Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 9 лет назад пользователемИбрашева Айнагуль
2 Диалогтік оқытудың тиімділігі. Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады. Мерсер мен Литлтон
3 Диалогтық оқыту ұжымдық (мұғалім мен бала бірігіп тапсырманы орындайды) және өзара білім алмасуға жағдай туғызатын (мұғалімдер мен балалар бір-бірін тыңдап, идеялармен бөліседі және балама көзқарасты қарастырады) және қолдаушы (балалар қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір-біріне өзара түсінікке жетулеріне көмектеседі) оқыту тәсілі болып табылады.
4 Александер тәжірибеде зерттелген диалогтің 5 үлгісін анықтады: 1.МЕХАНИКАЛЫҚ (мұғалім –сынып): қайталау арқылы фактілер мен идеяларды зерттеу 2.АУЫЗША ЖАУАП (мұғалім-сынып немесе мұғалім-топ) : мұғалім сыныпқа қайталауға арналған сұрақ қойып,оқушылардың жауаптарын бағыттап отырады. 3.НҰСҚАУЛЫҚ/ТҮСІНІК БЕРУ (мұғалім-сынып, мұғалім- топ немесе мұғалім-оқушы) оқушыларға ақпарат ұсыну немесе түсініктеме беру; 4.ТАЛҚЫЛАУ ( мұғалім-сынып, мұғалім-топ немесе оқушы-оқушы) ақпарат алмасу және проблемалық мәселелерді шешу мақсатында идеялармен танысу; 5.ДИАЛОГ (мұғалім-сынып, мұғалім-топ,мұғалім-оқушы немесе оқушы-оқушы) құрылымдалған сұрақтар және нысаналы талқылау арқылы ортақ түсінік қалыптастыру;
5 Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесудің 3 түрі бар: Оқушылар бәсекеге қабілетті,басқа адамдардың көзқарасын қабылдауды қаламайды. Әңгіме-дебат Идеялар қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді. Кумулятивтік әңгіме Әркімнің идеясы пайдалы деп саналғанымен, мұқият бағалау жүреді, топтағы қатысушылар келісімге келуге тырысады. Зерттеушілік әңгіме
6 Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды орын алады. Сұрақтардың түрлері: төмен деңгейдегі, жоғарғы деңгейдегі Сұрақ қою техникасы: Сұрақ қою техникасы: түрткі болу, сынақтан өту, қайта бағыттау Түрткі болу: сұрақты қарапайым етіп қою, өткенді пысықтау. Сынақтан өту: Сынақтан өту: толық жауап беруге, ойын толық айтуға итермелейді."Сіз мысал келтіре аласыз ба? "деген сұрақтармен бағыттайды Қайта бағыттау - Қайта бағыттау - сұрақты басқа оқушыларға бағыттайды."Көмектесе алатындарың бар ма?" деген сұрақ қойылады.
7 Нәтижесі: оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады; пікір алмасып, бір - бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады; сұрақтарға жауап беру арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік алады; оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектеседі; оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады;
8 Диалог – балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік
9 Назар қ ойып ты ң да ғ андары ң ыз ғ а мы ң да бір ал ғ ыс!
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.