ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ Тақырыбы: Cу – биосфера,

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Бейбітшіліқ Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшіліқтің, келісімнің және жасампаздықтың 20 жылы Независимый Казахстан: 20 лет мира, согласия и созидания.
Advertisements

ЕЛІМІЗДЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС АҒЫМДАР Сақ бол! Бұл методикалық әдістеме қала аудан АНТ мүшелеріне тақырыптық бағдарлама ретінде ұсынылады.
Орындаған: Құмарбекова Н.Е Қабылдаған: Қожекенова Ж.А. Топ: қ Факультет: жалпы медицина Тақырыбы: Медициналық сақтандыру Кафедра: қоғамдық денсаулық
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Медициналық сақтандыру Қабылдаған:
С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Тақырыбы: Денсаулық сақтауды жоспарлау Орындаған: Әбуова Г.Е Факультет: ҚДС Курс: V Топ:
АЛҒЫ СӨЗ Казақстан Республикасының Конституциясында жер табиғи ресурс ретiнде, Қазақстан Республикасы халқының өмірінің негiзi болып белгiленген. Жер.
Қ аза қ стан республикасыны ң денсаул қ са қ тау министірлігі Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Биофизика ж ә не информатика кафедрасы А қ паратты.
Мемлекеттік,жеке меншіктік және медициналық сақтандыру КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ.
Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау министрлігі Семей қаласының Мемлекеттік Медицина Университеті Балалардың жұқпалы аурулары және фтизиатрия кафедрасы.
ҚР білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері Семинар 10. Тақырыбы: Орындаған:Қоспан Гүлзат СПиС-14-1.
«Қазақстан – 2050» стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің.
Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау және Әлеуметтік даму Министрлігі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы Медициналық биофизика,
Аты-ж ө ні: Есенбаева Ба ғ ила Ту ғ ан жылы, айы, к ү ні: 1972 жыл 18 шілде Қ ызметі: 81 орта мектебіні ң қ аза қ тілі мен ә дебиеті п ә ніні ң жо ғ ары.
I тақырыптық блок Жалпы педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері 1 дәрiс. Педагогиканың әдіснамалық негіздері Мақсаты: педагогика ғылымының орны,
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА Орындаған: Иманбек Б.К.
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Неврология, психиатрия және жұқпалы аурулар кафедрасы ПӘН: Коммуникативтік дағдылар. ТАҚЫРЫП: Дәрігердің құқығы.
«Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорттың дамуы туралы» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ.
Сақтандыру сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Анестезиология және реаниматология курсы мен мейірбике ісі кафедрасы Реанимация және интенсивті.
Астана медицина университеті АҚ Қазақстан тарихы және философия кафедрасы Презентация Тақырыбы:Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйелердің типтері.
Транксрипт:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ Тақырыбы: Cу – биосфера, химиялық технология мен өндіруде кеңінен таралған еріткіш ретінде. S- элементтердің биожүйе минералдық балансындағы биологиялық маңызы. G- глобал платформасында мәселені талқылау. Орындаған: Сапар Ұ.Б Тобы: 102 А ФК Қабылдаған: Серімбетова Қ.М. Шымкент-2016ж.

Кіріспе Негізгі бөлім Су, малекула құрылысы Судың қасиеттері. Дистилденген, апирогенді су. Ағзаның тіршілігі үшін судың маңызы S- элементтердің жалпы сипаттамасы S-элементтердің ең маңызды өкілдері: Натрий және калий Магний және кальций Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Су сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялы қосылысы. Ауыз су, тіршілік көзі, ол Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады, тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Жер бетінде тіршілік ең алғаш сулы ортада пайда болды. Су бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөлігі. Бұдан басқа судың тіршілік үшін физикалық-химиялық қасиеттердің: жоғары жылу өткізгіштік және жылу сыйымдылық, жоғары тығыздық, ауа тығыздығының шамамен 800 есе артуы, мөлдірлік, тұтқырлық, қатқан кезде мұздың көлемін ұлғайтуы және тағы басқа қолайлы қасиеттері болады. Біржасушалы және көпжасушалы ағзалар жасушаларының биохимиялық үдерістерінің барлығы сулы ортада өтеді. Су әр түрлі климаттық жағдайлардағы физиологиялық үдерістердің калыпты өтуіне себепкер болады. Ол сондай-ақ көптеген минералдық және ағзалық заттардың жақсы еруіне себепкер бола алады. Табиғи су құрамында сан алуан тұздың болатыны да сондықтан. Ағзалар жұғымды заттарды тек еріген түрінде сіңіреді.

Көп жақты қасиеттеріне байланысты су, халық шаруашылығында кеңінен қолданылады, шикізат ретінде, химиялық реагент ретінде, еріткіш ретінде, жылу және салқынтасымалдағыш ретінде. Суды өндірісте кеңінен арзан, жеткілікті, жанбайтын еріткіш ретінде қатты, сұйық және газтәріздес заттарды еріту үшін қолданады. Судың тоқыма өндірісінде алатын орны үлкен. Су жоғары температурада жұмыс істеу қабілеті бар ерекше жылутасымалдағыш болып табылады. Суды, сол сияқты, жылуды тартып алатын мұздатқыш агент ретінде экзотермиялық реакцияларда және атом реакторларын суыту үшін қолданады.

Тіршіліктің негізі болып табылатын су молекуласы жасушаның негізгі бөлігін құрайды. Жасушаның 80%- ы судан тұрады. Су ерітінділерінде барлық тіршілікке қажетті процестер жүреді. Судың молекулалық құрылысының таңғаларлык күпия касиетінің бірі оның асимметриялығында. Сутек атомы оттек атомымен тік сызык бойымен байланыспай, 105° бұрышпен қосылған. Асимметрияның өсерінен теріс зарядталған оттек және екі оң зарядталған сутек әр түрлі жазықтықта орналасады да, судың молекуласы полюсті болады. Сондықтан да суда полюсті және зарядталған молекулалар ериді.су

Бір су молекуласы құрамындағы оттек атомы келесі молекула құрамындағы сутек атомымен сутектік байланыс түзеді. Сутекті байланыс су молекулалары арасындағы көптеген байланысты қамтамасыз етеді. Суды қыздырғанда, энергияның азын-аулақ белігі сутекті байланысты ажыратуға жұмсалады. Сутекті байланыстың ажырауы 70°С температурада басталады. Ал 100°С температурада қайнағанда, барлық сутекті байланыс толықтай ажырайды. Сутекті байланыстың арқасында судың жылу еткізгіштігі артады. Суытқанда, керісінше, жылу белінеді, себебі жаңадан сутекті байланыс пайда болады. Бұл касиеттеріне қарап, судың жылу өткізгіштігі жоғары екендігін білуге болады.

Су органикалық және бейорганикалық заттарды жақсы ерітеді. Судың еріткіш касиеттері оның молекулалық құрылымының ерекшеліктерін де айқындайды. Суда бейорганикалық заттардан тұздар, кышқылдар, сілтілер, ал органикалық заттардан аминдер, көмірсулар, нәруыздар жақсы ериді. Жасушадағы химиялық реакцияларға қатысатын заттар суда еріген сұйықтық түрінде болады. Жасушаға енетін және одан шығатын заттардың өнімдері, тек еріген түрінде болуы тиіс

Судың физикалық қасиеті: Таза су түссіз, иіссіз, дәмсіз сұйықтық. Судың қабаты 5 м асқанда көгілдір түсті болып көрінеді. Қалыпты қысымда 100°С-та қайнайды да, 0°С-да мұзға (р=0,92 г/см 3 ) айналады, сондықтан мұз су бетінде қалқып жүреді. Сонда оның көлемі 9 %-ға артады. Судың беткі қабатының мұзбен қапталып жатуы ондағы тіршілік иелерінің қыс мезгілінде де өмір сүруіне жағдай жасайды. Температурасы 4°С болғанда, тығыздығы 1г/см 3 (судың ерекшелігі). Судың жылу сыйымдылығы өте жоғары, оны мына мысалмен түсіндірейік. Жаздың аптап ыстық күндерінде су жылуды сіңіріп, өзеннің маңайын салқындатып тұрады, сондықтан адамдар оның жағалауына дем алуға көптеп барады. Осылайша жиналған жылуды су қыс мезгілінде біртіндеп ауаға береді, сондықтан қатты аязды күндерде өзеннің беті тұманданып тұратынын сендер сан дүркін кердіңдер. Су жер бетінен тараған жылудың 60%-ын ұстап қалып, оны суынудан сақтап тұрады. Табиғи сулар әдетте таза болмайды, онда еритін және ерімейтін заттардың қоспалары болады. Теңіз суында еріген тұздар кептеп кездессе, (3,5 %) ағын және жер асты суларында кальций мен магний тұздары болады, ал жауын мен еріген қар суларында көбінесе шаң мен еріген күйдегі газдар (0 2, N 2, С0 2, S0 2, т. б) кездеседі.

Жай заттармен әрекеттесуі: I. Судың металдармен әрекеттесуі: 2Na + 2НОН = 2NaOH + Н 2 Са + 2НОН = Са(ОН) 2 + Н 2 ІІ. Белсенділігі тым жоғары емес металл сумен әрекеттескенде оның оксиді түзіледі: Mg + НОН = MgO + H 2 Белсенділігі төмен металдар сумен әрекеттеспейді. IIІ. Бейметалдармен әрекеттесуі: Су кейбір бейметалдармен де әрекеттесе алады. Қыздырға көмірге су қоссақ екі түрлі газ қоспасы түзіледі ол «су газы» деп аталады: С + НОН=СО+Н 2 Көмірді жағарда оған су қосып шайылады. Сонда түзілген екі газ да жанғыш екен. Хлорды суға жібергенде екі қышқылдың қоспасы түзіледі. Сl 2 + НОН = НСlO + HCl

Металл оксидтері + су = негіз Бейметалл оксидтері + су = қ ыш қ ыл Күрделі заттармен әрекеттесуі: I. Активті металдардың оксидтерімен әрекеттесіп гидроксидтер (негіздер) түзеді. Na Н 2 0 = 2NaOH Әктасқа су қосқанда оның қайнай бастағанын көреміз, реакция жылу бөле жүреді: СаО + Н 2 0 Са (ОН) 2 + Q II. Кейбір бейметалдардың оксидтері сумен әрекеттескенде қышқыл түзеді. Күкірттің бір түйірін алып жақсак оның оксиді түзіледі: S + O 2 =SO 2 Жану өнімін суға жіберсек: S0 2 + Н 2 0 = H 2 S0 3 күкіртті қышқыл түзіледі, көк лакмус қызарады. Дәл осындай реакциялар басқа бейметалдардың да оксидтерімен жүреді. Сl H 2 0 = 2HCl0 N 2 O 3 + H 2 0 = 2HN0 2 III. Белсенділігі жоғары металдардың гидридтері де сумен әрекеттесіп гидроксидтер береді. NaH + НОН = NaOH + Н 2

Су еріткіш Су еріткіш Су біршама инертті биологиялық еріткіш сүйықтық, онда кептеген органикалық жөне бейорганикалық заттар ериді, бірақ олардың ерігіштіктері әр түрлі. Қатты заттардың еруін біз қант пен тұзды еріткенде, ал газ күйіндегі заттардың еруін газдалған су ішкенде немесе суды қайнатқанда бөлінген көпіршіктерді байқау арқылы көрсек, сұйық күйіндегі заттардың еруін сірке суын еріткенде байқаймыз. Сонымен суда ерімейтін зат болмайды екен. Ерігіштік берілген температурада еріткіштің (су) 100 немесе 1000 грамында ери алатын зат массасымен және көлемімен анықталатын шама (г/100 г, г/1000 г Н 2 0, моль/л). Ерігіштік заттың табиғатына тәуелді, мысалы: қант ерімтал болса, бор, әк нашар еритін заттар. Газ күйіндегі заттар үшін ерігіштік қысым мен температураға байланысты. Газдардың ерігіштігі қысым артқан сайын артады, ал температураны арттырғанда кемиді. Қатты заттардың көпшілігі үшін температураны арттырғанда ерігіштігі де артады. Сұйық күйіндегі заттардың ерігіштігі олардың табиғатына байланысты, мысалы, спирт суда жақсы ерісе, ал бензин нашар ериді. табылады.

Су - тіршілік көзі деп бекер айтылмаған. Себебі алғашқы тіршілік суда басталады. Жердегі ең көп таралған заттың бірі су. Мұхит, теңіз, көл, өзендерден басқа су барлық тірі ағзаның құрамында кездеседі. Мысалға адам ағзасындағы қанның немесе шырынның негізгі құрамы судан тұрады. Кәдімгі құрғақ өсімдік дәнінде де белгілі бір мөлшерде су болады. Судың құрамында еріген оттегі болғандықтан жануарлар және өсімдіктер тіршілік ете береді. Су көптеген жануарлар мен өсімдіктер үшін тіршілік ортасы болып саналады.

Адам өмірі үшін су тек қана ішу үшін емес, тамақ пісіруге, жуынып-шайынуға, әр түрлі тұрмыстық заттарды тазалауға керек. Суда кеме, қайық арқылы серуендеуге, жағалауында шомылуға, кемемен жүк тасымалдауға болады. Сонымен бірге су зауыт- фабрикалардың жұмыс істеуі үшін өте кажет. Бірде-бір тірі ағзалар сусыз өмір сүре алмайды. Өсімдіктер су арқылы топырақтан минералды заттарды қабылдап, сабақтары арқылы жапыраққа жеткізеді, жапырақ өз кезегінде фотосинтез процесіне қатынасады

Топырақтың құнарлығын арттыру үшін де су кажет. Ол арқылы топырақтағы өсімдіктер шіріп, қарашіріктің пайда болып, тұқымнан өсімдіктің өніп шығуын тездетеді. Мысалға, 1 тонна бидайды өсіру үшін 1500 тонна су қажет екен. Көптеген баубақша өсімдіктері суармалы жағдайда ғана өнім береді (қызанақ, қарбыз, қауын, картоп, пияз және т. б.). Сол себепті де әрбір тірі ағза үшін су белгілі бір мөлшерде ғана қажет. Егер оған кажетті су жетіспесе немесе артып кетсе де тірі ағзаның өліп қалуы әбден мүмкін. Табиғаттагы су, құм, көмір, күйдірген топырақ тәрізді кеуек заттар арқылы сүзіліп, тазартылады. Ауыз суын бактериялардан тазарту үшін суды хлорлау әдісі колданылады. Ол үшін 1 тонна суға 0,72 грамм хлор қосады.

1.Су температурасын дене тұрақтандырады 2. Азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды. 3. Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлакты) тазалайды. 4. Дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етеді. 5. Денені жарақаттанудан қорғайды. 6. Жасушалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етеді. 7. Тері жасушаларын ылғалдандырады және сауықтырады. 8. Ас қорытуда жоғарыдан төмен қарай ретімен астың қорытылуынан сіңірілуіне және де ең соңында қалдықтардың шығуына дейін судың атқаратын міндеті мол.

Денеде болатын күніне 2-4 литр су бар шығынының орнын қайта толтырып отыру қажет. Ересек адамның денесінде литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейді. Қажетті мөлшерде адам ағзасына су жетпегенде: 1.Мидың жұмыс істеуі баяулайды. 2. Қан қоюланады. 3. Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады. 4. Нәжіс сары түсті болады. 5. Іш қатуына (запор) себеп болады. 6. Бас ауырады. 7. Бас айналады. 8.Шаршау, әлсіздік пайда болады. 9. Ойдың тынықтығы бұзылады. 10. Тәбетсіздік туады. 11. Биік жерлерде, ауа ыстық қапырық болса, тұмау болса, температура артса ішетін су мөлшерінің көбірек болғаны дұрыс. жерлерде

Су тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады. Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады, қатты терлетеді, қалжыратады.

Дистильденген су айдау арқылы тазартылған су, ол кұрамы бойынша жаңбыр суына жақын болады. Дистильденген су арнайы зерттеу жұмыстарында, дәрі-дәрмек өндірісінде және автокөліктердің аккумуляторларына электролиттер дайындауда қолданылады. Көптеген адамдар дистилденген су адам ағзасы үшін пайдалы емес, өйткені ол пайдалы құрауыштардан толық тазартылған деген пікірде. Дистилденген су ағзадан минералдық құрауыштар мен витаминдерді алып шыққандықтан денсаулыққа зиян келтіретіндігін куәландыру да жүргізілген. Дегенмен бұл ұйғарымдары даулауға және дистилденген суды қорғауға дайын адамдар да бар. Өйткені дистилденген судың зияндылығы туралы еш жерде ғылыми дәлелденген жоқ. Шындығында да ол өз құрамы бойынша ерекшеленеді, бірақ қарапайым сумен де минерал тапшылығын толықтыру қиын. Ал дистилденген су ең болмағанда ауру қоздырғыш бактериялардан сақтай алады.

Сілтілік металдар ІА топшада орналаскан: литий Li, натрий Na, калий К, рубидий Rb, цезий Cs, франций Fr. Франций - радиобелсенді элемент. Олардың валенттілік электрондарының жалпы формуласы ns 1 (n = 2-7). Олардың топтық атауы - сілтілік металдар сумен әрекеттескенде күшті негіз - сілті түзуіне байланысты қойылған. Сілтілік металдарда валенттілік электрондары s-деңгейшесінді орналасқан, сондықтан оларды s- элементтері деп те атайды. S элементтері қалыпты жағдайда кристалдық күйде болады, басқа металдарға қарағанда тығыздықтары төмен.литий Liнатрий Naкалий Крубидий Rbцезий Csфранций Fr Литий, калий және натрий судан жеңіл (0,53 - 0,86 г/см3), сондықтан су бетінде қалқып жүреді. Олардың балқу және қайнау температуралары төмен, бұл олардың кристалдық торларындағы металдық байланыстың әлсіз болуынан. Бұл металдар және олардың қосылыстары жалын түсін төмендегідей өзгертеді: литий кармин қызыл, натрий - сары, калий - күлгін түске бояйды.

Натрий-ды парафин мен трансформатор май қоспасында, ылғал және оттектен тазартылған бензин немесе керосинде, аргон немесе азот атмосферасында, сондай-ақ, дәнекерленген шыны ампулада сақтайды. Натрий хлоридіне CaCl, BaCl, т.б. қосылған немесе натрий гидроксидіне Na CO қосылған (қоспалар NaCl-дың балқу температурасын төмендету үшін қосылады) балқымаларды электролиздеу арқылы алады. Натрий Na O,натрийорганикалық қосылыстар, NaH алуда, Tі, Zr, Ta өндірісінде тотықсыздандырғыш, бутадиенді каучук синтезінде катализатор ретінде, ядролық реакторларда, т.б. қолданылады.

Калий, К – элементтердің периодтық жүйесінің I тобындағы химиялық элемент. Ат. н. 19; ат. м. 39,102; балқу t 63,55С; қайнау t 760С; тығыздығы 0,862 г/см 3. Калийді 1807 ж. ағылшын химигі Г.Деви ашқан. Түсі күмістей ақ, жеңіл, жұмсақ, оңай балқитын металл. Негізгі минералдары сильвин, карналлит, кайнит. Таза Калийді оның балқыған қосылыстарын (KОН, KCl) электролиздеп - не осы балқымаға Na қосып, КОН(KCl)+Na=NaOH(NaCl)+К реакциясы бойынша өндіредіKОНKCl Калий ауадағы оттекпен жақсы әрекеттесіп, К2О – оксид, К О – пероксид, КО – асқын пероксид түзеді. Барлық металлоидпен, сумен, спирттермен жақсы әрекеттеседі, суда жанады. Таза Калий зертханада, синтетикалық каучук алуда, катализатор ретінде, су асты мен ғарышта асқын пероксидтен (4КО +СО =2К СО +3О ) оттек алу үшін қолданылады. 42К жасанды изотопы – химияда, медицинада және биологияда қолданылатын радиоактивті индикатор. Калий қосылыстары тыңайтқыш ретінде сіріңке, оқ-дәрі, ем-дәрі жасау, сабын өндіру, т.б. үшін пайдаланылады

Кальций IV период, II топтың негізгі топшасының элементі. Реттік немірі 20, ендеше ядросында 20 протон мен 20 нейтроны бар (А r =40),электрондарының жалпы саны да 20. Кальцийдің электрондық формуласы ls 2 2s 2 2p 6 3s 2 3p 6 4s 2, валенттілік электрондары 4s 2 болғандықтан кальций косылыстарында II валентті. Кальций ақ түсті, жеңіл (р=1,55 г/см 3 ), сілтілік металдардан қаттырақ зат, t°балқу = 851°С, керосиннің астында сақталады. Кальций белсенді металл болғандықтан көптеген реакцияларға түседі.

Кальций оксиді ақ түсті қиын балқитын зат. Техникада оны "сөндірілмеген әк" деп атайды. Оны әктасты жоғары температурада (1000 C 0 шамасында) қыздырып, ыдырату арқылы алады: СаС0 3 = t = СаО + СО кДжКальций оксиді нағыз негіздік оксид. Кальций сілтілікжер металл болғандықтан, оның оксиді сумен оңай әрекеттесіп кальций гидроксидін, яғни сілтісін түзеді: СаО + Н 2 0 = Са(ОН) кДжоксиді Бұл реакция өте қуатты жүреді, су бұрқылдап "қайнап" жатады, тіпті біразы буланады. Нөтижесінде, сөндірілген әк деп аталатын көпсіген кеуек ақ ұнтақ түзіледі. Кальций гидроксиді суда аз ериді. Оның қанық ерітіндісі лабораторияда әк суы деген атпен жиі колданылады. Кальций гидроксиді ерітіндіде иондарға толық диссоциацияланады:реакция Са(ОН) 2 = Са ОНСілті ерітіндісінің түзілгені фенолфталеиннің таңқурай түске боялуынан байқалады. Кальций гидроксиді қышқылдармен және қышқылдық оксидтермен әрекеттесіп бейтараптанады. Бұл реакцияны зертханада көмірқышқыл газын анықтау үшін қолданады

Адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық, 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сондай- ақ, бұлардың қатарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ағзадағы бейорганикалық заттарда міндетті түрде мынадай 22 элемент болады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мысалы, егер адамның салмағы70 кгболса, онда 1700г кальций, 250г калий,70 г натрий, 42г магний, 5г темір, 3г мыс болады.

Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топқа бөледі: 1. Макроэлементтер (оттегі, сутегі, көміртегі, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор); ағзадағы мөлшері 10%-дан жоғары болады. 2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері 10%-15%. 3. Ультрамикроэлементтер сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15%-дан төмен.

Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі: 1.Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді: H, O, Ca, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады. 2. Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дейін толық зерттелмеген. 3. Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.

Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы-кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді. Ағзадағы макро және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады. Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды. Жас ұлғай-ған сайын кейбір мырыш, ванадий және хром сияқты микроэлементтердің мөлшерлері кемиді.

Қарастырылған элементтердің биологиялық функциясы өте көп: Ферменттердің белсенділенуі, қан ұю үрдісіне қатынасуы, калий, натрий, кальций иондарына қатынастары бойынша жарғақтың дарушылық өзгеруімен байланысқан, ағзаның әртүрлі реакцияларында, жарғақтық- мембраналық потенциалдың түзілуіне қатысу, жасуша ішіндегі үдерістердің іске қосылуына, зат алмасу, өсу, даму, жиырылу, бөліну және секреция сияқтыларда. Жасушадағы ақпаратты тасымалдауды қамтамасыз етеді. Осы берілген иондарға жасушалардың сезімталдығын концентрациясының градиентімен, олардың жасуша ішіндегі және сыртындағы мөлшерінің айырмашылығымен қамтамасыз етеді. Кальцийдің иондары жасушаның өмір сүру әрекетін әмбебапты реттеуіштердің бірі. Ферменттерді белсенділеуден басқа, сілтілік металдардың иондары осмостық қысымда маңызды рөл атқарады, жүйкелік импульсті берген кезде зарядтардың тасымалдаушысы ретінде әрекет етеді, нуклеиндік қышқылдың құрылымын тұрақтандырады.

1. Патсаев Ә.Қ., Мамытова В.К., Нарманов М.М., Серимбетова Қ.М., «Бейорганикалық химия бойынша студенттердің өзіндік жұмысына арналған» Шымкент 2006ж, б 2. Глинка Н.Л «Общая химия» 3. Ахметов Н.С. «Общая и неорганическая химия» М., ВШ, 2003г 4. %BC_%D0%B0%D2%93%D0%B7%D0%B0%D1%81%D1%8 B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B_%D1%85 %D0%B8%D0%BC%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D 2%9B_%D1%8D%D0%BB%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D0 %BD%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%