Скачать презентацию
Идет загрузка презентации. Пожалуйста, подождите
Презентация была опубликована 7 лет назад пользователемнұрбол құдайберген
1 Рентгено- диагностика Қабылдаған : Сейденов Ш. М Орындаған : Құдайберген Н Топ : ЖМ -430
2 Жоспар O Рентгеннің шығу тарихы O Рентгенологиялық зерттеудің негізгі әдістері O Рентенографиядағы өкпе қабынуы O Қолданылған әдебиеттер
3 O Денсаулығымыды қадағалау үшін жылына кем дегенде бір рет "рентгенге" түсетініміз бар. Бірақ, рентген сәулелерінің қаншалықты зиянды екенін көбіміз біле бермейміз... O 1895 жылы неміс физигі Вильгельм Конрад Рентген катодтық сәулелердің көмегімен пайда болатын люминесценция құбылысын зерттеп, түрлі тәжірибелер өткізді. Әсерді көбейту үшін физик электронды сәулелі түтікшенің ішіне люминесценция тудырушы затты салып, күн сәулесі өтпейтіндей етіп зертханадағы барлық терезелерді жауып тастаған. Электронды сәулелі түтікшені қосқанда, Рентген қызық оқиғаны байқайды. Бөлменің бір бөлігінде жап-жарық сәуле пайда болады. Рентгеннің шығу тарихы
4 O Зейін қойып бәрін зерттей бастағанда, Рентген сәуленің барий платиноцианидпен, яғни люминесценттеуші затпен қапталған қағаздан шығып тұрғанын байқайды. Бұндайды күтпеген ғалым бірден шамды өшіруге асықты. Жарық сәуле өшті. Қайтадан қосқанда, жарық қайта пайда болды. Сонда, ғалым люминесценттеуші затпен қапталған қағазды басқа бөлмеге апарғанда, ол жарық болып, сәулеленіп тұрған. Сонда Рентген сәуленің тек қағаздан ғана емес, басқа да заттардан өте алатынын түсінді. Бұндай құбылысқа түсініктеме таба алмаған физик сәулелерді - Х сәулелері деп атап кеткен.
5 Ең алғашқы рентгенограмма Рентген әйелінің алақан сүйегінің көрінісі болды жылы қаңтарда Х-сәулелер көмегімен адамның қол- аяқтарының, кейіннен басқа мүшелерінің суреттері жасалды. Бірінші отандық рентген аппаратын А.С.Попов жасап шығарған болатын. Рентген сәулесі гамма- және ультракүлгін сәулелер арасындағы диапазонды қамтитын электрмагниттік толқындар. Толқын ұз. 2 ангстремнен кіші Рентген сәулесі шартты түрде қатаң, 2 ангстремнен үлкен Рентген сәулесі жұмсақ Рентген сәулесі деп аталады.Рентген сәулесінің затпен әсерлесуі кезінде Рентген сәулесі жұтылады, шашырайды немесе фотоэффект құбылысы байқалады.
6 Рентгенологиялық зерттеудің негізгі әдістері O Рентгенскопия а) флюроскоия б) флюресенция с) рентгенотелевизияскопия O Рентгенография O Флюрография O Электрорентгенография O Санды рентгенография
7 Рентгенография Рентген сәулесінің көмегімен жарық сезгіш құрал қолдану арқылы зерттелуші адамның мүшелерінің рентген суретін алу әдісі.
9 Рентгенограмма O Рентген сәулесінің затпен әсерлесу құбылысы негізінде нысанның жарық сезгіш материалдарға (фототаспа, фотопластинка) түсіріліп алынған кескіні. Нысанды рентген сәулелерімен жарықтандыру кезінде рентген сәулелерінің жұтылуы, шағылуы не олардың дифракциясы байқалады.
10 Флюрография O Көпшілікті жаппай рентген сәулесімен тексеру әдісі, кәдімгі фотопленкаға жарық беретін флюроценциялық экраннан зерттелуші адамның рентген суретін фотоаппаратпен түсіріп алу. Көлемі кіші болады, 70х70, 100х100мм. Әдіс арзан, аз уақытта көп адамды зерттеуге болады, сондықтан кейбір өкпе ауруларын бастапқы кезде анықтауда тиімді.
12 Электрорентгенография O Әдейі аспап қолдану арқылы электрофотография тәсілімен қағазға түсірілген мүшенің рентгендік суретін алу әдісі.
13 Санды рентгенография O Детектор ретінде жартылай өткізгіштер қолданылады, одан алынған мәліметтер суретті таспаға, қағазға, рентгенопленкаға жазуға болады.
14 Рентенографиядағы өкпе қабынуы Бронхтар қалыпты жағдайда көлеңке бермейді. Өкпе қабынған жағдайда бронхтың дәнекер тіннен тұратын сыртқы қабы қалыңдап қатайған кезде көлеңкесін көруге мүмкіншілік туады, сонда ұзына бойы бағыттағы брон екі паралельді сызық тәрізді көлеңке береді.
15 O Өкпе созылмалы қабынуға ұшырағанда дәнекер тін өседі, сол кезде сызық, лента немесе кіші не үлкен тұзақ тәрізді көлеңкелер пайда болады, яғни өкпенің суреті молаяды, өзгереді, қожырайды.
16 Қорытынды O Ренгендік зерттеу кезінде науқаста бірнеше реакциялар болуы мүмкін. 1) рентген сәулесі тері жамылғыларында күннен күйген секілді дақ қалдыруы мүмкін. Бұл дақтардың жазылуы үшін өте көп уақыт керек. Рентген сәулелерімен көп жұмыс істейтін зерттеушілерде тіпті саусақ ампутациясына да әкелуі мүмкін. 2) рентген сәулелері қан құрамын өзгертіп жіберуі мүмкін. Мысалы, лейкемия ауруына шалдығуы мүмкін немесе ерте қартаю. 3) рентген сәулесіне қай органга түсіп жатқанына байланысты зақымданулар да сол организмде орын алады.
17 Патологиялардың пайда болуы рентген сәулесінің дозасына, зерттеуге түсу ұзақтығына байланысты. Мысалы, қан түзу органдарын рентген сәулемен зерттегенде лейкемия, ал жыныс жолдарының зерттеуінде көбінесе бедеулікке әкеліп соқтырады. 4) рентген сәулесін өте аз дозада пайдаланғанның өзінде организмдегі генетикалық өзгерістерге алып келуі мүмкін.
Еще похожие презентации в нашем архиве:
© 2024 MyShared Inc.
All rights reserved.