Тақырыбы: Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Түркістан – Түркістан – 2013 ж.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Түркістан – Түркістан – 2013 ж.
Advertisements

Орындаған : Досыбек Қайрат. Қазақстанның кен ресурстары Қазақстан Қазақстан кен байлықтарының қоры, елдің даму стратегиясын анықтайтын негізгі факторлардың.
Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесінің 99 элементі кездеседі, соның 70 элементінің қоры мол. Оның 60 түрі өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар.
Презентация Тақырыбы: Қазақстанның минералды-шикізат базасының қазіргі жағдайы мен даму алғышарттарын талдау. Орындаған: Тобы: Қабылдаған: Шымкент 2015.
Қ ЫР Ғ ЫЗСТАН Орында ғ ан : Шотарбай С. Тексерген : т. ғ. д Тулекова М. К.
Абылкалыков К. К.. Қазақстанның кен байлықтары Етістіктің шақтарын еске түсіріп, қолдану сауаттылығын арттыру ; шағын тесті мен жұмыс істеу дағдысын,
Қ аза қ станны ң пайдалы қ азбалары Орында ғ ан: Орысбаева Б.
Қазақстанның жер асты сулары. Мұздықтары. Көпжылдық тоң.
( Өте қызулы отын. Ол күл қалдырмай түгел жанып кетеді. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген заттар бөлініп алынады.
АШЫҚ САБАҚ ТҮСТІ МЕТАЛЛУРГИЯ. АУЫР ЖӘНЕ ЖЕҢІЛ МЕТАЛДАР МЕТАЛЛУРГИЯСЫ Сыныбы: 9 Ә Пән мұғалімі: Паттеева М.Е.
СИРЕК ЖӘНЕ СИРЕКЖЕР МЕТАЛДАРЫНЫҢ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МӨЛШЕРІ,МИНЕРАЛДАРЫ, КЕНДЕРІ, ШЫҒУ КӨЗДЕРІ.
Көмір және оның түрлері
Тақырыбы: Өсімдіктер,ормандар,жануар ларды қорғау Орындаған:Оразғали А Султанова Н.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі М.О. Әуезов атындағы Оңтүтік Қазақстан мемлекттік университеті кафедрасы Презентация Тақырыбы: Орындаған:
Ресей Федерациясы. Ресе́й - Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекет. Ресеймен Қазақстан.
Үй тапсырмасын тексеру.. Қазақстанның пайдалы қазбалары жеткілікті. Шексіз пайдалануға болады Пайдалы қазбалар шектеулі. Қаз. Пайдалы қабаларын тиімді.
Табиғи газ және мұнайға серік газдар.
Биология сабағына қош келдіңіздер!!!. Адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсері.
Биік таулар: Алтай тауы Алтай тауы Сауыр- Тарбағатай Сауыр- Тарбағатай Тянь-Шань тауы Тянь-Шань тауы Жоңғар Алатау Жоңғар Алатау.
Транксрипт:

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. Түркістан – Түркістан – 2013 ж.

Кіріспе Қазақстан өзінің жер қайнауының байлығымен әйгілі. Оның байлығы территориясының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу кезінде магмалық жыныстар енгенде және шөгінді жыныстар метаморфтанғанда, рудалар және түрлі минералдар пайда болады. Қатпарлы жақпарлы таулар (Алтай, Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань) қатты бұзылып күшті кемірілген сайын рудаға бай теңдігі жатқан тау жыныстары жер бетіне жақындап кейде тіпті жер бетіне шығып қалған. Көбіне бұзылған ескі таулардан рудалы қазбалар табылады.

Қазақстарн қазір хром, ванадий, рений, висмут, фтор қоры жағынан дүние жүзінде бірінші орын алады. Ал темір, хромит, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, фосфорит, мыс, калий және кадмий қорынан елімізде алдыңғы орындардың бірінде. Пайдалы қазбалар кен орындары үш топқа бөлінеді: жанатын, рудалы және рудасыз.

Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары Пайдалы қазбалар түрі Теңгерімді қорлар (тонна) Әлемдегі орны (қорлар бойынша) Әлемдегі орны (кенде қамтылым бойынша) Темір кені Марганец кені Хром кені Бокситтер н/д Қорғасын Мырыш Мыс Титан Вольфрам Алтын 2 232,6152 Күміс Қалайы Уран д/ж Тас көмір д/ж

Қазақстан жер қыртысында тоқсаннан астам пайдалы қазбалар кездеседі. Республика аумағында пайдалы қазбаларды іздестіру жиырмасыншы ғасырдан бастау алған. Қатты пайдалы қазбаларды өндірудің жалпы көлемі бойынша республика 70 тау-кен өндіруші державалардың ішінде 13-ші орынды иемденеді. Кен орны пайдалы қазбаларды іздестіру өндіруге жарарлықтай жер қыртысында табиғи шоғырлануы. Біздің елімізде 6мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Пайдалы қазбалардың таралу ерекшеліктері: Архей протерозой, полезой, эраларының қалың шөгінді жыныстарының да мыс, мырыш, никель, темір, алтын, фосфор рудалары кездеседі.

Пайдалы қазбалар кен орындары Жанатын пайдалы қазбалар Рудалы пайдалы қазбалар Рудасыз пайдалы қазбалар

Жанатын пайдалы қазбалар. Мұнай мен газ-Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және батыс қазақстан облыстарында шоғырланған ж. Қарашүңгілде Әмбі кен орнында бірінші рет мұнай атқылады ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді ж. Өзен мен Жетібай қосылды. Кейіннен Қаражамбас пен қаламқас, Теңіз ( Атырау облысы), Кеңқияқ және жаңажол ( Ақтөбе облысы), Қарашығанақ ( Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл( Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. Бүгінде республикада жылына шамамен 55 млн. т. мұнай, 7,5 млрд. м3 газ өндіреді. Шетелге 17 млн. тоннадай өңделмеген мұнай шығарылады. 10 көмір алабы, 300 кен орны бар, жалпы 162 млрд. т. қоры бар. Қарағанды алабы-3600 шқ 2 жерді алып жатыр. Ол- негізгі көмір базасы.

Көмір. Қазақстанда көмір қоры мол. Мұнда тас көмір мен қоңыр көмірдің 10 алабы, 300 кен орны бар. Қазақстанның жалпы көмір қоры 162 млрд т – ға жетті. Ғалымдардың жобалауы бойынша еліміздегі көмір қоры 248 жылға жетеді. Көмір кен орындарының басым көбі Қарағанды, Павлодар және Қостанай облыстарында орналасқан.

Рудалы пайдалы қазбалар. Темір. Қазақстан темір кені қоры үшінші орын алады жөнінен ТМД бойынша Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады (17 млрд т). Оның 93%-ы Қашар, Сарыбай, Соколов, Әйет, Лисаков кен орындарында,Солтүстік Қазақстанда шоғырланған. Сарыбай темір кен орнын 1948 жылы ұшқыш М.Сургутанов ашты. Ұшақ кен үстінен ұшқанда, темір аномалиясының әсерінен түсбағар тілінің кенет ауытқығаны ұшқыштың көңілін аударды. Көп ұзамай, өте сирек кездесетін темір кені ашылды. Мұндағы кен жоғарғы сапалы және оның құрамындағы темірдің мөлшері 50-60%-ды құрайды. Шөгінді жыныстардан пайда болған рудалар Қостанай облысындағы Әйет және Лисаков кен орындарында кездеседі. Руда 30 м тереңдіктен ашық әдіспен өндіріледі. Кеннің құрамында таза темір 37-52%. Темір кенінің шағын кен орны Қарағанды (Кентөбе, Қаратас), Солтүстік Қазақстан (Атансор) аймақтарында бар. ТМДСолтүстік ҚазақстандаСарыбай темір кен орнынҚостанай облысындағыТМДСолтүстік ҚазақстандаСарыбай темір кен орнынҚостанай облысындағы

Марганец. ҚазақстандаМарганец 11 марганец кен орны бар, ең ірі кен орындарына ОрталықОрталық Қазақстандағы Атасу және Жезді жатады. Мұндағы рудалардың 27%- ына жуығы марганец. Марганец кендері Ұлытау, Сарыарқа, Қаратау, Маңқыстау өңірлерінен де табылды. ҚазақстандағыАтасу Республикадағы марганец рудасының қоры 408 млн тоннаны құрайды. Дүние жүзі бойынша 2-ші орында.

Хром. Хромит кен орындарының 99%-ы Мұғалжар тауларында кездеседі. Кемпірсай және Дөң тобына жататын кен орындары жоғары сапалы рудалармен әйгілі. Қазақстан хромит кенінің барланған қоры мен жылдық өндірілетін мөлшері жөнінен дүние жүзінде екінші орынға шықты. Олар тоттанбайтын болат қорытуға қажет. Хром әлемнің 40 еліне шығарылады. Хромит кендері Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында да ашылды. ТМД елдеріндегі хромиттің 97 %-ы Қазақстанда өндіріледі. Оның 21 кен орны есепке алынған. Жалпы қоры 430 млн т. Хром. Хромит кен орындарының 99%-ы Мұғалжар тауларында кездеседі. Кемпірсай және Дөң тобына жататын кен орындары жоғары сапалы рудалармен әйгілі. Қазақстан хромит кенінің барланған қоры мен жылдық өндірілетін мөлшері жөнінен дүние жүзінде екінші орынға шықты. Олар тоттанбайтын болат қорытуға қажет. Хром әлемнің 40 еліне шығарылады. Хромит кендері Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында да ашылды. ТМД елдеріндегі хромиттің 97 %-ы Қазақстанда өндіріледі. Оның 21 кен орны есепке алынған. Жалпы қоры 430 млн т.Хром

Никель. Никельдің едәуір коры Мұғалжар таулы ауданында үгілген тау жыныстары құрамында шоғырланған. Никельдің 40-тан аса ірі кені Ақтөбе облысындағы Кемпірсай кен орнының үгілу қыртысындағы Бұрақтал кеніштеріне де шоғырланған. Қостанай облысындағы Аққара, Ақтау кендерінің коры мол, сапасы жоғары. Никель кен орындары Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да бар.

Альюминий. ҚазақстандаАльюминий алюминийдің негізгі шикізаты боксит.боксит Ашылған 200 кен орнының 50-ден астамы платформалық типке жатады. Негізгі кен орындары Сарыарқаның солтүстік- шығысында Акмола және Торғай ойысында (Арқалық торабы). Бұлардағы боксит коры онша көп емес. Сондықтан құрамында глиноземы бар басқа шикізат көздерін (нефелин рудасы, Екібастұз көмірінің қалдығы) пайдалану жолдары іздестірілуде. Қазақстан алюминий өндіру жөнінен ТМД елдері арасында алдыңғы орындардың бірін алады.платформалық типкеСарыарқаныңТорғай ойысындабокситЕкібастұзалюминийТМД елдері

Мыс.Мыс Қазақстанда мысмыс рудасының аса бай рудасының қорлары бар. Мысты құмтастардың ең ірі кен орны Жезқазған. Жезқазған кен орны ТМД бойынша бірінші, дүние жүзінде екінші орында. Қазақстан мыс өндіру жағынан дүние жүзінде жетінші орын алады. Өнімнің 92%-ы шет елге шығарылады. ЖезқазғанЖезқазған кен орныТМД

Алтын. Қазақстанда 196Алтын алтын кен орны бар. Алтын республиканыңАлтын шығысындағы Алтайда, Қалба жотасы шеңберінде, солтүстік- батысындағы Жітіқара өңірінде өндіріледі. Орталық Қазақстанның солтүстік аймағындағы алтын шығатын кен орындары: кварцты желі, кайталама кварцит пен шашыранды алтын (Степняк, Ақсу, Майқайың) кездеседі. Қалба жотасында да кварцты желі және шашыранды алтын кен орындары шоғырланған. Шағын кварцты-желілі кен орындары Жетісу және Іле Алатауларында да бар.Жітіқаракварцитшашыранды алтынҚалба жотасындаІле Алатауларында

Рудасыз пайдалы қазбалар. Асбест. Асбест кен Асбест орны магмалықмагмалық жыныстарға байланысты жыныстарға игеріледі. Ең ірі кен орны Қостанай (Жітіқара) және Қарағанды (Жезқазған) облыстарында. Мұғалжардың оңтүстігінде Бөгетсай және Шу-Іле тауларында, Хантау кен орындарында асбестің едәуір қоры бар.ЖітіқараЖезқазғанШу-Іле тауларындаХантау

Фосфорид. Қазақстан фосфориттің коры жөнінен АҚШ-тан кейін екінші орын алады. Оңтүстік Қазақстан аймағында, Қаратауда ірі фосфорит кен орындары (Шолақтау, Ақсай, Жаңатас) бар. Сапасының жоғарылығы және қабатының қалыңдығы жөнінен бұл кен орындарының бүкіл жер шарында теңдесі жоқ. Сондай-ақ фосфорит кен орындары Актөбе облысында, Жем өзенінің жоғары ағысында да кездеседі.

Тұз. ҚазақстанТұз аумағында тұз қоры өте мол. Әсіресе тұзға Каспий маңыКаспий маңы ойпаты бай. Ондағы кей ойпаты жерлерде тұз кабатының қалыңдығы (тұз күмбездері) 2 км-ден асады. Кейбір кабаттарда ас тұзына қоса, калий, т.б. тұздар да кездеседі. Сондай-ақ Каспий маңы ойпаты мен Батыс Сібір жазығында және республиканың басқа да аудандарында көптеген тұзды көлдерде тұнба тұздар жиналған.

Қара және түсті металдар кенін өндіру көлемі (мың тонна)

Қазақстан ТМК өнімі экспортының негізгі бағыттары Қазақстан ТМК өнімі экспортының негізгі бағыттары Өнім түрі Негізгі импорттаушы ел Көмір Ресей Темір кені мен шөкемтастар Ресей Сазбалшық (алюминий оксиді)Ресей АлюминийРесей, Қытай Ферроқорытпалар Қытай, Ресей, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея МырышҚытай, Италия, Нидерланды ҚорғасынШвейцария, Испания МысҚытай, Ұлыбритания АлтынШвейцария, Италия, БАӘ КүмісҰлыбритания, Германия және Швейцария Сирек және жерде сирек кездесетін металдар АҚШ, Жапония, Нидерланды, Оңтүстік Корея, Ресей

Қорытынды. Қазақстанда минералды шикізат қорының барлық түрі бар. Бірақ мұнай, көмір, темір рудасы, т.б. минералды ресурстар шексіз емес. Олардың жалпы қоры пайдаланылған сайын азая береді. Кейбір кен орындары сатылып, барлау нәтижесінде жаңа кен орындары ашылып жатыр. Мұның өзі жер койнауы байлығын қорғауды талап етеді. Сонымен бірге кен орындарын игеру ісі табиғат қорларының (топырақ жамылғысы, жер асты және жер беті сулары, орман, егістік, жер, ауа, т.б.) жағдайына әсерін тигізеді. мұнайкөміртемір рудасыминералды ресурстармұнайкөміртемір рудасыминералды ресурстар

Сондықтан сарқылатын қорларды кешенді әрі тиімді пайдалану және оларды сақтап, қорғау ісін жүйелі түрде жүргізу қажет. Табиғатта таза химиялық элемент кездеспейді. Мысалы, көптеген темір кенінің құрамында фосфор, күкірт сиякты сирек металдар бар. Негізгі кенмен бірге құрамындағы басқа қазбаны да айырған дұрыс. Ол үшін негізгі және бірге жатқан пайдалы қазбалар корын жер койнауынан неғұрлым толық алу керек. Шикізатты өндіргенде, тасымалдағанда және өңдегенде кететін қыруар шығынмен күрескен жөн. Бүгінгі күні шикізатты қалдықсыз өңдеу технологиясынакөшу тиімді болып отыр.химиялық элементфосфоркүкіртшикізатты қалдықсыз өңдеу технологиясына

Пайдаланған әдебиеттер Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атам.ра, 2008.