекеттерде геосаяси мектептердің қалыптасуына алып келді. Неміс, англо – саксон, француз, орыс геосаяси мектептердің көрнекті өкілдері ғаламдық процестерді өз елдерінде қалыптасқан саяси жағдай тұрғысынан, яғни ұлттық мүдде тұрғысынан зерттей бастады. Бұл мектептердің қайшылықтарынан талассократия- теллурократия- еуразия сияқты іргелі геосаяси ағымдар пайда болды.

Геосаясат терминін ғылымға Р.Челлен енгізгенімен, ғылым ретінде қалыптасуына Ф.Ратцель үлес қосты. Оның пікірінше, геосаясат мемлекетті тұрақты әрі өзгермейтін бірлік ретінде емес, тірі ағза ретінде қарастырады. Ғасырлар тоғысында геосаясат 3 негізгі ғылыми бағыттың ықпалымен қалыптасты: Өркениеттік концепцияның қалыптасып, дамуына орыс биологы, тарихшысы Н.Я.Данилевский, неміс философы О.Шпенглер, американ ғалымы С.Хантингтон ерекше үлес қосты. Данилевский Ресей империясы өз саясатында ең алдымен «славяндық мәдени- тарихи типті» дамытуға, нығайтуға назар аудару керектігін көрсеткен. ХХғ.басында неміс философы О.Шпенглер өкениетті биологиялық ағзаға ұқсатып, олар ұрықтану, туындау, өсу, даму, қартаю, өлу секілді фазаларды бастан кешедң деген. Ал С.Хантингтон пайымдауынша өркениеттер қақтығысы әлемдік саясат пен халықаралық сахнадағы жетекші факторға айналады. Әскери – стратегиялық теориясының өкілдеріне итальян ойшылы Н.Макиавелли, неміс әскери стратегтері Карл фон Клаузевиц пен Иоганн Мольткені, американ әскери маманы А.мэхенді жатқызамыз. Географиялық детерминизм, географиялық орта мен факторлардың адамзат өмірі мен тарихқа ықпалы туралы идеяларды Геродот, Гиппократ, Полибий, Фукидит, басқа да антикалық ойшылдар еңбектерінде кездестіре аламыз

2. Геосаясат негізгі т ү сініктері мен категориялары Геосаяси процестерді кезеңге бөлудің өзіндік нұсқасын ХХғ.басында Х.Макиндер ұсынған: Колумбке дейінгі кезең. Бұл дәуірде Әлемдік Арал перифериясын мекендейтін халықтар, мәселен римдіктер Хартлендті мекендейтін халықтардан үнемі қысымға ұшырап отырды. Колумб дәуірі.осы кезеңде Римленд өкілдері, яғни Еуропаның алдыңғы қатарлы ұлттары ешқандай қарсылықты кездестірместен басқа территорияларды жаулай бастады. Постколумбтік дәуір. Бұл кезеңде жауланбаған жер іс жүзінде қалмады. Сол себептен өркениеттердің шапшаң дамуы үлкен қақтығыстарға алып келіп, жер шары халықтарын ғаламдық азамат соғысының шеңберіне тартты. Геосаяси процестерді кезеңдеудің тағы бір кең таралған түрі бар: 1.Вестфаль дәуірі ( ) 2.Вена дәуірі ( ) 3.Версаль – Вашингтон дәуірі ( ) 4.Ялта – Потсдам дәуірі ( ) 5.Постбиполярлы дәуір (1991-ден қазірге дейін).

3. Геосаясат әдістері мен функциялары Геосаясат өзге де ғылымдар сияқты көптеген заңдылықтарды зерттейді. Дуализм – екі құбылыстың, яғни құрлық пен теңіз арасындағы мәңгілік теке- тірес пен қайшылығы. Фундаменталды дуализм заңын зерттеуге әсіресе американ ғалымы А.Мэхен мен британ географы Х.Макиндер ерекще кқңіл бөлген. Құрлықтық құдыреттілік немес теллурократияға тән қасиеттер: оның нақты шекаралары мен кеңістігі бар, отырықшылық, еркіндіқ шектеулігі, қатаң моральдік немес құқықтық нормалардың жетекшілік танытуы. Теңіз құдыреттілігі немесе талоссократияны мүлде басқа өркениет деп есептейтін ғалымдар оны әлдеқайда ашық, оған техникалық прогресс, индивидуализм, еркіндік, кәсіпкерлік рух тән дейді. Теллурократия мен талоссократияның сан ғасырлық бәсекелестігі өз маңызын әлі күнге дейін жоғалтқан жоқ. Дегенмен ІІд.ж.с. кезінде және одан кейінгі уақыттарда техниканың шапшаң дамуы арқасында геосаясат ғылымында «әуе геосаясаты», «аэрократия», сондай - ақ «эфирократия», яғни ғарыш факторы секілді заңдылықтар пайда болған.