Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Офтальмология, оториноларингология, реаниматология кафедрасы СӨЖ Мұрынның қуысының және қойнауларының жарақаты.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Балалар жақсүйектерінің жедел және созылмалы остеомиелиті Тексерген: Тоқкожаев Б.Р. Орындаған: Қуандыков Е.С. топ: 501 Б Алматы – 2017 жыл.
Advertisements

Менингококкты инфекция Орындаған: Әзімханқызы А топ Тексерген: Насакаева Г.Е Қарағанды 2017 жыл Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Балалар.
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Оториноларингология кафедрасы СРС Тақырыбы: Отогенді сепсис Орындаған:Касенова Динара 4035 топ ЖМФ Тексерген:
СӨЖ ТАҚЫРЫБЫ: КӨЗ ҰЯСЫНЫҢ ІСІКТЕРІ. ТЕКСЕРГЕН: АКАШЕВА Ж.Е ОРЫНДАҒАН: КӨПТІЛЕУОВА А. МЕЛЛЯТХАНОВА Ф. ТАҒАЙБЕК Т. ТОП : 414 ЖМ АСТАНА 2017 « Астана медицина.
Қарағанды мемелекеттік медицина университеті Балалар жасындағы стоматология және хирургиялық стоматология кафедрасы Балалар жасындағы стоматология және.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Шымкент медицина институты Тақырыбы: Бас миы эхинококкозының хирургиялық емі Орындаған: Иманова.
Караганды мемлекеттiк медицина университетi 1 Iшкi аурулар кафедрасы Тақырыбы: Асқазан және ұлтабардың ойық жарасы. Орындаған: «ЖМФ» ДАУЛЕТ ЖАНСАЯ.
«Астана Медицина Университеті»АҚ Клиникаға кіріспе кафедрасы Бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларын тексеру тәсілдері Орындаған:Мусабекова А.Еркинбаева.
СӨЖ Тақырыбы: Науқастарды күткенде комуникативті дағдыларды дамыту және оның жанұясымен тіл табысу. Тексерген:Рысбай А.А Орындаған:Мұратова А.Н Тобы:ЖМ.
СӨЖСӨЖ Тақырыбы: Жұлын-ми сұйықтығының айналысы (ликвордың құрамы). «Астана Медиина Университеті» АҚ Адам анатомиясы кафедрасы Орындаған:Кайырбеков К.О.
СӨЖ Мұрыннан қан кету Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Қарағанды 2017 Орындаған: Аймахан Г. Т топ ЖМФ Тексерген:Мұзафарова Қ. О.
* Диареялық синдром дамуымен біріктірілетін, патогенді және шартты- патогенді бактериялармен, вирустармен және қарапайымдылармен шақырылатын, адамдардың.
Тақырыбы: Науқастың әртүрлі функциональді қалыптары. Фаулер, Симс қалпы. Орындаған: топ ЖМФ Тексерген: Қарағанды 2010.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Жалпы дәрігерлік тәжірибе кафедрасы 2 Орындаған:Қоңыров Ә.Т ЖМФ Қабылдаған:Амангельдиева Қ.Қ. СӨЖ Функционалды.
« Астана Медицина Университеті » АҚ Ішкі аурулар кафедрасы С Ө Ж Тақырыбы: Конн синдромы емдеуі. Орындаған: Бекзалбек А.С Топ: 412 ЖМ Қабылдаған: Абаева.
Медициналық қызметкерлерімен науқастар арасындағы қарым-қатынас.
Презентация Тақырыбы: Инфаркт Қабылдаған:
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті 2 Ішкі аурулар кафедрасы СӨЖ «Өкпелік қан кету. Анықтамасы. Жедел көмек көрсету» Орындаған: Еркінова М.Ауезова.
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Оториноларингология кафедрасы Д ә ріскер: профессор А.С.К ү лімбетов Алматы, 2016.
Қабылдаған: Набиев А.С Орындаған:Бахрам Ә Топ: СТК -436 Тақырыбы: Ба қ ылайтын нау қ асты ң жергілікті статусын ба қ ылау
Транксрипт:

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Офтальмология, оториноларингология, реаниматология кафедрасы СӨЖ Мұрынның қуысының және қойнауларының жарақаты Орындаған: Оразбай Т.А топ ЖМФ Тексерген: Музаффарова К.О. Қарағанды 2016

Жоспары Кіріспе Негізгі бөлім Мұрын жарақаттары Мұрын қойнауының жарақаттары Клиникасы Диагностикасы Емі Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

Мұрын зақымданулары: Сыртқы мұрын зақымдалу және оның қабырғаларының жарасы көбінесе ер адамдарда жас кезінде, спортпен айналысушыларда байқалады.

Мұрынның ішкі жағындағы жаралар шырышты қабатқа сызат, жарақат болып табылады. Мұндай жараға инфекция түскен кезде ол асқынып, абсцесс және мұрын передсінің перихондриті болып кетеді. Мұрын жарақаты әртүрлі болып келеді. Оларға сүйек шығуы, сызат (трещина), ығысусыз сүйек шығуы, ығысумен сүйек сыну жатады. Көп жайдайдағы мұрын жарақатында мұрын сүйектері мен аралық перед зақымдалады. Аса қатты жарақатта тіпті маңдай өсіндісі, жоғары жақ сүйек қабырғалары, мұрын маңыз қойнаулар сүйегі де сыну мүмкін. Жеңіл түрдегі жарақаттар мұрын маңындағы терінің зақымдауымен ғана шектеліп қойса, ал бұдан аурылау түрінде жұмасақ тіндермен қоса сүйек, шеміршек зақымдалады. Бірақ кейбір жағдайларда тіпті ауры жарақаттың өзі сырттай білінбей, жұмсақ тірденді зақымдамай ақ болуы мүмкін. Атылған жарақатта шекелей немсе толықтай мұрын бөлінуімен жүреді. Оның мұрын сүйектерін және оның айналасындағы құрылымдарды зақымдаумен көрінеді. Тікелей тиган оқ, мұрын қуысы сүйектерін жарып, мұрын маңы қойнауларына, одна бассүйек қуысына, мойынға кетеді. Мұндай жағдайда адам бірден өліп кетуі мүмкін.

Диагностика: Мұрын жарақатын қаншалықты зақымданғанын білу үшін сырттай қарау, пальпация жасау, зондттау, эндоскопия, рентгенографиялық зерттеу әдістеріне жүгіну керек. Айналадағы мүшелерді зақымдауына байланысты лор, окулист, невропатолог қарап, лабораторный және басқа зерттеулер жүргізілуі мүмкін.

Жарақат уақытында науқаста шок, жүрек айну, лоқсу, есін жоғалту көріністері болуы әбден мүмкін. Осы көріністердің әрқайсысы бас миы шайқалуына, кейде бассүйек негізінің сынуна көрініс болып келеді. Науқас басы на иммобилизация жасалып, неврологиялық зерттеу жүргізілу керек. Сыртқы мұрыннан қан ағу өздігінен басылып қалады. Бірақ егерь қан кету этмоидальді артериядан кететін бокса, қан ағу интенсивті болып, тек мұрын тампонада сын жасағанан кейін ғана тоқтайды. Конъюнктивальді және теріастылық қанталауларды (кровоподтеки) көз маңы орбитасындағы қан құйылулардан ажырата білу керек (көзілдік симптомы – симптом очков).

Сырттай қарағанда және пальпация (ұстап, басып көргенде) жасағанда бірнеше күнге созылған мұрын тіндерінің ісінуі, үлкеюі байқалады. Мұрынның бір жаққа ығысуы оның сүйектерінің сынун көрсетеді. Аса жарақ тудырушы сайт, мұрын сүйектерінің ыдырап сыну. Мұндай жағдайда қолмен мұрынды ұстағанда ол аса қозғалғыш болып, кейде крепитация (сықыр) анықталып тұрады.

Рентгенологиялық зерттеу: Рентгенологиялық зерттеу осы мұрын жарақаты, сынығы жайлы құнды ақпарат береді. Әсіресе айнала тіндер ісініп, қызарып, жұмсарып тұрғанда рентгене түсіру таптырмайтын зерттеу құралы. Кей жағдайда компьютерлік томография түсіруге де болады.

Мұрын жарақаты емі: Сүйек сыну кезінде бірінші көмекті алғашқы тәулікте көрсеткен эффективті болады. Қан ағуды бірден тоқтатуға тырсу керек, себебі ұзаққа созылған қан ағу науқас өміріне қауіп төндіреді. Мұрын маңы тіндерінің ашық жарақаты оған инфекция түсу және оның талауына бірден біл жолы екенін ескерсек, бірден науқасқа сіреспеге қарсы сары су енгізу керек. Егер ми шайқалуының 2-3 деңгейі анықталса, мұрын сүйегін салу және хирургиялық емді мүмкіндігінше кейінге қалдыра тұрып, неврологиялық ем жасау қажет. Мұндай жағдайда тек біріншілік хирургиялық өңдеу жасау керек. Бет және мұрын аумағы қанмен жақсы қамтамассыз етілген аумақ болған соң осы жерлер жил дам жазылады. Жараны сутегі асқын тотығымен өңдеп, кептіреді. Жиі орналасқан тігіс салынады. Таңу көп жағдайда жасалмайды.

Мұрын сүйектері ығысқан бокса оны орнына саусақпен итеріп, немсе арнайы инструмент пен (мұрын элеваторы мен) орнына келтіреді. Кей кездерде мұрын аумағындағы үлкен аумақты алған жарақатта сүйекті салып қана қоймай, бет пішінін қалпына келтіру де маңызды.Сыртқы мұрын конфигурициясын орнына келтіру маңызды іс болып тұрады. Бұл кезде мұрын жарақаты жазылған соң, аутопластикалық операция арқылы сыртқы мұрын пішінін қалпына келтіреді.

Көбінесе мұрын сүйектерінің сыну сыртына қарай ығысып сыну немсе мұрын сүйегінің жоғарғы жақ сүйегінің маңдай бөлшегінің қосылысы ашылуымен жүреді. Клиникалық тәжирибеде мұрын сынығы жіктеледі: Риносколиоз – мұрынның жанына ығысуы Ринокифоз – мұрын сүйегінің өркешті болуы Ринолордоз – мұрын қырының төмен ығысуы Платириния – жапырылған мұрын Брахириния – өте кең мұрын

Мұрын қуысы қойнаулары

Мұрын қойнаулары мұрын қуысы маңайындағы аулы кеңістіктерді құрайды, олар саға арқылы онымен байланысады. Мұрын қойнаулары 4 жұптан тұрады: Жақ үстілік Маңдайлық Торлы сүйектің ұялары Сына тәрізді Клиникалық жағынан: Алдыңғы Жақ үстілік Маңдайлық Торлы сүйектің алдыңғы, ортаңғы қойнаулары Артқы Сына тәрізді Торлы сүйектің артқы ұялары

Маңдай қойнауының жарақаты Маңдай қойнауының жарақаты көбіне травмалық шоктан немсе бас-ми жарақатынан демиды. Онын алдыңғы қабырғасы сынғанда косметикалық өзгерістер байқалады, хонда маңдай қойнауының тесігінің өткізгіштігі қиындайды. Маңдай қуысының артқы қабырғасы сирек зақымдалады. Жергілікті: жарақат орнында аурысыну, ісіну, гематома, сүйекке дейін жететін жұмсақ тіннің жарақаты болады. Маңдай қойнауының алдыңғы бөлігінің сыну кезінде пальпация да бірден аурысыну сезімі және сүйектер крепитациясы сезіледі. Маңдай сүйегінің жарақаты және қабырғаларының сыну кезінде қан кету жиі кездеспейді. Тек бас-ми сүйектерінің қабырғасы сыну кезінде мидың қатты қабығының жыртылуы болғанда мұрындық ликворея болады.

Маңдай қойнауының жарақаты, әсіресе синустың өзіне және мұрын қуысына, бас сүйекке өткенде ауры асқыныстар береді. Благовещенский бойынша классификациясы: Маңдай қойнауының жарақатынан кейінгі іріңді асқыныстар: Травмалық іріңді-полипозды фронтите Экстрацеребральды іріңді асқыныстармен көрінетін фронтите Эпидуральды абсцесс термин фронтите Интрацеребральды іріңді асқыныстармен көрінетін фронтите: Интрацеребральды абсцесс термин фронтите Фронтиттер мен милық тыртықтың іріңдеуі

Маңдай аймағында шектелген іріңді пахименингиттер Маңдай қойнауының жарақатынан кейінгі іріңді емс асқыныстар: Тұрақты мұрындық ликворея Қақпақшалық пневмоцефалия Мұрыннан қан кету

Жоғарғы жақ үсті қойнауының жарақаты Жоғарғы жақ қойнауының сыну оның ішіне қарай кіруімен, көз, бет сүйектерінің және тор сүйектердің сынумен бірге жүреді,көз алмазы зақымдалады. Жарақаттар жабық және ашық болуы мүмкін. Көбіне бет сүйек өсіндісіне,жоғарғы жақ сүйектерге келтірілген соққыдан болатын тұрмыстық жарақаттар кездеседі. Бет аймағының жарақатында көзге қанталау, көз алмазының ығысуы, көзді қимылдатқыш бұлшықеттің езілуі байқалады. Негізі бұндай жарақаттар гемосинус, жоғарғы жақ үстілік тістердің бүтіндігінің бұзылысын, мұрыннан қан кетуді, бас-ми жарақатын туындатады. Көбіне жоғарғы жақ қойнауының сыну мұрын пирамидасының және оның сүйектерінің, бет сүйек өсіндісі сынумен бірге жүреді. Сонымен қатар жоғарғы жақ қойнауының жарақаты тістердің экстракциясы кезінде, әсіресе жоғарғы 6,7,5 тіс түбірін жұлғанда кездеседі.

Торлы сүйек жарақаты Торлы сүйектің жарақаты көбіне сілемейлі қабаттың зақымдалуымен, тері астында эмфиземаның пайда болуымен байқалады. Ол маңдайға, мойынға таралуы мүмкін. Алдыңғы тор артериясының зақымдалуы қанның көз алмазына кетуімен қауіпті. Торлы лабиринттің жарақатынан көбіне иіс слезу рецепторы немсе анализаторы зақымданады.

Сына тәрізді сүйектің жарақаты Сына тәрізді сүйек сынығы- бас сүйегінің негізінің сынығын білдіреді. Ол сирек кездеседі және көз жүйкесінің зақымдалуы, ішкі ұйқы артериясының зақымдалуы және қатты қан кетуге әкеледі немсе қан тамары аневризмасы байқалады.

Клиникасы Мұрын маңы қойнауларының жарақатында барлық уақытта бас –ми зақымдалады, бас айналу, есінен тану, психикасының бұзылысы, құсу, жүрек айну болады. Диффузды бас ауру, жарақат алған аймақта аурысынулар, және тез арада алдыңғы немсе артқы тампона даны қажет ететін қысқа немсе ұзақ уақыттық мұрыннан қан кету болады. Маңдай немсе жоғарғы жақ қойнауының жарақаты кезінде бас – ми шайқалуы болмауы да мүмкін, науқас тек пальпация да травма алған жердің аурысынуна жәнежұмсақ тіндердің ісінуіне, қысқа уакыттық қан кетуге шағымданады. Ісіну ұлғайғаннан соң науқас бетінде косметикалық өзгерістер байқауы мүмкін. Науқастың жалпы жағдайы неврологиялық симптом дар болмаса қанағаттанарлық болып есептеледі. Бірінші тәулікте субфебрильді температура байқалады.

Жергілікті зақымданған қойнауда болатын өзгеріс қанның қойнауда жиналып қалуы және іріңдеуі. Ашық жарақат кезінде инфекция сырттан кіреді, ал жабық түрінде мұрын қуысынан кіреді. Кейде сынықтың бір ғана белгісі теріастылық орбитаның, қабақтың, маңдайдың эмфиземасы болуы мүмкін. Ол сықырлаумен, пальпация да терінің ісінуімен білінеді. Жарақаттан пайда болған жырықтан бас сүйекке ауа кіруі мүмкін. Мұрынның қосалқы қойнауларының жарақатынан мұрында немсе шарада ликворея пайдп болуы мүмкін. Ликвор көбіне субарахноидальный кеңістіктен бөлінеді. Субарахноидальды ликвор тез тоқтауы мүмкін, ал кейде ұзаққа созылады. Ликворлы кеңістік қауіпті болып табылады, ол инфекцияның таралуы мен асқыныстар – менингит немсе бас сүйек ішілік абсцесске әкеледі. Торлы сүйек лабиринтінің зақымдануынан тұрақты аносмия мен гипосмия пайда болады.

Диагностикасы Диагностикасы комплексті болуы керек. Анамнезінен жарақат қашан және қандай затон соққы алғанын, механизмін, соққының күшін, интенсивтілігін, қан кетуді, есінің анықтылығын анықтау керек. Жұмсақ тіндердің ісіну дәрежесін, зақымдалуын, жараларды анықтайды. Мұрын маңы қойнауларын пальпациялауда абай болу керек, өйткені қаттты қысымнан күшті аурысыну және қабырғаларының зақымын асқындырып алу мүмкін. Минимальды ісіну кезінде косметикалық дефект дәрежесін анықтауға болады. Жалпы қараумен қатар жарақат аймағына әр түрлі зерттеулер, неврологиялық зерттеу және қажет бокса көру қабілетін, басқа да ағзалардың жағдайын анықтау керек.

Лабораториялық зерттеу Жалпы қан анализі Жалпы зәр анализі Қанның биохимиялық анализі Лабораториялық зерттеу қан жжоғалту дәрежесін, басқа ағзалардың жағдайын анықтауға көмектеседі. Мұрыннан жұлын сұйықттығы ағатын бокса, тор сүйектің сүйек табақшаларының қатты ми қабатынын зақымдалуын көрсетеді. Мұрыннан қан ағатын бокса, жұлын сұйықтығын анықтау қиынға соғады. Қан тоқтаған соң мұрынан ақшыл сұйыктық кетеді. Лабораториялық тексеру кезінде мұрын бөлінділерінен глюкоза анықталса, ол жұлын сұйыктығының бар екенін көрсетеді.

Инструментальды зерттеу Сәулелік зерттеу әдісі, рентгенография, КТ, МРТ мұрын маңы қойнауларының жарақатында жоғары ақпаратты болып табылады. Мұрын маңы қойнауларының жарақатын анықтауда бассүйектің рентгенографиясының бірнеше проекциясы қолданылады: Мұрын сүйектерінің бүйірлік проекциясы Полуаксиальды және мұрынастылық қойнау проекциясы Бассүйектің тікелей және бүйірлік көрінісі жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісінің көрінісі

Емі Емдеу жарақат көлеміне, аурылығына, неврологиялық белгілеріне байланысты. Егер жұмсақ тіндердің жарақаты немсе соғылуы кезінде терінің сызылуы, сүйек сынығы болмаса, біріншілік хирургиялық тазарту жасацды. Қажет бокса мұрын қуысына артқы және алдыңғы тығын жасалады. Алғашқы 5 –6 сағатта ісік, қанталау болмас үшін суық су, мұз басу керек. Мұрын маңы қойнауларының жеңіл, жабық сыныктары мен шырышты қабықтың бүтіндігінің бұзылысы кезінде оперативті емс ем қолданылады: Жүйелі антибиотиотерапия Гемасинуста-синусқа антибиотиктер енгізу Мұрын қуысына - Тамыр тарылтқыш препараттар Антигистаминді препараттар

Емі Мұрын маңы қойнауының деформациялық сынуның орташа аурылықты жарақаты кезінде созылмалы іріңді қабынулық ауруларда қолданатын хирургиялық(пластикалық, эстетикалық, косметикалық) тәсілдер пайдаланады. Мұрын сүйегі сыну, қисаюы бокса репозиция жасайды, және сонымен қатар қабынуға қарсы және аурысынуды басатын ем қолданылады.

Жоғарғы жақ қойнауының сыну кезінде қойнау ішінде қан жиналумен, алдыңғы қабырға сүйектердің ішіне кірумен сипатталады. Жарақаттан 3-4 күннен соң қойнауда қабыну жүреді. Гаймор қойнауда сілемейлі қабатында ісіну, инфильтрация, аурысыну, дене қысуы көтерілуі болады, бұл кезде гаймор қойнауын инемен тесіп, жуып, антибиотиктер енгізу керек. Маңдай қойнауының сыну кезінде сүйектердің ішіне қарай өтіп, тесіктің өткізгіш қабілетін азайтады. Операция маңдай қойнауының алдыңғы қаабырғасын қалпына келтіруге бағытталган. Преображенский бойынша мұрын-маңдай сағасын қалпына келтіріп, резиналы түтік 0,6-0,8 см қойылады.

Қорытынды: Мұрынның қуысының және қойнауларының жарақаттары мұрын ауруларының арасында жиі кездеседі. Жарақаттың алдын – алып, жарақат кезінде дұрыс көмек көрсетер боксақ, асқынуларға жол бермейміз.

Қолданылған әдебиеттер В.Т. Пальчун, М.М. Магомедов, Л.А. Лучихин Оториноларингология москва 2008 Р.Қ.Төлебаев,Э.К. Исмагулова, Б.З. Жусупов Оториноларингология дәрістері Астана 2009 Интернет желісі