Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 8 лет назад пользователемВалентин Волконский
1 Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті Физика – математика факультеті Информатика және қолданбалы математика кафедрасы
2 Орындаған: Л.Усембекова
3 Экономикалық ақпаратты компьютерде өңдеу ақпараттанудың негізгі мәселесін - ДК-дің көмегімен информацияны іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудің әдісі, тәсілі мен заңдылықтарын зерттеуді кең ауқымды, экономикалық бағытта қарастыратын информатика саласының бірі деуге де болады. Қазіргі ғылыми-техниканың даму заманында әр түрлі экономикалық, бухгатерлік есептерді, оптимизация есептерін шығаруда Ms Excel кестелік процессоры - маңызы зор, мүмкіншілігі көп программа болып табылады. Ms Excel кестелік процессоры экономикалық мамандықтарда оқитын студенттерге экономикалық және басқару мәселелерін компьютердің көмегімен шешуге әр түрлі әдістерді пайдалануға көмектеседі.
4 MІCROSOFT EXCEL - электронды кестесі қолданушының жұмыс жасауына өте тиімді бағдарлама. Ол жай бағдарлама емес, оның көмегімен көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді шешуге, сонымен қатар мәліметтерді пайдаланып, түрлі диаграммалар құрып, мәліметтер қоймасын жасап, олармен жұмыс істеуге, сандық зерттеу жұмыстарын жүргізуге т.с.с. болады. Сонымен қатар ол - кестелік процессор деп аталады.
5 диаграммалар құру, графикалық әдістермен экономикалық есептерді шешу параметрлерді таңдай отырып, экономикалық есептерді шешу нәтижелік және салыстырмалы кестені құру формулалармен біріктірілген көп кестелі құжаттарды құру Электронды кестелерді құру мен редакциялау электронды кестені безендіру және басу
6 Ms Excel формулалары есептеулер жүргізуге және берілгендерге анализ жасау үшін керек. Кез келген формулаға мынандай негізгі сипаттамалар тән: -ең бірінші символ ретінде міндетті түрде = белгісін жазу керек; -Формуламен есептелген нәтиже сол формула жазылған ұяшыққа шығады; -формулалар жолында белсенді ұяшыққа жазылған формула көрсетіледі; -формулада жасалған сілтемелердегі мәндер өзгерген жағдайда формула нәтижесі де автоматты түрде өзгереді.
7 Белсенді жұмыс бетінде әр ұяшық өзіндік адресімен (немесе ұяшыққа сілтемемен) анықталады. Ол ұяшық орналасқан баған атауы мен жолдың номерінен тұрады. Адрес түрлері:
8 Салыстырмалы адрестеу – формуланы көшірген кезде көшірілетін орынға сәйкес ұяшыққа сілтеме де өзгеріп отырады. Абсолютті адрестеу - формуланы көшірген кезде сілтеме тек қана алғашқы формуладағы ұяшыққа жасалады. Аралас адрестеу - формуланы көшіру барысында баған немесе жол өзгермегені керек болғанда қолданылады.
9 Ms Excel-де экономикалық есептеулер жүргізу үшін Ms Excel келесі құралдарды қолданады: Ms Excel-дің финанстық функциялары Параметрді таңдау Қою кестесі Сценарийлер диспетчері
10 Финанстық функциялармен жұмыс Ms Excel финанстық функциялармен жұмыс істеу үшін: ВставкаФункцияФинансовые
11 Ms Excel -дің финанстық функциялары: ПТЛАПЛ АСЧ БЗРАСПИС МВСД БС ВСД ДАТАКУПОНДО ДДОБ ДНЕЙКУПОН ДЛИТ ДОХОД Қызметі
12 АПЛ – бір период үшін сызықтық әдіспен есептелген актив амортизациясының мөлшерін көрсетеді. ПЛТ – анниут үшін тұрақты төлемдер және тұрақты проценттік ставка негізінде периодты төлемдер сомасын көрсетеді. ДАТАКУПОНДО – купонның есептеу жүргізілетін күнге дейін немесе одан кейінгі мәніне сәйкес санды көрсетеді. БС – тұрақты проценттік ставка әдісімен шығарылатын болашақ баға мөлшері. ВСД – пайданың ішкі ставкасын – бірдей периодтар тізбегінде төлемдер (теріс мәндер) мен пайдалардан (оң мәндер) тұратын инвестицияға қолданылатын ставканы көрсетеді. ДЛИТ – мүмкін болатын номиналдық бағаның Макалей ұзақтығын көрсетеді. ДДОБ – қалдықты екі мәрте кішірейту әдісін қолдана отырып есептелген актив амортизациясының мөлшерін көрсетеді.
13 10%-тік жылдық ставкамен 20 жылға берілген ипотекалық ссуданы есептеу керек. Бастапқы салымы 25%. Ипотекаға алынатын үйдің құны болсын. Шешімі: Займ бойынша төленетін төлемдерді есептеу үшін ПЛТ (кейбір версияларда ППЛАТ деп аталады) функциясын қолданамыз: ПЛТ(ставка; кпер; бс; пс; тип) Біздің есебіміздегі функция түрі: ПЛТ(10%/12; 20*12; *(1-25%))) –ай сайынғы төлемдер; ПЛТ(10%; 20; *(1-25%))) - жыл сайынғы төлемдер. Мысал: Есептеу терезесі
14 Ипотекалық ссуданы есептегенде қолданылған формулалар Нәтиже
15 Қорытынды Кестелік құрылымды құжаттармен жұмыс істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Ms Excel болып табылады. Ms Excel жай ғана программа емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға болады. Экономика мамандықтарының студенттерінің экономикалық есептер шығаруда Ms Excel электрондық кестелік процессорын пайдалануда және экономика саласында қолдануға ыңғайлы универсалды сайман ретінде ең бірінші электрондық кестенің мүмкіншіліктеріне көп көңіл бөлгені дұрыс.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.