Астана қаласының қатты қалдықтар мәселесі Орындаған: Қабылдаған 1.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
АВТОБИОГРАФИЯ кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу 5 АЛЕШИНОЙ Елены Витальевны Я, Алёшина Елена Витальевна, родилась 19 августа.
Advertisements

Орындаған: Махфуз А.Ә. М-12к. Қабылдаған: Мақажанова Ә.Т.
9 мамыр жеңіс күні Жас Дәурен өнер клубының ұйымдастыруымен.
13 М.Мәметова атындағы орта мектеп Материктер мен мұхиттар географиясы «А» сынып Пән мұғалімі: Жартыбаева А.
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт-өмір шындығының суреткері...
12 атқыштар дивизиясы 7 атқыштар дивизиясы 4 атты әскер дивизиясы 50 жеке полк батальондары Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына қатысты.
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі.
Елорда туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасап, жоба қорғау арқылы оқушылардың қисынды ойлау және жүйелі сөйлеу дағдысын арттыру, сөздік қорын.
Қазақ тілінен панорамлық сабақ: « Қазақстан Республикасы – тәуелсіз ел » Ақсай қаласының ЖББ 3 мектебінің қазақ тілі мұғалімі Жумаева А. С.
Мекендеген жері, қоғамы Тәуелсіздік жолында Мәдениеті Т С Г.
Юань Ә улеті – Қ ытайда билік ж ү ргізген мо ңғ ол ә улеті (13 – 14 ғ асырларда). Ә улетті ң негізін Шы ңғ ысханны ң немересі Құ былай қ алады ж.
К.М Сержановна Жетекші:С.А.Азатовна К.М Сержановна Жетекші:С.А.Азатовна 11 ЖОББМ 8 Ә сынып оқушысы 11 ЖОББМ 8 Ә сынып оқушысы.
Астана Қ аза қ стан Республикасыны ң елордасы. Астанада адам т ұ рады (1 қ а ң тар 2015)[3]. Қ азір қ аланы ң аума ғ ы 200 км 2 алып жатыр. Қ.
Тәрбие ісі жөніндегі басқарма оқу жылындағы Тәрбие жұмысы бойынша атқарылған іс-шаралар Тәрбие ісі жөніндегі проректор А.С. Каракушикова.
Интеллектуалдық ойын Пән мұғалімі: Мұқанова Г.Б. Көкшетау қаласы 17 орта мектебі «Білімді мыңды жығар»
Мультимедийная презентация По дисциплине: Казахского языка и культуры. Тема: Қазақ халқының ұлы тұлғалары. Для всех специальностей Авторы: Ныгметова Н.Т.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ және ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ БӨЖ 1 Тақырыбы:Ауаны залалсыздау және тазарту.
5 Қараша-желтоқсан, 2012 жыл «Жүрген жанның артында ізі қалар, Жүйрік өлсе, артында сөзі қалар» М.ЖҰМАБАЕВ бірінші желто қ сан Т ұңғ ыш Президент к ү ні.
Астана қаласының қатты қалдықтар мәселесі Орындаған: Қабылдаған 1.
Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан ( ).
Транксрипт:

Астана қаласының қатты қалдықтар мәселесі Орындаған: Қабылдаған 1

Курстық жұмыстың мақсаты: Астана қаласы жағдайында қатты тұрмыстық қалдықтар мәселесін талдау, технологиялық өңдеу үрдісі мен танысу, ластану көрсеткіштерін анықтай отыра, талаптарға сәйкестігін бағалау. Жұмыстың міндеті: Қалдықтар туралы жалпы шолу; Қатты тұрмыстық қалдықтарды утилизациядау және қайта өңдеу технологиясы; Қайта өңдеу бойынша зауыттың жұмысшыларына және қоршаған ортаға әсер ететін өндіріс факторларының талдауы.

ҚТҚ құрамына 4 негізгі компонент – қағаз тамақ қалдықтары, пеш отынының қалдықтары (күл, қож), пластмасса қалдықтары кіреді. Осы төрт компонент көлемдік қатынаста барлық құрамның 80% астамын құрайды. «Астана Горкоммунхоз» АҚ деректері бойынша соңғы жылдары пластмасса қалдықтарының нормасы жалпы құрамда біршама өсті. ҚТҚ ылғалдың болуы 30-58% шегінде тербеледі, ал олардың көлемдік тығыздығы 0,18-0,3 т/м3 құрайды. Қалдықтардың әрбір жекелеген түрі үшін көлемдік тығыздық айырмашылығын назарға ала отырып, жалпы құрамдағы тамақ қалдықтарының арасалмағы онда ылғалдың молдығына байланысты, басқа қалдық түрлерімен салыстырғанда салмағы бойынша ауыр болып келеді.

Қағаз қалдықтары- 25,85 Тамақ қалдықтары- 24,60 Пластмасса қалдықтары - 14,75 Ағаш 4,35 Тоқыма- 3,85 Шыны - 3,30 Металл- 4,35 Пеш отынының қалдықтары (күл, қож)- 20,35

Қала полигондары туралы Қалдықтарды қала полигондарына шығарады, бұл қаладан 6 км Астана-Павлодар трассасында орналасқан, қалдықтарды көму үшін санкционарлық орын болып табылады жылы «Астана Gorkommunhoz» акционерлік қоғамы көптеген қаржылық жағдайға байланысты өз бетімен қалдықтарды көмуді жүзеге асыра алмады. Осыған байланысты 2011 жылы шілдеде барлық операторлық қызметтері (қалдықтарды қабылдау және көму) «Астана Эко-Полигон» ЖШС берілді. Осыған сәйкес «Астана Эко-Полигон» ЖШС өзінің қызметін «Астана Gorkommunhoz» АҚ жазбаша тапсырмасы бойынша қоршаған орта және қалдықтарды қабылдау мен көму технологиялық процестеріне қатысты ҚР заңнамаларын ескере отыра атқарды. Жаңа сұлбаға сәйкес Астана қаласында қалдықтарды басқару 2012 ж бастап «Астана Эко- Полигон НС» (одан әрі – МКМ) шаруашылық құқығында құрылған Мемлекеттік коммуналдық мекеме атқаратын болады. Оның негізгі қызметі болып Астана қаласының қалдықтарын қабылдау және көму табылады. Қолданыстағы полигон ҚТҚ 1974 ж бастап пайдаланып жатыр. ҚТҚ жинақталу көлемі шамамен 11,8 млн. Тонн құрайды. Өндірістік және құрылыс қалдықтарын көму ескі пролигонның оңтүстік-батыс жағында қарастырылып жатыр, ал ағымдық жылда механикалық және биологиялық рекультивация бойынша іс-шараларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жаңа полигон 2006 жылы испандық жоба «Астана қаласының экологиялық жағдайын жақсарту және тұрмыстық қалдықтарды жою модернизациясы» бойынша құрылды. Испандық жобаға сәйкес мерзімі 2015 жылы аяқталады. 1-ші тордың жобалық қуаты - 2,8 млн. тонн, жинақталу проценті шамамен 92 % құрады. Бүгінгі күні жинақталу қоры шамамен 2,6 млн. тонн ҚТҚ құрады.

Табиғи қоқыстар Жаунарлар қалдықтары Медицина қалдықтары Сынабы бар қалдықтар Тұрмыстық қалдықтар

Көктемдік экологиялық айда 2014 жылдың 7 сәуірінен бастап 7 майға дейін аудандық акиматтардың көмегімен қалдықтардың 216 қоқыс орны табылды және ликвидацияланды, полигонға тонн шығарылды. Оның ликвидациясына жыл сайын 100,0 млн. Теңге қаражат бөлінеді. Сонымен қатар, санитарлық жағдайларға қарап, жеке және заңды тұлғалардың қала территориясында заңсыз қоқыс шығарғанын байқауға болады: жылдың 21 сәуірінде заңды тұлға «Алтай-22» ЖШС көлемі 15 м³ құрылыс қалдықтарын «Промышленный» қала маңы аумағының территориясына төккен. Осыған орай «Астана қаласының абаттандыру ережесін» бұзғаны үшін және қоршаған ортаны қорғау полиция инспекторымен - 20 МРП ( тенге) мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды жылдың 12 мамыры «Алаш» тас жолының бойындағы«Сарыарқа» ауданында физикалық тұлғамен құрылыс қалдықтары ҚТҚ полигонына қарама қарсы жүзеге асырылды. Бұл факті бойынша, ІІБ экологиялық полиция инспекторымен «ГАЗЕЛЬ» (гос.: Z 832 OXM) автокөліктің жүргізушісі - 5 АЕК (9260 теңге) мөлшерде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ағымдық жылда санкцияланбаған қоқыс орындарынан «Есіл» ауданы территориясынан 9,2 мың. тонна өндірістік және тұрмыстық қалдықтар, «Сарыарқа» ауданы – 75 қоқыс орнынан 4,0 мың.тонна әр түрлі қалдықтар шығарылды.

Жануарлар қалдықтарын көму орны жылы «Яма Беккери» «Астана қаласының ауыл шаруашылығын басқару» ММ «Астана Ветсервис» МКМ берілді. Қазіргі таңда ол жұмыс істемейді. Сынабы бар қалдықтар бойынша. «Астана қаласының жж арналған энергияны үнемдеудің кешенді жоспарын» орындауда 2013 жылдыі 1 тамызынан бастап «Астана қаласының табиғатты реттеу және табиғат ресурстарын басқару» МБ энергия үнемдеуші люминесцентті сынап бар лампаларды және құралдарды утилизациялау және жинау бойынша жобаны іске асырады. Берілген жобаға байланысты қала аудандарының контейнерлерінде ЭҮЛ («Есіл» ауданы 90, «Алматы» ауданы 103, «Сарыарка» ауданы 104) жинау үшін 297 арнайы контейнерлер орнатылды. Шамдарды жинау, тасымалдау және қайта өңдеу арнайы тәртіппен орындалады. Шамдарды жинау белгіленген графикке сәйкес аптасына 2-3 рет жүргізілді. Жоба қызметі кезеңінде халықтан шамамен 1,2 млн шам жиналды, оның ішінде 2014 жылы 690 мың. Шамды құрады.

Астана қаласында медицина қалдықтарын утилизациялау бойынша «Олжас» ЖШС және «Утилизация ЛТД» ЖШС қызмет етеді. «Олжас» ЖШС негізгі қызмет түрі ZBFSL-20H типтегі арнайы құрылғыда өртеу жолымен медицина қалдықтарын утилизациялайтын мекеме болып табылады. Құрылығының жылдық өнімділігі 211,2 т/жыл дейін құрайды жылы мекемемен 151,9 тонна медицина қалдықтары жойылды. «Утилизация ЛТД» ЖШС – негізгі қызметі «В» классты медицина қалдықтарын жоғары температуралы жоюды ұйымдастыру болып табылады, бір реттік медицианалық құралдарды қолдану қытай елі өндіретін, маркасы YF – 100 «NanjingSumecareEnterpriseCO, Ltd» фирмасымен жүзеге асырылады. Берілген құрылғыда жылына 700 т/жылы «В» классты медицина қалдықтары жойылады. Ағымдық жылда «Утилизация ЛТД» ЖШС «Б» классты медицина қалдықтарының 101,7тоннасы қайта өңделді және «Чистый дом» ЖШС «Г» классы медицина қалдықтарын қайта өңдеуге берілді. Тарихи ластанулар және иесіз қалдықтар туралы. Тарихи ластанулар және иесіз қалдықтар Астана қаласының шекарасында кездеспейді. Ластану учаскелерін тіркеу туралы. Астана қаласының әкімшілік шекараларында ластану учаскелері жоқ. Қауіпті қалдықтарды паспорттау туралы. Есептік кезеңде 358 кәсіпорынмен 1027 қауіпті қалдықтардың паспорты тіркелген.

Назарларыңызға рахмет!!!!