Орындаған: Мырзагалиева А. Қойлыбай Ж. Тобы: 302-стом Қабылдаған: Дүкенбаева Б.А. Астана, 2018 ж.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Бейімделу және орын толтыру процестері СӨЖ Тақырыбы:
Advertisements

Сабақтың тақырыбы: ГЕНДЕРДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
Ферменттер әсерінің теориясы. Ферменттердің әсер ету механизмі. Фермент активаторлары мен тежегіштері.
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Дисциплина: Визуальды диагностика Факультет: Жалпы медицина Та қ ырыбы: Ж ү рек.
Орындаған: Мелисбек Айбарыс, Нарынбай Амантай, Нуриев Шаукет, Мақашев Сұлтан Тексерген: Манкибаева Сандуғаш.
Семей Мемлекеттік Медицина Университеті Қалыпты физиология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Балалар омыртқасының физиологиялық иілімдері Орындаған: Дүйсенғажыева.
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI TURK-KAZAK UNIVERSITESI Битемирова Д Қабылдаған: Битемирова.
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Мамандығы: Жалпы медицина Дисциплина: Жалпы патология Тақырыбы:
Кіріспе Негізгі бөлім Респираторлық дистресс синдром Этиологиясы мен клиникасы Емі Қорытынды.
сұраны с табыс 4 Сатып алушылардың табыстарының өзгерісі 1 - қарапйыам тауарлар (табыстың өсуімен бірге мұндай тауарларға деген сұраныс та өседі)
Орындаған:Жеңісова Б Қ Тексерген:Иманкулова ГУ. Жоспары: Биотикалық факторлардың түрлері 4 Экологиялық факторлар 1 Абиотикалық факторлар 2 Биотикалық.
Және олардың құрамын таңдау Алкандар мен алкендер негізіндегі дәрілікзаттар.
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті Гистология кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: Асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметінің балалардағы ерекшеліктері. Орындаған:
Түркістан 2017 СӨЖ Тақырыбы: Плацебо жайлы түсінік Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті «Жедел медициналық жәрдем» кафедрасы Коммуникативті.
Сколиоз Сколиоз (көне грекше: σκολιός, лат. scoliōsis қисық, қисайған) омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы. Сколиоздың туылғаннан болатын және жүре пайда.
Cүтқоректілердің клеткаларының дифференцировкасы Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К Қабылдаған: Сапаров Қ.Ә. Орындаған: ББ101К.
Жасуша – кез келген орган немесе организмнің негізгі құрылымдық біртекті бөлшегі.Өзінің кез келген функцияларын атқару үшін гомеостаз процессінен өтеді,зат.
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ HOCA AHMET YESEVI ULUSLARARASI TURK-KAZAK UNIVERSITESI.
2- семинар сабақ Балалармен жас өспірімдердің физикалық физикалық дамуын талдау. Адамның жасының кезеңдері және олардың ерекшеліктерін сипаттау.
Транксрипт:

Орындаған: Мырзагалиева А. Қойлыбай Ж. Тобы: 302-стом Қабылдаған: Дүкенбаева Б.А. Астана, 2018 ж.

I. Кіріспе II. Негізгі бөлім 1. Атрофия және оның түрлері 3. Жергілікті атрофияның түрлері 4. Гипертрофия 5. Ситуациялық есептер ІІІ. Қорытынды IV. Қолданылған әдебиеттер

Бейімделу – ағзаның сыртқы ортамен қарым-қатынасы жүзеге асатын барлық тіршілік процестерін біріктіретін кең биологиялық түсінік. Ол биологиялық түрдің сақталуын қамтамасыз етеді; деннің сау кезеңіне де, ауру кезіндегі жағдайға да қатысты. Бейімделуге қатысты патологиялық үрдістердің бейнесі: 1) Атрофия 2) Гипертрофия 3) Организация 4) Тіндік құрылымның өзгеруі 5) Метаплазия 6) Дисплазия

Сему, атрофия (грекше atropheo ашығу, сему) организмдегі белгілі бір орган немесе тін қызметінің бұзылуынан олардың көлемінің кішіреюі. Семудің физиологиялық және патологиялық түрлері бар. Атрофия Физиологиялық Мысалы, жаңа туған нәрестелерде кіндік қан тамырларының семуінен кіндігі түседі; жасөспірімдерде жас аралығында айырша бездің (тимус) қызметінің тоқтауына байланысты ол семіп қалады. Ал қарт адамдардың терісі жұқарып, әжім пайда болады; сүйектері жұқарып, морт сынғыш келеді; ішкі секреция бездерінің қызметтері төмендейді. Патологиялық ЖалпыЖеке

Жалпы атрофияның себептері: -Алиментарлық (аштық немесе астың сіңбеуі) - рактық кахексия -Гипофиздік кахексия (Симондс ауруы) -Милық кахексия -Басқа да жүдететін аурулар (туберкулез, бруцеллез, созылмалы дизентерия) Жалпы атрофияның немесе жүдеуліктің сипаты: адамның терісінің шел майы таусылып, көз ұясы үңірейіп, терісі құрғап, әжімделеді, іші қабысады. Қалдық шел май липохром пигменті жиналғандықтан, қоңыр түсті болады. Бауыр мен жүректің қоңыр атрофиясы дамиды.

МикропрепаратМакропрепарат Жүректің көлемі мен массасының кішіреюі, эпикардта май тінінің болмауы, миокардтың қоңыр түсті болуы (липофусциноз). Нәтижесі: аурудың себебін жойған кезде – ағзаның өз қалпына келуі, асқынған жағдайда – паренхиматозды жасушалардың некрозы, ол жерде дәнекер тіннің өсуі

МикропрепаратМакропрепарат Бөлікшелердің ортасындағы гепатоциттердің цитоплазмасында перинуклеарлы алтын- қоңыр түстес пигмент дәндері кездеседі (липофусцин), гепатоциттер мен олардың ядролары кішірейген, бауырлық балкалар жұқарған, олардың арасындағы қашықтық кеңейген (гепатоциттер атрофиясы). Бауыр кішірейген, алдыңғы жиегі өткірленген, беткейі тегіс (ұсақдәнді болуы мүмкін), беткейінің және кесіндідегі түсі қоңыр. Нәтижесі: аурудың себебін жойған кезде – ағзаның өз қалпына келуі, асқынған жағдайда – паренхиматозды жасушалардың некрозы, ол жерде дәнекер тіннің өсуі

Жергілікті атрофия түрлері: 1. Дисфункциялық атрофия 2. Қан жеткіліксіздік атрофиясы; 3. Қысымдық атрофия 4. Жүйкелік атрофия 5. Физикалық және химиялық факторлардан дамитын атрофия

Дисфункциялық атрофия организм функциясының төмендеуі нәтижесінде түзіледі. Бұған сүйек сыну нәтижесіндегі бұлшық еттер семуі, көзді операция жолымен алу нәтижесіндегі көру нервінің атрофиясы.

Қан айналымның жетіспеушілігі нәтижесіндегі атрофия артериялардың тарылуынан дамиды. Қанның жеткілікті мөлшерде келмеуінен ағзалар гипоксияға ұшырайды, нәтижесінде паренхиматозды элементтер қызметі төмендейді, жасушалар көлемі кішірейеді. Гипоксия фибробласттардың пролиферациясын дамытады да нәтижесінде склероз дамиды. Мысалы, бүйректің біріншілік семуі. Себептері: артериялық гипертензия, атеросклероз, бүйрек инфаркті.

МикропрепаратМакропрепарат Гиалиндалған артериолалар(а), шумақшалар(б), атрофиға ұшыраған өзекшелер (в), дәнекер тіннің өсуі(г). Бүйрек кішірейген (100 г), консистенциясы – тығыз, беткейі – ұсақдәнді. Капсула қыртысты қабатпен тығыз байланысқан.

Қысым нәтижесіндегі атрофия қатты тіндер де дамуы мүмкін. Ұзақ уақыттағы қысым нәтижесінде тіннің құрылымы бұзылады. Мысалы, омыртқада қысым нәтижесінде аневризмалар дамиды. Қысымдық атрофия зәрдің шығарылуы қиындағанда бүйректе дамиды. Бұны гидронефроз деп атаймыз. Мида гидроцефалия дамиды.

МикропрепаратМакропрепарат Бүйрек паренхимасы азайған. Оның орнына жуанталшықты дәнекер тін өскен (а). Сақталған шумақшалар атрофияға ұшырап, тыртықтанған (б). Жеке шумақшалардың капсула саңылауы кеңейген, ақуыздық сұйықтықпен толтырылған (в) Өзекшелер де атрофияланған, тек кейбіреуі кеңейген (г) Бүйрек ұлғайған (кішіреюі де мүмкін), кесіндіде бүйрек паренхимасы атрофияға ұшыраған, жұқарған, тығыздалған (строма склерозы); түбекше мен тостағаншалар кеңейген, шырышты қабаты қалыңдаған.

* Ми тінінің бөлігі * Ағза көлемі ұлғайған. Беткейі тегіс. Ми заты атрофияланған, жұқарған. Бас миының қарыншалары жұлын-милық сұйықтықтың жиналу салдарынан кеңейген. * Себептері – ликвордың ағуының бұзылуы (менингит, травмалар, қабыну) * Нәтижесі жағымсыз – үдемелі деменция, ОЖЖ және тағы басқа жүйелердің функцияларының бұзылуы

Нейротикалық атрофия сол ағзаның нервпен байланысы бәсендегенде дамиды. Бұл көбінесе мотонейрондық жүйкелердің өлуі нәтижесінде көлденең жолақты бұлшықеттерде дамиды(полиомиелит). Семген бұлшықет талшықтарының арасын дәнекер және майлы тіндер жайлап кетеді. Мүшенің массасы көбейіп, көлемі ұлғайып, жалған атрофия дамиды.

МикропрепаратМакропрепарат Полиемиелит кезіндегі нейротикалы қ атрофия. Атрофиялан ғ ан б ұ лшы қ ет жасушалары (а), орнын басып жат қ ан май (б) ж ә не д ә некер (в) тін. Қ а ңқ а б ұ лшы қ еті к ө лемі мен ө лшемдерінде кішірейген, ты ғ ыз консистенциялы ж ә не кесіндіде а қ шыл сызы қ тар бар.

Физикалық немесе химиялық әсерлер нәтижесіндегі атрофия. Мысалы, йод және тиоурацил қалқанша безінің қызметін бәсендетеді. Өзгермеген сүйектің кемігі(А) және сәулелік ауру кезіндегі бос орындар мен массивті қан құйылулар.

Гипертрофия - жасушаның, тіннің, мүшенің көлемі құрамындағы жасушалар немесе ішіндегі ультрақұрылымдардың көбеюі арқылы ұлғаяды. Тіндер өзінің көлемі мен өлшемін өзгертеді, бірақ конфигурациясы өзгерместен қалады.Түрлері: 1.Жүйке-гуморальдық гипертрофия 2.Гипертрофиялы өсу

Жүйке-гуморальдық гипертрофия дамуына ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы себеп болады. Мысалы, аналық бездің дисфункциясынан жатырдың кілегейлі қабықшасының көбейсе, кейде олардың саңылауы кеңіп, киста түзеді. Бұл өзгеріс эндометрийдің безді-кисталы гиперплазиясы деп аталады. Ол жатырдан ретсіз қан кету қаупін туғызады.

МикропрепаратМакропрепарат Бездер саны көбейген. Эндометрий бездері иілген, ал кей жерлерде кистозды кеңейген. Эндотелий жасушалары пролиферацияланған, строма жасушаларға бай. Қантамырлары қанға толған. Жатырдың шырышты қабаты қалыңдаған, ісінген, қанға толған. Беткейі шырышты.

Гипертрофиялы өсу түрлі себептерден дамып, тіндер мен мүшелерді ұлғайтады. Ол созылмалы қабынуда немесе лимфа іркілгенде дәнекер тін жайлаған аяқта байқалады. Майлы тін мен дәнекер тін бір бөлігі немесе толықтай семген мүшеде тым қарқынды көбейіп өседі (жалған гипертрофия). Мысалы, бұлшықет семсе, оның талшықтарының арасында, бүйрек семсе, оның төңірегін майлы тін жайлайды. Ми семіп, кішірейген кезде бас сүйегі, ал қанның қысымы төмендесе, қан тамырың интимасы қалыңдайды. Сонымен, тіректік тіннің гипертрофиялы өсуі мүше мен тіндегі босаған орынды толтырады, сондықтан бұл үдеріс вакаттық гипертрофия деп аталады.

МикропрепаратМакропрепарат Өзгермеген миокард (а) және миокард гипертрофиясы (б): кардиомиоцитттер мен олардың ядролары ұлғайған, кейбір ядролар гиперхромды, строма склерозданған. Компенсация немесе декомпенсация сатысында екенін анықтау үшін судан ІІІ арқылы липидтерді анықтайды. Сол жак қарынша 2 см-ге қалыңдаған, кесіндіде қызыл түсті. Жүрек көлемі ұлғайған. Миктральды клапан мен аорта клапаны қалыпты жағдайда.

48 жастағы ер адам қайтыс болды. Аутопсия кезінде бір бүйрегі кішірейгені, ал екіншісі ұлғайғаны анықталды. Бүйректермен қандай патологиялық процесс болған? Мұның қандай себептері бар? Қандай асқынулар болуы мүмкін? Жауаптары: 1. Бір бүйректе викарлы гипертрофия мен екіншісінде бүйректің гипоплазиясы. Екінші бүйрек семіген бүйректің қызметін өз мойнына алғандықтан, көлемі ұлғаяды. 2. Себептері – туа біткен гипоплазия, қабыну, нефроз, гломерулонефрит, екінші бүйректі операцияда алып тастау. Гипертрофия – викарлы. 3. Асқынуы – жіті бүйрек жетіспеушілігі Ситуациялық есептер

Жас бала менингококкты инфекциямен ауырғаннан кейін басының ұлғаюы байқалды. Вентрикулография кезінде мидың бүйір қарыншаларының ұлғаюы байқалды. Бұл патологиялық процесстің даму механизмі қандай? Бас миының бұл ауруы қалай аталады? Бүйректегі мұндай процесс қалай аталады? Бұл аурудың нәтижесі қандай? Жауаптары: 1. Жұқпалы ауру нәтижесінде ликвордың ағуы нашарлап, нәтижесінде қысымдық атрофия дамыған. 2. Бұл ауру – гидроэнцефалия. 3. Бүйректегі мұндай процесс гидронефроз деп аталады. 4. Нәтижесі жағымсыз – үдемелі деменция, ОЖЖ және тағы басқа жүйелердің функцияларының бұзылуы

Қ ОРЫТЫНДЫ : Бейімделулік реакциялар биологиялық түрдің сақталуын қамтамасыз етеді. Мысалы, атрофияның организмге әсері мүшенің қаншалықты кішірейгеніне, қызметінің қаншалықты нашарланғанына байланысты. Егер атрофия тым асқынбаса, мүшенің құрылысы мен қызметі қалпына келе алады. Әрине, тым асқынған атрофия қайтымсыз. Гипертрофия нәтижесінде, мүшелердің құрылысы мен ультрақұрылымы өзгеріске ұшырауы мүмкін. Бұл барлық жағдайда жаман емес. Мысалы, бір бүйректің гипоплазиясы байқалса, екінші бүйрек оның қызметін деп атқарып, гипертрофияға ұшырайды. Егер уақытында қолға алса, бұл процесстерді емдеуге де болады.

1. «Патологиялық анатомия» А.И.Струков,В.В.Серов, 236 бет local/kaf/rj/index.php?id=85&p=1229http://web-local.rudn.ru/web- local/kaf/rj/index.php?id=85&p= _3airatyan_2010&menu=Anatomija_patologicheskaja_3airatyan _ _3airatyan_2010&menu=Anatomija_patologicheskaja_3airatyan _2010