Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) – медицинада аурудың алдын алу және емдеу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Қазіргі кезде олардан 40 %-ға.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Және олардың құрамын таңдау Алкандар мен алкендер негізіндегі дәрілікзаттар.
Advertisements

сұраны с табыс 4 Сатып алушылардың табыстарының өзгерісі 1 - қарапйыам тауарлар (табыстың өсуімен бірге мұндай тауарларға деген сұраныс та өседі)
Айқас және өздігінен тозаңдану ОМ: айқас тозаңдану мен өздігінен тозаңданудың салыстырмалы артықшылықтарын сипаттау.
Липидтер алу биотехнологиясы Группа: БТ Орындағандар: Тұтқышбаева М. Ильясова С. Тексерген: Сапарбаева Н. А.
Сұйық беттердегі ерімейтін заттардың қабыршықтардың зерттеулері 4000 жыл бұрын Плиний мен Плутарх майдың толқындарды тыныштандырғыш әсерін байқаған
Аминогликозидтер Орындаған: БолатоваӘ.Е Тексерген: Курмангалиева Л.М Атырау медициналық колледжі.
* Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен.
СӨЖ Тақырыбы : Ағаштардың, бұталардың, жартылай бұталардың, шырмауықтар мен жатаған өсімдіктердің жіктелуі Орындаған : Рамазанов Каусар Тобы : ЛД -411.
Cүтқоректілердің клеткаларының дифференцировкасы Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университеті Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылыстарында қолданатын фитотерапия Орындаған: Қабиева.
Биологиялық факторлардың әсері. Организмдердің бір–бірімен әрекеттесуінің 4 негізгі түрлерін ажыратады: 1. Нейтрализм – бір-біріне ешбір әсер тигізбейді;
Орындаған:Жеңісова Б Қ Тексерген:Иманкулова ГУ. Жоспары: Биотикалық факторлардың түрлері 4 Экологиялық факторлар 1 Абиотикалық факторлар 2 Биотикалық.
Ферменттер әсерінің теориясы. Ферменттердің әсер ету механизмі. Фермент активаторлары мен тежегіштері.
Сабақтың тақырыбы: ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
Кафедра: Медициналық генетика және молекулалық биология. СӨЖ Гендік инженерия Тақырыбы: Гендік инженерия Орындаған: Құрманәлі Н.З. Факультет: Тіс емдеу.
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі негізгі топша элементтер атомдарының жай заттары мен қосылыстары қасиеттерінің өзгеруі Химиялық элементтің кездесу.
Сколиоз Сколиоз (көне грекше: σκολιός, лат. scoliōsis қисық, қисайған) омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы. Сколиоздың туылғаннан болатын және жүре пайда.
Кристалдардың ішкі құрылысы тор тәрізді екенін және олардың симметриясы жайында ұғымды ғылымға алғаш рет Р.Аюи (1784) енгізді, оның теориясын А.В.Гадолин.
Эпилепсия этиологиясы патогенезі. Аффективті б ұ зылыстар. Орында ғ ан Рамиова Л.Б. 703 Т.
Транксрипт:

Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) – медицинада аурудың алдын алу және емдеу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Қазіргі кезде олардан 40 %-ға жуық дәрілік заттар жэне препараттар алынады. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған. ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ШөпШай Ұнтақ Қайна- тынды Тұнба

Қазақстанда өсімдіктердің 6000 астам түрі болса, оның 500 түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Үржар ауданында дәрілік өсімдіктің 450 түрі кездеседі. Дәрілік өсімдіктермен емдеуді ФИТОТЕРАПИЯ деп атайды. Адам ағзасындағы ауыр, қатерлі ауруларды емдеуде өсімдіктерден жасалған препараттардың: Жүрек ауруын емдейтін дәрілердің 78 %; ішек құрт, бауыр – 75 %,; жатыр, жыныс мүшелерінің ауруларының 80 %; қақырық түсіретін - 80 %; қан тиятын - 65 %. Қазіргі кезде мамандар басқа да көптеген ауруларға, сондай- ақ, қатерлі ісік ауруына қарсы препараттар алу үшін жаңа дәрілік өсімдіктердің түрлерін қарастыруда.

Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында биологиялық белсенді заттардың болуына байланысты Биологиялық белсенді заттар өсімдіктердің барлық бөліктерінде немесе оның кейбір бөліктерінде болуы мүмкін. Белсенді заттардың саны мен сапасы өсімдіктердің өсіп-өну кезеңіне байланысты. Сол себепті, дәрілік өсімдіктердің шикізатын дайындауда оларды қай уақытта және қай өсу кезеңінде жинауды білу керек.

Күрделі әртүрлі ұшпамай қосылыстары, өткір иісті зат. Матада және қағазда майдың іздері қалмайды. Дүние жүзінде 2500 эфир майлы өсімдіктер бар. Олар өсімдіктің гүлінде, жапырағында, жемісінде, кейде жерасты мүшелерінде болады. Өсімдіктің вегетациялық дамуы барысында эфир майларының қасиеті мен иісі өзгеріп отырады. Мысалы, кориандрдың піспеген жемісіне жағымсыз иіс тән болса, піскеннен кейін иісі өте жағымды болады, сондықтан тамақ өнеркәсібінде кең қолданады. Өсімдіктегі оның мөлшері 0,001%-тен 20%-ке дейін өзгеріп отырады. Оны су буымен айдау немесе экстракция әдісімен бөліп алады. Олар спиртте, шыны майда және басқа органикалық еріткіштерде ериді. Эфир майының химиялық қүрамы әртүрлі болғандықтан, адам организміне түрлі-түрлі әсерін тигізеді. Микробтарға және түйілуге қарсы дәрі, жүрек жүмысын жақсартады, қызуды басады, ас қорыту жолдарында шырын бөлінуін күшейтеді.

Өсімдік бөліктерінде болатын күрделі органикалық заттар. Оладың қантты және қантсыз бөліктері бар. Ферменттер мен қышқылдар арқылы және қайнатқанда қантқа (глюкоза, фруктоза т.б.) және қантсыз бөлігіне (агликон) ыдырайды. Таза түрінде кристалл тәрізді, ащы зат, суда өте жақсы ериді, бірақ спиртте ерімейді, көбісі улы. Гликозидтермен әртүрлі ауруларды емдеу агликонның химиялық құрамына байланысты. Қазір гликозидтер мен олардың агликондарының 150 түрі белгілі. Медицинада жүрек ауруларына қолданады. Олар өте улы. Тек дәрігерлер бақылауымен ғана емделген жөн. Ең көп қолданылатыны - Кстрофантин, інжугүл жапырақтарынан алынатын –конвалятоксин және кендірдің тамырынан алынатын- цимарин заттары. Гликозидтер табиғатына қарай бірнеше топтарға бөлінеді. Солардың бірі флавоноидтар мен кумариндер.

Флавон деген қосылысқа жататын, түрлі химиялық қосылыстардан тұратын фенолды заттар. Флавоноидтар бос күйінде де, гликозидтер түрінде де (катехиннен басқасы) кездеседі. Көміртекті бөлігі ретінде моно-, ди- және трисахаридтер (Д- глюкоза, Д-галактоза, L-рамноза, L- арабиноза) болуы мүмкін. Көпшілік флавоноидтер бактерицидтік мақсатта жараны жазу үшін және ағзадағы радиоактивті заттарды шығаруға қолданылады. Залалсыз бояғыштар негізінде тамақ өнеркәсібінде көп қолданылады. Антиоксидант және дубильді зат болып табылады. Олар өсімдіктерден жасалған тағамдар мен сусындарда көптеп кездеседі (цитрус жемістерінде, пиязда, көк шайда, қызыл шарапта, сырада, қара шоколадта(70% какао)). Үшкөміртек үзбелерді байланыстыратын структурасына, тотығу дәрежесіне байланысты флавоноидтар бірнеше топқа бөлінеді: 1) Катехиндер; 2) Лейкоантоцианидтер; 3) Антоцианидиндер (Қызыл, көк, фиолетовый); 4) Флавоноидтар; 5) Флавонолдар-3; 6)Флавондар және флавонолдар( сары, қызыл-сары); 7) Халкондар және дигидрохохалкондар; 8) Аурондар; 9) Изофлавондар.

Алғаш рет кумарин Оңтүстік Америкада өсетін кумаруна ағашынан (Dipterix odorata) алынған. Ең негізі - кумарин ядросы. Кумариндер өсімдікте таза түрінде немесе гликозидтер қүрамындағы агликонмен қосылыс түзеді. Олар жарыққа сезімтал, тез ыдырайды, суда нашар ериді. Жарықта түсін өзгертетін қасиеттері бар. Қазіргі уақытта 150 аса кумариндер түрі бөлініп алынды. Кумариндер көбінесе бұршақтүқымдастар, шатыргүлділер түрлерінің тамыры мен жемістерінде болады. Медицинада ағзаның өсуіне, тамыр кеңіткіш, қатерлі ісіктің алдын алуға, антибиотиктік қасиеттерімен пайдалы.

(лат. saponisсабын) - өсімдік гликозидтері тобына жататын азотсыз күрделі органикалық қосылыстар. Сапониндер ерітінділері шайқағанда тұрақты көбік береді. Табиғатта кең таралған: көп өсімдіктердің жапырақтарында, сабақтарында, тамырларында, гүлдерінде, жемістерінде кездеседі. Углеводты және углеводсыз агликоннан (сапогенин) құралады. Сапониндер - түссіз немесе сарғылт оптикалық белсенділігі бар аморфты зат. Суда және спирттарда ериді, органикалық еріткіштерде ерімейді. 4 моносахариді бар сапонин кристалдық түрінде алынған. Сапониндердің өзгеше қасиеті - судың сыртқы керілісін азайтатындығы және шайқағанда тұрақты көбікті түзейтіндігі. Сапониндер: фунгицидты (томатин, соланин), моллюскоцидты (томатин, соласонин, соламаргин), инсектицидты (демиссин, томатин, соланин, хаконин, лептины, соламаргин, соласонин), ісікке қарсы әсерлері (соламаргин, соласонин, соланин, солаплюмбин), қабынуға қарсы әсерлері (соласодин, томатин) белгілі. Детергент ретінде өрт сөндіргіштер, т.б. тұрақты көбікті қолданатын өнім шығаруында қолданылады. Халва, кондитер өнімдерінде, сыра т.б. эмульгатор ретінде қолданылады. Медицинада қақырық түсіргіш ретінде, зәр айдағыш, тыныштандырғыш ретінде қолданылады

Күрделі азотты қосылыстар (араб.: alkali – сілті және гр. eіdos – түр). Өсімдік түрлеріне, өскен ортасына, биологиялық даму сатыларына, өсіру және жинау әдістеріне байланысты алкалоидтардың мөлшері де әртүрлі болады.араб.гр. Алкалоидтар суда ерімейді, бірақ түрлі органикалық қышқылдармен тез байланысып, суда ерітінді түзеді. Медицинада алкалоид түздарының судағы ерітіндісі қолданылады. Алкалоидтар дәмі ащы, көпшілігі улы, күшті әсер еткіш дәрілік заттар тобына жатады. Қазір алкалоидтардың 2 мыңнан астам түрлері белгілі, олардың 30- нан астамы медицинада қолданылады ( морфин, эфедрин, атропин, папаверин). Негізінен жүйкені қоздыру және басу үшін қолданылады, қан қысымын көтеріп – түсіреді, сондай-ақ бактерицидті қасиеттері де бар. Өсімдік құрамында 0,2-0,5% мөлшерінде кездеседі. Барбаристің –көкбояу тамырында 15%.морфинэфедрин атропинпапаверин Алкалоидтардың көбі жабықтұқымдылардың арасында кеңінен таралған. Әсіресе олармен көкнәр, алқа, сарғалдақтар, бұршақ, алабота, күрделігүлділер тұқымдастары бай.

Дубильді заттар – өсімдіктерді шіріп кетуден қорғайтын, фруктоза мен ароматикалық қышқылдар эфирі. Ақуызбен қосылыс түзе отырып, олар ерімейтін қосылыстар түзеді, сондықтан олар көбінесе тері өңдеу зндірісінде кеңінен қолданылады. Иленген тері өте жұмсақ, төзімді және су өткізбейтін болады. Дубильді заттар емен ағашында көп мөлшерде болады (қабығында %), шәй (жапырағында 15-20%), балқарағай, бадан. Теріні қатайту, сапасын көтеру мақсатында қолданылады. Өсімдіктерде 10-20% кейде 70%-ке дейін кездеседі. Медицинада жараның үстінің тез бітуі үшін және олардың сілемейлі қабатына микроағзалардың түспеуі үшін қолданылады. Кей түрлері улануға қарсы да қолданылады.

Илік заттар барлық өсімдіктер құрамында кездеседі. Тырыстыратын дәрі құрамына кіреді. Олардың антигепатоксикалық, антибактериалық, антимутагендік, әртүрлі саңырауқұлақтарға қарсы, сондай-ақ, қанның қалпына келуіне, суық тигенге қарсы белсенділігі бар. Сонғы жылдары әртүрлі зерттеулер жүргізу нәтижесінде илік заттардың қатерлі ісікке қарсы, антиоксиданттық, антивирустық, фунгицидтік, бойдың өсуін реттеуші, тұмауға, гепатит, СПИД ауруларына қарсы белсенділіктері анықталынды. Олардың ішінде ауыл шаруашылығында қолдануға болатын далалық және өндірістік сынақтар бойынша өсімдіктерді вирустық аурулардан қорғау, тамыр жемістілерді үзақ сақтау кезінде шіруден сақтау құралдары, дәнді дақылдардың өсуін реттеуші тиімді, экологиялық таза құралы ретінде қарастырған. «Илік заттар» терминін ең алғаш рет 1796 жылы Сеген пайдаланған болатын. Илік заттар – иленбеген теріні былғарыға айналдыра алатын «илік» қасиеті бар өсімдіктегі полифенолдар тобы. Тері илегіш заттардың мұндай қасиеті олардын тері жамылғысының ақуыздарымен коллагенмен əрекеттесіп, шіру процесіне тұрақты құрылым түзілуіне негізделген.

Күрделі химиялық қосылыс, жабысқақ, суда ерімейтін, әртүрлі иісті зат. Сұйық шайырды бальзам деп атайды. Өсімдікте шайыр шайыр жолдарында болады. Егер өсімдіктің сыртқы қабаты жарақаттанса, шайыр толық жауып, кеуіп қалудан және микроб түсуден қорғайды. Шайыр қылқанжапырақтыларда, қайыңның бүрі мен жапырағында, алоэда кездеседі. Медицинада оларды бактерияға қарсы, ал тұндырмасы ішкі органдарға пайдаланады. Қарағайдан алынған шайыр медицинада кең қолданылатын «клеол» пластырь құрамына кіреді. Ежелгі Египетте ладаң, мирра, канифоль сияқты шайыр заттарын өлген адамды бальзамдау үшін қолданған. Бірі сүргі ретінде, екіншісі жараларды емдеуге, үшіншісі несеп айдауға дәрі ретінде қолданылады.

Терпеноидтар –екі, үш немесе бірнеше изопрен қалдығынан тұратын көмірсутектер. Өзге органикалық заттардан айырмашылығы олардың лабильдігі, изомерленуге, циклизация мен полимеризацияға бейімділігі. Терпендердің изомерленуі оңай жүреді. Сондықтан орыс ғалымы Е. Вагнер оларды «химиялық хамелеондар» деп атаған. Терпеноидтардың барлығының (терпингидраттан басқасы) - өздеріне тән өткір иісі болады. Ерінгүлділер тұқымдастарында кездеседі. Медицинада тітіркендіргіш, ауруды басатын, суықты сезінетін, қыздыратын, әлсіз антисептикалық қасиет көрсетеді (ментол). Ментолды ішке қолданғанда орталық нерв жүйесіне тыныштандырғыш әсер көрсетеді. Валидол – ментолдың изовалериан қышқылының ментил эфирінің 25-30% судағы ерітіндісі, стенокардияны емдеуде спазмолитикалық әсер көрсетеді. Терпингидрат – қақырық түсіретін қасиет көрсетеді.