Дайындаған:Сарсенбаев Сарсен Айжан Нұрдәулет Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Дайындаған:Сарсенбаев Сарсен Айжан Нұрдәулет Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті.
Advertisements

Транксрипт:

Дайындаған:Сарсенбаев Сарсен Айжан Нұрдәулет Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Экзотоксиндер өте улы, термолабильді, басқа белоктар сияқты градус температурада бірнеше минутта, қайнатқанда лезде бұзылады, жарық әсеріне сезімтал келеді. Органдар мен ұлпаларға таңдамалы әсер етеді, субклеткалық структураларды бұзады, клеткалар жұмысының қалыпты жүруіне зиянды әсер етеді. Мысалы: сіреспе токсины қимыл-қозғалыс нейронын зақымға ұшыратады, бұлшық еттердің тонустық жиырылуын туғызады және көз, жұту органдарын зақымдайды, тыныс органдарын сал ауруларына ұшыратады.

Экзотоксиндер – мөлдір сары түсті сұйық зат. Оны культураны бактериялық фильтрден сүзу арқылы клеткаларды бөліп алу жолымен жеке алады. Микробтық экзотоксиндер синтезі плазмидтер, не профагтерде жиналған гендер әсерінен жүреді. Плазмидті не профагтерде жиналған гендер әсерінен жүреді. Плазмидті не профагты клеткадан шығарса ол токсиндік қабілетін жояды; плазмидтер не профагты клеткаға қайта енгізсе токсин түзу процесін қалпына келтіреді. Экзотоксинді қарын сөлі бұза алмайды, ішек – қарыннан сіңіріледі. Токсиннен болатын аурулар оның микробтары организмге енгеннен кейін біраз уақыттан кейін білінеді. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылады.

Токсинердің ферменттік қасиеттері болады және биологиялық күшті улар қатарына жатады. Бұлардың кейбіреулерінің өлімге ұшырататын мөлшері стрихнин не жылан уының осындай мөлшерінен бірнеше аз. Теңіз шошқасы сіреспе токсинінің мөлшерінен, не ботулизм токсинінің 10 мөлшері өлімге ұшыратады. Токсиндердің кристалл препараттары бұдан да улы келеді.

Эндотоксиндердің улылығы біршама төмен. Теңіз шошқасы эшерихий не салмонелл эндотоксинаның 5-10 мл еккенде өледі. Экзотоксиндерден айырмашылығы бұлар жылуға шыдамды, 120 гадус та 30 минуттай қайнатуға және стерильдеуді көтереді. Экзо – және эндотоксиндер (тырысқақ вибрионы, эшерихийдің гемолитикалық штаммдарын) түзетін микроорганизмдер болады. Токсиндерге (сіреспе, ботулизм, дифтерия) формалин 0,3-0,4 % ж/е жоғары градус температурамен әсер еткенде олар 2-3 аптадан бір айда улық қасиетін жояды, бірақ иммунагенді қасиетін сақтап қалады.

Химиялық құрамына қарай токсиндерді үш топқа бөледі: 1.БЕЛОКТЫҚ 2. ГЛЮЦИДТІК – ЛИПИДТІК – ПОЛИПЕПТИДТІК КОМПЛЕКС 3. ПОЛИСАХАРИДТІК Химиялық құрамына қарай токсиндерді үш топқа бөледі: 1.БЕЛОКТЫҚ 2. ГЛЮЦИДТІК – ЛИПИДТІК – ПОЛИПЕПТИДТІК КОМПЛЕКС 3. ПОЛИСАХАРИДТІК

БЕЛОКТЫҚ – улы заттарға экзотоксиндерді жатқызамыз, оларды грам әдісімен оңға боялатын микроорганизмдер түзеді. ГЛЮЦИДТІК – липидтік – полипептидтік комплекске эндотоксиндер жатады, бұларды грам әдісімен теріс боялатын микроорганизмдер түзеді. ПОЛИСАХАРИДТІК токсиндерге лецитиназаны, коллогеназангы, коагулазаны, фибринолизиндерді жатқызамыз. Бұларды көп жағдайда стафилококктер, стрептококктер, пневнококктер түзеді. Бұл улар эритроциттерді, лейкоциттерді, нерв жүйесін зақымдайды.