Тақырыбы: Өсімдіктер,ормандар,жануар ларды қорғау Орындаған:Оразғали А Султанова Н.

Презентация:



Advertisements
Похожие презентации
Орындаған :. Қоршаған о рта Экологиялық м әселелер т үрлері Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдар Тұжырымдама Пайдаланылған ә дебиеттер.
Advertisements

Тұлғаның әлеуметтенуі SLAID-KZ.RU. Тұлға – әлеуметтанудың өзекті проблемалары- ның бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің.
СУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ (СЭС). Су электр станциясы - электр генераторын айналдыратын гидравликалық турбинамен су ағынының механикалық энергиясын электр энергиясына.
Өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру Үй жұмысын тексеру.
Қорықтар Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім 1.Қорық 2. Қазақстандағы қорықтар Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақстанның жер асты сулары. Мұздықтары. Көпжылдық тоң.
Қарқаралы ұлттық паркі Орындаған : Мағжан Айжанар 8 а.
Ей, Адамзат, ең алдымен досыңды ұқ, Досың Жер, Су, Жасыл орман, Өсімдік. Ала жүріп осылардың барлығын, Достарыңды қорлау деген не сұмдық! Адамзаттың ғаламдық.
Төтенше жағдайда адамдарды топтармен жүргізу Абыржу түсінігі Адамдардың біліктілігін жүргізу Қалыптасу түсінігін жүргізу Төтенше жағдайларда психологиялық.
Семей қ.Мемлекттік медицина уневерситеті. 3 Дәріс Пән:Экология және тұрақты даму пәні. Тақырып: Демэкология-популяциялар экологиясы жыл.
Педагогика және психология институты 1-курс мамандығы:Дефектология Орындаған: Піләл Айгерім Тексерген:Момбиева Гүлмира.
Мәдени және жабайы, біржылдық және көп жылдық, дәрілік және әсемдік өсімдіктер.
Қ ЫР Ғ ЫЗСТАН Орында ғ ан : Шотарбай С. Тексерген : т. ғ. д Тулекова М. К.
Тақырыбы: Тұлғаның әлеуметтенуі Әлеуметтік саяси пәндер кафедрасының оқытушысы Аралбай С.М.
Популяцияның түр ретінде өмір сүруі және оның негізгі көрсеткіштері. Орындаған:Кунградбаева Азиза Сары Бағланбек Пән мұғалімі:Уразова З.А оқу.
Тақырыбы : Абиотикалық және Химиялық факторлар Қабылдаған: Бигимбетова Гүлшат Алтаевна Орындаған: 15 топ Тақырыбы : Абиотикалық және Химиялық факторлар.
Табиғи газ және мұнайға серік газдар.
Дайындаған:Ерболатова.А. 2 д-(Информатика-111). Тексерген: Байжуманова.Л.Т.
Каспий теңізі (море Хвалийское, түрікм. Hazar deňzi, парсыша: دریای خزر Daryâ-ye Xazar, әз. Xəzər dənizi) Еуропа мен Азия аралығында орналасқан жер шарындағы.
Ойын кезеңдері: 1 - кім көп біледі? 2 - суретте не бейнеленген? 3 - Сен білесіңбе? (мақал-мәтел) 4 - Сандықта не бар?
Транксрипт:

Тақырыбы: Өсімдіктер,ормандар,жануар ларды қорғау Орындаған:Оразғали А Султанова Н

Өсімдіктерді қорғау Өсімдіктер биосферадағы заттар мен энергия алмасуында басты рөл атқарады. Басқа тірі организмдердің тіршілік әрекеттері өсімдіктерде түзілетін органикалық заттарға тікелей байланысты. Биосферадағы заттардың биологиялық айналымы өсімдіктер арқылы ғана жүріп отырады. Жер атмосферасындағы оттектің қазіргі мөлшері де жасыл өсімдіктер тіршілігінің жемісі. Сондықтан да жасыл өсімдіктерді бейнелі түрде Жер ғаламшарының "өкпесі" деп атайды. Сонымен бірге өсімдіктердің адам өмірінде де алатын орны ерекше. Әсіресе адам денсаулығы үшін қажетті таза ауаның болуы да жасыл өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесіне тәуелді. Адам күнделікті өзіне қажетті тамағын, киімін және тұрмысына қажетті бұйымдар мен заттарды да өсімдіктерден алады. Қазақстан табиғаты өсімдіктерге де бай. Маман ғалымдардың деректері бойынша елімізде өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның ішінде балдырлардың 2 мыңнан астам, қыналардың 600-ге жуық, мүктектестердің 500-ге жуық, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6 мыңнан астам және саңырауқұлақтардың 5 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда өсімдіктердің геологиялық замандардан сақталып келе жатқан реликті және дүние жүзінің басқа ешбір аймақтарында өспейтін эндемик түрлері де кездеседі. Қазақстанда мұндай эндемик түрлер 730-дан асады. Тек, Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау жотасында ғана осындай түрлі эндемик түрлер өседі. Өсімдіктердің мұндай реликті және эндемикті түрлерін сақтап қалудың және қорғаудың ғылыми маңызы зор. Қазақстандағы өсімдіктер әлемінің жалпы түр санының 84,5%- ын шөптесін өсімдіктер, 15,3%-ын бұталар мен шала бұталар, ал 1,2%- ын ағаштар құрайды. Еліміздің далалы аймағында өсімдіктердің 2000-нан астам түрі өседі, олардың 175-і эндемик түрлер.

Өсімдіктерді қорғауға арналған даналық сөздер

Орман байлығы және оларды қорғау. Еліміздегі барлық орман қоры 26 млн 216 мың га жерді алып жатыр, бұл Қазақстан жерінің 4,7%-на тең. Соның ішінде таза орманды алқаптың аумағы 12 млн 428 мың га. Еліміздегі жалпы орман қорының 50%-дан астамын сексеуіл ағаштары құрайды. Сексеуіл ағаштарының қорғаныштық мәні зор. Ол шөлейтті, шөлді аймақтардағы құмның жылжуына тосқауыл болады. Сексеуіл ағаштарын қырқуға тыйым салынған, соған қарамастан соңғы жылдары Қазақстанның барлық, аймақтарында сексеуіл ағаштарын қырку өте қарқынды жүріп жатыр. Еліміздегі орманның көпшілігі солтүстік өңірлер мен оңтүстік және оңтүстік шығыс алқаптардағы таулы аймақтарда өседі. Орманды шаруашылық салаларында пайдалануға байланысты өнеркәсіптік, қорғаныштық, шипажайлық, қорықтық және т.б. да мәні бар деп жеке топтарға бөледі. Орманның эстетикалық мәні де бар. Елімізде ерекше қорғалатын 2 мемлекеттік ("Ертіс орманы" және "Семей орманы") резерват бар. Бұлардан басқа ормандар, қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар, қорықшалар, дендрологиялық және ботаникалық бақтар, сондай- ақ табиғат ескерткіштері де қатаң қорғалады. Елімізде арнайы ұйымдастырылған 6 ботаникалық бақ бар. Сонымен қатар 16 ботаникалық қорықша және "Шарын шаған тоғайы", "Таутүрген шыршалы алқабы" атты және т.б. республикалық маңызы бар табиғат ескерткіштері бар.

Шаған ағашы

Жануарларды қорғау Жануарлар дүниесі де биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия айналымында негізгі рөл аткарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар. Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т.б. жатады. Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 835 түрі және омыртқасыздардың 100 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда жануарларға арналған Қызыл кітап 3 рет (1978, 1991, 1996) жарық көрді.

2006 жылы Қазақстанның омыртқасыз жануарларға арналған Қызыл кітабы жарық көрді. Оған буылтық құрттардың 2, ұлулардың 6, шаянтектестердің 1, өрмекіштектестердің 2, жәндіктердің 85 түрі тіркелген (барлығы 96 түр). Қазір бұларға қоса жеке облыстардың Қызыл кітаптары жарық көре бастады. Мысалы, 2006 жылы республикамызда алғаш рет Алматы облысының жануарларға арналған Қызыл кітабы шықты. Бұл кітапқа облыс аумағында сирек кездесетін жануарлар тіркелген. Соңғы жылдары шығып жаткан жануарларға арналған Қызыл кітаптарда жеке түрлер 5 категорияға бөліп беріледі: Iжойылып кету қаупі төнген түрлер; II саны күрт азайып бара жатқан түрлер; IIIсирек кездесетін түрлер; IVтолық зерттелмеген түрлер; V қалпына келтірілген түрлер. Қызыл кітапқа енген түрлер заң жүзінде катаң қорғалады.