М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті Мамандығы: Жалпы медицина Дисциплина: Микробиология Кафедра: Микробиология, иммунология,

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Мамандығы: Жалпы медицина Пән: Информатика Кафедра:
Advertisements

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Кафедра: анатомия Факультет: жалпы медицина Тақырыбы: Жүректің ірі қан тамырларының
Орындаған: 105 Б Тексерген: Мәдихан Ж.Ш Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Кафедра: Жаратылыстану ғылыми пәндер.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университеті Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылыстарында қолданатын фитотерапия Орындаған: Қабиева.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті факультет: жалпы медицина кафедра: патологиялық анатомия Тақырыбы:Өңеш аурулары:
М.Оспанов атында ғ ы Батыс Қ аза қ стан мемлекеттік медицина университеті Кафедра: Неврология, психиатрия ж ә не наркология. Факультет: Жалпы медицина.
Орында ғ ан: Алдашева Санду ғ аш 310 А Тексерген: Аманжол қ ызы Айн ұ р Марат Оспанов атында ғ ы Батыс Қ аза қ стан Мемлекеттік Медицина Университеті Университеті.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина Унтверситеті Маманды ғ ы : жалпы медицина Кафедра: патологиялы қ физиолоия Дисциплина: патологиялы.
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Тақырыбы: Клебсиеллалар.Патогенділігі, экологиясы, маңызы.Микробиологиялық диагностикасы.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Факультет : Жалпы медицина Кафедра : Цитология, эмбриология, гистология СТУДЕНТТІҢ.
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Тақырыбы: Ж ү рек құ рылысыны ң ж ә не қ ан тамырларыны ң балалы қ ша қ та ғ ы ерекшеліктері.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Орындаған:Каниев А 307 Тексерген:Султанова А.Т.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Студенттің өзіндік жұмысы 5 Тақырыбы: Орындаған: Тексерген: Топ:
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Факультет: Жалпы медицина Дисциплина: Қалыпты физиология СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ.
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті Мамандығы: Жалпы медицина Дисциплина: Микробиология Кафедра: Микробиология, иммунология,
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Мамандығы: Жалпы медицина Пән: Дәлелді медицина негіздері.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Факультет: Жалпы медицина Тақырыбы:Мешел ауруының визуалді.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті Жалпы гигиена және экология кафедрасы Студенттің өзіндік жұмысы Дисциплина:Жалпы.
Студенттің өзіндік жұмысы Тықырыбы : Г игиенаны ң қ алыптасуы ж ә не даму тарихы. Дисциплина : Жалпы гигиена ж ә не экология кафедрасы Мамандығы: Жалпы.
Орындаған : Нуримова А. Тексерген : Жанаманова Р. Н. Тобы : 210 А Ақтөбе 2016 ж М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті.
Транксрипт:

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті Мамандығы: Жалпы медицина Дисциплина: Микробиология Кафедра: Микробиология, иммунология, вирусология Тақырыбы: Баяу вирустық қоздырғышы. Приондар баяу инфекция қоздырғышы. Орындаған: Ідірісова Б.Т Тобы: 203 Б Қабылдаған: Жанаманова Р.Н Ақтөбе 2016 жыл

1.Кіріспе Баяу вирустық инфекция туралы түсінік 2. Негізгі бөлім a)Баяу вирустық инфекция белгілері b)Приондық аурулар c)Адамдар мен жануарлардың приондық аурулары d)Патогенезі және клиникалық көріністері e)Приондық ауруларға микробиологиялық диагноз қою 3. Қорытынды

Баяу инфекция инфекциялық патологияның өзгеше бір түрі. Оның ерекшеліктеріне вирустың организмде ұзақ сақталуы, аурудың жасырын мерзімінің ұзақтығы және сылбыр өтуі, алғашқы кездердегі клиникалық белгілерінің анықсыздығы жатады және міндетті түрде өліммен аяқталады. Ауру қоздырғышының туріне сай баяу инфекция 2-ге бөлінеді. Бірінші топқа ДНҚ және РНҚ-ды вирустар туғызатын 14 аурулар жатады. Олардың ішінде құтыру, СПИД, жасөспірімдердің склероздаушы панэнцефалиті, лимфоцитарлық хориоменингит т.б. бар. Екінші топқа приондар туғызатын трансмиссивті кеуекті энцефалопатиялар жатады. Олардың ішінде ең көп зерттелгендері куру, скрепи, Крейтцфельда-Якоб аурулары. Қалғандарының қоздырғыштары әзір

1. Жасырын (инкубация лық) кезеңі өте ұзақ болады (айлар, жылдарға созылады). 2. Әр түрлі ағзаларда (әсіресе, ОЖЖ -де) және тіндерде бұзылыс- тар туғызу қабілетті- лігі болады. 3. Кесел тоқтаусыз үдемелі (прогрес- сивті) түрде өтеді. 4. Соңында өліммен аяқталады. Вирустық баяу инфекциялар белгілері

Приондық аурулар адамдар мен жануарлардың нейродогенеративті аурулар тобына жатады. Ауру сирек кездеседі анда – санда болатын жұқпалы және тұқым қуалайтын түрде тіркеледі. Мұндай аурулар этиологиялық тұрғыдан жұқпалы ауызбен байланысты, ол трансляциялық сатыдан кейін иесінің қауіпті приондық ақуызының конформациялық өзгеріске ұшырауы нәтижесінде пайда болады. Приондар - белгілері бойынша вирустық баяу инфекцияларға ұқсас ауруларды қоздырады. Бұл аурулардың патогенетикалық және клиникалық ерекшеліктерін ескере отырып, оларды трансмиссивті губкатәріздес энцефалопатия ретінде қарастырады. Мұндай аурулар бұрыннан бері белгілі және адамдар популяциясында өте сирек кездеседі. Вирустық баяу инфекцияларды жедел вирустық инфекциялардың қоздырғыштары сияқты вирустар қоздыруы мүмкін. Жануарларда типті вирустық баяу инфекцияны ретровирустарға жататын Мэди/Висна вирусы қоздырады.Ол қойларда вирустық баяу инфекция және үдемелі пневмония қоздырады.

Приондар

Аурулардың атыИесіЖұғу жолдары КуруАдамӨлікті жерлеу салты бойынша каннибализм кезінде. Крейтцфельд-Якоб ауруыАдамӨсіру гормонын иньекциялау, ми қабықшасын алмастырғанда жұғу Тұқым қуалайтын Крейтцфельд-Якоб АдамPRNP геніндегі мутациялау кезінде жұғу ГШШСАдамPRNP геніндегі мутациялау кезінде жұғу Өліммен аяқталатын тұқым қуалайтын ұйқысыздық АдамPRNP геніндегі мутациялау кезінде жұғу СкрепиҚойларГенетикалық ақаулары бар түрлерінен жұғу Адамдар мен жануарлардың приондық аурулары

Крейтцфельд – Якоб ауруы(КЯА-БКЯ) адамдар арасында басқа приондық ауруларға қарағанда кең таралған, және де үш классикалық, бір жаңа түрінде кездеседі: спорадикалық түрі(85-90%); жанұялық түрі(10-15%); ятрогендік түрі(1%-ден аз, КЯА-ның жаңа варианты. Сырқаттанушылық көрсеткішінің деңгейі жастағы тұрғындардың 1 млн-а шаққанда шамамен 0,5-1,0 құрайды. Кеселдің ұзақтығы бірнеше аптадан 8жылға дейін (роташа есеппен -6ай) созылады. Алғашқы клиникалық көріністері: әрт.рлі дәрежедегі ұмытшақтық, көңіл аудару қабілеттілігінің нашарлауы, кәсіби дағдылығын жоғалту, сирек жағдайда - мінез құлқының өзгеруі, қудалауға ұшырау қорқынышы, кейде бас ауруы, аяқ алысының нашарлауы, бас айналуы байқалады. Кейіннен айқын дизартрия, үдемелі деменция, миоклоникалық атаксия пайда болады. Аурудың үш типшесі анықталған-жеделшелеу, амиотрофикалық және аралық типшесі. Спонгиформды дегенерация, нейрондарлың бұзылуы, астроцитоз дамиды. Амилоидты түйіншіктер ОЖЖ-нің барлық бөлігінде қалыптасуы мүмкін. Крейтцфельд - Якоб

Патогенезі және клиникалық көріністері Үдемелі деменция(ақылсыздық); Атаксия(тепе-теңдіктің бұзылуы); Мінез-құлқының өзгеруі; Психоздар; Зағип болып қалу; 100% өліммен аяқталу; Бас миының нейрондарының губкатәріздес дегенрациялануы; Глиялардың белсенділігінің артуы және глиоз, астроцитоз; Тіндердің атрофиялануы және склероздануы; Ақуыздың аномальдық қосындыларының жинақталуы- приондардың шоғырлануы.

ГерсцманШтраусслер – Шейнкер синдромы (ГШШС- СГШШ) сирек кездесетін жанұялық ауру және аутосомды-доминантты типпен беріледі. Дегенмен спорадикалық түрі де кездеседі. Әдетте кесел жаста дамиды және орташа 5 жылға созылады. Науқастаjhkjндардың көпшілігінде PRNP-ң 102 кодонындағы пролиннің лейцинмен ауысуымен сипатталады. Бастапқы симптомдарына мишықтық бұзылыстар жатады, кейінірек атаксияға жұтынудың және дауысының бұзылуы, кеңірдек және зағиптық, үдемелі деменция қосылады. Миоклониялар – сирек кездеседі. Бұл ауру, іс жүзінде мидың барлық бөлімдерінде, әсіресе мишық қыртысында, көптеген gмилоидты түйіншектер қалыптасуымен сипатталады.

Куру – Папуа аралындағы тұрғындары арасында ғана кездесетін ауру. Кесел тайпа өкілінің біреуінде КЯА-ның спорадикалық түрінде спонтанды пайда болып, өлікті жерлеу кезіндегі салт жораларына байланысты тайпаның басқа өкілдеріне беріліп отырған, жыр сайын 200-дей адам өлімге душар болған. Індеттің дамуына тайпа өкілдерінің генетикалық ерекшеліктері (129 кодондағы валин амин қышқылы бойынша гомозиготты) әсер еткен. Екі жыныстағы балалар мен әйелдердің арасында ауру жиі кездескен, ал ересек ерлер арасында тек қана 2% жағдайда тіркелген. Ол жерлеу кезінде өліктің миын және ішкі ағзаларын әйелдер мен балаларға, ал бұлшықеттерін – ересек ер адамдарға берілуімен байланысты. Жерлеу жораларын бастаудан бұрын мәйітті дайындауды да әйелдер мен балаларға тапсырған. Сондықтан алиментарлық жұғу жолынан басқа да берілу механизмдері болуы мүмкін. Каннибализмді тоқтатқаннан кейін ауру іс жүзінде жоғалған. Аурудың клиникалық көріністері: мишықтық атаксия, дизартрия, диплопия, қозғыштықтың күшеюі, эйфория, себепсіз күле беру(куру- деген мағына береді). Әдетте деменция болмайды. Аурудың орташа ұзақтығы- 12 ай. Амилоидты түйіншіктер ауырғандардың 70-75%-да табылады, негізінде мишық қыртысында орналасады.

Альперс ауруы немесе бала жастағы созылмалы прогрессивті энцефалопатия. Негізгі клиникалық көріністері: басының қатты ауруы, көз көруінің бұзылуы, инсульт тәріздес жағдайлар, қояншық – тәріздес ұстамалар, циррозға айналатын созылмалы гепатит.

Приондық ауруларға микробиологиялық диагноз қою. Классикалық әдіс – инфекциондығын анықтау үшін трансгенді тышқандарға жұқтыру; ОЖЖ-нің тіндеріндегі Pr Psc- ді анықтау (флюоресцентті және инфрақызыл спектроскопия); антиген-антидене реакцияларына негізделегн диагноз қою әдістері, Pr Pc және Pr Psc-ді детекциялау үшін монокональды, поликональды, антипептидтік антиденелерді пайдалану (ПТР-ПЦР); диагнозды дәлелдеу үшін референс әдіс ретінде гистологиялық және иммунды-химиялық әдістерді қолдану. ИФТ(ИФА) көмегімен ми жолының сұйықтығында приондық бұзылыстарының ақуыздық маркерлерін табу.

Емдеу стратегиясы Pr Pc құрылымын тұрақтандыру; Pr Pc синтезделуін және жасуша бетіне оның тасымалдануын тежеп отырып, Pr Psc-нің қалыптасуын болдырмау; Pr Pc – ны протеазаға сезімтал түрге айналдыру; Pr Pc – тің Pr Psc пен және инверсиялық үрдіске қатысатын басқа молекулалармен өзара әсерлесуіне тосқауыл қою; Организмнен Pr Psc – ті шығарып тастау; Жаңа дәрілер -в- доменді блокаторларды қолдану; Амфотерацин В немесе доксорубцин қолдану.

Приондық аурулардың алдын алу Гендік – инженер- лік гормондық препарат- тарды пайдалану. Тіндер мен ағзаларды транс- планта- циялауды шектеу. КЯА – мен науқастан- ғандарға қолданыл- ған хирургия- лық сайман- дарды жою. Құрамын- да инфек- циялық приондық ақуыз болуы мүмкін тағамдар- ды пайдала- нуға тиым салу. Приондар- ға резистент- ті үй жануарла- рының тұқымын өсіру және т.б.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Медициналық микробиология – Б.А.Рамазанова, Қ.Құдайбергенұлы, А.Л.Котова, М.М.Уразалин, А.А.Табаева – Алматы, 2010ж 2. Микробиология және вирусология (жеке бөлімі) – Ү.Т.Арықпаева, Қ.Х.Алмағамбетова, Н.М.Бисенова, Ә.Ө.Байдүйсенова, Н.Б.Рахметова, Г.Д.Асемова – Астана Санитарная микробиология – Сбойчаков В. Б – М.: « ГЭОТАР » 2007 г стр 4. Медицинская и санитарная микробиология – Воровьев А. А, Кривошеий Ю. С, Широбоков В. П – М.: Издатеьский центр « Академия » 2008 г – 464 стр 5. Медицинская микробиология, вирусология, иммунология - Борисов Л. В М.: МИА, 2006 г – 734 стр