Орындаған : Атадусова Нурзия ЮП -15-1 тобы СОӨЖ 3 Тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Орындаған : Атадусова Нурзия ЮП тобы СОӨЖ 3 Тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары.
Advertisements

Транксрипт:

Орындаған : Атадусова Нурзия ЮП тобы СОӨЖ 3 Тақырыбы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары

Жоспар : Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының конституциялық жүйесі және түрлері; Мемлекеттік билік органдарының ұғымы және негізгі белгілері; Мемлекеттік органдар түрлері.

Мемлекеттік орган - мемлекеттің белгілі бір функцияларын жүзеге асыруға қатысатын және сол үшін билік өкілеттіктерін иеленетін мемлекеттік аппараттың бір буыны. Мемлекеттік органдар мемлекет механизмінің ең басты және маңызды құрамдас элементі болып табылады. Мемлекеттік органдар мемлекет атынан және оның тапсырмасы бойынша әрекет етеді. Мемлекеттік органдар тиісті нысандар мен әдістерді пайдалана отырып, тек өзіне ғана тән мақсаттар мен міндеттерді орындайды ( осы орайда билік өкілеттіктеріне, соның ішінде қажет болған жағдайда мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіндігіне ие ) Мемлекеттік орган дегеніміз – бұл мемлекеттік міндеттердіорындаушы және осы мақсатқа сәйкес биліктік өкілеттіктерді иеленген ұйым немесе мекеме.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының құрылымына мыналар жатады : Өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныштылықтағы мемлекеттік органдар. Биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым, т. б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар. Басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер. Мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары.

Мемлекеттік органдардың түрлері көп. Олар келесі негіздер бойынша жіктеледі. Құрылу тәртібі бойынша – тікелей халықпен сайланатын органдар және басқа мемлекеттік органдармен құрылатын органдар ; Қызметінің құқықтық нысандарына қарай – құқық шығармашылық, құқық қолдану және құқық қорғау органдары. Бағыныстылық сипаты бойынша – тек тік бағыныстылықтағы және қосарланған немесе көлденең - тік бағыныстылықтағы органдар ; Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысаны бойынша заң шығарушы, атқарушы, сот және бақылай - қадағалау органдары ажыратылады ;

Мемлекеттік органдардың жіктелуі Биліктің тар - мақтарға бө - ліну қағида - сы бойынша Құзыретті жүзеге асыру тәртібі бойынша Иерархия бойынша Өкілеттік мерзімі бойынша Құзыреттің сипаты бойынша атқарушыфедералдықтұрақтыалқалық Жалпы құзыретке ие органдар Заң шығарушы сот республикалық жергілікті уақытшажалғызілікті Арнайы құзыретке ие органдар

Осылайша, мемлекеттік органдар көптеген түрлерге жіктеледі және олардың әрбірі осындай біртектес органдарды тануға мүмкіндік береді. Мемлекетт i к органның құзырет i, өк i летт i г i, функциялары мен м i ндеттер i Конституцияда, заңдарда және Президент, Үк i мет, өз i нен жоғары тұрған орталық мемлекетт i к орган қабылдайтын өзге де нормативт i к құқықтық акт i лерде белг i ленед i.