Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 7 лет назад пользователемСаркыт Алимбаева
1 Ақпаратты автоматты түрде өңдеу адамның қатысуынсыз өңдеу, бұл кезде компьютер алдын ала берілген бағдарлама бойынша ақпаратты өңдеуді алғашқы мәліметтерді енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізеді.
2 Кірістік мәліметтердің түрі мынадай болуы мумкін: Мәтіндік ақпарат: оқулықтағы мәтін, дәптердегі шығарма, ауа райын болжау, радио арқылы хабар т.б. Сандық ақпарат: көбейту кестесі, арифметикалық мысал, хоккей ойынындағы есеп т.б. Графикалық ақпарат: суреттер, схемалар, сызбалар, фотосуреттер т.б. Музыкалық (дыбыстық) ақпарат: дыбыстар, музыка, сөз. Бейне ақпараттүрлі түсті графика, дыбыс, фильмдер, екі және үш өлшемді жылжымалы объектілер.
3 Компьютердің аппараттық құралдары: кодтауға және мәліметтер мен бағдарламаларды компьютердің жадына екілік көрсетілуде ұсынуда арналған енгізу құрылғыларынан; ішкі және сыртқы болып бөлінетін, деректерді, бағдарламаларды, аралық есептеулердің нәтижелерін сақтауға арналған компъютер жадынан; мәліметтерді өңдеудің және өңдеу процесін басқарудың негізгі құрылғысы-процессордан; өңдеу нәтижелерін кері кодтауға және оларды адамға қолайлы түрде шығарып беруге арналған шыәару құрылғыларынан; бұл барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткізу қызметін атқаратын ақпараттық кеңарнадан тұрады.
4 Бағдарлама - нұсқаулар тізбегі, оларды орындау барысында компьютер белгілі әрекетер жасайды немесе мәліметтерді өңдеу мәселесін шешеді.
5 Бағдарламалық құралдар әр түрлі мақсаттарға арналған бағдарламалар жиынтығы. Компьютердің бағдарламалық құралдарын бағдарламалық жасақтама деп те атайды. Олар: - жүйелік деп аталатын, компьютердің барлық құрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді жасақтау қорларының жұмыстарын басқаратын; - қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған; - бағдарламалық жүйелер деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.
6 Компьютердің негізгі құрылғыларының блок- схемасы Компьютердің жүйелік блогы Процессор Ақпараттық кеңарна (шина) Жедел жады (ішкі)Пернетақтаның контроллері Дисплей контроллеріПорттар контроллеріДискілер контроллеріҚосымша құралдар контроллері ИМДЖ (дискета) ҚМДЖ (винчестер) CD-ROM Пернетақта МониторПринтер, маус, джойстикСканер, модем т.б.
7 Процессор басқа құрылғылармен көптеген сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастырылады, оны кеңарна (магистраль) немесе шина деп атайды (шина атауы көп пайдаланылады). Компьютердің негізгі құрылғылары мен олардың арасындағы байланыс
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.