Кез келген тәуелсіздікке қол жеткізген ел, оны әлем танымай дамудың даңғыл жолына түсе алмайды. Бұл – уақыттың талабы. Томаға тұйық өмір сүрудің уақыты.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
-Оқушылардың құқықтық білімдері тексере отырып, заң ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат.
Advertisements

Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі.
«Қазақстан – 2050» стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің.
«Қазақстан – 2050» стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің.
1 – қыркүйек білім күні құтты болсын!!! Мақсаты: Білімділігі: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жолында құрбан болған қазақ халқының ерлігімен.
9 мамыр жеңіс күні Жас Дәурен өнер клубының ұйымдастыруымен.
Презентация к уроку на тему: ПРЕЗЕНТАЦИЯ К "1 ДЕКАБРЯ - ДЕНЬ ПЕРВОГО ПРЕЗЕДЕНТА КАЗАХСТАНА".
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Президенті НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ 1940 жылғы 6 шілдеде.
Қолданбалы сабақ жоспары Тақырыбы: Қазақстан және халықаралық ұйымдар. Еліміздің халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастығы Дүниежүзілік сауда ұйымы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев (18 ақпан 2005 жыл). Қазақстан халқына жолдауында Жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Президенті НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ 1940.
Төтенше жағдайда адамдарды топтармен жүргізу Абыржу түсінігі Адамдардың біліктілігін жүргізу Қалыптасу түсінігін жүргізу Төтенше жағдайларда психологиялық.
СӨЖ СӨЖ Қазақстан және әлемдік Қауымдастық Орындаған: Топ: Факультет: Тексерген: Алматы-2013 Алматы-2013.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Президенті НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ 1940 жылғы 6 шілдеде.
Қазақстан Републикасының тәуелсіздігіне 25 жыл!. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Мұғалім туралы мәлімет. Аты-жөні Шотабаева Нұржамал Тұрсынбайқызы. Мектебі: С.Сейфуллин Туған жылы ж. Білімі: Жоғары Пед.өтілі: 20 жыл Бітірген.
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің.
Қазақстан Республикасы егеменді және тәуелсіз мемлекет.
Мақсаты: 1)Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, Елбасының қоғамға және мемлекетке.
Ұлттық құндылықтар – тұтас бір жүйе. Оған халықтың тілі, ділі, мәдениеті, әдебиеті, өнері, сондай-ақ халықтың әлеуметтік және мәдени қауымдастық ретінде.
Транксрипт:

Кез келген тәуелсіздікке қол жеткізген ел, оны әлем танымай дамудың даңғыл жолына түсе алмайды. Бұл – уақыттың талабы. Томаға тұйық өмір сүрудің уақыты өткен. Әлемдік интеграцияға қосыла отырып қана әр ел өзінің экономикасын дамыта алады, қауіпсіздік нығайтады, сол арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бұл ең алдымен елдің сыртқы саясатына байланысты.

Бейбітшілік – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды.Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Өткен тарихқа көз салсақ, адамзат қоғамы соғыстардан көз ашпады. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5.5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» етіп тұрыпты. Қалған уақыттың бәрінде «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал»-деген қағидамен өмір сүріппіз. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десекте, әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде.

Батыстың бір ғалымыныңесептеуіне қарағанда өткен ХХ ғасырдың соңғы 45 жылында әлемде бар жоғы 12 ғана «бейбіт» күн болыпты. Кейінгі 40 жылдың ішінде ғана дүниежүзінде 250 соғыс болып, 354 млн. адам қаза тауыпты. Сөйтіп, бейбітшілікті сақтау, соғысты болдырмау, бейбітшілік үшін күресу – ХХІ ғасырдың да өзекті мәселелерінің бірі болып, мұраға қалдырылды, Халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті сондықтан жалпы адамзаттың құндылықтар қатарына қосып отыр.

Әрбір сауатты, саналы, парасатты деген азамат бір сәт артымызға ата-бабамыздың жүріп өткен жолына ой жіберіп қарайық. Қазақ халқының жер бетінде ұлт ретінде жойылып кету қаупі неше дүркін қайталанды. Десекте, бір жеңнен қол шығарып, еліміз бен жерімізді сыртқы жаулардан азат ету жолында ерен ерліктер көрсетті, ақыры бүгінгі тәуелсіздікке ұласты. Бұрынғы КСРО-ның барлық халықтарымен қатар, қазақстандықтар да Ұлы Жеңіске сүбелі үлес қосты. Біздің жүздеген мың жерлесіміз қолына қару алып, өз Отанының намысы мен бостандығы үшін күресті. Олардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде өлімге бас тікті, Сталинград, Курск жағасындағы шайқастарда Днепрді кесіп өтуде ерекше көзге түсті.

Олар Еуропаны нацистік өктемдікпен азат етуге қатысып, Берлинді шабуылдады, Рейхстагқа Жеңіс Туын тікті. Жерлестеріміздің ондаған мыңы жоғары әскери наградаларға ие болдыф. 500-дей Қазақстандық Кеңес одағының батыры атағын алса, соның ішіндегі 98 қазақөстандықтың біреуі біздің жерлесіміз Тәйімбет Көмекбаев. Біздің ауылда көне тарих куәсі болған, кешегі Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндері от кешіп, біздің осы бейбіт өмірімізге үлес қосқан ардагер аталарымыз санаулы-ақ қалды: Әбішев Ермұрат, Дүйсенбиев Әубәкір. Бірақ ешкімде ештеңе де ұмытылмауы тиіс. Бұл- біздің тарихымыз, біздің – мақтанышымыз, біздің – даңқымыз.

Бейбітшілікке, бейбіт тыныш өмірге ұмтылу – қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі. «Сырт көз – сыншы» деген ғой. Арғы-бергі заманда қазақ жерінде болған саяхатшылар, ғалымдар, дипломаттар қазақ халқының меймандос, сабырлы, момын, ешкімге жамандық, қаскөйлік жасамайтын халық екенін, қазақ елі ежелден бейбітшілік сүйгіш ел, өз бетінше ешкімге ұрынбаған, соғыс ашпаған ел екенін сүйсіне жазған. Тәуелсіздікке қол жеткен тұста, елбасымыздың елдің бетке ұстар азаматтарының қажырлы, табанды еңбегінің арқасында біз осы асыл қасиетімізді тағыда бір дәлелдеп, оны әемге паш ете білдік.

Семей ядролық полигонын жабу еліміздің өмірінде ғана емес, әлемдегі айтулы оқиғаның бірі болды. Ядролық қару пайда болғалы ешбір ел ядролық полигонды өз еркімен жауып көрмеген болатын. Біздің еліміздің дүниежүзінде бірінші болып ядролық полигонды жабу жөніндегі осы қадамына БҰҰ мен дүниежүзілік қауымдастық үлкен баға берді.

Қазақстан басшылығы КСРО тарасымен-ақ ядролық қаруды таратпауды жақтап, Ресей, Украина, Белорусь басшыларыфмен бірлескуен іс-қимыл шаралары туралы келісімге қол қойды ж 23- мамырда ядролық қаруды таратпау және ядролық ракеталарды біртіндеп бұзып Ресейге көшіру, олардың оқшантайларына салынған уранның құнын Қазақстанға ақшалай қайтару жөнінде Лиссабон хатьтамасына Қазақстан қол қояды ж Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып ядролық қару-жарақты таратпау жөніндегі Шартқа қосылды. Ал 1994 ж желтоқсанында әлемнің ядролық державалары біздің еліміздіңқауіпсіздігіне кепілдік беретін меморандумға қол қойды жҚазақстан ядролық сынақтарға толық тыйым салу жөнінде Шартқа қосылады ж БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Қазақстанның ядролық сынақтардан зардап шеккен өңірлеріне көмек көрсету жөнініде қара қабылдады.

2000 жылы Семей полигонында ядролық сынақ жүргізілетін ең ақырғы штольня жойылды. Қазақстан Республикасы әлемде бейбітшілікті сақтау мен нығайту ісіне үлес қосуын жылдан-жылға кеңейтуде. Түйіедеп айтқанда, Қазақстан дүниежүзі мемлекеттерінің ішінде бірінші болып өз еркімен қуаттылығы жағынан әлемдегі төртінші ядролық қарудың арсеналынан бас тартып және әлемдегі ең ірі ядролық сынақ полигонын жауып, халықаралық қауіпсіздікті нығайтуда теңдесі жоқ үлесін қосты. Мұны басқа халықтар мен мемлекеттер таныды және лайықты бағалады. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігі мен тығыз байланысты.

Қазіргі таңда лаңкесшілдікке қарсы тұру Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етудің басым бағыттарының бірі болып саналады. Біріншіден, республика БҰҰ-ның лаңкестікпен күрес жөніндегі барлық он екі Конвенциясына қосылды. Екіншіден, Қазақстанда ұлттық Антитеррористік Орталық құрылды. Үшіншіден, ұлттық заңнама жетілдіріліп келеді. Парламенттен экстремизмге қарсы тұрну жөніндегі шараларды көздейтін заң жобасы бар. Төртіншіден, Қазақстанда лаңкесшілдік ұйымдардың белсенді қызметін бейтараптандыру жөнінде алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Бесіншіден, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне сәйкес елде лас ақшаны тазартуға және лаңкестік ұйымдарды қаржыландыруға қарсы тұру жүйесі жолға қойылған. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың қаңтарда Алматыда БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің Антитеррористік комитетінің 4-ші арнайы отырысында сөйлеген сөзінен: «Қазақстан халықаралық лаңкесшілдікке қарсы күрес саласындағы ықпалдастықтың нақты бағыттары бойынша барлық қатысушылардың белсенді диологы орнайды деп есептейді» – деп көрсетті. Не сойқанды басымыздан өткеріп, «Мың өліп, мың тіріліп», жүріп егеменді ел болып, байрағымыз әлемнің жүздеген елдері менг қатар биікетен желбіреуде. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында «Біздің 3 мүмкіндігіміз бен 7 жетістігіміз» деген бөлімде «Мен өз халқымның төзімділігін мақтан тұтамын» деген болатын.