Қош бол, Бастауышым Бесіктегі баланың, Күлгенін көрген - бір мұрат Алдына түсіп ананың Жүргенін көрген - бір мұрат. Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Транксрипт:

Қош бол, Бастауышым

Бесіктегі баланың, Күлгенін көрген - бір мұрат Алдына түсіп ананың Жүргенін көрген - бір мұрат. Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да, Мұндай күй болған сірә қаншаңызда. Қол соғып, қошеметтеп шақырайық 4 - Б сыныбын ортамызға!

Күні бойы тынбаған, Үлкендерді сыйлаған. Сабырлы біздің Динара, Ұқыптылыққа бойлаған.

Бос жіберме ешқашан уақытыңды, Аялай біл ақылың жақұтыңды. Адиль сен ел сыйлар азамат боп, Болашақтан табарсың бақытыңды.

Өнер қуған жасынан, Сөз асырмас басынан. Намысқой біздің Айгерім Табылар дос қасынан.

Ертеңгі күнін ойлайтын, Бес алам деп қалмайтын. Аршыл біздің Диас Жалқаулыққа бармайтын.

Үлкені боп келеді жанұяда, Сөз айтайын ендеше Назеркеге Өнерпаз, әсем қызды айтпай болмас, Жақсының жақсысын жарияла.

Еңбекқор, әзілкеш бойында бар, Қате ісі әрқашан мойындалар. Әр ісіне жауапты Қуатбек Арманың болашақта орындалар.

Ақмаралдай әншіміз бар мақтанамыз, Әніне рахаттанып шаттанамыз. Талантымен талайды табындыртар, Ақмаралға ақ тілекті ақтарамыз.

Барлық істе алда жүретін Ән, айтып, биде билейтін Сыныптың белсенді аруы Аягөз өнерлі қызымыз

Біліміменен үлгі болған сыныпқа, Отырмайды ойланбастан сынып та. Мирас біздің өнегелі, өнерлі, Арасында достарының беделді.

Өзі ұялшақ үндемес Мінезіне ешкім тең келмес Үндемес қыз Нұргерім Сыныпта ешкім тең келмес.

Бауыржан намысшыл болып келеді, Атқарады әр істі Жауаптылық сезініп, Уәдесінде тұрады.

Лашын деген қызымыз Қатысқан талай сайысқа Тамылжытып ән айтып Жеткен талай табысқа.

Не жетеді көңілдің байлығына, Мойындатар еңбегімен жұртты мына Мектебі ниеттес боп қолын бұлғап, Сәттілік тілеп тұр ғой Қадірәлі де.

Пысық әрі сымбатты, Көріп алың Манаргүл Мінезім бар биязы Кей кездері тым қатты

Нұрсұлтан мінекей кезек келді, Қызыл тілім жыр айтып безектеді. Жігіт болды айтсақ та сенбейді ешкім, Қаншама бұзық оны десек те енді

Бойында алаулаған жалын, Жақсылық толғандырып жанын. Динара біздің қайтпай үйге Ойлаумен жүреді сыныптың қамын.

Сыйлап сәлем береді, Үлкендерді көргенде. Тлеубекті сыныпта, Ізетті деп біледі.

Айжан сондай салмақты, Сабақ оқудан бір талмапты Әр іске де жауапты екенін сезінумен Кімге болса да ол ардақты

Еңбек бәрін жеңбек

Біздің жігіттер

Арулар асыл жандар

Біздің сыныбымыз