АЛКОГОЛЬДІК ДЕПРЕССИЯЛАР Гүлайым Шәріпқызы СЕЙІЛХАНОВА, ОНО МКҚК нарколог-дәрігері.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Депрессияның диагностикасы және дифференциалды диагностикасы Аязбек Жалиұлы СЕРІКБАЕВ, ОНО МКҚК психиатр дәрігері.
Advertisements

Қылмыс пен жаза Орындаған: Жыргалбекқызы Анара 3 курс ЮП
ПРЕЗЕНТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ : ҚАБІЛЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ Орындаған : Карамендиева А ТобЫ : Қабылдаған : Усипбекова М.
Қабылдаған:м.ғ.к,доцент м.а. Бисимбаева С.Б Тобы:304 ФК А студенті Орындаған:Жолдасова Д.М Шымкент 2015 жыл Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика.
Тақырыбы: Дәрілік заттардың әсерінің биоримге анық әсер көрсетуі. Хронофармакология туралы түсінік. Қазақстан-Ресей медицина университеті Тексерген: Орында.
ФИЗИКА П Ә НІ. Бұл сәулелер 1895 жылы неміс физигі Вильгельм Рентген ашқан. Рентген өзіне дейінгі көптеген ғалымдардың мән бермеген және аңғара алмағандарын.
{ Әлеуметтану ғылым ретінде SLAID-KZ.RU. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің «Society» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен шығады.Социология,
Тақырыбы : Еңбек үрдісінде орталық жүйке жүйесінің реттеуші ролі. Орталық жүйке жүйесінің рефлекстік, тепе – теңдік және біріктірушілік қызметтері. Тексерген:Амирхожаева.
Орындағандар: Диқамбай Н. Долдашев Б. Тобы: ПО Қабылдаған: Қасмжанова Ф. Алматы 2016.
Діни экстремизм және оның алдын алу жолдары Қоғамдық гуманитарлық пәндер кафедрасы 4 курс, Әлеуметтану мамандығы Оқытушы: Иманбаева С. Студент: Тултаева.
Төтенше жағдайда адамдарды топтармен жүргізу Абыржу түсінігі Адамдардың біліктілігін жүргізу Қалыптасу түсінігін жүргізу Төтенше жағдайларда психологиялық.
Сабақ тақырыбы: Квадраттық теңдеулерді формула бойынша шешу. Алгебра. 8 сынып.
Экономика және оның қоғам өміріндегі орны. «Экономика» деген сөз алғашқы ұғымында отбасы шаруашылығын білдірген. Қазіргі уақытта экономика кең көлемде:
Зейін Зейіннің физиологиялық негізі. 3 ейіннің физиологиялық негізін академик Павлов нерв процессінің өзара индукция заңына байланысты түсіндіреді. Егер.
Лекция Биологиялық активті нүктелер функциясының тәуліктік ырғақталығы.
Биоэтика. Эвтаназия Орындаған: Қабылдаған:. Жоспар Кіріспе Биоэтика Медициналық этика үш негізгі бағыт Коммуникативті дағдылардың маңыздылығы Қарым-қатынастардағы.
Остеохондроз омыртқада болатын сырқаттардың ішіндегі ең көп тараған түрі. Аурудың бұл түрін зерттеу жүз жылдан бері тоқтаусыз жүргізіліп келеді. Әуелде.
1. Алгоритм ұғымы, қасиеттері. 2. Алгоритмнің берілу тәсілдері. 5 ДӘРІС Алгоритм ұғымы, қасиеттері және бейнелеу әдістері.
– Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің? – Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен.
«Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең.
Транксрипт:

АЛКОГОЛЬДІК ДЕПРЕССИЯЛАР Гүлайым Шәріпқызы СЕЙІЛХАНОВА, ОНО МКҚК нарколог-дәрігері

Торығу (депрессия) бұзылыстарын алкогольдік ішімдіктерге тәуелділігі бар кез-келген адамнан анықтауға болады. Алкогольдік депрессивтік синдром деп бұрынғы қалыпты жағдайынан ауытқыған психикалық бұзылыстар аталады. Оның бірнеше симптомдары болады: - анық байқалатын немесе абсолютті түрде әдеттегі іс- әрекет түрлеріне қызығушылықтың жоғалуы және қанағаттанбауы; - ұзаққа созылған пәс көңіл-күй, ызалану. Бұл айналасындағыларға да, сырқаттың өзіне де байқалады; мазасыздану сезімі, іркіліс немесе қозу; ұйқының бұзылуы; еңбек ету қабілетінің төмендеуі, қатты шаршау; өзін кінәлі сезіну, өміріне қанағаттанбау, өмірдің бар бояуын жоғалту және келешегін бұлыңғыр елестету; өзін қол жұмсау, өлім туралы ойлау, суицидке талпыныс.

Алкогольге тәуелді науқастардағы депрессивтік бұзылыстар ұзаққа созылған салынып ішудің, жедел психикалық жағдайлардың және суицидтердің пайда болуына ықпал етеді. Алкогольдік торығудың қайғылы нәтижесі суицидке талпыныс болып табылады. Өзіне қол жұмсау оқиғалары алкогольдік торығуларда суицидтердің 20 пайызын құрайды. Алкоголизмге шалдыққан науқастардың 40%-інде алкогольдік ішімдікті ішуді қойған 9 тәуліктен соң депрессивтік бұзылыстар табылады. Терапиясыз төрт аптадан кейін оның үлесі 4%-ке дейін азаяды.

Сонымен алкогольдік тәуелділік кезіндегі торығу (депрессия) – жиі кездесетін құбылыс екені анық. Араққұмарлықтың торығумен бірге келуі бірқатар теріс зардаптарға жетелейді: - алкогольді және басқа психогендік заттарды шектен тыс тұтыну рецидивтерінің қауіпі артады; ауруханада жату жиілігі мен ұзақтығы көбейеді; психотроптық дәрі-дәрмектердің терапевтік ықпалдылығы төмендейді; әлеуметтік және отбасылық бейімделудің (адаптацияның) реттелуі қиындайды. Алкогольді созылмалы тұтынатын тұлғалардағы қысқа мерзімді депрессивтік реакциялар әлденеше рет пайда болады. Медициналық араласуды қажет ететін клиникалық бояуы бар депрессиялар созылмалы маскүнемдіктен жапа шегетін адамдардың өмірінде шамамен тең жартысында байқалады.

Сондай-ақ алкогольдік депрессия – алкогольді шектен тыс тұтынатын тұлғалар жасайтын суицидалдық талпыныстардың ең жиі себептерінің бірі. Депрессиялар металкогольдік психоздар шеңберінде де, делирийден немесе галлюциноздан кейін де, сонымен қатар абстиненттік синдром кезеңінде де, көбіне алкогольденуді тоқтатудың бірінші күнінен кейін білінеді. Одан әрі уытсыздандыру (детоксикация) үдерісінде әдетте бірнеше күннен бірнеше аптаға созылатын аффективтік бұзылыстар кері қайтады. Абстиненттік синдром аумағында депрессияның қабаттасуы прогностикалық тұрғыда жағымсыз белгі, өйткені салынып ішудің қайталану мүмкіндігі бар. Алкогольдік депрессия өз көрінісінде көбіне терең емес невротикалық депрессия картинасын еске салады және ипохондриялық симтоматикамен бірге өтеді. Алайда кейбір жағдайларда, әсіресе абстиненция кезеңінде анық білінетін пәс күйі мен үлкен депрессивтік эпизод критерийлеріне сәйкес келетін ауыр аффективтік бұзылыстар байқалады.

Алкогольдік депрессияны шартты түрде екі нұсқада қарастыруға болады. Бірінші нұсқа алкогольді шектен тыс тұтынудың келесі күні пайда болады. Онда көңіл-күй пәс және істеген ісіне кінәлі сезім туындайды. Бұл торығу арнайы емсіз-ақ тез кетіп қалады. Екінші нұсқа – барынша күрделі және ерекше көңіл бөлуді қалайды. Адам спирттік ішімдіктен ұзақ бойын алыстатуды шешкен кезде, алкогольді шектен тыс ұзақ тұтыну кезеңінен соң пайда болуы мүмкін. Бұл күңгірт депрессия деп аталатын торығу. Осы кезде адам сырттай дені сау болып көрінеді: жұмыс істейді, отбасындағы міндеттерді орындайды, қанағаттанарлық физикалық формада жүреді. Туыстары ондағы болып жатқан бір пәлені байқамайды.

Егер оған білікті көмек көрсетілмесе, онда ол көп кешікпей алкогольге қайта оралуға бір себеп табады. Сөйтіп ол қысқа уақыт болса да өз эмоцияларын гүлдендіретін және жаны жай табатын, өмірлік проблемалар кері шегінетін виртуалды әлемге қайта баруды қалайды. Армандау, қиялдау пайда болады. Алайда бұл көп кешікпей жоқ болады және одан да терең депрессияға түседі. Бұл кезде алкогольдің де жақсы көңіл-күй силауға шамасы жетпейді. Депрессияда кінәлау, ызалану идеяларымен бірге мұң байқалады. Науқастар айналасындағыларды, әсіресе туыстарын өзіне көңіл бөлмейді деп кінәлайды. Бірақ өзі де олардың алдында өз кінәсін сезінеді. Көңіл- күйдің тәуліктік ауытқуы білінеді. Дисфориямен, алаңдаумен, жылаймандықпен бірге болатын депрессиялар кездеседі.

Барлық зерттеушілер мұндай депрессияларда жиі және тұрақты түрде суицидалдық ойлардың, оларды жүзеге асыру талпыныстарының болатынын атап көрсетеді. Сондықтан мұндай науқастар мұқият бақылауды қажет етеді. Алкогольдік депрессияның емінде дәстүрлі уытсыздандыру (детоксикация) және антидепрессивтік терапия жүргізіледі. Алкогольдік депрессияны дәрі- дәрмектік емдеудің ықпалдылығы онша жоғары емес. Сондықтан антидепрессанттарды беруде әрбір сырқатқа жеке тұрғыдан келу және емге психотерапевтік тәсілдерді қосу қажет.