1-тақырып. Ақпараттық жүйені жобалау тұжырымдамасы 1. Жүйелік тәсіл принциптерінің негіздері 2. АЖ жобалау мақсаты мен принциптері 3. Өнімнің сапа бағасы,

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Ақпараттық жүйені жобалау тұжырымдамасы Орындаған: Мырзагулова А.М. Қабылдаған: Мизамова К.И.
Advertisements

Экономика және оның қоғам өміріндегі орны. «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде:
148 қазақ орта мектебі. Бұл жұмыстың мақсаты Қызылорда облысының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік.
Қарағанды ж. Мамандық : 5B – « Заңтану » Жұмыс түрі : Дәріс Азаматтық құқықтық қатынастар Автор :
Мемлекет қаржысы
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ Мамандығы: Жалпы медицина Пән: Дәлелді медицина негіздері.
Бюджеттік бақылау мемлекеттік қаржы бақылауының құрамдас бөлігі, ол арқылы бюджет жобасын әзірлеу, оны қарау және оның орындалуы туралы есеп беру барысында.
Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен.
Экономикалық өсу дегеніміз ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі. Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен.
Статистикалы қ ба қ ылау м ә ліметтерін жина қ тау ж ә не топтау.
Орындағандар: Сатвалдиев Бағдат және Абен Нұрислам Қабылдаған: Сағымбай Өкетай Жаппарқызы Орындағандар: Сатвалдиев Бағдат және Абен Нұрислам Қабылдаған:
Тұлғаның әлеуметтенуі SLAID-KZ.RU. Тұлға – әлеуметтанудың өзекті проблемалары- ның бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің.
Орындағандар: Диқамбай Н. Долдашев Б. Тобы: ПО Қабылдаған: Қасмжанова Ф. Алматы 2016.
Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелері Құзірет - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты.
14 тақырып Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Оқушылардың түпкілікті құзіреттіліктері – білім берудің жаңа нәтижелері Құзірет - оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты.
Презентация Тақырып: Басқару функциялары ОРЫНДАҒАН: АЛИМКУЛОВА Г.Т. ТОБЫ: С Ж.
Серікбай СМАҒҰЛҰЛЫ, облыстық наркологиялық орталығы МКҚК дәрігер психологы Бала мен жасөспiрiмдегi есірткіге тәуелділік белгілері. Психологиялық аспект.
1 Кіріспе. Дәріс 1. Күшті әсерлесу – бірнеше фемтометр арақашықтықтағы адрондар арасындағы пайда болатын әсерлесу; дербес жағдайда атом ядросы арасындағы.
Ақпараттық қауіпсіздік және оның құрамдас бөліктері Орындаған: Сембиев Н Тобы: 101 А ФӨТ Қабалдаған: Есжанов Ғ.
Транксрипт:

1-тақырып. Ақпараттық жүйені жобалау тұжырымдамасы 1. Жүйелік тәсіл принциптерінің негіздері 2. АЖ жобалау мақсаты мен принциптері 3. Өнімнің сапа бағасы, өнімді өндірудің экономикалық мақсаттылығы 4. Өнімнің өзіндік құны және бағасы

1. Жүйелік тәсіл принциптерінің негіздері Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әдетте әзірлеу процесінде өзгертілетін, іріктеуі болжалды пайдаланушылар тарапынан қойылатын талаптардың негізінде іске асырылатын ЭАЖ-ды жүзеге асыру әдістерінің ауқымды жиынтығын білдіреді. Шешімдерді қабылдау теориясы тұрғысынан қарағанда ЭАЖ жобалау процесі – бұл тапсырыс берушінің талабын қанағаттандыратын жүйенің (ЭАЖ жобасының) сипатын алуға бағытталған жобалау-конструкциялық шешімдерді қабылдау процесі. ЭАЖ жобасын нақты бағдарламалық-техникалық ортада ЭАЖ-ды құру мен пайдалану жөнінде жобалау шешімдерінің сипаттамасы берілген жобалық- конструкциялық және технологиялық құжаттама деп түсінеміз.

ЭАЖ-ды жобалау – ЭАЖ мемлекеттік стандартпен қарастырылған жобасы, құжаттаманы сипаттау мен жинақтау ережесінің белгілері аясындағы құру процесі түсінігінде, яғни архитектураның, құрылатын жүйенің функционалдық құрылымы мен алгоритмінің бір мағыналық түсінігінің сипаттамасы. Осы тұрғыдан бастап жобалау ЭАЖ тіршілік циклдің түрлі кезеңдерінде жобалық шешімдерінің дәйекті нысандалуына алып келеді: техникалық және жұмыстық жобалауының талаптарын жоспарлау мен талдау; ЭАЖ енгізу және пайдалану. ЭАЖ-ды жобалау объектілері жеке элементтер немесе олардың функционалдық және қамтамасыз ететін бөліктерінің кешені болып табылады. Сонымен, дәстүрлі декомпозицияға сәйкес міндеттер, міндеттердің кешені мен басқару функциясы функционалдық элементтер болады. ЭАЖ қамтамасыз ету бөлігінің элементтер мен олардың ақпараттық, бағдарламалық және жүйені техникалық қамтамасыз ету кешендері жобалау объектілері болады.

ЭАЖ жобалау субъектілері ретінде мамандандырылған (жобалық) ұйымдардың құрамында, әдетте, жобалық қызметті іске асыратын мамандардың ұжымы және ЭАЖ әзірлеу қажеттілігі үшін тапсырыс беруші – ұйым болады. Әзірленетін жүйенің масштабы жобалау процесіне қатысушылардың құрамы мен санын анықтайды. Кең көлемді және жобалық жұмыстарды қатал мерзімде орындау кезінде жүйені әзірлеуге бірнеше жобалау ұжымдарының (әзірлеушілер-ұйымдарының) қатысуы мүмкін. Бұл жағдайда барлық орындасушы-ұйымдардың қызметін үйлестіретін басты мекеме айқындалады. Бірге орындаушылардың жүйе жобасын әзірлеуге қатысу нысаны әр түрлі болуы мүмкін. Нысанның ең көп таралған түрі әр орындаушы дайындаланатын жүйенің қандай да бір бөлігін басынан соңына дейін орындайды. Әдетте, бұл функционалдық бағыныңқы жүйе немесе басқару міндетінің өзара байланыс кешені болады. Жобалау процесінің жекеленген кезеңдерінде жұмыстарды орындайтын жеке орындасушылардың қатысу нысаны сирек кездеседі. Тапсырыс беруші мен әзірлеушінің функциялары қиюласып жататын нұсќа да бар, яғни ЭАЖ өз күштерімен жобалауы мүмкін.

ЭАЖ-ды жобалауды іске асыру масштабқа және әзірленетін жобаның ерекшеліктеріне сәйкес жобалаудың анықталған технологиясын әзірлеушілердің пайдалануын жорамалдайды. Жобалау технологиясы – ЭАЖ жобалау және ұйымдастыру әдістері мен құрылымдарының жиынтығы (ЭАЖ жобасын құру және жаңарту процесін басқару). Жобалау технологиясы негізінде технологиялық процесс жатады, ол әрекеттерді, олардың дәйектілігін, атқарушылардың құрамын, осы әрекеттерді орындауға талап етілетін ќұралдар мен ресурстарды аныќтайды. Сонымен, ЭАЖ жобалаудың технологиялық процесі толығымен іс-әрекеттердің байланысқан және бағынатын, тізбекті-параллельдік жиынтыќќа бөлінеді. Олардың әрбіреулерінің өз тұрғысы болады. ЭАЖ жобалау кезінде анықталған құралдарын пайдалану тән. Сондықтан, әдете, ЭАЖ әзірлеушілерінің алдында өз сипаттамасы бойынша ең үлкен дәрежеде нақты кәсіпорынның талаптарына сәйкес келетін жобалау құралдарын таңдау міндеттері тұрады.

Жобалау құралдары: өз класында жобалау объектісіне өзге нұсќалыќ болуы тиіс; ЭАЖ тіршілік циклінің барлық кезеңдерін жиынтығымен қамтуы тиіс; техникалық, бағдарламалық және ақпараттық үйлесімді болуы тиіс; игеру мен пайдалануда қарапайым болуы тиіс; экономикалық жағынан мақсатқа лайықты болуы тиіс. ЭАЖ жобалау құрылымын екі класқа бөлуге болады: компьютерді пайдалану арқылы және пайдаланусыз.

Компьютерді пайдаланусыз жобалау құралы ЭАЖ-дың барлық сатыларында және кезеңдерінде қолданылады. Бұл жобалау операциясының ұйымдастырушы-әдістемелік қамтамасыз ету құралдары және ең алдымен жүйелерді жобалау процесін реттейтін түрлі стандарттар. Ақпараттарды жіктеу және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттаманың бір ізге келтірілген жүйесі, ақпараттар ағымының сипаттау мен талдау модельдері және т.б. да осы стандартқа жатады. Компьютерді пайдалану арқылы жобалау құрылымы ЭАЖ жобалау процесінің жекеленген сияқты, барлық деңгейлері мен кезеңдерінде де қолданыла береді, осыған сәйкес жүйе жобасының элементтерін, тарауларын, жүйелердің жобасын толығымен дайындауды қолдайды. Компьютерлерді қолдану арқылы жобалау құралдарының барлыќ көптүрлілігін төрт бағыныңқы кластарға бөледі.

Бірінші бағыныңқы кластарға ақпаратты өңдеу операцияларын жобалауды қолдайтын операциялық құрылымдар жатады. Осы құралдардың бағыныңқы класына алгоритмдік тілдер, стандартты бағыныңқы бағдарламалардың және объекті кластарының кітапханалары, макрогенераторлар, деректерді өңдеудің типтік операциялары, бағдарламаларының генераторлары және т.б.; сонымен қатар операциялық жүйелердің функцияларын ұлғайту құралдары (утилиттер) жатады. Осы класқа сондай-ақ жобалаудың қарапайым аспаптық құралдары қосылады: бағдарламаларды тестілеу және жөндеу үшін; жобаны құжаттандыру процесін қолдау және т.б. Соңғы бағдарламаның ерекшелігі мынада, оның көмегімен жобалаушылардың еңбек өнімділігі артады, бірақ аяқталған жобалық шешімдер әзірленбейді. Сонымен, осы бағыныңқы кластың құралдары ЭАЖ жобалаудың жекеленген операцияларын қолдайды және бір- біріне тәуелсіз қолданыла береді.

Екінші бағыныңқы класќа ЭАЖ жобасының жекеленген компоненттерін жобалауды қолдайтын құралдар жатады. Осы бағыныңқы класқа жалпы жүйелік белгілеу құралдары жатады: деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ); қолданбалы бағдарламалардың әдістік бағдарланған пакеттері (дискретті бағдарламалау, математикалық статистика есептерін шешу және т.б.); кестелік процессорлар; статистикалық ЌБП; сараптық жүйелердің қабықтары; графикалық редакторлар; мәтіндік редакторлар; топтастырылған ЌБП (жоғарыда аталған бағдарламалық құралдарды топтастыруға мүмкіндік беретін орнатылған сұхбаттық мүмкіншіліктері бар интерактивті орта).

Жоғарыда аталған жобалау құралдары үшін оларды ЭАЖ технологиялық бағыныңқы жүйелерін әзірлеуге пайдалану тән: деректерге ақпараттарды енгізу, сақтау мен енгізуді ұйымдастыру, деректерді есептеу, талдау және көрсету, шешімдерді қабылдау. Үшінші бағыныңќы класқа ЭАЖ жобасының тарауларын жобалауды қолдайтын құралдар жатады. Осы бағыныңқы класта жобалаудың функционалдық құралдарын бөліп шығарады. Функционалдық құралдар фукцияларды, міндеттер кешенін және басқару міндеттерін іске асыратын автоматтандырылған жүйелерді әзірлеуге бағытталған. Сала тұрғысындағы әр алуандылыќ ұйымдастырушылық жүйелердің типіне (өнеркәсіптік, өнеркәсіптік емес салалар), басқару деңгейіне (мысалы, кәсіпорын, цех, бөлім, учаске, жұмыс орны), басқару функциясына (жоспарлау, есептеу және т.б.) бағдарланған осы бағыныңқы класс құралдарының әртүрлілігін тудырады.

Ақпаратты өңдеу жүйелерін жобалаудың функционалдық құралдарына типтік жобалық шешімдер, қолданбалы бағдарламаның функционалдық пакеттері, типтік жобалар жатады. ЭАЖ жобалау құралдарының төртінші бағыныңқы класына жобалау процесінің стадиялары мен кезеңдерінде жобаны әзірлеуді қолдайтын құралдар жатады. Осы класќа ЭАЖ жобалауды автоматтандыру құралдарының бағыныңқы класы жатады (CASE-құралдары). Қазіргі заманғы CASE-құралдары өз кезегінде негізінде екі белгі бойынша жіктеледі: ЭАЖ-ды әзірлеу процесінің қамтылатын кезеңдері; топтастыру дәрежесі: жекеленген жергілікті құралдары (tools), ЭАЖ әзірлеудің көптеген кезеңдерін қамтитын топтастырылмаған құралдар (toolkit) жиынтығы және жобалыќ деректердің жалпы базасымен – репозиториймен (workbench) байланысқан толық топтастырылған құралдар.

АЖ жобалау мақсаты мен принциптері Қазіргі уақытта адами-машиналық ақпараттық жүйелер мен технологияларды тиімді функционалдау фактісі жобалау сапасын анықтайды. Жобалаудын мақсаты болып ЭАЖ-ны тиімді жобалау мен өз мамандық есептерін және орындау мен басқару- шылық шешімдерді қабылдау үшін ДЭЕМ-ның нақты экономикалық обьектісі мен коммуникация құралдарын дамыту ортасында қолданатын мамандармен автомат- тандырылған ақпараттық технологиялары арасында өзара тығыз қызметті қамтамасыз ету болып табылады. Дәл осындай сапалы жобалау онын техникалық, бағдарламалық, ақпараттық құрауыштарымен, сондай-ақ оның технологиялық негіздерінде қызмет көрсете алатын және жүзеге асырылатын басқару-шы қызметтер мен өзара әсерлесуші обьектілерге қызмет көрсете алатын жүйені қамтамасыз етеді.

Жобалау процесінде экономикалық объектінің (өндірістік, шар- уашылық) қызметі негізгі ұйымдастыру мен басқарушы процедураларды ұйымдастыру сияқты ұйымдар жүзеге асырылады. ЭАЖ көптеп жобалануы бірдей теориялық жағдайлардың құрастырылуын, құру мен функционалдануына әдістемелік жолдарды талап етеді, онсыз түрлі экономикалық объектілердін өзара әрекет етулері, көп деңгейлі халық шаруашылық кешенінде қалыпты қызмет етулерін талап етеді. ЭАЖ құрудың негізгі қарастырылған қағидалары ретінде автоматтандырылған жүйелерді жобалау бойынша келесі тәжірибелік ұсыныстары қарастырылды: жүйелік, дамуы, сәйкестік, стандарттау және бірегейлік, тиімділік. Жүйелілік қағидасы ЭАЖ құру мен функционалдау барысындағы ең маңыздысы болып табылады. Ол зерттелетін обьектіні бір бүтін ретінде қарастыруға мүмкіндік береді; жүйе бүтінділігін қамтамасыз ететін құрылымдық элементтер арасындағы көптеп пайда болған байланыстар типін көрсетеді; жүйенің өндірістік-шаруашылық қызметінің бағытын бекітуге және онымен жүзеге асырылатын нақты қызметтерді көрсетеді. Жүйелік жол макро және микрожолдар атын иемденетін екі талдау аспектісін ұсынады.

Сәйкестік қағидасы әр түрлі ЭАЖ өзара әрекеттену мүм- кіндігін қамтамасыз ету. Сәйкестік қағидасын жүзеге асыру экономикалық объектілердін қалыпты формаландырылуын қамтамасыз етуге, халық шаруашылығын басқару тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Стандарттау және бірегейлендіру қағидасының негізі ЭАЖ-ны функционалдаудың стандартты және бірегей, типтік элементтерді қолдану қажеттілігінде жатыр. Тиімділік қағидасы мәні функционалдау барысында алы- натын ЭАЖ құру және бүтіндік эффектіге шығындар арасын- дағы рационалды қатынастарға жетуде жатыр. Әдетте, басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін негізгі болып табылатын қағидалардан басқа белгілі бір экономикалық тиімділікті алуға мүмкіндік беретін бірқатар жеке қағидалар- ды ерекшелеуге болады. Олардың ішінде декомпозиция қағидасы тұтас жүйені, элементтер қасиеттерін, оның ерек- шеліктерін зерттеу кезінде қолданылады. Ол жүйені бөлік- терге бөлуге, жеке жұмыс кешендерін ерекшелеуге негіз- деледі, оның неғұрлым тиімді талдауы мен жобалануы үшін шарттарды құрады.

Бірінші басшы қағидасы әрекеттің және ЭАЖ қызмет көрсеті- луіне жауап беретін болашақ қолданушымен, ұйым, кәсіпорын тапсырыс беруші басшымен құрылған жүйе барысында жауап- кершілікті бекітеді. Жаңа есептер қағидасы – жүйе мүмкіндіктерін әрқашан дамы- туды іздеу, басқару процестерін жүзеге асыру, басқарушылық есептерді тиімдеу мақсатымен көрсеткіштердің қосымша нәти- жесін алу. Ақпараттық ағындарды және құжат айналымын автомат- тандыру қағидасы ақпараттын тркеуден өткен кезінен бастап қорытынды көрсеткіштер мен басқарушылық шешімдерді қалыптастыруды алуға дейінгі барлық сатыларында техникалық құралдар кешенін қолданылуын қарастырады. Жобалауды автоматтандыру қағидасының мақсаты болып индустриалды әдістерді енгізу есебіне уақытша, еңбектік және құнды шығындарды қысқарту барысын қамтамасыз ете отырып, халық шаруашылығының барлық деңгейінде ЭАЖ жобалану мен құрылу процесінің тиімділігін жоғарылату табылады.

Абстрактілеу принципі жүйе аспектісінің нақты (қарастыру позициясының нақтылығы) ерекшелігінде және талдау мен жобалау үшін ыңғайлы қарапайым жалпы түрдегі мәселелерді көрсету мақсатымен түйінделеді. Формализациялау принципі бейнелеу әдісінің формализация- лануын қолдану және модельдерді ұйғару мен процестердің жобалау мәселелерін шешу жолында қатал әдістемелік кажеттілікті түйіндейді. Қарама-қайшылық және толықтылық принципі қайта құрылған жүйедегі барлық қажетті элементтерінің бірігуін түйіндейді. Тәуелсіз деректердің принципі өңделу процесіне қарамастан, деректер модельдері жобалануы және талдануы, сонымен қатар олардың физикалық құрылымдары және техникалық ортадағы бөлінуі кажет. Деректерді құру принципі деректердің құрылу мүмкіндігін және ақпараттық жүйе бағасындағы иерархиялық ұйым элементтерін көрсетеді. Соңғы қолданушының қатынау принципі қолданушыда деректер базасына қатынау құралдары болуы керек, онда оны міндетті түрде бағдарламасыз-ақ қолданады. Макродеңгейдегі жобалау сыртқы ортадағы формальді емес үлкен сандармен сипатталады.

Өнімнің сапа бағасы, өнімді өндірудің экономикалық мақсаттылығы Жүйені құру мәселесі қоғамның тұтынушылығымен және даму деңгейімен анықталады, олар арқылы өндірілетін қнімнің өзіндік құнын және оның шығарылу көлемін анықтауға болады. Бұл көрсеткіштер өнімнің өндіріс процесінің сипаттамаларымен және оның қоғаммен тұтынушылығымен тікелей байланысты болып келеді. Өндірілетін өнімнің таңдалынған процесінің экономикалық көрсеткіштерін қарастырайық. Өнімді өндірудің экономикалық мақсаттылығын анықтау үшін қоғамның жүйемен өндірілетін бұл өнімге деген ұсыныстарды қоятын бірқатар экономикалық көрсеткіштерді және уақыт аралығында олардың өзгеру тенденцияларын білу қажет. Бұл экономикалық көрсеткіштер жүйені құруды және оны құру уақытысын болжайтын негізгі техникалық сипаттамаларына қойылатын талаптарды айқындайды.

Таңдалынған процесс пен басқару жүйесінің келешегін бағалау процесі маркетингтік зерттеулер негізінде жүргізіледі, аталған зерттеулер мыналарды анықтайды: өнімнің негізгі көрсеткіштері; өнімдегі және оны шығару көлеміндегі тұтынушылықтар; өнімді сату бағасының мүмкін диапазоны; өнімді қолдану процесінің болжамданатын ұзақтығы; жүйені пайдалануға кететін шығындар. Тұтынушы үшін негізгі көрсеткіштер болып мыналар табылады: өнімнің жоғары сапасы, оның салыстырмалы түрде төмен бағасы және шығару көлемі. Өнімді өндіруші үшін ең бастысы болып өнімді шығарудан алатын табыс көлемі табылады. Бұл шама өнімнің өзіндік құнына, оның сапасына, нарықтағы бағасына және шығару көлеміне байланысты болып келеді.

Бір жыл ішінде өндірілетін өнімнің құнын төмендегі өрнекпен анықтауға болады: мұндағы, М – бір жыл ішінде өндірілген өнімнің көлемі; Ц – өнім бірлігінің бағасы. Экономикалық тиімділік өнімді сатудан түсетін табысқа байланысты болып келеді, оны мынадай өрнекпен өрнектеуге болады: мұндағы, С – өндірілетін өнімнің өзіндік құны.

Жүйемен өндірілетін өнімнің өзіндік құны келесідей негізгі факторлармен анықталады: өнімді алу үшін қолданылатын процеспен, өнімділікпен, энергияны салыстырмалы тұтынумен; ұйыммен және пайдаланылатын адам еңбегінің көлемімен анықталатын басқару жүйесінің мүлтіксіздігімен; алатын аудан көлемімен; бастапқы материалдар бағасымен. S шығару көлемінің мәнін қоя отырып, өнімді сатудан түскен табыс теңдеуін мына түрде жазайық:

Табыс көлемі көп жағдайда өнім сапасымен анықталатын өнім бағасына тәуелді болып келеді. Табыс өндірілетін өнімнің өзіндік құнына байланысты болып келеді, яғни баға қатынасы бойынша өнімнің өзіндік құны төмен болған сайын өндірілетін өнімнің көлемімен анықталатын табыс көлемі жоғары бола түседі. Көріп тұрғандай, жоғарыда келтіріліп кеткен факторлар бір- бірімен байланысты болып келеді. Бұл факторларды талдау кезінде бірінші кезеңде өнім бағасына және оның өндірілетін көлеміне ықпал ететін нарықтың рөлін есепке алмайтын боламыз. Таңдалынған процеспен және басқару жүйесімен анықталатын ішкі байланыстылықтарды төменде қарастыратын боламыз, себебі бұл байланыстылық- тардың параметрлері өнім сапасына және оның бағасына, өндірілетін өнімнің өзіндік құнына және көлеміне, жүйенің табыстылығына ықпал етеді.

Өнім сапасын бағалау Өнім сапасын басқа көрсеткіштермен өзара байланысын есепке ала отырып, сапаны кешенді ұсыну үшін оны К санымен анықтайық. Өнім сапасының жоғарылануы К санының жоғарылануына алып келеді. К санын өнім сапасының коэффициенті деп атайық. Сапа коэффициентін анықтау процесі екі бөліктен тұратын күрделі есеп болып табылады. Бірінші бөлігі – көрсеткіштерді айқындау, яғни өнім бағасы мен тұтынушылық қасиеттеріне әсер ететін өнімнің сапа параметрлерін анықтау. Екінші бөлігі – талданатын өнімнің әрбір сапа параметрлерінің маңыздылық дәрежесін бағалау.

Процеспен және басқару жүйесімен өндірілетін өнім сапасын анықтау үшін мыналар қолданылады: а) өнімнің габаритті-массалық көрсеткіштері; б) өнімнің сипаттамалары: химиялық заттар үшін: тазалық, концентрация және т.б.; тағам өнімдері үшін: калориялық, майлылық, тығыздық градусы, дәмдік қасиеттері және т.с.с.; ақпарат үшін: деректердіің сенімділігі, жіберу жылдамдығы, деректердің көлемі және т.б.; в) егер өнім құрылғы немесе құрал немесе машина болып табылатын болса, онда оның сапасы мыналармен де бағалана алады: энергияны салыстырмалы тұтыну; өнімді қолдану ұзақтығы; эксплуатациялауға кететін шығындар; сыртқы түр; өнімді қолдану ыңғайлылығы, ол адам еңбегі шығындарының төмендеуімен және өнімділіктің жоғарылануымен бағалана алады және т.б.

Өнімнің сапасы тұтынушы үшін маңызды болып келетін басқа да көптеген көрсеткіштермен де анықтала алады. Тұтынушымен таңдалынған оны қызықтыратын өнімнің параметрлер жиынтығы (олардың маңыздылығын есепке ала отырып) оның сапасын бағалайтын болады. Сапаның әрбір параметрі Пі өзгеріс диапазонымен және оны ұсыну дәлдігімен сипатталады. Ары қарай зерттеулер үшін өлшеу диапазоны мына түрдегі салыстырмалы бірлікте анықталады: мұндағы,, – оның өзгеру диапазонын бейнелейтін і-нші параметрінің шекті мәндері; – і-нші параметрді өлшеу дәлдігі.

Өнім сапасына ықпал ететін әрбір і-нші параметрінің объективті сандық көрсетілімі үшін оларды әдетте қаржылық бірлік болып табылатын бірыңғай өлшем бірлігіне келтіру қажет, мысалы, теңге, мың теңге, доллар және т.б. Қаржылық бірліктерде, мысалы, теңгеде, Рi параметрі өлшем бірлігінің құнын анықтайық. Бірыңғай бірлікке келтіру процесі әрбір і-нші параметрінің құнын бағалау жолымен жүргізіледі, яғни Рi өлшем дәлдік бірлігінің Цi бағасын анықтау. і-нші параметрдің бір өлшем бірлігінің құны мынаған тең:

і-нші параметрді алуға кететін х шығындар шамасын мына формула бойынша анықтаймыз: Сапа коэффициентін алу үшін параметрлердің жиынтығын аддитивті немесе мультипликативті өрнекпен немесе аралас тәуелділікпен көрсетіп кетуге болады. Сапа функциясының аддитивті көрсетілімін мына түрде жазуға болады: мұндағы, n – сапа коэффициентін қалыптастыруға қатысатын параметрлер саны; хi – і-нші параметрге кететін шығындар шамасы; аi – өнімнің сапа коэффициентіне і-нші параметрдің әсер ету дәрежесін есепке алатын коэффициент.

Бұл жағдайда мынадай арақатынас орындалуы керек: Сапа функциясының мультипликативті көрсетілімін мына түрде жазамыз: мұндағы, а'i – і-нші параметрдің әсер ету дәрежесін есепке алатын коэффициент. Өнім сапасын анықтайтын параметрлерді таңдау негізінен нарықпен, яғни тұтынушылармен беріледі және де ол маркетингтік талдаудың аса маңызды нәтижелерінің бірі болып табылады. а'i шамасы негізінен басшылардың бағасы негізінде тағайындалады және ол субъективті болып табылады. Кездейсоқ жағдайлардың әсер етуін төмендету үшін а'i шамасын анықтау үшін мақсатты түрде сараптық әдістерді қолдану керек.

Кейбір жағдайларда і-нші параметрге кететін шығындар шамасын мына формула бойынша қалыптандыруға болады: мұндағы, Бұл і-нші параметрдің әсер ету дәрежесін бағалауға мүм- кіндік береді. Өнім сапасының бірқатар коэффициенттерін анықтау кезін- де КΣ=КаКм сапа функциясының аралас көрсетілімі қолданы- лады. Сапаны анықтаудың мұндай түрі параметрлердің физика- лық қасиеттерінің сапаға әсер етуін жақсырақ есепке алуға мүмкіндік береді. Мысалы, сенімділік есебін мультипликативті көрсеткіш түрінде мақсатты түрде жүргізу, себебі ол белгілі бір шамада кез келген өнімді кешенді түрде сипаттайды. Бірқатар өнімдер үшін тұтынылатын энергияны аддитивті әдіспен есебін жүргізу рационалды болып келеді.

4. Өнімнің өзіндік құны және бағасы Өнімнің өзіндік құны – бұл өнімді өндіруге, дайындауға және өткізуге кететін шығындардың ақшалай түрдегі өрнектелуі. Өнімнің өзіндік құны кешенді көрсеткіштердің бірі болып табылады, себебі оның негізінде кәсіпорынмен әр түрді ресурстар түрлерін тиімді қолдану туралы, сонымен қатар кәсіпорындағы еңбектің ұйымдастырылу деңгейі туралы талдауға болады. Ең төменгі шығындармен, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды үнемдеумен неғұрлым жоғары тиімділікке қол жеткізу кәсіпорынның өнімнің өзіндік құнын төмендету мәселелерін шешуіне байланысты болып келеді.

Өндіріс процесіндегі тірі және заттай еңбекке кеткен шығындар өндіріс шығындарын құрайды. Кәсіпорынның шаруашылық жекеменшіктенуі мен тауарлы-қаржылық қатынастары шарттарында өндірістің жалпы шығындары мен кәсіпорын шығындары арасында ерекшеліктер үнемі сақталып отырады. Кәсіпорынның жалпы шығындары – бұл өнімнің өзіндік құнын қалыптастыруына қатысатын тірі және заттай еңбектің жиынтығы. Кәсіпорынның шығындары кәсіпорынның өнімнің өндірісіне және оны жүзеге асыруға кеткен жалпы шығындары соммасынан құралады. Ақшалай түрде көрсетілген бұл шығындар өзіндік құн деп аталады және өнім бағасының бір бөлігі болып табылады. Оған мыналарды да қосады: шикізат, материалдар, жанармай, электроэнергия және т.б. еңбек бұйымдарының бағалары, амортизациялық есептеулер, өндірістік персоналдың еңбекақы төлемдері және т.б. ақша шығындары.

Өнімнің өзіндік құны өндіріс тиімділігінің көрсеткіштерімен өзара тығыз қарым-қатынаста болады. Ол өнім құнының көп бөлігін бейнелейді және өнімді өндіру және оны жүзеге асыру шарттарының өзгеруіне байланысты болып келеді. Шығындар деңгейіне өндірістің техникалық-экономикалық факторлары елеулі ықпал етеді. Аталған ықпал техникадағы, технологиядағы, өндірісті ұйымдастырудағы, өнімнің құрылымы мен сапасындағы, сондай-ақ оны өндіруге кететін шығындар мөлшеріндегі өзгерістерге байланысты байқалады. Өндіріске кететін шығындар сметасы – бұл экономикалық элементтер жеріндегі оның өндірістік қызметі бойынша кәсіпорынның барлық шығындар соммасын бейнелейтін неғұрлым жалпы көрсеткіші. Онда, бірінші кезекте, тауарлық және жалпы өнімді шығарумен байланысты кәсіпорынның негізгі және қосымша өндірісінің барлық шығындары, екінші кезекте, өндірістік емес сипатты жұмыстар мен қызмет көрсетулерге кететін шығындар (құрылыстық-монтаждық, транспорттық, ғылыми-зерттеулік және жобалық және т.б.), үшінші кезекте, жаңа бұйымдарды өндіруге кететін шығындар (оның орнын толтыру көзінен тәуелсіз) бейнеленген.

Тауарлы өнімнің өзіндік құнына кәсіпорынның тауарлы өнімнің өндірісі мен өткізуіне кететін барлық шығындар кіреді. Жүзеге асырылатын өнімнің өзіндік құны жаңа техниканы меңгеру қоры есебінен орны толтырылатын жаңа бұйымдардың жалпы өндірісіне кеткен жоғарылатылған шығындары алып тасталынған тауарлы өнімнің өзіндік құны плюс өнімнің өндірістік өзіндік құнына тең. Жаңа техниканы меңгеру қоры есебінен орны толтырылатын шығындар тауарлы өнімнің өзіндік құнына кіреді, бірақ жүзеге асырылатын өнімнің өзіндік құнына ол кірмейді. Олар бұйымның бірінші жылғы жалпы өндірісінің жоспарлы өзіндік құны мен бағаны орнату кезінде қабылданған өзіндік құны арасындағы айырмашылығы арқылы анықталады: СР = СТ - ЗН + (СП2 - СП1), мұндағы, СР – жүзеге асырылатын өнімнің өзіндік құны; СТ – тауарлы өнімнің өзіндік құны; ЗН – жаңа техниканы меңгеру қоры есебінен орны толтырылатын бұйымның бірінші жылғы жалпы өндірісінің жоғарылатылған шығындары; СП1, СП2 – сәйкесінше жылдың басы мен соңына жүзеге асырылмаған өнім қалдықтарының өндірістік өзіндік құны.