Фармацевтикалық ақпарат жүйелері. Ақпараттық технологияларды жіктеу.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Транксрипт:

Фармацевтикалық ақпарат жүйелері. Ақпараттық технологияларды жіктеу

Ақпараттық жүйелер дегеніміз – технологиялық үрдістердің техникалық бағдарламасы мен басқа қосымша нысандардың ұйымдастырылған құрамдастары және ақпараттық қажеттілікті қанағаттандыруда белгіленген тақырып аумағында мәліметтерді іздеп, жинап, ақпараттық ресурстарды шығаруда қызметкерлер топтарының функционалдық істері. Ақпараттық жүйелер - өнеркәсіптердің индустриалдық дамуында ақпараттық технологиялардың әр түрлі салаларында ақпараттық мәселелерді шешудің негізгі құралдардың нысандары болып табылады.

Ақпараттық жүйелердің құрылымы Ақпараттық жүйенің құрамында 3 бағытты белгілеуге болады: Ұйымдастыру-технологиялық – ақпараттық жүйелердің ақпараттармен қамтылуын, ақпараттардың дереккөздер құрылымын, ұйымдастыру технологиялық тізбектерін, жүйеде ақпараттың толтырылып және терілуін қарастырады. Ақпараттың жиналу жүйесі дұрыс ұйымдастырылмаса, ақпараттық жүйенің жалпы іс-әрекеттерінің сапасы төмендейді. Таныстыру бағыты – ақпараттық жүйенің негізі болып ақпаратты өңдеу, яғни құрыстырушылардың ақпаратты көрсете білуі мен белгіленген аумақта құрылымдардың жүйелерінің абоненттердің мәліметтерді құрастыру. Ақпараттық жүйелердің таныстыру бағыты –ақпаратты өңдеуде бірден-бір күрделісі болып саналады. Нормативті-функционалдық бағыт – бұл ақпараттық жүйелердің негізгі мақсаттарына жету үшін жоспарлардың орындалуына әсер етуге, ақпаратты қолданатын абоненттерді анықтайды.

Ізденіс жүйелерінің негізін көрсеткіштер базасы – жоғары дәрежеде ұйымдастырылған, сипаттамасының жалпы принциптерінің құрылымдарын, сақтауды, көрсеткіштерді өзгерту, тәжірибе бағдарламалары құрайды.

Ақпараттық жүйелердің функционалдық элементтері. Ақпарат жинау – белгілі тәртіппен жинау процесстерімен ақпараттары көрсетуді ұйымдастыру. Ақпаратты қабылдауАқпаратты бағалау Ақпаратты бекітіп және теру тәртіптері

Кешендендіру – ақпаратты көптеген бөліктерден біртіндеп құрастыру процестері және тұтынушыға жеткізу. Ақпаратты іздеп және шығару – басқару қызметтерінде және технологиялық процестерде ақпараттық жүйесінің абоненттерінің сұранысын қанағаттандыру үшін арнайы технологиялық тәртіптерді орнатуды қарастырады. Ақпаратты сақтау және бүтіндігін ұстап тұру – ақпараттық маңыздылық уақыты өткенде қайта өңдеп, тазартып тұру ақпараттық бөлімшелердің функциялары.

Ақпараттардың бүтіндігі нормативті-нұсқаулық құжаттардың көмегімен жүргізіледі. Субъектілер құрамынан тұратын ақпараттық жүйелер ақпаратты қабылдау, тарату, өңдеу және сақтауды және каналдардың өзара байланысын атқарады. Бұл жүйелер құрылғанда оның ерекшеліктерін, мәліметтердің уақытында түсуін, олардың шындық пен объективті екенін бақылау, азаюды төмендету, дәлсіздік пен қисынды ақпаратты болдырмай, басқару шешімдерін қабылдау үшін тек қажетті және нақты ақпаратты тұтынушыға ыңғайлы болуы керек.

Бағалы ақпараттық жүйелерді ұйымдастыру үлкен әсерлі болады. Яғни, алғашқы мәліметтердің көлемінің шектеліп, тұтынушылардың коэффициентін жоғарлату, ақпараттың артық жүктелуін қадағалап, өндіріс пен тұтынудың арасындағы таразыны реттеу болып табылады.

Ақпараттың жіберушіден қабылдап алушыға жету каналдары бірнеше кезеңнен тұрады. 1-ші кезеңде ақпаратты іріктеу. Ол кездейсоқ немесе бағытталған, жаппай немесе теріп алу, инициативті немесе жоспарлы, еркін түрде немесе белгілі критериилерге негізделген болады. 2-ші кезеңде терілген ақпарат кодталады, яғни қабылдап алушыға түсінікті, ыңғайлы формада беріледі, мысалы жазбаша, графикалық, дыбысшы, символикалық және т.б. 3-ші кезеңде ақпаратты тарату жүргізіледі. 4-ші кезеңде қабылдаушы ақпаратты қабылдап, ойластырып, қарастырады.

Фармацевтикалық ақпараттың ұйымдық құрылымдық жүйесі – фармацевтикалық мекемелердің, ұйымдардың жүйесі, ғылыми медициналық ақпараттармен жұмыс істейді. Фармацевтикалық ақпараттың жоғарғы құрылым болып: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР фарм. ақпараттың ақпараттық- аналитикалық маркетингтік орталық, ҚР ДЗ экспертизасының халық орталығы, ҚР фармацевтикалық және медициналық комитеті, ҚР фармацевтикалық қызметтерді қолдау және дамыту ассоциациясы.

Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды Дәрілік заттар туралы ақпаратпен қамтамасыз етуді ұйымдастыруда фармацевттердің ғылыми қоғамдары көп еңбектенуде. Фармацевтикалық оқу орындары мен ғылыми зертханалар тәжірибелік және фундаменталдық ақпарат көздерін жинақтап фармацевтикалық ақпараттың аналитикалық маркетингтік орталыққа (ФААМО) жіберіліп отырады. Бұл орталық фармацевтикалық қызметтің жүйесінеде дәрілік заттар туралы ақпаратты бағыттап, жаратын, бақылап отыратын алдыңғы қатарлы мекеме болып табылады. ФААМО қызметтері, міндеттері, жұмыс аумақтары фармация комитетінің бұйрығымен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ж. бұйрығымен бекітілген.

Фармацевтикалық ақпарат аумағында ФААМО негізгі міндеттері: фармацевтикалық қызметтерді нормативті-құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету. ДЗ автоматталған анықтама-ақпараттық жүйесін ұйымдастыру. Фармацевтикалық ақпарат жүйесіндегі төменгі бөлімі – бұл дәріханалар құрылымы.

Ақпараттың негізгі жіктелуі: Тасымалдаушы бойынша (электрондық, заттық және т.б.); Қозғалу бағыттары бойынша (кіріс және шығыс); Дереккөз бойынша (сыртқы және ішкі); Мазмұны бойынша (экономикалық, құқықтық, техникалық және басқа); Қолдану спектрлеріне қарай (бірмақсатты-бір проблеманы шешуге, көпмақсатты-бірнеше проблеманы шешуге); Қолдануына байланысты: оперативтік ақпарат мекеме қызметін түзету үшін;

Дәріханалық ұйымдар емдеу мекемелерімен, дәрігерлермен тығыз байланыста жұмыстар жүргізіп, санитарлық-ағартушы, ақпараттық жұмыстар жүргізеді. Дәріханалар өздерінің ақпараттық жұмыстарын медициналық тұлғалар, анықтама бюролары, анықтама- ақпарат бөлімдері арқылы жүргізеді.

Назарларыңызға рахмет!