Гипертониялық криз Орындаған: Өтеева Ш.М Факультет: ЖМ Топ: 14-027-2 Қабылдаған: С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДА Ғ Ы Қ АЗА Қ Ұ ЛТТЫ Қ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Гипертониялық криз Орындаған: Өтеева Ш.М Факультет: ЖМ Топ: Қабылдаған: С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДА Ғ Ы Қ АЗА Қ Ұ ЛТТЫ Қ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ.
Advertisements

Транксрипт:

Гипертониялық криз Орындаған: Өтеева Ш.М Факультет: ЖМ Топ: Қабылдаған: С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДА Ғ Ы Қ АЗА Қ Ұ ЛТТЫ Қ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

Гипертониялық криз Гипертониялық криз – артериалды қысымның (АҚ) күрт жоғарылауынан туындайтын шұғыл жайдағы күй. Гипертониялық криз бұл вегетативті бұзылыстардың нәтижесінде ми мен жүрек-қан тамырында патологиялық өзгерістер болатын артериялық қысымның кенеттен көтерілуі. Гипертониялық кризде көптеген жүйелер мен ағзалар тарапынан асқынулар, орталық нерв жүйесінің бұзылыстары, жүректік тапшылық, стенокардия, миокард инфаркті, өкпе ісінуі, аневризм және басқалардың қауіпі артады.

Криздік жағдайды әдетте мыналар туындатады: психоэмоционалдық артық жүктеме; ауа райының өзгеруі; кофені, алкогольдік ішімдіктерді көп ішу; гормондық бұзылыстар; гипотензивті препараттарды ішуді өз еркімен тоқтату; мидың (инсульт), жүректің (инфаркт немесе стенокардия ұстамасы), бүйректің ауыруы.

Гипертониялық криздің симптомдары : -Қан қысымы әдетте гипертониялық криздің, әртүрлі дәрежеде ұлғаюы мүмкін 170 / / 120 мм рт.ст. жоғары. - қатты бас ауыру, әдетте желке тұсында; - самайдағы тамыр бүлкілдеуі; - ентігу (жүректің сол қарыншасына түсер жүк күшейгендіктен); - жүрек айнуы немесе құсу; - көру бұзылыстары (көз алдындағы кіреукелену, көру өрісінің ішінара жоғалуы мүмкін); - тері жамылғыларының қызаруы; - төс астында қыспалы аурудың пайда болуы ықтимал;

Криздің екі түрі ажыратылады. Бірінші типтегі криз (гиперкинтетикалық) көбіне артериалды гипертензияның ерте сатыларында байқалады. Бұған жедел басталу, көбіне систоликалық АҚ-ның артуы, тамыр соғысының жиілеуі, вегетативтік белгілердің молдығы тән. Екінші типтегі криз (гипокинетикалық) әдетте АҚ-ның жоғары деңгейі фонында кеселдің соңғы сатыларында дамиды, милық және жүректік симптомдармен бірге біртіндеп даму (бірнеше сағаттан 4-5 күнге дейін) және ауыр ағым тән.

ГК асқынулары: Жедел гипертониялық энцефалопатия ; Бас ми ішілік қан құйылу; Ишемиялық инсульт; Жедел сол қарыншалық жетіспеушілік; Инфаркт миокарды;

Клиникалық көріністері : Кардиальды: ентікпе, жүректе не жүрек арты ауырсынуы мен жүректің сирек соғуы, тахикардия; Церебралды: бас ауырсынуы, бас айналуы, лоқсу, құсу, көрудің бұзылуы, Нейровегетативтік: қалтырау, тітіркену, тершеңдік, ыстық сезім, «құлап бара жатуды сезіну».

Гипертониялық криздегі алғашқы көмек: - науқасты төсекке жатқызу (бас жағын жоғары етіп); - толық физикалық және психикалық тыныштық жасау; - дәрігер келгенше әрбір 15 минут сайын артериалды қысымды және жүректің жиырылу жиілігін (ЖЖЖ) бақылау; - АҚ-ды төмендететін емді шұғыл бастау (үйде, жедел жәрдем көлігінде, аурухананың қабылдау бөлімінде); - жоғары АҚ фонында тахикардия байқалса селективті емес бета-адреноблокаторлар тобының препараттары (пропранолол) ұсынылады; - криздің бетін ықпалды қайтару үшін каптоприл қолданылады, әсіресе анамнезінде кардиосклероз, жүректік тапшылық, қант диабеті болса; - нифедипинді жүктілік фонында, қосымша бүйрек және бронх- өкпе жүйесінің кеселдері болғанда қолданады; - қатты бас ауруында басқа салқын қою; - ыстық аяқ ванналары.

Жедел көмек: Анаприлин (Обзидан) – 10 мг (таб.) и 0,25 % - 1 мл (амп.), Клофелин – 0,075 мг (20 таб.) и 0,01% - 1 мл (амп.), Фуросемид – 40 мг (таб.) и 1% - 2 мл (амп.), Нитроглицерин – 0,5 мг, Каптоприл – 25 мг, Коринфар – 10 мг, Празозин – 0,005 г (таб.), Арфонад 1% - 1 мл, Диазепам (Реланиум) 0,5% - 2 мл,

Диазоксид 1,5% - 20 мл, Дибазол 1% - 5 мл, Дроперидол 0,25% - 2 мл, Лабетолол 1% - 5 мл, Магния сульфат 25% - 10 мл, Натрия нитропруссид – 0,025 г, Пентамин 5% - 1 мл (амп.), Глюкоза 5% раствор, Натрия хлорид 0,9% раствор (фл. по 400 мл).

Асқынбаған ГК: Клофелин тіл астына дозасы 0,15 мг; Коринфар тіл астына бастапқы дозасы мг; Фуросемид 40 мг ішке, ыстық сумен ішу; Нитроглицерин тіл астына дозасы 0,5 мг.