Жоспар: 1. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың міндеттері 2. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың құқықтары 3. Жедел-іздестіру.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
ЖоспарІ.Кіріспе
Advertisements

Жоспар: 1. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың міндеттері 2. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың құқықтары 3. Жедел-іздестіру.
Интернет желісіне жалпы сипаттама. Интернеттің негізін қалаған 1969 жылы АҚШ қорғаныс Министрлігінің сұрауымен құрылған ARPANet желісі болды. Сонымен.
Орында ғ ан: Алпысбаева А.К. Қ абылда ғ ан: Мелдебеков Б.Р.
Транксрипт:

Жоспар: 1. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың міндеттері 2. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың құқықтары 3. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар жүргізетін жедел- іздестіру шаралары Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар

а) Iшкi iстер органдары; б) Ұлттық қауiпсiздiк органдары; в) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары; г) қаржы полициясының органдары; д) Қазақстан Республикасы Президентiнiң күзет қызметi; е) Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары; ж) кеден органдары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн:

а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономика- лық және қорғаныс әлуетiн нығайту үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға; б) жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олар- дың алдын алуды, оларды болдырмауды және ашуды, қылмыстық процесте пайдалану үшін олардың нәтижелерін орнықтыруды қамтамасыз етуге, өздерiнiң қарауындағы қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру шараларын жүргiзу жөнiнде тергеушiнiң жазбаша тапсырмаларын, прокурордың нұсқауын, сондай-ақ соттың ұйғарымын орындауға; в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған жәйттер мен деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына дер кезiнде хабарлауға; г) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының тiлектерiн орындауға; д) жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде, сондай-ақ қылмыстық процесте пайда- лану үшін жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижелерін бейнелейтін мате- риалдарды беру кезінде асыратын жағдайда қамтамасыз ету және хабарлама көздерi құпиясының ашылуына жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың міндеттері

1) өз құзыретi шегiнде осы Заңның 11-бабында көрсетілген жедел-iздестiру шараларын жария және жасырын жүргiзуге; 2) жедел-iздестiру қызметiнiң мiндеттерiн шешудi қамтамасыз ететiн жедел есептер және хабарлама жүйелерiн құруға және пайдалануға; 3) жедел-iздестiру шаралары барысында жазбаша немесе ауызша шарт бойынша кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, әскер бөлiмдерiнiң қызмет жайларын, көлiк және өзге техникалық құралдарын, мүлiктерiн, сондай-ақ залал келтiрiлген жағдайда, осы залалды, шығындарын да жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдар есебiнен иелерiне өтей отырып, азаматтардың тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын, көлiк құралдары мен өзге де мүлiктерiн пайдалануға; Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың құқықтары

4) астыртын кәсiпорындар мен ұйымдар құруға, осы мақсатпен лауазымды адамдарды, бөлiмшелердiң, ұйымдардың ведомстволық бағыныстылығын, жедел- iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органдардың үй- жайлары мен көлiк құралдарын, сондай-ақ осы органдармен құпия негiзде қызмет iстейтiн азаматтардың жеке басын құпия-ландыратын құжаттарды пайдалануға; 5) қажеттi ғылыми-техникалық немесе өзге де арнаулы таным-бiлiмi бар лауазымды адамдар мен мамандардың көмегiн пайдалануға; 6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып тегiн алуға және пайдалануға;

7) Қазақстан Республикасы аумағында жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға құқығы бар басқа органдармен келiсе отырып жекелеген шараларды жүргiзу үшiн осы органдардың күшi мен қаражатын тартуға; 8) Жедел-iздестiру шараларын жүргiзу мақсатымен ғана тәулiктiң кез-келген уақытында кәсiпорындардың, мекеме- лердiң, ұйымдардың аумақтарына және үй-жайларына (меншiк нысандарына қарамастан), ал әскер бөлiмшелерiнiң және басқа режимдiк объектiлердiң аумақтарына олардың басшыларының келiсiмi бойынша кедергiсiз кiруге; 9) Қылмыстық процесте пайдалану үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізудің нәтижелерін бейнелейтін материалдарды беруге құқылы.

Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдар жүргізетін жедел-іздестіру шаралары Жедел іздестіру шаралары жалпы және арнаулы болып бөлінеді, Жалпы жедел іздестіру шаралары мыналар болып табылады 1) адамдарға сауал қою; 2) азаматтар жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-iздестiру қызметiне пайдалану; 3) енгізу; 4) қылмысты iс-әрекетке елiктеу мiнез-құлық үлгiсiн қолдану; 5) астыртын кәсiпорындар мен ұйымдар құру; 6) бақыланатын өнім беру;

Жедел іздестіру шаралары Жалпы Арнаулы Жасырын және жариялы

7) заңмен қорғалатын жеке өмірге, тұрғын үйге қол сұғылмауын, өзінің және отбасының құпиясын, сондай-ақ жеке салымдарын мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта телеграф арқылы және басқа да жолдармен алысқан хабарларының құпиялығын қозғамайтын мәліметтер алу үшін техникалық құралдар қолдану; 8) анықтамалар алу; 9) үлгiлерді алу; 10) жедел сатып алу; 11) іздеу - қызмет иттерiн пайдалану; 12) Жеке адамды белгiлерi бойынша iздеу және ұқсастыру; 13) ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу; 14) құқыққа қарсы әрекеттер iздерiн табу, жасырын анықтау және алу, оларды алдын ала зерттеу ;

15) қылмысты әзірлеуші, жасаушы немесе жасаған адамның iзiне түсу және оны ұстау; 16) ұсталған адамдарды жеке тексерудi, олардың жанында болатын, қылмыстық әрекетке қатысты болуы мүмкiн заттар мен құжаттарды қарауды және алып қоюды, сондай-ақ тұрғын жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды тексерудi, көлiк құралдарын тексерудi куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін; Терроризмге қарсы операцияны жүзеге асыру барысында жеке тексеру және жеке тұлғаның жанында болатын заттарды тексеру, көлік құралдарын теексеру, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып тексерукуәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі керек; 17) Қарулы қылмыскерді қолға түсіру жөніндегі операцияларды жүргізу 18) байқау

Арнаулы жедел іздестіру іс-шаралары мыналар болып табылады 1) почта-телеграф жөнелтілімдерін бақылау; 2) байланыс желілеріндегі жедел іздеу; 3) бейне, аудио техниканы немесе өзге де арнаулы техникалық құралдарды пайдалана отырып, сөздерді жасырын тыңдау және жазып алу, телефондар және басқа да сөйлесу құрылғылары арқылы жүргізілетін сөйлесулерді тыңдау және жазып алу, сондай-ақ телефон арқылы жүргізілген сөйлесулер туралы мәліметтер алу; 4) байланыстың техникалық арналарынан, компьютер жүйелерінен және өзге де техникалық құралдардан ақпаратты алып тастау 5) жедел кіру.