АДАМНЫҢ ҚАН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ Артерия қысымының мөлшері түрлі факторлық әсерлерге байланысты. Солардың ішіндегі негізгі факторлардың бірі-жүрек қызметі мен.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
HELLP синдромы диагностикасы
Advertisements

Қабылдаған : Сагинбаев Қ. Орындаған : Болатова А. ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI TURK.
Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясы Тақырыбы: Қысым Мұғалімі: Ерпаизова Куланда Еділқызы Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы.
Транксрипт:

АДАМНЫҢ ҚАН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУ Артерия қысымының мөлшері түрлі факторлық әсерлерге байланысты. Солардың ішіндегі негізгі факторлардың бірі-жүрек қызметі мен қан тамырларының тонусы болып есептеледі. Артерия қысымы жүрек фазасының циклдарына байланысты ауытқып отырады. Систола кезеңінде ол жоғарылап (систолық н/е жоғарға қысым), ал диастола кезеңінде төмендеп (диастолалық н/е төменгі қысым) отырады. Систолалық қысым мен диастола қысымдарының айырмашылығын пульс қысымы деп атайды.

Артерия қысымының жоғаарылауын гипертония, ал төмендеуін – гипотония деп атайды. Артерия қанының қысымын өлшеуге арналған құрал мембраналық тонометрлер. Құрал-жабдықтар: Тононметр, фонендоскоп. Жұмыс оқушылармен жүргізіледі. Жұмыстың барысы: Тексерілетін оқушыны орындыққа отырғызып, білегін жалаңаштап, аса қысып тастамай ол жерді манжеткамен байлайды. Фонендоскоп арқылы шынтақ қуысындағы артерияны тауып, оның соғуын анықтайды.

Енді артериядағы пульс жоғалғанша манжет- каға ауа толтырылады. Артерия соғуын тыңдай отырып манжеткадағы ауаны арнаулы бұранданың көмегімен біртіндеп шығара бастайды. Алғашқы тонустың пайда болуы – жүрек қарыншасы жиырылуының қысымына сәйкес келеді. Манжеткадағы ауаны одан әрі шығарғанда бастапқы кезде тонус біртіндеп күшейгенімен соңынан жоғалып кетеді. Тонустың жоғалу кезеңі – қарыншаның босаңсу қысымына сәйкес келеді жастағы сау адамдарда қарыншаның жиырылу қысымы

сынап бағанасы бойынша мм (систоликалы), босаңсу қысымы 70-80мм (диастоликалық) болады. Екеуінің айырмашылығын пульстық қысым деп атайды да ол 30-40мм аралығында болады. Жұмысты қорытындылау: Қан қысымы көрсетуін жазу.