Қазіргі қазақ жастарының бейнесі.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
С. Аманжолов атында ғ ы Шы ғ ыс Қ аза қ стан Мемлекеттік университеті Философия,оны ң ғ ылымдар ж ү йесіндегі орны, қ о ғ амды қ р ө лі Ө скемен қ аласы,
Advertisements

XXI ғасыр көшбасшысы (зияткерлік сайысы) ХXI ғасыр көшбасшысы І тур. Жалпы сұрақтар ІV тур. Жорға ІV тур. Жорға ІІІ тур. Бәйге ІІІ тур. Бәйге ІІ тур.
Мультимедийная презентация По дисциплине: Казахского языка и культуры. Тема: Қазақ халқының ұлы тұлғалары. Для всех специальностей Авторы: Ныгметова Н.Т.
Қазіргі қазақ жастарының бейнесі.
Транксрипт:

Қазіргі қазақ жастарының бейнесі

Жатпалық, жастар, жатпалық, Жасқанба, жолың ашылсын. Бақшасында халықтың, Бұлбұл боп тілің сайрасын. Садақа басың жан пида, Ең жаманы айдалсын. Әр қамалға - бір зауал, Болып бір заман айналсын. Кешегі дұшман қаһарлы, Ертең қор боп жай қалсын. Ұраныңды шығармай, Жас қазақтар, қайдасың?

Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін! Көздерінде от ойнар, Сөздерінде жалын бар. Жаннан қымбат оларға ар, Мен жастарға сенемін!

Жас қырандар балапан, Жайып қанат, ұмтылған. Көздегені көк аспан, Мен жастарға сенемін! Жұмсақ мінез жібектер, Суттей таза жүректер, Қасиетті тілектер Мен жастарга сенемін!

Тау суындай гүрілдер, Айбынды алаш елім дер, Алтын Арка жерім дер, Мен жастарға сенемін! Қажу бар ма тұлпарға, Талу бар ма сұңкарға?! Иман күшті оларда, Мен жастарға сенемін!..

Алаш айбынды ұраны, Қасиетті құраны. Алаштың олар құрбаны, Мен жастарға сенемін! Мен сенемін жастарға: Алаш атын аспанға Шығарар олар бір таңда, Мен жастарға сенемін!

Біздің елде жастардың саясатын, Орыс тілді жастарға бұрып кетті. Өткізген жиналыстың бәрі орысша, Сондықтан болашағың күдікті етті. «Ұлтым» деп ұлып жүрген біреуі жоқ, Қолынан жас қазақтың құрық кетті. Өтешов Нұрлан деген серкелерің, Қазақшаға ауызын буып кетті. Жастардың сөзін сөйлер Сыздықоваң, «Төрт байға тиемін» деп тұрып кетті. Тәңірім бермей қалғыр Бердіоңғаров, Аузына келгенді айтып, үріп кетті. Ел аман, жұрт тынышта жиырма үшінші Февральмен құттықтап, қуып кетті. Кешегі жас арыстан Ғанилардың, Тұқымы тұздай бүгін құрып кетті. Қайрат пен Ләззаттай ірілердің, Ізбасары іркіттей іріп кетті.

Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам, айла, зорлықсыз мал табалық. Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық. Ал, енді, олай болса, кімді алалық? Қазақта қай жақсы бар көз саларлық? Шын іздесек, табармыз шыны ғалым, Күнде күйлей бермелік бозбалалық. Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық! Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық! Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан, Жалыналық Абайға, жүр, баралық!

Білімді сол кісіден ізденелік! «Әдейі іздеп біз келдік сізге» делік. «Өмір зая болмастық өнер үйрет, Ақылыңды аяма бізге» делік. «Көп қуға көзіңізді сүзбе» делік! «Ұқпас деп бізден үміт үзбе» делік! «Залымдар заң үйретіп адастырды, Бізді сал жөнделерлік ізге» делік! Тапқан іске таласпай, шын көнелік! Жұртқа күлкі болмалық, жөнделелік! Арамдықпен, алдаумен күн өткізбей, Өтірікке өлгенше, шынға өлелік!

Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан, Әртүрлі асылы көп өтпей жатқан. Тегін білсең –аласың, бос береді, Тұстасынан ешкім жоқ мұны тапқан. Құрбыласы қулық пен айла баққан, Олардан алдамшы деп көңлі қайтқан. Енді бізге ақылын көрсетіп тұр, Алушы жоқ па екен деп жастар жақтан. Алмасақ үміт үзер тағы жастан, Өлсек те, ұмтылалық осы бастан. Өткізе алмай, еліне қайтса көшіп, Қаламыз асыл түгіл ине алмастан.

Жұмсақ мінез жібектер, Суттей таза жүректер, Қасиетті тілектер Мен жастарга сенемін!